Пәні бойынша 5В010400-Бастапқы әскери дайындық мамандығы үшін ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет3/4
Дата25.01.2017
өлшемі1,97 Mb.
#7876
1   2   3   4

Үлкен жылдамдылық қуатты (510 л.с.) көп жанармайлы дизелді двигателдің құбырдың үрлеуін қамтамасыз етеді, автоматты гидромеханикалық реверстік (қозғалу-айналу бағытын өзгерте алатын) беріліс қорабы, барлық дөңгелектің аспасына тәуелсіз. Барлық дөңгелектің торсиондық аспасының тәуелсіздігі көлденең тетіктегі (рычаг) үлкен қозғалыстың әсерінен. Энергосыйымдылығы телескопиялық гидроамортизаторлардың және кең профилді соғыста беріктілігі орталықтарындағы жүйенің ауданының қысымын реттеуі машинаның 10 км/сағ және 50 км/сағ жоғары жылдамдықта қатты зақымдалған жолдарда жүруіне мүмкіндік береді. Төрт дөңгелегі толықтай зақымданса да жүре беруі мүмкін.

БТР -90-да жаңа схема трансмиссия қолданылған. Машина бортына гидромеханикалық двигателдегі қуат ағымы екі параллелді ағым арқылы беріліс қорабынан таратылады. Осының көмегімен гидро көлем беріліс бортта айналу жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін, 4 алдыңғы басқару дөңгелегінің екі есе бұрылу радиусы машинаның жылдамдығын азайтуды қажет етеді. Үлкен салмағына қарамастан (21 т жуық) машина қандай қиыншылықтар болса да дайындықсыз жүре алады. Теңіз жағдайында сынап көру арқылы, оның 3 балдық толқында да жүзе алатынды байқалды, сонымен қатар десанттық корабль кедергісіз судан шығада, кіре алады.

БТР -90 – ең бірінші бронетранспортер бортық ақпараттық жүйемен жабдықталған, ол автоматты басқару, машинаның диагностикасын бақылау үшін өте тиімді болып табылады.
БТР – 90 негізгі сипаттамасы

дөңгелек формуласы 8*8


Жауынгерлік масса, т 20920
Әскерлік есеп, адам саны 10

Ұзындығы зеңбірекпен, мм N/А

ені, мм N/А

биіктігі, мм N/А

Клиренс, мм 510

Қарулану/ жауынгерлік запас 30ммм зеңбірек 2А42/500

7,62 ммм пулемет ПКТ/2000
Гранатомет АГ-17/400
ПТРК «Конкурс»/4
Брондық қорғау (корпустың шынысы/борт/мұнара
шынысы/қақпағы), мм N/А
Двигатель қуаты, а.к. (кВт) 510 (368)
Жоғарғы жылдамдығы, км/сағ 100
Жүзу жылдамдығы, км/сағ 9
Шосседе жүру запасы, км 800
Бөлімше бекінісінде оның арт жағы мен қапталдарында аға командирге бағынатын пулемет, оқтар, зеңбірек және танкілер орналаса алады. Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (оның шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); жеке құрамның міндеттері. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа — (негізгі және қосалқы атыс бекіністерін атқыштарға — атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына — атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; бұдан басқа оператор-көздеушіге және пулеметшіге – әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін қорғанысқа дайын болуы уақытын көрсетеді және орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі, сондай-ақ бақылау мен атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дың) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп белігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш-пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазады және бақылауды, атыс жүргізу жағдайын жақсарту үшін жергілікті жерді тазалайды. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекіністерінде ЖҰМ-ы үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдарын қазады.

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер мен жылжуға байланыс жолдарын қазады. Бұл жолға қапталға ұрыс жүргізу үшін атыс ұяларын жасайды. Оқпаналар мен ұялар жабық атыс саңылауымен және маңдайшамен жабдықталуы мүмкін. Сусымалы топырақта оқпаналардын тік жерлері қапталын қатайтылады. Қарсыласпен тікелей түйіспейтін жағдайда егер ор, байланыс жолы және ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар жер қазушы машинамен қазылса, онда сарбаздар бұларды тек қана жабдықтайды. Бөлімше бекінісі ертегіш қарудан қорғану үшін жабдықталады және қоршаған орта фонында бүркемеленеді. Бұл үшін қолда бар материалдар, өрт сөндрудің табельдік құралдары және әр түрлі бүркеніш заттары қолданылады.

Қарсылас шабуылды бастағанға дейін бөлімше өз бекінісінде жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Бекіністі жабдықтау жұмысы кезінде және ұрысы барысында бөлімше командирі, тағайындалған бақылаушы, сондай-ақ барлық жауынгерлер қарсыласты үздіксіз бақылайды. Кезекші пулеметші (мотоатқыш) уақытша немесе қосалқы атыс бекінісіне орналасады да, барлау жасауға немесе бөгеттерде өтпе жасауға ұмтылған қарсыластың жеке топтарын жою үшін өз бетінше атыс бастауға үнемі дайын отырады. Егер бөлімшеден кезекші ЖҰМ (БТР) бөлінсе, онда бекініске уақытына орналасады. ЖҰМ-да (БТР-да) дереу атыс жүргізуге дайын жүргізуші-механик пен оператор-көздеуші болады.

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киіп, өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл!» сигналы кезінде — газтұмылдырық, қорғаныш плащын, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: "Радиациялық қауіп!" сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: "Химиялық дабыл!" сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзиді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде: «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне саңылауға тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында жер үсті қарсыласын жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер ұшақтар мен тікұшақтарға қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.

Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, санылауға, жертелеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.

Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор-көздеуші мен атқыш-гранататқыш қарсыластың танкілері мен басқа да сауытталған нысаналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерді танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыстар жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан қарсылас танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30 м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне бөлімше жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.

Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолын, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады.

Егер қарсылас ядролық қару қолданса, бөлімше командир басшылығымен бекіністі, қаруды, киім мен құрал-жабдықтарды ішінара дезактивизциядан және жауынгерлерді ішінара санитариялық өңдеуден өткізеді.
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10].
6-тақырып: Жаяу әскердің ұрыстық машинасы (ЖҰМ).

4 сағат


1.ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.

2.ЖҰМ-3 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.

1. ЖҰМ-2 атқаратын қызметі, техникалық-тактикалық сипаты экипажы. Жалпы техникалық құрылысы.
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың атқыш-көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаттары болады.

ЖҰМ–2 бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы етеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет