Рахметулина ж. Б



бет29/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Дұрыс – Қате



  1. Коммерциялық банктердің міндеттері ақша болып табылмайды.

  2. Өтімділік қасиетіне тек ақша ие.

  3. Дамыған елдерде ақша жиынының негізгі компоненті болып қолдағы ақшалар табылады.

  4. Аңшаны банкке салу оның өтімдірек нысанға өткендігін білдіреді.

  5. М1 ақша агрегаты қолдағы ақшалардан, жол чектерінен, талап етілгенге дейінгі депозиттерден және басқа чектік депозиттерден тұрады.

  6. М1 ақша агрегатына қолдағы ақшалар, чектік салымдар және жедел салымдар жатады.

  7. М2 ақша агрегатының өтімділігі М1-ге қарағанда төмен.

  8. Сандық ақша теориясы ақша ұсынысы өскенде сәйкесінше шынайы өнім көлемі артатындығын ұсынады,

  9. Ақша айналымының жылдамдығы жоғары болған сайын, барлық тепе-тең жағдайда айналысқа аз ақша талап етіледі.

  10. Егер бағаның жалпы деңгейі жоғарыласа, онда барлық тепе-тең жағдайда ақша айналымының жылдамдығы азаяды.

  11. Қазіргі жағдайда ақша эмиссиясы қысқа мерзімде де, ұзақ мерзімде де инфляцияға әкеледі.

  12. Коммерциялық банктің төлем қабілеттілігі оның өз клиенттеріне салған салымдарын қолдағы ақша түрінде қайтарып беру мүмкіндігі арқылы анықталады.

  13. Коммерциялық банктер өздерінің несиелік мүмкіндіктерін үнемі толық пайдаланады.

  14. Қолдағы ақшаны банкке салу ақша жиынының азаюына әкеледі.

  15. Монетарлық саясаттың мақсаты болып жұмыссыздықпен емес, инфляциямен күресу табылады.

  16. Монетарлық саясатты үкімет экономиканы тұрақтандыру мақсатында жүргізеді.

  17. Барлық азаматтар бірдей салық төлесе дұрыс болар еді.

  18. Дамыған елдерде жанама салықтар салық түсімдерінің негізгі қайнар көзі болып табылады.

  19. Инфляция кезеңінде мемлекетке жанама салықтарды пайдалану тиімдірек, өйткені олардан түсу көлемі табысқа емес, бағаға тәуелді.

  20. Салықтар жиынтық сұранысқа да, жиынтық ұсынысқа да әсер етеді.

  21. Салық мөлшері жоғары болған сайын, одан бюджетке көп түсім түседі.

  22. Салықтар экономиканы тұрақтандырудың құралы болып табылады.

  23. Жеке салықтардың өсуі тұтынуды да, жинақтауды да төмендетеді.

  24. Жоғары салық мөлшері жиынтық табыстардың қысқаруына қарамастан, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайтады.

  25. Салықтан түсулер өрлеу кезеңінде артады және құлдырау кезеңінде азаяды.

  26. Лаффер қисығы салық мөлшері мен бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі арасындағы байланысты сипаттайды.

  27. Мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржы жоспары болып табылады.

  28. Мемлекеттік бюджет үкіметтің табыстары мен шығындарының негізгі түрлерін көрсетеді.

  29. Егер бюджеттің табыстары шығындарына тең болса, онда мұндай бюджет теңестірілген деп аталады.

  30. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекет шығындары салық түсімдерінен жоғары болғанда туады.

  31. Өрлеу кезеңінде мемлекеттік бюджет тапшылығы азаяды.

  32. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттің табыстары өскенде қалыптасады.

  33. Дамыған елдерде ақша эмиссиясы бюджет тапшылығын қаржыландырудың кең пайдаланылатын тәсілі болып табылады.

  34. Ішкі қарыз табыстарды мемлекеттік және жеке секторлар арасында қайта таратуға әкеледі.

  35. Қазыналық саясаттың мақсаты циклдық экономикалық тербелістерді басу болып табылады.

  36. Қазыналық саясаттың маңызды мақсаттарының бірі экономикалық өсу шапшаңдығын жылдамдату және өмір сүру деңгейін өсіру болып табылады.

  37. Қазыналық (фискальды) саясат инфляциямен емес, жұмыссыздықпен күресу үшін қолданылады.

  38. Қазыналық саясатты үкімет ең алдымен жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында жүргізеді.

  39. Қазыналық саясаттың құралдарына тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар, салықтар, әлеуметтік трансферттік төлемдер жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет