Пән: Менеджердің бағдарламалық дағдылары 1 тақырып Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны. Мақсаты


тақырып. Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент



бет9/24
Дата20.06.2023
өлшемі461 Kb.
#178999
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
лекции Програмные навыки менеджера
Монография. Игибаев С.К.(1), 8 SAT 3 term -
6 тақырып. Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент
Мақсаты: Менеджмент жəне педагогикалық менеджменттің негізгі түсініктерін анықтау, теориялық көзқарастарды талқылау
Негізгі ұғымдар:менеджмент, педагогикалық менеджмент,басқару


Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент, негізгі түсініктері «Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар А. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури өз тұжырымдамаларында былайша береді: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі . «Менеджмент» түсінігінің мазмұны əр алуан, терең жəне келесі аспектілерде қарастырылуы мүмкін – басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, əдістердің, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады; – белгілі нəтижелерді, кəсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тəжірибелік басқару ретінде; – үрдіс ретінде, яғни бөлек əрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, кезеңдік қызмет; 20 – өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондайақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша əдебиетте басқару субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар да танылады); – басқару аппаратының əртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша əдебиетте ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен таралды. (Мекемелердің штаттық кестелерінде қазір кеңсе-менеджерлері, яғни хатшылар; жайлылық бойынша менеджерлер, яғни тазалаушылардың лауазымдарын кездестіруге болатынын атап кету керек. Осылай шетел терминдерін дұрыс орнымен пайдаланылмауы олардың бастапқы мазмұнының жоғалуына əкеп соғады); – нарықтың басқару тұжырымдамасы ретінде жəне басқалары. Менеджмент түсінігі ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені белгілі. «Менеджмент» жəне «басқару» терминдерін салыстыра отырып, И. Н. Герчикова басқару ұғымының аясы өз мазмұнына қарай неғұрлым кеңірек, себебі адам қызметінің əртүрлі салаларына, қызметтің əртүрлі аяларына, басқарудың əртүрлі органдарына байланысты пайдаланылады, ал «менеджмент» түсінігі тек нарық жағдайындағы əлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруға қатысты деп көрсетеді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық теория мен тəжірибеде, басқару жас ұрпақты оқыту жəне тəрбиелеу үрдісінің оңтайлы əлеуметтікэкономикалық жəне ұйымдастыру-педагогикалық қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін, оның барлық буындарына түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің жүйелі, жоспарлы, саналы жəне мақсатты түрде əсер етуі деп түсіндірілген болатын (М. И. Кондаков, П. В. Худоминский жəне т.б.). Ю. В. Васильев педагогикалық басқарудың мəнін түсіндіргенде ол қоғамның талаптары мен мақсаттарын есепке ала отырып жүзеге асырылады жəне педагогикалық ғылым анықтайтын өз нысандары, үрдістер мен заңдылықтар сипатымен басқарудың басқа түрлерінен бөлек деп көрсеткен. Басқарудың тұрақтылығы мен объект-объектік сипаты ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мəні тек оңтайлы жұмыс атқару, тұрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, сонымен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық жəне сапалық жағынан жетілдіру деп ұғындырылды. Педагогикада гуманистік парадигмалардың, субъектілік көзқарастың күшеюі тек оқыту мен тəрбиелеудің теориясы мен тəжірибесіне ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемесін басқаруға өзгерістер енгізді. Оқыту мен тəрбиелеу үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да негізгі түсінік ретінде «өзара əрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субъективтік ұстанымын білдірді. Басқару – жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі жəне оны қоғамның əлеуметтік тапсырысына сəйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субъектілердің мақсатты түрде белсенді өзара əрекет етуі (К. Я. Вазинаның, Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың, Н. Д. Хмельдің, Т. И. Шамованың жəне т.б. жұмыстарынан). Педагогика оқулығында мектепішілік басқаруда дұрыс ақпарат негізінде қорытынды жасау, алға қойған мақсатқа сай шешімдер қабылдау, басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау жасау, реттеуге бағытталған қызмет деп таниды. Осының нəтижесінде мектепішілік басқаруды олар «оңтайлы нəтижеге қол жеткізу мақсатымен педагогикалық үрдістердің объективті заңдылықтарын түсіну негізінде бүтін педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсатты, саналы өзара əрекет етуі» деп анықтайды. Оқулықта менеджмент теориясы «ең алдымен, тұлғалық бағытымен баурайды, мұнда менеджер (басқарушы) қызметі өз қызметкерлеріне шынайы құрмет, сенім арту, оларға табысқа жету жағдайларын жасау негізінде құрылады. Менеджменттің дəл осы жағы, мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады. Менеджмент идеяларын ұғыну, оларды мектептану мəселелері саласына ауыстыру дербес бағыт – мектепішілік менеджмент зерттемесіне негіздеме береді» деп түсіндіреді. Біздің ойымызша, педагогикалық басқарудың «адами» құрамдас бөлігінің маңызы менеджмент саласындағы теориялық жəне тəжірибелік зерттеулерге алдымен зерттеушілерді, содан кейін тəжірибешіл-педагогтардың назарын аудартты, себебі басқару туралы бұл ғылым ең басынан қойылған мақсатқа басқа адамдардың еңбегін, уəждері мен қажеттіліктерін пайдалану арқылы жету үдерістеріне бағытталған болатын. Менеджмент саласындағы зерттеу көзқарастары мен басқарудың тəжірибелік əдістері өз кезегінде психологиялық жəне педагогикалық ғылымдарды өз негізіне алды, оларда адамның дамуына, оның қызметін ұйымдастыруға, оны уəждеу жəне ынталандыру жəне т.б. байланысты мəселелер тереңінен қарастырылған. Осының арқасында бұл теориялық пəндер, тəжірибелік қызметтің салалары бір-бірін өзара байытады. Мысалы, сапа менеджменті саласындағы белгілі ресейлік маман Ю. П. Адлер, менеджмент жүйесінде ең тиімді статистикалық немесе сапаны басқару əдістеріне қарағанда, басты рөлді адам оның пəнге жəне еңбек мақсатына деген көзқарасы атқарады деп көрсеткен. Осылайша, көптеген авторлар менеджментті адам құндылығының негізін қалаушы концептуалды идеясы деп тануға негізделген заманауи басқару философиясы ретінде де қарастыра бастады. Менеджмент пен педагогикалық басқарудың жақындасуына коммерциялық, кəсіпкерлік құрамдас бөлік қазіргі уақытта, көп мөлшерде бұрын кəсіпкерлік емес деп танылған əлеуметтік, соның ішінде, білім беру мекемелерінің ажырамас бөлігі болып келе жатқаны да себепкер болды. Бүгінгі таңда, нарықтық жетістіктер білім беру мекемесінің қызметін атқарып анықтайтын тек сыртқы факторлар 23 ғана емес, сонымен қатар, осы қызмет етудің ішкі, табиғи бөлігін құрастырушы болып табылады. Біздің ойымызша, іс жүзінде басқа əдістемелік негіздеріне қарамастан, педагогикалық менеджмент əкімшілік-басшылық кезеңде қалыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ нəтижелі тəсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп, сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді. Нақтылап айтқанда, «педагогикалық менеджмент» терминінің дəл анықтамасы əлі жоқ, ол «білім беруді басқару», «мектепті басқару», «мектепішілік басқару», «мектепішілік менеджмент», «педагогикалық басқару» жəне осы проблема бойынша жұмыс авторларымен пайдаланылатын басқа да көптеген түсініктермен дұрыс сараланған жоқ Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа əлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады: – басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру; – оқыту мен тəрбиелеу үдерісін қағидаттар, əдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару; – оқушылардың еңбегін, зиятын, уəждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету; – білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын жəне адам факторын есепке ала отырып, оқу-тəрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру жəне т.б. Байқағанымыздай, бұл педагогикалық менеджмент дефиницияларында педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары, білім беру үдерісінің сапасына тікелей əсер ететін білім беру мекемесінің жұмыс атқару салаларына назар салмаған: ғылыми-зерттеу жəне əдістемелік жұмыс, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жəне т.б. Педагогикалық менеджмент мəнін бұлайша тарылту авторлардың көпшілігі басқаруды негізінен оқу мекемесі басшысының ұйымдастыру-əкімшілік қызметі ретінде қарастыруынан туындаған. Білім беру мекемесін басқарудың теориясы мен тəжірибесінде оқушылардың қызметін тікелей басқаруды жүзеге асыратын бірінші буын менеджерлері ретінде оқытушылардың кəсіби 24 қызметінің мəселелері лайықты дамуы мен негіздемесін алған жоқ. Осы саладағы олқылықтарды толықтыруға ұмтылу, зерттеушілердің зейінін көбінесе, педагогтың басқару қызметіне негіздейді. Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субъектісі ретінде оқушының өзін де қарастыру қажет. Педагог жүзеге асыратын менеджмент функциялары тек олар оқушы тарапынан өзін-өзі басқарудың (өздігінен менеджмент) барабар əрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Оқушының өзін-өзі басқару іскерліктерін меңгеруі қазіргі уақытта білімдер, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жан-жақты тұлғаны тəрбиелеу, бейімділіктер мен қабілеттерді дамыту



7-Тақырып: Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын басқару.
Мақсаты: Сапа менеджменті жүйесінің мақсатымен таныстыру. Педагогикалық кадрларды аттестациялау мақсатымен таныстыру. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптардық қажеттілігін анықтау. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологияларынің мақсатымен танысытыру.
Негізгі ұғымдар: Сапа менеджменті, аттестациялау, технология, біліктілігін арттыру.
Жоспары: Білім беру мекемелерін басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді және білім беру үрдісін жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру.
Педагогикалық кадрларды аттестациялау. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптар. Ұстаз еңбегі бағалаудың дараландырылған көрсеткіштері. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары.
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өздігінен білімін жетілдіру.


Шетелдік білім жүйесіне қарағанда инновациялық даму жолында отандық білім жүйесі бірнеше жылға артта қалуда. Осы проблеманы шешу мақсатында мынадай негізгі бағыттарды ұстануды атап өтті:

  • Білім беру үдерісін басқаруда СМЖ-нің принциптерін негізге алу;

  • Ғылым, білім мен өндірісті байланыстыратын инновациялық инфрақұрылымды құру;

  • Инновациялық және ақпараттық технологияларды дамыту және пайдалану;

  • Ішкі бірлескен бәсекелестік орта мәдениетін қалыптастыру;

  • Ғылым, білім кеңістігіндегі әлемдік ынтымақтастық;

  • СМЖ түрлі бағыттағы басқару деңгейінде пайдалану.

.
ЖОО-ның білім беру үдерісі механизімінің күрделігі мен сапасының артуы аттестация және экспертизалық сараптау орталықтарының университетішілік, институтішілік білім беру жүйесін сапалы басқаруға қойылатын талап, міндеттерінің күшеюінен байқалады. Оның негізгі себебі болып, ҚР ИСИ 9001-2001 халықаралық стандарттарының білім жүйесіне қарқынды енуінен екені белгілі.
2000 жылдан бері ЖОО-ның білім сапасын басқарудың тиімді механизімін қалыптастыру аясында, әсіресе педагогика ілімі мен оның ғылыми тәжірибелік жұмыстары барысында бірталай нәтижелерге қол жеткізгендігін көреміз. Мәселен, 2004 жылдың қыркүйек айында ректордың № 48 бұйрығымен СМПИ-да СМЖ-ны қарқынды енгізу бойынша Үйлестіру Кеңесі құрылды. Соған сәйкес «ҚР СТ ИСО 9001:2001 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесін енгізу» атты бағдарламасы әзірленді. Қазіргі уақытта СМПИ-ның сапа саласындағы мақсаты мен саясаты, стратегиялық даму жоспары, білім беру үдерісінің ландшафттық картасы әзірленді. Сонымен қатар институтта 5 деңгейлі СМЖ құжаттарын басқарудың иерархиясы дайындалып, сол бойынша үдеріс қызметтері жүзеге асырылуда. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет