Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
transfer-receipt-2066896327, transfer-receipt-2066896327, БОТА ШПОР, 7 сын 2 тоқсан ұлдар
 
 
 
 
 
 
 
 
 


34 
2.
 
Есті дамыту. 
Нұсқау. Бірінші сөздерді тыңдап, содан соң дәптерлеріңе 
жазыңыздар. 
Мысық, құс, сорпа, гүл, доп, алмұрт, балық, лимон, алма, шие. 
Сұрақ: Бір сөзбен қорытып жинақтап айтуға болатын сөзді оқыңдар 
(жемістер)
 
3.
 
Ойлауды дамыту (талдау және жинақтау) 
а) Ойын:
«Не өзгерді?» әріптерді орнына қойып жаңа сөздер 
шығару: мұрын-бұрын, орман –арман, бақа-сақа т.с.с 
б) Жұмбақтар шешу. 
Жылт - жылт етеді, 
Жылғалардан өтеді (су) 
Кіп - кішкентай бойы бар, 
Айналдырып киген тоны бар (қозы) 
Өкпесі бар, ізі жоқ аяғының, 
Әнін салып келеді баяғының. (аяз) 
4.
Қиялды дамыту.
Нұсқау бойынша суретті аяқта. Егер сен оған 
қосымша сызықтар қоссаң керемет зат немесе бейне сурет шығады. 
Ерекше ат қою.
Қарым - қатынас тренингі. 
Дәптерлеріңе салған гүл қолдарыңда тұр деп елестетіңдер. Кімге сыйлар 
едің? Бір - бірлеріне гүлді ілтипатпен, жылы сөздермен сыйлайды.
2-
 
сабақ. 
Бүгін біз сабақта жанымызға жылылық пен бақыт неден туындайды? Деген 
тақырыпқа әңгімелесеміз.
«Мысықтың Айкадан қашуы» 
Әйгерім деген қыздың Айка деген көңілді есімі болды. Оның мінезі жайдары, 
керек десең ажары да көрікті. Бірақ, неге екені белгісіз, ол ешкімге 
жақпайтын. Одан бері араласудан қашады. Айка мектепте математикадан 
тапсырманы көшіріп үлгере алмады. Өздерің білесіңдер бұл әркіммен де 
кездеседі. Үнемі оқу үздігі Қоразбаевтан көшіріп жүретін. Бұл жолы да:
- Қоразбаевқа Қораз деді, 
Ол үндемеді. 


35 
- Әй, Әтеш саған айтып тұрмын, сен не саңыраусың ба? Математикадан 
есепті бер. 
- Қоразбаев, берші, өтінемін 
- Кетші, былай – деп оқу үздігі ренжіді. 
Айка есік алдында мысықты кездестіріп, адамгершілік сезімін оятқысы келіп, 
- Эй, қалың қалай? Сүт ішкің келе ме? Хайуан! 
Ауланың аш мысығы Айкаға ашулана қарады да, - Кет бұл жерден дегендей 
маңғазданып жүріп кетті,
- Қалай ойлайсыңдар? Айканың жолы неден болмады? 
«Сыйлы болғың келсе, өзгелерді сыйлап үйрен» деген қанатты сөздің 
мағынасын түсіндіру. (Балалармен әңгімелесу) 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет