ПОӘК042-18-18 45/01-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет1/8
Дата30.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#15229
  1   2   3   4   5   6   7   8

ПОӘК042-18-18.1.45/01-2013

№1 басылым 18.09.2013

беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-18.1.45/03-2013

«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013




«Тарихты оқыту әдістемесі»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

5В020300 – Тарих мамандығына арналған



СЕМЕЙ-2013

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы П.Санкайбаева

«__03__» __09__ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №_1__ « 03_»_09_ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №_1__ «_05_»__09_ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №_1___ «_18_»__09__2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_13» _09_ 2012_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны

Глоссарий

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Студенттердің өздік жұмысы

Глоcсарий
Методика – ежелгі гректің «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген мағынаны білдіреді.

Дидактика- оқыту немесе үйрету , Педагогика – адам тәрбиесі туралы ілім

Әдіс- нақты міндетті шешудің мақсатқа жетудің тәсілі

Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылым саласы

Дерек- латын тілінен аударғанда «жасалынған», «іске асқан» дегенді білдіреді

Негізгі деректер – тарихи уақиғаның идеясын түсіндіреді және негізгі құжат ретінде негізгі тарихи пікірді қалыптастыру

Процесс – даму жағдайының бірізділікпен ауысуы

Көрнекілік әдістер – оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсіндірулеріне мүмкіндік беру

Түсінік- оқып үйренген деректердің негізінде оқушы санасында қалыптасатын тарихи ұғымдар жүйесі

Құбылыс – нақты деректе қатыссыз уақытты көрсетілген жалпы ұғым

Оқыту- оқушы білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқиға- жалғыз жарым дерек

Оқыту мазмұны- арнайы таңдап алынған қажетті тәжірибенің бөлшегі.

Демонстрация-оқушыларды құбылыстар мен процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысындағы қолданыс

Жеке дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау

Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігі сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеру

Тәсіл- нақты міндеттерді шешуге бағытталған әрекет

Ұғым- деректерді түсіндірумен жеңуде және оқиға мазмұнын нақтылап кеңейту үшін қолданатын сабақтастықты айтамыз

Термин- белгілі бір сөздің нақтылы бір мағынасы


2 Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
1 Тақырып. Кіріспе. Тарихты оқытудың әдістемесі- педагогикалық пән
1.Тарихты оқыту әдістемесі –педагогикалық ғылым және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны.

2.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің обьектісі, міндеттері мен негізгі факторлары

Әдістеме дегеніміз-методика. Ежелгі грек тілінен аударғанда «таным тәсілі», «зерттеу жолы» дегенді білдіреді. Ал әдіс дегеніміз- нақты міндетті шешудің, негізгі мақсатқа жетудің жолы. Тарихты оқыту әдістемесі- оқытудың міндеттері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық пән. Оқудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады.

ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін айтады. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.

Әдістеме пәні – педагогикалық процесс, тарихты мұғалімнің оқытуы, оқушының тарихты оқуы туралы мәселелерді қарастырады. Әдістеменің нысаны – оқытудың әдістері, мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы ғылым. Оқытудың өзарар және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Оқыту мақсаты ------ оның мазмұны------ білім беру және оны игеруге басшылық жасау ------ оқушы әрекеті ------- оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Әрине ол процесс жоспарланған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет етеді.

ТОӘ- көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Және солар арқылы дамиды да. Өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады.

Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп салалы. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып,шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, еш табысқа жете алмайды.

Өмірде нашар мұғалімдерді көптеп кездестіруге болады. Өз пәнін жетік білмеуіне байланысты өз білімдерін өзгеоерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Яғни пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы керек.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары:


  • мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар

  • Стандарт пен бағдарламаларда бекітілген оқулықтар,

  • Оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы,

  • Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері,

  • Оқыту нәтижелерін айқындау.

Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар.

1.Тарихты оқыту әдістемесі қандай рәг?

2.Қалай пайда болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998


2. Тақырып.Тарихты оқыту әдістемесі курсының қызметі
1.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің әлеуметтік қызметі

2.Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі

3.Әдістемелік зерттеу жұмыстарының деректері мен әдістерінің ерекшеліктері

Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының кезеңдерінде өзгеріп отырады. Дегенмен де бүгінгі қоғамда қарама-қарсылық әрекеттер басым. Қазақстандық мектептерде Отан тарихына байланысты мәселелер нақты оқытылмайды. Ал кеңестік кезеңдегі тарих пәнінің мазмұнында таптық сипаттар басым. Дегенменде егемендік пен дербестікке қол жеткізілгеннен кейін Отан тарихы мәселелерін жетік оқытудың бағдараламары жасалып, тың идеялар қолға алынуда. Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары:



  • адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруіне,

  • тарихи оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізге қабілеттілікті қалыптастыру,

  • отансүйгіштік пен тарихи тәжірибе гуманизм идеялары негізнде рухани құндылыққа бағыттау,

  • өз халқының тарихы мен мәдениетін қызығушылықпен құрметтеу т.б. маңызды мәселелерді оқытуға бағытталған шаралар жасалуда.

  • Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу,

  • Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау,

  • Әлеуметтік және адамгершілік тәлім-тәрбие беру,

  • Қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру.

  • Жекенің ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу.

  • Әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушы пікірлерін тыңдау. Таңдау.

  • Оларды гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау.

  • Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалауға және дұрыс тұжырымдар жасауға қалыптастыру.

Бұл айтылғандар оқытудың жүйесімен байланысты. Жүйе деп - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі тұтастық, бірлік құрайтын бөліктер жиынтығын айтамыз. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме Отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға, теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту тарихтың мазмұны мен мелекеттік стандарт, бағдаралама оқулық түрінде көрініс табады.

Әдістер: әртүрлі болады. Сөздік, баспа-қолжазбалық көрнекіліктермен, практикалық т.б. Олар мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетінен айқындалады. Оқытудың әдістемесі дұрыс болса тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді

Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері ( жалпысыныптық, топтық, дербес) сабақ типтері (қайталау- жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналры, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.

Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Оқыту нәтижелері қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқыушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейіне танытады. Тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар оқушылардың білімін толықтырады.

Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі студент үшін мынадай себептермен маңызды:

- Оқушының тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтау үшін,

-- Сынып, кр\урс, бөлім және тақырып үшін оқытудың мақсатын анықтау,

-- Оқу процесінде жұмыс тиімділігін анықтау және міндетін нақтылау,

-- Әдіс пен тәсілдерді ұштастыру,

- Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолдану,

-- Оқытудың барынша тиімді әдістері түрлері мен құралдарын қолдану,

- Оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап жасайтын курс. Бұл пән педагогика ғылымымен , зерттеу әдісімен және тәрбие мақсатымен байланысты. Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз.

Педагогикалық бақылау –оқу процесінде ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды. Пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесінде белсене араласуын қарастырады. Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Тарихты оқыту әдістемесі қандай ғылым, ол немен айналысады?

  2. Мектепте тарихты оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері қандай?

  3. Тарихты оқытудың негізгі факторларын ата.

4.Тарихты оқыту әдістемесінің маңызы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998


3. Тақырып. Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1.Оқыту әдістемесінің теориялық методологиялық кезеңдері

2. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасу және даму кезеңдері
ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Әр кім әртүрлі әдістеме түрлерін дәріптеді. Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін оқулық, картиналар мен карталар т.б. көрнекіліктер пайдаланылды.

Сонымен бірге сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Олардың авторы пән мұғалімі бола отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасында түрлі жұмыс түрлерінде қарастырды. Оқыту процесінде жаңадан іс жүзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзінді әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу.

Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалым оқушыны тарихи зерттеулердің әлеміне енгізгендей болады. Тағы бір әдіс түрі – оқөушыларды дербес жұмыс жүргіуге үйрету. Яғни драмалау әдісі.

Келесі бір әдіс түрі – рефераттау жүйесі. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негігі тәсіл деп қарастырады. Онда оқушы ұсынылған мақала немесе кітаптармен танысу, әдебиеттің мазмұныны баяндау, содан түсінігі бойынша реферат даярлау т.б. шараларды атқарады.

Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруда әдіскерлер оқушы жұмысы ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, көрнекі құралдармен, оқу кітабымен, оқулықтармен ұштасуы қажет дегенді айтады. Міне осылайша ХХ ғасыр басында педагог кадрларды даярлауға баса назар аударылды. 1911 жылы Мәскеуде 2 жылдық педагогикалық институт ашылып ашылып, жоғары білімді мамандар тартылды. Тыңдаушылардың әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді. Кейінен бұл мәселеге қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Сатпаев, Ә.Ермеков т.б. араласып, жекеленген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып жарыққа шығара бастады. Тарих жүйелі пәнге айланбады.

1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ сьезінде В.И.Лениннің ұсынумен А.В.Луначарский басқаратын Халық Ағарту комиссариаты құрылды. Ол адамның бастауыменде жасалған әрекеттер тарихи білім берудің пайдалы жақтарын теріске шығарумен болды. Ол пәннің орнына әлеуметтану, еңбек тарихын ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырылды.

1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Осы жылғы қабылданған «Біртұтас еңбек мектебі туралы Ереже» бұл жүйені толығымен өзгертті. 1923 жылы мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді.

Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың құралдарының бірі- алған білімдерін іс жүзінде қолдану болды. Тарихи материал жалпытарихтың тиісті бөлімдеріне қосарланып берілді. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, арихи білім бойынша негізгі дереккөзі мұғалімнің ауызша сөзі болды.

30 жылдары тарихи білім берудің жайы өзгерді. Бағдарламалар негізінде жаңа оқулықтар жазылды. Авторлар азаматтық тарихты емес, қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты. Отан тарихы оқулықтарда жекеленген қосымша ретінде берілді. 1935-1941жж. Мектептерде тарихты оқыутға бөлінген сағаттар саны 14-тен 25,5 сағатқа дейін өсті. 1934 жылдан «Орта мектептегі тарих» журналы шыға бастады. Жаңа бағдараламалар мен оқулықтар жазуға Н.И.Венаг, А.М.Панкратова, С.И.Ковалев, т.б. қатыстырылды. Бірақ тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым-тарихшылар арасында байланыс болмады. 40 жылдары тарихи білім берудегі кемшіліктер байқалды. Соғыс кезіндегі тарихты оқытуда баса назар аударылған мәселелер патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті тұрды.

50-70 жылдары оқушылардың «тарихты дұрыс түсінуі» үшін өткен кезең мен қазіргі заман тарихын байланыстыруға баса назар аударылды. Тарихи білім берудің құрылым мен мазмұны өзгеріске қайта түсті. 50 жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту бағытында дамыды. Оқытудың әдіс-*тәсілдері түрлендірілді.

60-80 жылдары. «Мектептерде тарихты оқыту тәртібіндегі өзгерістер туралы» қаулысы тарихты оқытудың құрылымына елеулі өзгерістер енгізілді. Ендігі өзгерістер міндетті түрде орта білімге көшумен байланысты болды. Ол жылдары әдіскерлер А.А.Вагин, Д.И. Никифоров, Н.Г.Дайри, П.В.Гора т.б. сияқты ғалымдар одан әрі жалғастырды. 70-80 жылдары оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамыта оқытудың мақсатына айналды. 80 жылдардың соңында бұрынғы қоғамдық қатынастар жүйесінің ыдырауына байланысты білім беру жүйесі дағдарысқа ұшырады.

ХХ ғасырдың 90 жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес білі беру жүйесін реформалауда тұлға дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынды. Плюрализмге жол ашылды. Тарихи білім берудің қайталамау (линейный) қағидасындағы құрылым орныға бастады. Жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшірілді.

80-90 жылдары оқу бағдарламалары тарихты оқытудың мақсаттарын ашып көрсететін Түсінік хатпен басталатын. Оның негізінде білім мазмұнын құрайтын деректік және теориялық материалдар бөлімдері қарастырылды. 90 жылдардағы бағдарламаларда бірыңғай білім деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Ол мемлекеттік құжат ретінде өзгертілді. Және де мемлекеттік стандарттар енгізілді.

Оның мынадай ерекшеліктері бар:



  • білімнің сапасын көтеру қызметі,

  • бағалау -өлшемдік қызметі,

  • толыққанды білім алу құқығын қамтамасыз ету,

  • еліміздің білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау қызметі,

  • білім беруді ізгілендіру қызметі,

  • басқару қызметі

Білім беру стандартының ең басты қызметі- білім беру үрдісінің барлық нысандарының (жеке тұлға, қоғам, мемлекет, аймақ, оқу орны, халықаралық қауымдастық) мүддесін қорғау деп бағалау қажет. Сонымен қоғамдық-гуманитарлық пәндер қатарында ерекше орын алғандықтан да тарих пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шұғыл түрде шешу міндеті өткір қойылды. Солардың қатарында «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 жылы), «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» (1995 жылы), «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996 жылы) сияқты құжаттардың мазмұнындада осы мәселелер көтерілген.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру жайлы на білесің?

2.1917-1930жж. тарихи білім берудің басты ерекшеліктері неде?

3.Тарихтың дербес курстарының енгізілуінің қандай маңызы болды?

4.60-80 жж. тарихи білім беру құрылымының мазмұнына сипаттама бер.

5.90 жылдардағы Қазақстандағы тарихи білім берудің әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998
4 тақырып: Қазіргі кезеңдегі тарихи білім

1.ХІХғ. Қазақстандағы тарихи білім

2.ХХғ. басындағы тарихты оқыту әдістемесі

3.Қазақстандағы мектептегі тарихи білім және қазіргі тарихи білім негізі туралы

Тарихи білім берудің ең басты элементі –ол білім. Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.

Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар.


  • ғылымның мазмұны

  • тарихи материалмен теориялық және әдістемелік түрлері мен әдістері

  • құрылымның қағидалары туралы ғылым негіздерімен жұмыс

Оқу процесіндегі оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процесс сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді. Олар оқиғаның мәнін анықтап, оларды салыстырады. М.Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырады. Мысалы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі. . Мысалы, ұлы Отан соғысы –негізгі, Курск шайқасы – қосалқы дерек. Бірақ деректер қайталанбайды. Деректерді оқушы есіне сақталып қалуы үшін жан-жақтылық тиімді жұмыстар жасау керек. Негізгі деректер түсінікті болуы тиіс. Сонымен Оқиға деп - жалғыз-жарым дерек. Мысалы: Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісі т.б. Құбылыс деп – нақты дерекке қатыссыз, орны мен қатысушылары, уақыты көрсетілмеген жалпы ұғымдарды (революция, көтерілістерді) айтамыз. Процесс деп- даму жағдайының бірізділікпен ауысуы. Тарих процесс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстурышысы себеп пен салдар. Мысалы: өнеркәсіптік төңкеріс- мануфактурадан машиналы өнеркәсіпке өтуді сипаттайтын процесс.

Тарихты танудың өзі процеске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. Тарихта түсінік пен ұғым дегендер бар. Оқып үйренген деректердің негізінде оқушы санасынад тарихи ұғымдар мен нақты түсініктер қалады. Ондай әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу, нысанды кескіндемелік тұрғыдан қайта жаңғыртуды атауға болады. Еліміздің   егемендік алып,  қоғамдық   өмірдің барлық  саласында жүріп   жатқан  демократияландыру мен ізгіліктендіру  мектепті  осы кезге   дейінгі дағдарыстан шығаратын  қуатты  талпыныстарға  жол  ашты. Білім берудің   жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік білім беру   кеңістігіне енуге бағыт алуда.  Білім мазмұны жаңа  үрдістік  біліктерімен  ақпаратты қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен  байи  түсуде -  ауызша  және  жазбаша,  телефон,  радио  байланыс – қазіргі  заманғы  компьютерлік  құралдарға  ығысып  орын  беруде.  Нарық  жағдайындағы  білім  беру  бағдарламаларының  нақтылануымен  де  білім  беру  мазмұны  жаңаруда, Олай болса  оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық – педагогикалық   бағыттағы  негізгі  ой – тұжырымдары  төмендегідей  сипатталады:



  1. Есте  сақтауға негізделген  оқып  білім  алудан  бұрынғы  меңгергендерді  пайдалана  отырып,  ақыл – ойды  дамытатын  оқуға  көшу.

  2. Білімнің  статистикалық  үлгісінен  ақыл – ой  әрекетінің  динамикалық  құрылым жүйесіне  көшу.

  1. Оқушыға  орташа  деңгейде  білім беретін  бағдарламадан  жекелеп     саралап оқыту бағдарламасына  өту.

4. Мұғалім мен оқушының  бірлік  одақта   қызмет  істеуі.  Бір – біріне  басымдық  көрсетпеуі  оқушыға да,   мұғалім де,  субъект болуы.

Бұл міндеттерді жүзеге  асыру үшін  мектеп  ұжымдары  әр   мұғалім күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  өзгерістерге  батыл жол  ашаршылық  қарым – қатынас  жасаулары  керек. Оқыту  түрлерін,  құралдарын  одан  әрі  жетілдіруде  тиімді  тәсілдерді    қолданудың  жолдары  іздестірілуі  қажет.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы    оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  жан –жақты  сауатты  маман  болу  мүмкін  емес. Жаңа  технологияны  меңгеру мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  басқөа да  көптеген  адам  қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып оқу – тәрбие үрдісін тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.

Енді  дәстүрлі  оқыту мен жаңаша  оқытудың  айырмашылығын қарастырайық.  Дәстүрлі  оқыту процесінде  мұғалім сынып оқушыларын  толық қамти отырып  оқытады.  Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық  маңызды роль  атқарады,  олар  бірге отырып  оқушыларды  білімге жетелейді,  соған сәйкес  оқушылардың   жауаптарында  сол мазмұнды  есте  сақтап  және  бұрмаламай  айтып беруі маңызды болады.  Мұғалім білімді оқушыларға  дайын  күйінде  меңгертеді.

Жаңаша  оқытуда оқушы мұғалімнің  түсіндіргенін ғана  меңгеріп  қоймай,  мұғаліммен  тікелей пікірталасқа  көшеді.  Оқушы белсенді  роль  атқарушы  емес,  жетекші позицияны ұстайды.  Ол  әлемді  тануға,  белгісіздікті  анықтауға   өз  жауабын  іздейді,  ал  білімді  ол  әртүрлі  жерден  табуы  мүмкін,  шешімдері де  әр  оқушыда  әртүрлі  болады.  Тапқан  шешімін  нақты  ақиқат  деп  қабылдамай  ізденісті  әрмен  қарай  жалғастырады.  Мұғалім  мен  оқушылар арасында  тығыз  байланыс  қалыптасады.  Оқушы  да,  мұғалім  де  субъектіге  айнвалады.  Екеуі  де  бірлік  одақта  қызмет  істейді.  Мына  төмендегісуреттерде дәстүрлі  оқытудағы мұғалім  мен  оқушы  ара  қатынасы (1 сурет)  және  жаңаша  оқытудағы  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  байланыс (2 сурет)  көрсетілген. 

Жаңаша  оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі,  әрі тиімді процесс.  Жоғарғы суреттегідей  мұғалім білім мен оқушының  ортасында тұрмас  үшін  барлық  стратегияларды  жақсы меңгеріп  оқыту  технологиясын  қайта  құру  керек.

 Бұл   әдістер жаңаша   оқыту міндеттерін шешу  құралы  болып табылады.  Оқушы төмендегідей  іскерлікпен дағдыны   қалыптастырады.

Атап  айтқанда,  оқушы  бұрын  меңгергендерді  пайдалана  отырып,  ақыл – ой  өрісін  кеңейтеді,  тақырыпқа  сай  сын тұрғысынан  қарайды.  Оқушы өз  алдына  сұрақтар  қойып,  жауап іздеуге,  мәселеге  байланысты  өз  пікірін айтып,  оны дәлелдей  білуге, білімнің қайнар  көзін өздері  тауып,  білімді меңгеру үшін  қажет дағдыларды  өз  бетімен қолдануды үйренеді.  Әдепті  батыл  сөйлеу,  проблемаларды  анықтай алу,  топтың  жалпы  шешіміне  үлес  қосу,  өз  ойын тұжырымдауға,  өздерінің  үйренгендеріне жауапты  қарауға,   әріптестерінің  ой – пікірін  құрметтеуге,  тыңдауға,   салыстыра зерттеуге,үйретеді.  Тақырыпты ғылыми  түрде меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Оқытудың  жаңа  моделі -  пікірталас  әдісі.  Пікірталас – дидактикалық ізденістің маңызды саласы.  Комуникативті пікір алмасу  моделі  жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды,  методикалық  нұсқауларды, «Дүние  жүзі  педагогика  инновациясы»  атты   М. В. Клариннің  еңбегін  басшылыққа  ала  отырып,  география  пәнін  оқытуда  оқыту  құралы  ретінде  пайдалану – жақсы  нәтижеге  қол  жеткізді.  Жаңаша  оқытудың  коммуникативті  пікір  алмасу  түрі  оқушының   жетекшілік позициясын  нығайтып,  сыныпта  ашық  өзара  қатынастарды  қамтамасыз  етіп  бірлесіп  білім  алуда  жауапты  іс - әрекет  жасауға мүмкіндік  береді.

Егер  пікір алмасуоқушы мен мұғалім арасында  кезектескен  жүйелі,  бірізді  сұрақ  жауап  түрінде  жүргізілсе, онда  ол  біз  күткен  нәтиже  бермейді.  Бұрынғы  оқу  жүйесіндегі  сұрақ – жауап  түріндегі оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  төменгі  дәрежедегі   байланыс  әдісі.

Дәуірге тән бейне қалыптастыру әсіресе бастауыш және орта буын оқушылары үшін аса қажет. Ғылымда тарихи түсініктің 3 түрі бар. Олар: 1). өткен кезең түсініктері (материалдық, әлеуметтік-саяси, адамдардың тарихи-мәдени т.б.); 2).Тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғалар мен құбылыстың ұзақтығы, бірізділігі); Тарихи кеңістік туралы (оқиғаның нақты әрекет ету орнына тәуелділігі). Бұл түсініктердің бірлігі оқушының тарихи танымына негіз қалайды.

Ұғым. Тарихи ұғым деректерді түсіндіру мен жүйелеуде. Ұғымдар белгілі бір сабақтастықты сақтау арқылы игеріледі. Олар: көрнекі түсінік – бастапқы ұғымға, қарапайымнан- күрделіге, т.б. осылайша қалыптасады. Тарих ұғым қалыптастыру тәсілдеріне тарихи картина мазмұныны бейнелеу, деректер мен оқиғаны талдау, сюжетті әңгімелеу, практикалық әрекетке макен жасау т.б. Ұғыммен жұмыс орта буын оқушылармен одан әрі жалғасады. Заттардың суретін көрсете отырып, оқушыларға олардың бір-бірінен айырмашылығын табуды ұсынады. Термин белгілі бір сөздің қандай мағына беретіндігін, оның бастапқы мәнін білдіреді. Терминдер әр түрлі тәсілдермен түсіндіріледі. Кейбір терминдерді заттың шыққан жерімен байланыстырады.

Тарихи терминдермен жұмыс жасаудың оқыту процесіндегі маңызы ерекше. Оқушылардың тарихи білімдерінің деңгейі өз білгенін қаншалықты нақты әрі дәл айтып бере алуынан байқалады. Тарих пәнінің мұғалымы оқушыларға тарихи білім беруде ұйымдастыратын педагогикалық шаралары мен қолданатын әдістемелік тәсілдерінде терминдермен жұмыс жасауға баса мән беруі тиіс. Оқушыларға тарихи терминдер сөздігін жасату. Бұл жұмыс оқушылардың тарихи білімдерін нығайтуға көп ықпал жасайды.


Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:

1.Тарихи фактілер мен оқиғалар айырмашылығы неде?

2.Құбылыстар мен тарихи процестердің әдістері қандай?

3.Тарихи түсініктер мен тарихи ұғымдар туралы сипаттама бер.

4.Термин және олар туралы түсініктер беріңдер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Методика преподавания истории в школе М.1999

2.Дайри Н.Г. Современные требования к уроку истории М, 1998

3.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М. 1999

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы А.2007

5.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1999

6.Т.Хазіретәлі Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі. А. 2000

7.Т.Тұрлығұлов Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі А, 2002

8.Ш.Дүйсенбаева Тәрбие үрдістері С, 1999

9.Б.Тәжібаева Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі А, 2004

10.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудағы әәдістеме түрлері А. 1998


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет