Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет95/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Глицерин метаболизмі. 
 

Глицерин анаболикалық реакцияларға қолданылады немесе 


тотығып, энергия көзі ретінде жұмсалады. 
а) Глицеринді липогенезге пайдалану үшін алдымен:
 
1. Бос май қышықылы АТФ, НSKoA үлесінен активтенеді. 
R-COOH + HSKoA + ATФ R-CO~SKoA + АМФ + Р 
(3.16) 


121 
2. Диоксиацетонфосфат тотықсызданғанда немесе глицерин 
АТФ-пен киназа ферментінің қатысуымен глицерофосфат түзіледі. 
(3.16). [80]. 
3. Глицерофосфат 2 молекула активті БМҚ-мен әрекеттесіп 
фосфатид қышқылы түзіледі Фосфатид қышқылы клетка 
мембранасының 
өткізгіштігіне 
әсер 
етеді, 
клеткааралық 
байланыстың қалыптасуына және нерв импуьсінің берілуіне 
қатысады. Фосфатид қышқылдарынан фосфолипидтер синтезделеді. 
Глицерофосфосфолипидтер фосфатид қышқылының туындылары 
болып табылады. (3.17). [81]. 
(3.17). 
(3.18) 


122 
4. Фосфатид қышқылы дефосфорланып ДАГ-қа айналады. 
(3.18) [82]. 
5. ДАГ ацилденіп ТАГ-қа айналады. (3.19).[83]. 
б) Глицерин фосфатидтің синтезіне қолданылады. 
Бауыр клеткасында жүретін бұл процестің сипаты бойынша 
конкурентті деп есептеледі. 
(3.19). 
. ДАГ-ты пайдалану сатысында реакцияның бағыты,
құрамында азоты бар заттардың (холин, этаноламин, серин) 
жеткілікті болуына немесе холин синтезіне қажетті метил (СН
3

тобының көзі болып табылатын метиониннің бауыр клеткаларында 
жеткілікті болуына тәуелді болады. [16]. 
Бауыр клеткасында құрамында азоты бар заттар жеткілікті 
болса, онда ТАГ-тың құрам бөліктері глицерин мен БМҚ 
фосфолипидтің синтезіне жұмсалады. (3.20). [84]. 
Фосфолипидтер көп мөлшерде биологиялық мембрананы 
құруға жұмсалады және мобильді болады, ал ТАГ инертті қосылыс 
болғандықтан бауыр тіндерінде жиналады.
Нәтижесінде бауырды май басады, майлы дистрофия пайда 
болады. Фосфолипидтің синтезі 2 жолмен жүруі мүмкін: 
а) ДАГ Цитидинтрифосфатпен активтеніп, ДАГ- ЦДФ түзіледі, 
бұған құрамында азоты бар заттар жалғасады. 


123 
(3.20) 


124 
(3.21) 
(3.21) 
б) Құрамында азоты бар заттар активтеніп ДАГ-тармен 
әрекеттеседі. (3.21). [ 85]. 
Глицерин энергия көзі ретінде пайдаланылады. 


125 
(3.22). 
Глицерин 
глицеринкиназа 
ферментінің 
қатысуымен
фосфорланып, глицерофосфатқа айналады.(3.22). [86]. 
Лецитин, кефалин – липотропты факторлар ретінде, майлардың
мобилизациясында маңызды рөл атқарады. Фосфолипидтер май 
қышқылдары мен глицериннің алмасуын іске асырады. 


126 
Глицерофосфат НАД-тәуелді дегидрогеназа ферментінің 
әсерінен α «С» нен тотығады, нәтижесінде ФГА түзіледі. ФГА 
гликолизге еніп соңында ПЖҚ-на айналады. (3.23). [87]. 
ПЖҚ-ы цитоплазмадан митохондрияға өтеді. Онда тотығудан 
декобоксильдену реакциясы нәтижесінде ацетил-КоА түзіледі.
Ацетил-КоА-ның 80-90%-ы үш карбон қышқылы циклына 
түседі, 
(3.23). 
(3.24). 


127 
10-20%-ы липогенезге жұмсалады: кетон денелері, холестерин,бос 
май қышқылдары синтезделеді. (3.24). [88]. 
Ацетил-КоА үш карбон қышқылы циклінда толық тотығады. 
ҮКҚЦ-ның 4,6,8,10-шы реакцияларында 3 НАДН
2, 
1 ФАДН
2
тотықсызданады, олар биологиялық тотығу тізбегінде қайта 
тотығып, энергия және эндогенді су бөледі. Тотығу энергиясынан 
тотығудан фосфорлану арқылы АТФ синтезделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет