Педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасын орындау мерзімдері


Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесі бойынша



бет3/6
Дата23.08.2020
өлшемі78,05 Kb.
#76592
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПРАКТИКА
Силл Геология 2020-2021, ОШ СОР Информатика ЕМН 11 класс каз, дәріс кешені (аудитория)ЛД,жұқпалы аурулар,20212022ж, 2 дәріс, жуқпалы аурулар туралы жалпы түсінік
Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесі бойынша

ЕСЕБІ


Өскемен қаласы әкімдігінің  “Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі” КММ
«21» «қаңтар» 2019 жылдан

«29» «наурыз» 2019 жыл аралығы





Студент

__________

Асылбекова А. Д.

Кафедра тарапынан іс-тәжірибе жетекшісі


__________

баға


___________________

Ф.И.О., группа



Психология кафедрасы тарапынан іс-тәжірибе жетекші


__________

баға


___________________

Ф.И.О., группа



Педагогика кафедрасы тарапынан іс-тәжірибе жетекшісі


__________

баға


___________________

Ф.И.О., группа



Қорытынды баға

__________

баға


___________________

Ф.И.О. руководителя от кафедры



Өскемен қаласы, 2019 ж.

Кіріспе

Мен, Асылбекова Ақбота Даниярқызы 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті 21.01.2019 – 29.03.2019 ж.ж. аралығында «Педагогикалық іс-тәжірибесін» Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы №01 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 «В» сыныбында іс-тәжірибеден өттім. Іс тәжірибе мақсаты - білім беру мекемесінде педагогтың оқу үрдісіндегі кәсіби қызметінің біліктілігі мен шеберлігі негізінде оқушының жеке сапасын көтеруді көздейді. Іс-тәжірибеден өту кезінде Өскемен қаласы әкімдігінің Шәкәрім атындағы нөмірі 1 орта мектебінің қысқаша тарихымен таныстым. Бұл мектептің тарихы сонау 1965 жылдан басталады. Мектеп директоры Сайлаубек Әділ Сайлаубекұлы.

Мектеп тарихи бастауы 1965 жылы мектеп ашылған болатын.

2000 ж «№1 Қазақ орта мектеп» болып атауы өзгертілді.

2004 жылдан бастап мектеп «12 жылдық білім беру» бойынша Республикалық білім беру алаңы болып табылады. Сондықтанда мектепте жеке тұлғаны жан жақты дамытуға педагог пен бала арасында өзара тығыз қарым-қатынасқа бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ерекше көңіл бөлінеді.

Мектеп қазіргі заман талабына сай ақпараттық техналогиялар мен жабдықталған . Интербелсенді тақталармен, проекторлармен, компьютермен жабдықталған кабинеттер және арнайы ғылыми-зертханалық құралдармен жабдықталған физика, химия, биология кабинеттері бар. Сонымен қатар мультимедиялық кабинет жұмыс істейді.

Мектепте кәсіптік бағдар білім беру қолға алынған. 10-11 сынып оқушылары жаратылыстану және гуманитарлық бағыттар бойынша білім алады. Бастауыш сыныптарында арнайы ұзартылған күн топтары да жұмыс істейді. Бірінші сыныптан бастап музыка сабағында оқушылар республикалық «Мұрагер» бағдарламасы бойынша өтеді.

Оқушы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және сақтауға байланысты барлық тиісті шаралар жасалған.

Мектептің басты жұмыс жасау бағыты:

  • жалпы білім беру

  • тәрбиелік жұмыс

  • профильді

  • экономикалық

  • дамытушылық

  • спорттық-сауықтыру

Мектептің алға қойған мақсаттары:негізгі орта біліммен қамтамасыз ету,баланы білім беру барысында дамыту,білім беру сапасын жақсарту,комуникативті қабілеттерін дамытуд қамтамасыз ету,тоқтаусыз әр-түрлі деңгейдегі балаларға білім мен тәрбие беру барысын жақсарту. Мектеп – өз оқушыларына тек мәдени-танымдық қана емес, сонымен қатар спорттық орталық болуы тиіс. Мұнда түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру үшін акт залы қарастырылған. Дене шынықтыру сабақтарын өткізу мен спорттық секциялар жұмысы үшін екі спорт залдары, бір тренажер зал , бассейн, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары қарастырылған. Келешекте бұл жерде түрлі сайыстар, конкурстар ұйымдастырылады.Замануи техникалармен жабдықталған Лингофоннды мультимедиалық кабинет және үш компьютер сыныптары,интерактвті тақтамен жабдықталған алты сынып,физика кабинеті, үш шеберхана және де 230 орындық асхана, 47 сынып комплекті бар. Мектепте 74 мұғалім жұмыс істейді. Мұғалімдердің 92 % жоғарғы педагогикалық білімі бар, 71 % мұғалімдерде жоғарғы және бірінші категориялар бар.

Мектеп көптеген калалық және халықаралық ғылыми, облыстық конференцияларда жүлделі орындарды иеленді:

  • « Лучший учитель русского языка в казахской школе» атты қалалық конкурста жүлделі I орынды иеленді.

  • «Лучший воспитатель предшколой 2010» атты қалалық кәсіби конкурста II орынды иеленді.

  • «Профильное обучение.Опыт.Пробемы.Перспективы» атты халықаралық ғылыми іс-тәжиребелік конференцияда жүлделі I орынды иеленді.

  • Химия пәнін қашықтықтан оқыту бойынша қалалық кәсіби конкурста IV орынды иеленді.

Білім беру мекемесінде педагогтың оқу-үрдісіндегі кәсіби қызметінің біліктілігі мен шеберлігі негізінде оқушының жеке кәсіби сапасын көтеруді көздейді және мұғалімдік қызметке жеке тұлғалық даярлығы мен негізгі мектеп оқушыларымен оқу жұмысын ұйымдастыру,оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдануға дайындау, жинақтау мүмкіндігі, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау, іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін мағлұматтар жасауды қалыптастыру, оқушылардың бойында мұғалім мамандығына деген ынта мен құштарлықты педагогикалық білімді өздігінен жетілдіре білу қажеттілігінне тәрбиеле, педагогикалық қызметке шығармашылық және зерттеушілік көзқарас тұрғысынан келе білуге тәрбиелеу білім алушының таңдауы бойынша іс - тәжірибесінің мақсаты болып табылады.

Негізгі бөлім

Іс-тәжірибенің бірінші күні мектеп директорымен кездесіп әңгіме-сұхбат өткізілді. Сонымен қатар мектеп ұжымымен танысып іс-тәжірибенің мақсаты, мерзімі, жұмыстың түрлері туралы хабардар еттім және мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарымен де кездестім. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі мені 8 «в» сыныбына бекітті. Сонымен қатар мені мектептің ағылшын пәні мұғалімі Жанболатова Аида апаймен таныстырды, біздің бірлесе жұмыс жасай алатынымызға сенімін білдірді. Іс-тәжірибенің бірінші күні сынып ұжымымен де танысып үлгердім. Бұл сыныпта 22 оқушы бар екен, оның 9-ы қыз бала, 13-і ұл бала екен. Сонымен қатар бұл сыныптың сабақ кестесімен таныстым. Осы барыста бұл сыныпта әр жұма сайын ағылшын пәні үш рет кіреді екен. Және мен бұл мектептің жалпы қоңырау кестесімен де танысып өзіме белгілеп алдым. Осылайша іс-тәжірибенің бірінші күні өтті. Кабинеттер жаңа заман талабына сай қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар кабинетте бастауыш сынып оқушыларына сабақтарын ұйымдастыруға арналған оқу-әдістемелік кешендер, дидактикалық материалдар т.б құралдар жинақталған. Бастауыш сыныптарының кабинетімен, мұғалімінің қызметтік міндеттерін оқып, сабақ кестесімен пән мұғалімінің жұмыс кестесімен және тақырыптық –күнтізбелік жоспарымен таныстым. Мектептің әдістемелік жұмысымен және кітапханасымен таныстым. Төменгі және жоғарғы сынып оқушыларымен жұмысты жан – жақты қалыптастырудағы мұғалім жұмысы және қабілеттілігін бақылау мақсатындағы таспырма бойынша байқағандарым:

- мұғалім төменгі және жоғарғы сынып оқушыларының ақыл – ой тәрбиесі мен танымдық үрдістің, үлкенді сыйлау, адал болу, сыпайылық, еңбекқорлық сияқты адамгершілік қасиеттері сапасын қалыптасуын үнемі жүзеге асырып отырады екен.



  1. . Сабақта оқу жұмысын жоспарлауды және ұйымдастыру мен жүзеге асыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды, сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізуде оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере білуге үйрендім.

  2. . Сынып журналын жүргізуде мұғалімнен бағандарды толтыруда қателік жіберілмеу ережелерін оқыдым.

  3. . Сынып мұғалімінің оқушылармен жүргізетін оқу жұмысын жоспарлау жүйесін оқып үйрендім. Оқушыларды сабақ үстінде оқулықпен жұмыс істеуге оқып үйреттім. Сынып мұғалімі мен оқушы машықкердің сабақтарына қатысып талдау жасадым. Мен жалпы алғанда 8-сыныпта ағылшын тілінен сабақ бердім. Әр сабаққа жетекші мұғалім Жанболатова Аида апай қатысып отырды. Әрбір сабаққа жауапкершілікпен қарап, пән мұғалімімен ақылдасып отырдым. Әдістемелік қызметті жоспарлай білу бойынша бекітілген сыныпта ағылшын тілін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарының құрылымы және мазмұнымен таныстым. Өзім жүргізетін сабақ жоспарыма дайындалып, өткізбес бұрын жоспарымды жетекшіме көрсетіп отырдым. Тәрбие жұмысын ұйымдастыра білу біліктіліктерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар өз уақытында орындалып отырды. Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттерін оқып үйрендім, сынып жұмысының жоспарымен танысып. Сынып журналындағы ақпаратты оқып танысу (оқушылардың үлгерімі, әлеуметтік жағдайы және т.б), оны толтыру ережелерімен таныстым, күнделікті тексеріп, бағалардың қойылуын қадағалап отырдым, мектепте, сыныпта жүргізілетін барлық бос уақытты өткізу тәрбиелік шараларына қатысу, оны өткізуде көмектесіп отырдым.

Сынып жетекшісімен бірге төмендегідей жұмыстарды атқардым:

Сынып ұжымымен өткізетін тәрбие жұмысының жоспарын толтырдым, сынып жетекшісінің дәптері, оқушылардың күнделіктері, оқушылардың жеке құжаттарымен жұмыс жасадым, оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар, тәрбиелік шаралар жинақталған папкалармен таныстым. Тәжірибе уақытында бекітілген сынып оқушыларын бақылап, жинақталған ақпараттардың бағыттарын анықтап мінездеменің жобасын құрастырдым. (сынып журналы мен құжаттарды оқып танысу; оқушылармен, оқытушылармен, психолог пен әлеуметтік педагогпен әңгіме жүргізу); сонымен қатар тәрбие сағатын өткіздім. Сонымен қоса сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жаздым.

Іс –тәжірибе барысында ұстаздық талғамымды қалыптастыру мақсатында 8-сыныпты сынып жетекшілікке алдым. Осы сыныптың жетекшісі – Отарбаева Маржан. 8 «в» сыныпта 22 оқушы бар. Сыныптың сабақ үлгерімі 100% білім сапасы 80%. Менің сыныбым маған қатты ұнады, олармен тез тіл табысып кеттім. Мен өзіме берілген сыныппен танысып, сабақтарына қатысып оқушының мінезін, сабақ үлгерімдерін, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты байқадым. Сынып жетекшінің сабақтарына қатысып, оқушының сабаққа деген қызығушылығы жайлы көптеген мағлұматтар алдым. Сонымен қатар оқушылардың жеке іс қағаздарымен, сынып журналымен және тақырыптық, күнтүзбелік жоспарымен таныстым. Сынып журналын жүргізу, толтыру талап ережелерін оқыдым. Сынып жетекші сынып журналына әр тоқсан аяғында оқушының барлық пәндерден жинақтаған бағасын толтырады. Журналды толтыруды мектептің басшысы қадағалап отырады. Сынып жетекшісі журналдағы барлық жазулар ұқыпты анық етіліп бір түсті қара сиямен толтырылу керектігін ескертті.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет