Рахметулина ж. Б


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер



бет26/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңдер:


1. Келесі процестер экономикалық циклдың қай сатысына (құлдырау немесе өрлеу) жатады?
1. Жеке инвестициялардың өсуі.
2. Бөлшек сауда көлемінің азаюы.
3. Пайданың азаюы.
4. Фирма қорларының өсуі.
5. Салық түсімдерінің артуы.
6. Жинақтаулардың өсуі.
7. Баға деңгейінің өсуі.
8. Өндіріс көлемінің қысқаруы.
9. Еңбекке сұраныстың өсуі.
10. Акция бағамының құлауы.
11. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі.
12. Мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюы.
13. Жұмысбастылық деңгейінің өсуі.
14. Капитал қорының азаюы.
15. Жұмыссыздық бойынша төлемдердің өсуі.
2.Экономикалық циклдің қай фазасы, регрессия немесе өрлеу фазасына төменде аталған процестер жатады:
А) жеке сектордағы инвестициялардың өсуі.
Б) пайданың қысқартуы.
В) салықтық түсімдердің өсуі.
Г) еңбекке сұраныстың өсуі.
д) акция бағамының құлдырауы.
е) инфляцияның өсуі.
ж) жұмыссыздық бойынша төлемдердің көбеюі.
з) пайыздық ставка деңгейінің азаюы.
3. Цикл фазалары сипатталады:
а) бағаның төмендеуі, нарықтың тауарларға қанығуымен;
б) өндіріс көлемінің күрт қысқаруымен;
в) жаппай банкроттықпен;
г) жұмыссыздықтың өсуі және еңбекақының төмендеуімен;
д) қор биржасындағы жанталас және акция бағамының жаппай құлдырауымен;
е) несиелік жүйенің дағдарысы, банктердің жаппай банкроттығымен, қарыздық пайыздың күрт өсуімен.
Жоғарыда келтірілгендердің әрқайсысының депрессия, тірілу және өрлеу фазаларындағы іс әрекетіне сипаттама беріңдер.
4. Үлкен сұранысқа ие тауарларды шығаратын кәсіпорынның басшысымын деп елестетіңдер (мысалы үй жићазы). Өндірісті ұлғайтудың екі жолы бар. Табыстылықты кепілдік ететін үйреншікті технологиямен жићаз өндіретін жаңа қосымша цех салу. Және екінші жолы: бастапқы кезеңде өнім көлемінің міндетті түрде қысқаруына кепілдік беретін жаңа өнімдірек технологияны енгізу. Бірақ осы кезде сендерде бәсекелестер қуып жетуі мүмкін.
Кәсіпорын мен өндірісті дамытудың қандай жолын және неге оны таңдар едіңдер? Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде? Мүмкін уақыттың ұзақтылығының мұнда қатысы жоқ шығар? Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін дамудың қандай жолымен кеткендеріңді ойлаңдар. Интенсивті ме, әлде экстенсивті ме?
5. Жоспарлы экономикада барлық өндіріс жоспарланады, кәсіпорындар ресурстармен қамтамасыз етіледі, олардың өнімінің өткізілуіне кепілдік берілген және т.б. Нарықтық жүейеде барлығы өзгеше, барлығы нарықтың қолында. Кәсіпорындардың көпшілігі дағдарыс кезінде және жалпы цикл кезінде жойылады. Бірінші жүйеде барлығы келісілген, анықталған, сәйкестендірілген. Екіншісінде – толған қарама-қайшылық, өрлеу мен құлдырау мыңдаған кәсіпорындардың банкроттығы. Сонда жоспарлы жүйенің нарықтық жүйеге қарағанда ұтымсыз жері қайда? Жауаптарыңды саяси және идеологиялық факторларға жүгінбестен негіздеп көріңдер. Жоспарлы жүйеге де циклділік тән екендігі туралы ескерту сендерге жауап беруге көмектесе ме?
6.Келесі адамдардың қайсысы жұмыссыз болып саналады:
А) жарамды жұмысты газеттегі хабарландырудан қарап жүрген зейнеткер;
Б) 3 ай бұрын жұмысын жоғалтып, жаңа жұмысты әлі іздеп жүрген адам?
В) Жұмыс істегісі келген, бірақ жұмыс іздеуді әлі бастамаған студент;
Г) жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде жұмыс істейтін студент;
Д) Жұмыс орнынан уақытша шығып, сол орынға қайтуды күтіп отырған, сондықтан жұмыс іздемей жүрген адам;
Е) 8 ай бойын жұмыс іздеп, экономикалық жағдайыдың жақсарғанын күтуді шешкен адам.
7. Монетаризмнің негізін салушы М.Фридман мемлекет экономикаға араласпауы керек деп санайды және мемлекеттің ең тиімді ісі келесі лозунгтерді іске асыру: «Бизнесті қозғамау», «Нарықтық жүйе өз ісін істесін» М. Фридманмен не келісіңіз, не қарсы келіңіз.
8. Төменде келтірілген тұлғалардың мәртебесін жұмысбастылық пен жұмыс күшіне қатыстылығы жағынан анықтаңыздар, егерде олар келесідей жіктелетін:
- Жұмысбастылар.
- Жұмыссыздар.
- Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер.
а) оқу орнының күндізгі бөлімінде оқитын студент
б) оқу орнының кешкі бөлімінде оқитын автомеханик,
в) өзінің отбасы және үйімен айналысатын үй иесі.
г) уақытының бір бөлігінде кітапханашы болып істейтін үй иесі.
д) өз еркімен жұмыстан шыққан жұмысшы.
е) толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы.
ж) денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын мұғалім.
з) ұзақ уақыт бойын жұмыс істеп таба алмай іздеуді қойған жұмыстан шығарылған жұмысшы
9. Кестеде келтірілген жағдай инфляцияның қандай түрін туғызады. (сұраныс инфляциясы – С, ұсыныс инфляциясы - Ұ )



Жағдай

Инфляция типі

1 Мұнайға бағаның күрт өсуі




2. Әскери қажеттіліктерге бағытталатын мемлекеттік шығындардың өсуі




10. Есепті шығарыңдар: Келесідей берілгендер бар: елдегі жұмыс күші 1 млн. 488 мың адамды құрайды. өндірісте жұмыс істейтін адамдар саны 995 мың адам, 50 мың адам– 16 жасқа дейінгі балалар, 47 мың адам жұмыс күші құрамынан шығарылған. Жұмыссыздық деңейі есептеңдер.


11. Жұмыссыздықпен байланысты өнімнің нақы шығынын есептеңдер: жұмыссыздықтың нақты деңгейі - 9,5% жұмыссыздықтың табиғи деңгейі - 6% ЖҰӨ номиналды көлемі = 3300 млрд.теңге.
12. Келесідей ақпарат бар:
Жұмысбастылардың саны 90 млн.адам.
Жұмыссыздардың саны 10 млн. адам.
А) Жұмыссыздық деңгейін есептеңдер.
Б) 1ай өткеннен кейін жұмысы бар 90млн. адамнан 0,5млн. адам жұмыстан шығарылды, ресми тіркелген жұмыссыздардың 1млн.адамы жұмыс іздеуді тоқтатты. Жұмысбастылардың, жұмыссыздардың санын анықтаңдар, жұмыссыздық деңгейін есептеңдер.
13. 2005 ж. тұтынушылық тауарларға баға индексі 130,7 тең болған, ал 2006 ж.- 136,2 тең. 2006 жыл үшін инфляция қарқынын есептеңдер.
14. Кестеде жылдар бойынша баға индексі келтірілген;



Жыл

Баға индексі

Инфляция деңгейі ( %-бен)

1

100,00




2

112,00




3

123,00




4

129,00




А) Әр жыл үшін инфляция деңгейін есептеңдер.
В) Нақты табыстың пайыздық өзгеруін есептеңдер, егерде екінші жылы номиналды табыс бірінші жылмен салыстырғанда 15% және үшінші жылы екінші жылмен салыстырғанда 7% өссе.
Г) Егерде екінші және үшінші жылдағы номиналды табыс 25 мың $-ға тең болса, осы жылдардағы нақты табыстың нақы мөлшері қандай?
Д) Егерде несие үшін пайыздың номиналды деңгейі екінші жылы 14%-ға (бірінші және екінші жылдар аралығындағы қарыз алушылар үшін) және үшінші жылы - 18% тең болса (екінші және үшінші жылдар аралығындағы қарыз алушылар үшін), онда сәйкес жылдары оның нақты деңгейі қаншаға тең?
15. Өткен жылды негізге ала отырып кестені толтырыңдар.



Көрсеткіштер

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

4-ші жыл

5-ші жыл

Номиналды ЖҰӨ трлн. теңге

500

622

600

860

980

Баға индексі

1.2

1,3

0.9

1.4

1,1

Нақты ЖҰӨ, трлн.теңге
















Номиналды ЖҰӨ-нің өсу қарқыны
















16. Мына адамдардың халықтың қандай санатына (Е - жұмысбастылар, U - жұмыссыздар немесе NL- жұмысшы күшіне кірмейтіндер) жататындығын анықтаңыз:



  • Өз қалауымен жұмыстан кеткен және жоғары ақы төлейтін жұмыс табуды көздейтін дипломат.

  • Тек қана өз үйі және жанұясымен айналысатын үй шаруасындағы әйел.

  • Университеттің күндізгі бөлімінде оқитын студент.

  • Толық емес жұмыс күні бар және бұдан пайдалырақ жұмысты сонша ұзақ іздеп, онысын доғарған бухгалтер.

  • Ұзақ мерзімге ауырған және сол себепті жұмыс істемейтін трамвай жүргізушісі.

  • Толық емес жұмыс аптасы бар және басқа жұмысты белсене іздеуші, сәнді шаштараз.

  • «Макдональдс» мейрамханасында ақша табатын 15 жасар жасөспірім.

  • Қыс басталғандықтан жұмыс істемейтін сүңгуір.

  • Зейнеткерлікке шыққан шенеунік.

  • Ауруды қарауға көмектесетін күтуші қыз.

  • Балалар мерекесінде Аяз Ата болып ақша табатын театр артисі.

  • Астыртын автокөлік жөндеп ақша табатын және өз жайына толықтай риза, жұмыстан шығарылған көлік механигі.

  • Жалақының төмендеуіне қарсы шығып, жұмыска бармайтын жұмысшы.

  • Жайсыз ауа райының салдарынан жұмыс істемейтін көше сыпырушы.

  • Басқа қалаға көшуіне байланысты жұмыс орнынан кеткен дәрігер.

  • Электрмен жарықтандыруға көшкендіктен жұмысынан айырылған шам жағушы.

  • Ереуілге қатысқандығы үшін жұмыс істемейтін шахтер.

  • Жұмыс тапқан, бірақ оған әлі кіріспеген аспазшы.

  • Жұмысбастылыққа қызмет көрсету ұйымдастырған компьютерлік курсқа баратын үй шаруасындағы әйел.

  • Қатты аяз болғандықтан жұмыс істемейтін құрылысшы.

  • Оқу орнын бітірген және өзіне ұсынылған жұмыстардың қайсысын таңдауды әлі шешпеген жас жігіт.

  • Денсаулық жағдайы бойынша әрі қарай жұмыс істей алмайтын полицей қызметкері.

  • Авиациялық институттың кешкі бөлімінде оқитын аэропорт диспетчері.

  • Теміржол көлігінің жылу тартуға ауысуымен байланысты жұмысынан айырылған паровоз машинисі.

  • Рецессия нәтижесінде жұмысынан айырылған сәнді кутюрье.

  • Жарты уақытында кітапханашы болып жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел.

  • Бастығымен жанжалдасқандықтан жұмыстан қуылған және бірнеше ай бойы жұмыс істемеуді ұйғарған шаштараз.

  • Еңбекке орналастыру бюросы бухгалтерлер курсына жіберген машинист қыз.

17. Мына адамдар жұмыссыздардың қай түріне (уақытша - У, құрылымдық - Қ, немесе циклдық - Ц) жататындығын анықтаңыз:

  • Оқу орнын бітірген және өзінің мамандығы көнергендіктен экономикада қажет еместігіне тап болған жас жігіт.

  • Тұмаумен ауырып, сондыңтан жұмыс істемейтін программист.

  • Жеңілірек жұмыс табуға үміттенетін, жұмысынан кеткен жүк көтеруші.

  • Компастерлардың енгізілуіне байланысты жұмыстан шығарылған троллейбустың коңдукторы.

  • Өзіне ұсынылған жұмыстардың қайсысын таңдауды әлі шешпеген, жоғары оқу орнының түлегі.

  • Су жолының ашылуы аяқталуына байланысты жұмыс істемейтін өзен кемесінің жұмысшысы.

  • Экономикадағы құлдыраушылықтан жұмыстан шығарылған казино крупьесі.

  • Денсаулық жағдайына байланысты жұмысынан кеткен, жұмыс істемейтін өрт сөндіруші.

  • Пешпен жылытудан газбен жылытуға көшу салдарынан жұмысынан айырылған мұржа тазалаушы.

  • Жұмысбастылық қызметі бухгалтерлер курсына жіберілген үй шаруасындағы әйел.

  • Рецессия нәтижесінде жұмысынан айырылған дизайнер.

  • Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған және басқа жұмысты белсене іздеуші - имиджмейкер.

  • Автокөліктерге сұраныстың төмендеуіне байланысты, жұмыстан кеткен автомеханик.

  • Басқа жұмыс іздеп, бірақ өнімсіз ізденісін кейін доғарған, өз қалауымен жұмыстан кеткен автобус жүргізушісі.

  • Экономикалық құлдырау жағдайында фирманың банкротқа ұшырауына байланысты жұмыстан кеткен менеджер.

  • Банкоматтардың пайда болуына байланысты жұмыстан кеткен банк қызметкері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет