Рахметулина ж. Б


Іскерлік ойын «Жұмыссыздық және инфляция»



бет27/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Іскерлік ойын «Жұмыссыздық және инфляция»


Мәселелік жағдай: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен инфляцияны төмендету макроэкономикалық реттеудің басты мақсаты болып табылады.
Пікір талас тапсырмалары:

        1. ҚР-ғы жұмыссыздықпен күрес;

        2. ҚР Үкіметінің инфляцияны төмендету жолдары.

Тақырыпты ашу және өткізу әдістемесі топтық сипатқа негізделген.
Іскерлік ойынды орындау үшін топ студенттері екі командаға бөлінеді. Әрбір команда үш- төрт адамнан құралуы тиіс. Олар кейс бойынша дайындалған тапсырмалар мен таратылатын көрнекілік материалдарды алады. Материалдармен танысқаннан кейін әр команда өз ұстанымын таңдайды: I-команда – Оппозиция, II- команда – Үкімет, ал қалғаны- халық немесе бағалаушы көрермендер болады. Бір адам спикер, яғни пікір-таласты жүргізуші болуы қажет (студенттердің өзі болса да болады).
Әрбір команда ең алдымен, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша баяндама жасауы тиіс (оған 3-5 минут беріледі). Тапсырмаларды орындау кезінде әрбір командадан өз командасы-ның шешімін ортаға салып, түсіндіру үшін бір студент сайланады. Оның жауабы жазбаша түрде көрсетілуі тиіс және де талдау кезіндегі студенттің ауызша жауаптары нақтылы, үйлесімді және жинақы болуы тиіс. Әр команданың баяндамасы тыңдалынып болған соң, ондағы келісетін және келіспейтін жақтарына тоқталуы тиіс. Бір адам секундант болып уақытты шектеп отырады. Тапсырманы орындау кезінде екі команда да қойылған сұрақтарға жеке-дара, өздерінің таңдаған ұстанымы (оппозиция немесе үкімет) бойынша пікір- талас жүргізіп, кезек – кезек жауап береді. Әр сұраққа жауап беру үшін командаларға 5-10 минуттан беріледі. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін әр команда өздерінің тұжырымдамаларын ортаға салып, талдауға салады. Әр команда өз пікірінің дұрыстығына айғақтар келтірулері керек және де оларды дәлелдеулері тиіс. Соңында пікір- таласқа қатыспаған студенттер тақырып бойынша және қатысушылардың пікірі бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір- таласты бағалайды.
Тапсырманы орындауда белсенділік көрсеткен, берген жауаптары нақтылы әрі айқын және дұрыс болған студенттерге 2-3 баллдан беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет