ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Дифференциалды психология»



бет4/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,84 Mb.
#27206
1   2   3   4

Жоспар:

  1. Биологиялық және мәдени факторлар.

  2. қабілеттердегі айырмашылықтар.

  3. Тұлғалық айырмашылықтар.

  4. Жетістікке жетудегі айырмашылықтар.

Әйелдер мен ер адамдардың психологиялық бітістеріндегі айқын айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі олардың әрекет-қылықтарына әсерін тигізетін жыныстық гармондардың әсері. Эндокринді темір сөлінің дене мүшелеріне тарауы әрекет-қылықтың барлық салаларына әсерін тигізеді. М-ы агрессивтілік. Жыныстық гармондарды бөлуде әйелдік немесе еркектік гармондардың арасындағы айырмашылық соншалық байқалмайды, керісінше олардың бөліну дәрежесінде. Еркектер де, әйелдер де андроген (еркектік гармон) мен эстроген (әйелдік гармон) бөліп шығарады. Мәселе олардың бөліну пропорциясында. Осы салыстырмалы пропорция индивидтегі маскулинді немесе феминді белгілердің басымдылығын анықтайды.

Сонымен қатар, жыныстық жалпы айырмашылықтардың келесі көзі – жынысты анықтаушы гармондар.

Жыныстық айырмашылықтар анатомиялық ерекшеліктерде, дене бітісінде, физиологиялық қызмет пен биохимиялық құрамда да анық көрініп отырады. Және бұл айырмашылықтар жас ерекшелігімен ұлғайып отырады. М-ы: туғанда ұлдардың дене салмағы орта есеппен қыздарға қарағанда 5 пайызды құраса 20 жасқа қарай бұл айыр-қ 20 пайызға дейін болуы мүмкін. Дене мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтар, м-ы: реактивтілік, түрлі заттармен манипуляция жасау балардың ойын белсенділіктерінде., қызығушылықтарында айқын байқалып отырады.

Жыныстық айырмашылық қыздардың даму акселерациясында анық байқалады. Бұлар олардағы жыныстық жетілу, дененің түрлі бөліктерінде орналасқан сүйектердің қатайуы сияқты аспектілерінде көрініп отырады.

Әйелдердің “ӨМІР СҮРУ ҚАБІЛЕТТЕРІ” еркектерге қарағанда анағұрлым жоғары. Еркектер арасындағы өлімнің жоғары көрсеткіштеріне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Ұлдарда құрсақтық және нәрестелік шақтағы өлім деңгейі қыздарға қарағанда жоғары. Ұлдар мен қыздардың зачатиясының салыстырмалы көрсеткіші 120:100, 150:100 арасында. Себебі белгісіз. Дегенмен, эмбрионның еркектік жынысына жауап беретінҮ-тік сперматозоид Х-тік сперматозоидқа қарағанда қозғалмалы деген болжамдар ұсынылды. Бірақ ұлдарды қалыптасу мүмкіндігінің 20-50 пайызына қарамастан олардың туылу айырмашылығы 5-6 пайызды ғана құрайды. Өмір сүру қабілетіндегі айырмашылық тек адамдарда ғана емес одан төмен деңгейдегі жануарлар табиғатында анық байқалады. Түрлі психологиялық қалыптардың себептері болып табылатын, организм қызметінің тұрақтылығы (гемостаз) ер адамдарда неғұрлым тар көлемде болса, әйелдерде бұл құбылыстың тұрақсыз екендігі дәлелденген (дене темперературасы, түрлі физиологиялық баланс, қандағы қан құрамының деңгейі және т.б.). Сондықтан әйелдерде естен танып қалуы, қызарып-бозаруының анықтығыжәне стресстік жағдайға оңай кіріп одан тез шыға алу қабілеті олардағы физ. тұрақсыздықтың себебі болып табылады.

Жыныстық ролдер мен бұған байланысты түрлі стериотиптер бар екендігі барлық уақытта болды және әлі де бар.

Әр түрлі әрекетпен шұғылдану жыныстық дифференциацияның негізі мәдени аймақтарының бірі. Әсіресе бұл еңбек бөлінісінде айқын көрінеді. Әйел өмірге жас ұрпақты әкелетіндіктен қарапайым мәдени ортада ол тек үй шаруасымен ғана айналысуы керек, ал еркектер бұлшықет күшіне ерекше дамуына байланысты ол аң аулауға, соғысуға тиіс.

Қазіргі заман мәдениетіндегі жыныстық ролдер дифференциациясын зерттеу күрделене түсуде. Біріншіден ұлдар мен қыздар әртүрлі “субкультурада” тәрбиеленеді. Оларға ата-аналары арқылы берілетін күтілімдерден бастап, олардың өздеріндегі сырт-келбеттеріндегі айырмашылықтарға дейін ұлдар мен қыздардың мәдени әрекет-қылықтарына әсерін тигізеді.

Қабілеттердегі айырмашылықтар . қабілеттің қалыптасу және дамуының индивидуалды ерекшеліктерінен басқа бұл құбылыстағы жыныстық айырмашылықтардың бар екендігіне көптеген факторлар себеп бола алады.

Қимыл дағдылары. Ұлдар қыздардан тек қана мускулинді күштерімен ғана емес, сонымен қатар, жылдамдығымен, ірі дене қимылдарының координациясымен ерекшеленеді. Ал қыздар ұсақ моториканың дамуымен ерекшеленеді. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте өз беттерімен киінеді, түймелейді, байлайды, қолын тиянақты жуады. (Стенфорд-Биненің стандартталынған іріктеуі б/ша). Себебі ұсақ қозғалыстарды орындау қыздардың дене пропорциясының ұлдарға қарағанда кіші екендігі және қыздар акселерациясы және бұл біріншілік биологиялық жыныстық айырмашылықтар олардың әрі қарайғы дағды мен қызығушылықтарына әсерін тигізетіні түсінікті.

Перцептивті айырмашылықтар. Зейін аудару, заттардың түрлі бөліктерін қабылдауға араналған тапсырмаларда әрине әйелдердің мүмкіндіктері ерлерге қарағанда неғұрлым дамыған. Ал ерлер кеңістікті бағдарлаумен көзге түседі.

Вербалды қызмет. Әйелдердегі вербалды және лингвистикалық басымдылық олардың ерте сәбилік шақтарынан бастап кәрілік шаққа дейін жалғасады. Қыздар ұлдарға қарағанда ерте сөйлей бастайды және сөздік қорлары жоғары болады. Қыздардыың артикуляциялық қабілеттері ұлдарға қарағанда 1 жас алдыда болады.

Есте сақтау қабілеттерінде қызардың есте сақтау қабілеттері аса ерекшеленбегенімен, оларда логикалық ес, механикалық еске қарағанда жақсы дамыған.


Күнделікті бақылаулар қоғамдық өмірде әйелдер және ер адамдар арасындағы тұлғалық өзіндік ерекшеліктердің бар екендігін көрсетіп отыр. Көптеген эмоционалдық және әлеуметтік сипаттамаларда бұл алшақтық ерте балалық кезеңнен бастап көрніс табуда. Дәстүрлі жыныстық айырмашылықтарда байқалатын тұлғалық дамудың маңызды аспектілері: қызығушылықтар, қалау-идеалдар, бағыттылықтар және тұлғалық құндылықтар.

Ерте балалық шақтағы ойын белсенділігін зерттеулердің нәтижесінде ұл балалардың көбінесе бұлшықет ептілігін дамытуға қолайлы қозғалмалы және бәсекелік ойындармен айналысатын болса, қыз балалар неғұрлым байыпты ойындарға бейім екендіктері байқалады. Түрлі жас кезеңдеріндегі жыныстық ерекшеліктерді әртүрлі тұлғалық бағыттарда зерттеу арқылы қарастырылынды:



  • балалардың оқырмандық қалаулары;

  • орта мектептердегі кәсіптік таңдаулар;

  • құндылықтарды салыстыру;

  • әйелдер және ер адамдардың өзара әңгімелесу үзінділерін жүйелі сараптау;

  • қызығушылықтар тесті;

  • қарым-қатынас ерекшеліктері;

  • жетістікке жету мотивациясы;

  • сексуалды әрекет-қылықтары (Кинси талдаулары);

  • агрессивтілік және т.б.

Тұрақты жыныстық ерекшеліктердің бірі ер адамдардағы агрессивтіліктің басымдылығы. Әрине бұл оның мәдени және биологиялық (бұлшықет күші, еркек гармоны) шығу тегіне байланысты. Біздің әлеуметтік ортада жыныстық ерекшеліктердегі агрессивтілік ерте балалық шақта байқала бастайды.

Жыныстық ерекшеліктерді табиғатын зерттеулер көбінесе бізді мәдени ортада ер және әйел адамдардың жауаптарын салыстыру арқылы жүргізіледі. Егер 30% ерлер және 29% әйелдер қазіргі өнерді ұнататындықтарын айтса, онда бұл мәселедегі жыныстық айырмашылықтар сұрағы өздігінен жоққа шығарылады.

ММРІ, Бланк кәсіптік қызығушылықтар қағазы, Гилфорд-Циммерманның темперамент Шкаласы, гофтың феминділік Шкаласы арқылы түрлі өмірлік аспектілердегі еркектілік пен әйелділік бағаланды.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
1 Модуль. Дифференциалды психологияға кіріспе
1 Дифференциалды психологияның даму және қалыптасу тарихы
Мақсаты: Дифференциалды психологияның даму кезеңдеріне назар аудара отырып, оның адамдардың қабілетінің, интеллект деңгейін, мінез құлықтың, іс әрекетінің психикалық құрылымының индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін ғылым екендігіне көз жеткізу.

Практикалық сабаққа арналған №1 оқу-әдістемелік нұсқау

Дифференциалды психологияның дамуына үлкен үлес қосқандар В.Вундт, Крепелин, Бине, Шарко, У. Штернның зерттеулерін салыстыра отырып, дифференциалды психологияның даму кезеңдеріне салыстырмалы сараптама жасаңыз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Дифференциалды психологияның эксперименталды психолгиядан бөлініп шығуы.

  2. Дифференциалды психологияның даму кезеңдері.

  3. Дифференциалды психологияның дамуы және тестілеу

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.

  2. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  3. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  4. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

  5. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  6. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

2. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері



Мақсаты: Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу түрлерін талдау.

Практикалық сабаққа арналған №2 оқу-әдістемелік нұсқау

Бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу ұғымдарына дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістері ретінде анықтама беріңіз. Оның бір-бірінен арасындағы байланысты ашып, зерттеу әдістері түрлерінің қалыптасуының арнаулы және жалпы заңдылықтарына көңіл аударыңыз.



  1. Индивидуалдылықты зерттеудегі объективті және субъективті әдістер.

  2. Индивидуалдылықты зерттеудегі статистикалық әдістер және тестілеу.

  3. Дифференциалды психологиядағы тұқым қуалаушылық және қоршаған орта мәселесі.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  2. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  3. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  4. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

  5. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

3-4. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы



Мақсаты: Адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізін олардың тұқым қуалаушылығы және қоршаған орта қалайтынына көз жеткізу.

Практикалық сабаққа арналған №3-4 оқу-әдістемелік нұсқау

Ғылымда тұқым қуалаушылық және қоршаған орта арақатынасы туралы ең кең тараған көзқарас туралы ақпарат беріп, ол теорияны анықтаңыз. Бұл теория бойынша тұқым қуалаушылық және қоршаған орта факторлары бір біріне қосымша факторлар ретінде қарастырылмай, екеуіде бір біріне тәуелді екендігіне көз жеткізіңіз. Мысалдар, келтіріңіз. Соған қарай, кез келген тұқымдық фактор қоршаған ортаның жағдайына қарай жақтан өзін қалай көрсетуі мүмкін деген мәселені қарастырыңыз. Индивидтің дамуында тұқымқуалаушылық және қоршаған орта факторына байланысты кең тараған қателіктер туалы ақпарат беріңіз.



  1. Тұқым қуалаушылық және қоршаған ортаға байланысты неғұрлым кең тараған қателіктер.

  2. “құрылымдық” және “функционалдық” сипаттамалар.

  3. Тұқым қуалаушылық және қоршаған орта ерекшеліктері және арақатынасы


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  2. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  3. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  4. Крайг Г. Психология развития. – СПб.: Издательство “Питер”, 2000. – (Серия “Мастера психологии”).

  5. Роль среды и наследственности в формировании индивидуальности человека / Под ред. И.В.Равич-Щербо. – М.: Педагогика, 1988

5. Дене құрылымы және әрекет-қылық



Мақсаты: Адамның дене құрылымы мен психологиялық қасиеттерінің байланысын оның әрекет-қылығын талдау арқылы анықтауға болатындығын дәлелдеу.

Практикалық сабаққа арналған №5 оқу-әдістемелік нұсқау

Әрқандай адам белгілі типті жүйке жұйесіне ие және нақты жүйкелік типке сай темперамент қасиеті дара психологиялық өзгешеліктердің мазмұнын құрайтынын теориялық тұрғыдан қарастырыңыз. Индивидтің дамуында тұқымқуалаушылық және қоршаған орта факторына байланысты кең тараған қателіктер туалы ақпарат беріңіз. Э. Кречмер, Шелдонның конституционалды типологиясымен танысып, әр типтің психикалық ерекшеліктерімен танысыңыз.



  1. Жеке адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың арақатынасы.

  2. Дене құрылымы мен әрекет-қылыққа байланысты көп тараған қателіктер.

  3. Темперамент және адамның конституциялық ерекшеліктері

  4. Дене құрылымы мен әрекет-қылықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар (физиологиялық, сенсорлық және т.б.).


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  4. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  5. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

  6. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  7. Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с.

6. Оқыту және дара айырмашылықтар



Мақсаты: Тәжірибе және дара айырмашылықтарға психологиялық анықтама беріп, тестік қателіктердің болу себебін анықтау.

Практикалық сабаққа арналған №6 оқу-әдістемелік нұсқау

Тестік тапсырманы ұсыну кезінде жеке индивидтің немесе топтың өзіндік жеке ерекшелігін ескере отырып, неғұрлым лайықты нұсқаны ұсыну қажет, екіншісі, тестілеу нәтижесінің мәніне тәжірибенің ықпалының үлкен екендігін ұмытпау қажеттілігін түсіндіріңіз. Ал адамның әрекет-қылығына байланысты тесті өту кезінде оның кез-келген дара тәжірибесі (ресми, ресми емес) тестің нәтижесіне өз әсерін тигізетін мысалдар негізінде дәлелдеңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Тәжірибе, жаттығулар және тестік қателіктер.

  2. Тәжірибе және дара айырмашылықтар.

  3. Мектептеоқыту және ақыл-ой қабілет.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  4. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  5. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  6. Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.2. – М, 1995

7-8. Адамның мінездік ерекшеліктері



Мақсаты: Мінез – адамның дара психикалық қасиеті ретінде анықтамасын беру, мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреніне көз жеткізу.

Практикалық сабаққа арналған №7-8 оқу-әдістемелік нұсқау

Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері болып табылатындығын дәлелдеген ғалымдарды атаңыз. Мінездің қалыптасуына әер етуші қасиеттерді атап, әрқайсысына жеке тоқталыңыз. Қазіргі кезде белгілі мінез типологияларын қарастырып, мінез акцентуациясы деген терминге анықтама беріңіз, олардың түрлерін ажыратыңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Мінез дара қасиет ретінде

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез қалыптастыратын қасиеттер (жетекші, типтік және дара)

  4. Мінез типологиясы.

  5. Мінез акцентуациясының типтері


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведения. В 2-х т. – М.: Педагогика, 1980.

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.

  4. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. – Л.: Медицина, 1983.

  5. Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с.

  6. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А.

9. Жанұялық ұқсастық



Мақсаты: Жанұя мүшелері үшін ортақ болып келетін факторларды анықтау, егіздердің психологиялық тұрғыдан ұқсастығы мен асыранды балалар, жетімдердің психикалық даму дәрежесін теориялық тұрғыдан зерттеу.

Практикалық сабаққа арналған №9 оқу-әдістемелік нұсқау

Жанұялық ортаның психологиялық өзіндік ерекшеліктерін талдаңыз, ағайындылардың, ата-ана мен балалардың өзара ұқсастықтарына қоршаған ортаның әсер етуінің көптеген жолдары бар екендігін мысалдар негізінде дәлелдеңіз. Жанұялық ұқсастық деңгейі өмірдің нақты ситуацияларына тәуелді болмақ екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Егіздердің психологиялық ұқсастығы.

  2. Асыранды балалар.

  3. Жетім балалар мәселесі.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  2. Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.

  3. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

  4. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  5. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

10.Ақыл-ой жетіспеушілігі.

Мақсаты: Ақыл-ой жетіспеушілігі дәрежесі және оның негізгі критерийлерін теориялық тұрғыдан зерттеу және оның этиологиясы мен клиникалық көптүрлілігін талдау.

Практикалық сабаққа арналған №10 оқу-әдістемелік нұсқау

Ақыл-ой жетіспеушілігі ұғымына психологиялық анықтама беріңіз. Оның қалыпты ақыл-ой иелерінен айырмашылығын ашып, ақыл-ой жетіспеушілігі түрлерінің қалыптасуының арнаулы және жалпы заңдылықтарына көңіл аударыңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ақыл-ой жетіпеушілігін анықтаудың критерилері мен дәрежесі

  2. Этиологиясы мен клиникалық көптүрлілігі.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  2. Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.

  3. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  4. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

11. Дарындылық мәселесі



Мақсаты: Дарындылық мәселесін теориялық талдай келе, оның дәрежесінің артуы қажетті білімдер мөн ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді екендігінің маңызын анықтау.

Практикалық сабаққа арналған №11 оқу-әдістемелік нұсқау

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне не кіретінін көрсетіңіз. Дарындылықты сипаттайтын психологиялық теорияларды сипаттаңыз, ерекеше тарихи тұлғаны алып, оған психологиялық сипаттама беріңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Дарындылықты сипаттайтын психологиялық теориялар.

  2. Дарындылықты зерттеу әдестері.

  3. Ерекше адамдардың сипаттамалары.

  4. Дарынды балалар.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Айзенк Г.Ю. Проверьте свои способности. – М., 1988.

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

12, 13. Дифференциалды психологиядағы гендерлік аспектілері



Мақсаты: Әйелдер мен ер адамдардың психологиялық бітістеріндегі айқын айырмашылықтың негізгі себептерін анықтау, биологиялық және мәдени факторлар негізінде түсіндіру.

Практикалық сабаққа арналған №12, 13 оқу-әдістемелік нұсқау

Жыныстық айырмашылықтар анатомиялық ерекшеліктерде, дене бітісінде, физиологиялық қызмет пен биохимиялық құрамда да анық көрініп отытынына көңіл аударып, оған дәлелдер келтіріңіз. Әйелдердің “өмір сүру қабілеттері” еркектерге қарағанда анағұрлым жоғары екендігіне негіздер тауып, гендерлік ролдер мәнін түсіндіріңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Биологиялық және мәдени факторлар.

  2. Қабілеттегі жыныстық айырмашылықтар.

  3. Тұлғалық қасиеттердегіжыныстық айырмашылықтар.

  4. Гендерлік рөлдер мәні.

  5. Жыныстық айырмашылықтар


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  2. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  3. Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. – М.: Наука, 1976.

  4. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

14. Әлеуметтік-кластық айырмашылықтар.



Мақсаты: әлеуметтік кластық айырмашылықтарға кластық құрылымдар мен әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект ұғымдары тұрғысынан анықтама беру, өзара тәуелділігін анықтау

Практикалық сабаққа арналған №14 оқу-әдістемелік нұсқау

Ауылдық және қалалық, басқа аймақтық айырмашылықтар, әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект ұғымдарына анықтама бере отырып, әлеуметтік кластық айырмашылықтарды жіктеңіз.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Әлеуметтік кластық құрылымдар.

  2. Әлеуметтік-экономикалық статус және интеллект.

  3. Ауылдық-қалалық және басқа да аймақтық айырмашылықтар.

  4. Әлеуметтік-кластық айырмашылықтардың өзіндік ерекшеліктері.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Леонгард К. Акцентуированные личности. – Киев: Высшая школа, 1981.

  4. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  5. Немов Р.С. Психология в 3-х томах. Т.1. – М, 1995. – 512с.

  6. Психология личности. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. – М.: МГУ, 1982.

15.Мәдени айырмашылықтар.



Мақсаты: . Адам үшін маңызды болып табылатын мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлардың көптүрлілігін дәлелдеу.

Практикалық сабаққа арналған №15 оқу-әдістемелік нұсқау

Мәдени әрекет-қылықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіріріңіз. Өмір сүру ортасындағы адам үшін маңызды болып табылатын мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлардың көптүрлілігін дәлелдеңіз. Координаттар мәдени жүйесін анықтап, түрлі мәдениеттегі «адам табиғаты» ұғымына мысалдар келтіріңіз.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Координаттар мәдени жүйесі.

  2. Даму кезеңдері мен мәдени бағыттаулар.

  3. Мәдени әрекет-қылыққа әсер ететін факторлар.

  4. Түрлі мәдениеттегі “адам табиғаты”.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ахвердова О.А Дифференциальная психология. – СПб , 2004

  2. Анастази А. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении. – М.: Апрель Пресс, 2001. – (Серия «Кафедра психологии»).

  3. Мерлин В.С. Очерк интегрального исследования индивидуальности. – М.: Педагогика, 1986.

  4. Психология индивидуальных различий. Тексты // Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. – М.: МГУ, 1982.

  5. Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личности. – М., 1980

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет