Рахметулина ж. Б


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңіздер



бет30/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңіздер:

1. Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдаймен салыстырғандағы бұрынғы Кеңес одағындағы тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?


2. Банк жүйесіндегі Интернет – кассаларды енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
3. Есепті шешіңдер: Қазақстанда экономикалық құлдырау созылып кетті. Экономиканы экономикалық белсенділік жағына бұру үшін және оны тоқтату үшін шаралар қолдану керек. Сіз жас, белсенді – Қазақстанның Ұлттық Банкінің Председатель болып сайландыңыз. Сіздің қолыңызда монетаристік саясаттың мазмұыны құрайтын ақша-несие саясатының құралдары ғана бар.
Осы ақша- несие саясатының үш негізгі құралдарын қандай бағытта және қандай кезектілікте қолданар едің? Егерде осы құралдарды елдің экономикалық өрлеу игілігіне қолдана алмасаңдар, онда сендердің қыншылықтарың неде?
4. Төмендегі салықтардың қайсысын түпкілікті тұтынушы төлейді:
А) акциздер;
Б) мұрагерлік пен сыйлық салықтары;
В) компаниялардың пайдасына салық.
г) қосылған құн салығы;
д) жеке табыс салығы;
е) әлеуметтік жарналар
ж) жер салығы
з) табыс салығы;
5. Төменде берілгендердің ішінен мемлекеттік бюджеттің шығындарының үш статьясын маңыздылығы бойынша ата:
а) әкімшілік- басқармалық шығындар;
б) мемлекеттік қарыз бойынша өтемдер;
в) шетел мемлекеттеріне заимдар мен кµмек;
г) әлеуметтік қызметтер шығыны: зейнетақы, көмекақы, денсаулық сақтау;
д) қорғаныс;
е) шаруашылық қажеттілік шығындары;
ж) қоршаған ортаны қорғау мен жақсарту шығындары.
6. Келесі кесте үшін салықтың орташа және шекті ставкасын есептеңдер және бұл салық қандай: прогрессивті, регрессивті мен әлде пропорционалды.



Табыс

Салық

Салықың орташа ставкасы

Салықтың шекті ставкасы

0

0







15 000

2250







70 000

17650







150 000

44050







250 000

70000







7. Өткен жылы пошта тасушы Садыков 350 мың тенге, бармен Бериков 262,5 мың тенге, ал депутат Хамзин - 175 мың теңге тапты. Олардың әрқайсысы 1,75 мың теңге салық төлеу керек еді. Келесі терминдердің қайсысы осы салықты сипаттау үшін жарамдырақ?


А) прогрессивті;
Б) пропорционалды;
В) регрессивті;
Г) әділетсіз.
8. Табыстан алынатын салық пайызы мен мемлекеттік бюджетке түсетін табыс салығының арасындағы мүмкін байланысқа назар аударыңыздар.



Табыстан алынатын салық пайызы

10

20

30

40

50

60

Бюджетке түсетін табыс салығының жалпы мөлшері, млрд. ақша бірлігі.

300



550



650



900



800



700



Келтірілген мәліметтерді қолдана отырып Лаффер қисығын сызыңдар. Неліктен салық ставкасы өскен сайын жиналатын салықтың жалпы мөлшері өспей, керісінше төмендейтінін түсіндіріңдер. Табыс салығының қандай деңгейінде салық төлемдерінің максималды соммасы жиналады?


9. Толық жұмысбастылық жағдайында жалпы ұлттық өнім 20 млрд.$ құрайды. ЖҰӨ-нің нақты көлемі 16 млрд.$ тең. Салық соммасы ЖҰӨ-нің көлемінің 10% құрайды. Тауарлар мен қызметтерге кеткен мемлекеттік шығындар 1,8 млрд.$ тең.
А) Мемлекеттік бюджетте тапшылық пе, әлде артықшылық па. Оның мөлшері қандай?
Б) Толық жұмысбастылыққа жеткен кезде мемлекеттік бюджет сальдосы қалай өзгеретінін анықтаңдар.
10. Студенттің 100$ ақшасы бар. Ол оны жинақтау немесе жарату жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Егер ол ақшаны банкке салса, онда бір жылдан кейін 110$ алады. Инфляция жылына 12 %-ды құрайды.
А) номиналды пайыз мөлшерлемесі неге тең?
Б) нақты пайыз мөлшерлемесі неге тең?
В) студентке қандай ақыл айтар едіңіз?
Г) сіздің ұсынысыңызға тұрақты номиналды пайыз мөлшерлемесінде инфляция қарқыны 6%- дан төмен болса, онда ол қалай әсер етеді?
11. Төмендегілердің қайсылары макроэкономикалық теорияда ақша деп саналады?

1. Банкноттар.
2. Чектік емес жинақтау депозиттері.
3. Қолдағы ақшалар.
4. Жол чектері.
5. Ұсақ жедел депозиттер.
6. Ұсатылатын тиындар.
7. Чектік жинақтау депозиттері.
8. Чектік депозиттер.
9.Талап етілгенге дейінгі депозиттер.
10. Ірі жедел депозиттер.
11. Қағаз ақшалар.
14. Қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар.
15. Көне алтын тиындар.
16. Несие карточкалары.

12. Төмендегі активтерді өтімділік деңгейіне қарай орналастырыңыз:

    1. Қаланың шетіндегі үй.

    2. 100 теңгелік купюра.

    3. Антиквариат.

    4. Талап етілгенге дейінгі депозиттегі қаржы.

    5. Алтын әшекейлер.

    6. Жедел шоттағы қаржылар.

    7. Жаңа үлгідегі автокөлік.

    8. Бұрын қолдануда болған әбден тозығы жеткен тоңазытқыш.

    9. Мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар.

    10. Автокөлік компаниясының акциялары.

13. Төмендегілердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің шығындарына (Ш) және қайсысы табыстарына (Т) жатады?

    • Мемлекеттік облигацияларды шығарудан түскен қаржы.

    • Мемлекеттік қарызға қызмет ету.

    • Сеньораж (ақша шығарудан түскен табыс).

    • Ғылым мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету.

    • Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу.

    • Шағын бизнесті қолдау.

    • Жеке табыс салығы.

    • Кеден бажы.

    • Әлеуметтік қамтамасыз етуге фирма жарналары.

    • Әскерді ұстау.

    • Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеу.

    • Мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасы.

    • Жанама салықтар.

    • Мүлікке салық.

    • Мемлекеттік аппаратты ұстау.

    • Қосымша құн салығы.

    • Халықаралық валюта қорынан қарыз алу.

    • Зейнетақы төлеу.

    • Президенттің жалақысы.

    • Ел үкіметін ұстау.

    • Табиғи ресурстарды пайдалануға төлем.

    • Табиғи монополия өнімдерінің тарифі.

    • Жекешелендірілген кәсіпорынды сатудан түскен қаржы.

    • Мемлекеттік бағалы қағаздардан пайыз.

    • Қоғамдың тәртіпті сақтау

14. Төмендегі мемлекеттік реттеу шараларының қайсысы: А) қазыналық саясатқа жатады; б) монетарлық саясатқа жатады; в) екеуіне де жатпайды?

      • Нарықтық пайыз мөлшерін анықтау.

      • Міндетті қорлар нормасын өзгерту.

      • Табыс бойынша салық мөлшерін өзгерту.

      • Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мөлшерін анықтау.

      • Есептік пайыз мөлшерін өзгерту.

      • Мемлекеттік бюджет тапшылығының жіберілетін мөлшерін анықтау.

      • Жалақының ең төменгі деңгейін анықтау.

      • Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін анықтау.

      • Жеңілдіктері бар салықтандыру жүйесін енгізу.

      • Ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу.

      • Білім беру шығындарын азайту.

      • Мемлекеттік аппаратты ұстау шығындарының көлемін анықтау.

      • Акциздер көлемін өзгерту.

      • Мемлекеттік облигациялар бойынша пайыз мөлшерін жоғарылату.

      • Қоршаған ортаны қорғау жөнінде жаңа заң жасау.

      • Әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет