Жобалар әдісін МДҰ әдістемелік жұмысында қолдану
Іс- тәжірибеге жобалық әдісті енгізу педагогикалық кадрлармен қызметті ұйымдастырудан басталады. Сабағаттар, семинарлар, педагогикалық кеңестердің тақырыптары, жас тәрбиеші мектебінің жұмыс жоспары ойластырылады. Ата- аналардың бірлескен жұмысқа қатысу дәрежесі мен ниетіне мониторинг өткізіледі.
Жоба бойынша жұмыстың үлгілік жоспары
*Зерделенген проблемалар негізінде жоба мақсатын қою.
*Мақсатқа жету жоспарын әзірлеу (тәрбиеші жоспарды ата- аналармен бірге талқылайды).
*Жобаның тиісті тарауларын жүзеге асыруға мамандарды тарту.
*Жобаның жоспар-сұлбасын жасау.
*Материал жинау, жинақталуы.
*Жоспар-сұлбаға ҰОҚ жобасын, ойындар мен балалар қызметінің басқа да түрлерін енгізу.
*Өздігінен орындауға арналған үй тапсырмалары.
*Жобаның тұсаукесері, ашық іс- шаралар.
*Заманауи мектепке дейінгі ұйымдардың іс- тәжірибесін пайдалана отырып, жұмысты жобалардың мынадай түрлері бойынша құруға болады:
Зерттеушілік-шығармашылық: балалар эксперимент жүргізеді, сонан кейін нәтижелерін газеттер, драмалау, балалар дизайны түрінде ресімдейді;
Рөлдік- ойындық (шығармашылық ойындар элементтерімен, бұл кезде балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енеді және қойылған проблемеларады өздерінен шешеді);
Ақпараттық- іс- тәжірибешілік- бағдарлаушылық: балалар ақпарат жинайды және оны әлеуметтік қызығушылықтарына бағдарлай отырып (топ дизайны мен ресімделуі, витраждар және басқалар) іске асырылады;
Шығармашылық (нәтижені балалар мерекесі, балалар дизайны, мысалы, «Театр апталығы» түрінде ресімдеуге болады).
Достарыңызбен бөлісу: |