Өзін-өзі тану. 4 сынып



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі18,28 Kb.
#117253
1   2   3   4   5
Байланысты:
Түсінік хат
1, қазақ тілі телф — копия, 4be9f3ce-1a2f-4fac-8585-5f85c16c4e30, 1617599771246, 5 жоспар
Түсінік хат
Өзін-өзі тану. 9 – сынып
1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
2. Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазқстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығы.
(1-10-сыныптың күнтізбелік жоспарларына)
3. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424; (факультативтің күнтізбелік жоспарына)
4. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
5. «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
6. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;
7. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»; «Адамзаттың рухани тәжірибесі».
6-сыныпта II «Адам бол» бөлімнің 9-10 тақырыбы «Басқа адамды сезін» деген атаумен берілген.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет