Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П. Ф. Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология»



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі23,36 Kb.
#92916
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Туркменбаева Мадина 1апта лекция тапсырмасы

II кезең. XIX ғасырдың аяғы мен ХХғ.ортасы.Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы кезең ғалымдарының педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық , психофизиологиялық, эксприменталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен француз психологы Бергсон Анри (1859-1941),М.Оффнер, Э.Мейман,В.А.Лай,Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту,интеллектіні дамыту,дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелерді қарастырды.
ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт — педологияның пайда болуымен сипатталады.Педология (грек. Paidos-бала, logos- ілім) ұғымын 1893 жылы американдық психолог О.Хризман ұсынды.Осы ағымның негізін қалаушылар — С.Холл, Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер,П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның мазмұның жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық – физиологиялық,биологиялық,әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.
Негізгі идеясы: бала – тұтас жүйе. Ол жеке – жеке зерттелуге, демек бір бөлігін физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес.

  • Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфиялық көрсеткішіне әсер ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады.

  • Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс.

  • Баланы, оның үнемі даму үстінде екендігін ескерген кезде ғана түсінуге болады.

Генетикалық принцип дамудың динамикасы мен тенденциясына зейін қоюды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет