Реферат Тақырыбы: Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы Орындаған: Жұмағали Ажар Тобы


Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы



бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі288,97 Kb.
#120736
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бақша шаруашылығы реферат
Analiticheskoe Myshlenie rus, Кешенді емтихан?а арнал?ан с?РА?тар топыра?тану топыра? профилі,, doc, 0001d1f7-a6348e71, 0010d8c3-e7d593fb, 0001e43b-4ed53e04, 0004a74b-4738aa81, 0017a4ca-8a96b4af, 000f4063-7189f0c4 (1), 10 ГЕОМЕТРИЯ %U049AМЖ, 00015dc7-6376e5a7
2.3 Бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы


Тұкымдық кызылша есіру. Бірінші жылы есiрiлген және тұкым алу үшін сақтауға қойылған тамыржемістер аналыктар немесе тұкымдықтар деп аталады. Тұқымдық қызылша өсірудiң негiзгi тәсілдері фабриқалык (зауыттың) қызылша өсіру технологиясына жақын. Тұқымдық қызылша егiстерiн фабрикалык ауыспалы егістің сәйкес танаптарындағы құнары жоғары учаскелерге орналастырады. Өсіру жағдайлары тамыржеміс өнімінің артуына ғана емес, оның тұқымдық өнімділігі мен алынатын тұқымның өнімдік сапасына үлкен әсер етеді. Тұқымдық қызылшаны қатараралықтары 45,30 см етіп оңтайлы агротехникалық мерзімдерде отырғызады. Тұқымдық қызылша есірудің басты ерекшелiгi есiмдiктерді өте әр гектарга кемiнде 140-160 мың аналық тамыржеміс өсімдік орналастырылады. Оған қатарда есiмдiктердi жакын орналастырумен ЖИ жетеді. Тукымдык кызылшаны жинау мерзімінің маңызы зор. Ыстық мерзiмде ерте жиналған тамырлар тез солып қалады және шоқалап сактауда зең басып кетеді. Ерте жинауда «кынырлар» саны көбейеді. Сондыктан тұкымдық кызылшаны мүмкүндігінше тәуліктік орташа температура 6-8 ° С дейін төмендеп тұракты салкын түскенде, бiрақ үсік ұруға дейін жиналған дұрыс. Тұқымдық қызылшаны жинау үшін пышағы алынған кызылша комбайнын пайдаланған дұрыс. Онда кызылшаны қазу мен жерден таңдап алу толық механикаландырылады. Казып алынған тамыржемістерді топырақтан тазартады және бүршiктерiн зақымдамай жапырақтарды кесіп тастайды . Тек орталық бүршiктi ғана қалдырады. Тазалау кезінде ауру, бұтақтанған және зақымданған тамырларды алып тастайды. Тазаланған тамырларды уақытша жауып кояды да жалпы өнімді жинауды бітірісімен қыста сақтайтын жерге алып кетедi. Тамыржемістерді шокалап немесе енi 70 см (екі тамыр ұзындығы), терендігі 75-90 см , ұзындығы өз ыңғайына қарай қазылған жерде сақтайды. Шоқада тамыржемістерді қабатпен, тегіс қатарла қояды.
Қант қызылшасы тұқымының пісуі, гүлденуі сияқты өркелкі. Ал мұның өзі тұқымдық егiстi жинауды қиындатады, онымен қоймай піскен тұқымдар тез шашылады. Піскен бұтақтарды таңдап жинау кеп қол еңбегін қажет етеді. Бірақ тұқым орылған бұтада да пісіп жетiлетiндiктен тұқымдық егісті жаппай оруды ерте мерзімде, барлык тұқымның үштен бiрi піскенде лафетті және аспалы дестелегішпен жүргізуге мүмкіндік туады. Тұқымның піскендігінің белгілеріне тукым тізбесінің қоңырлануы, түқым жарнағының үн сияқты болуы жатады. Тұқымдықтың орылған бұталарын 30 см қалыңдықта бостау баулайды да қатарлап қойып кептіреді. Соңғы кездері тұқымдықты дестелеу тәсілімен жинау қолданыла бастады. Тұқымдықтарды жинау алдында кейбір химиялық заттардың (магний хлораты, натрий хлораты, кальций цианамиді) әлсiз 438 ерітінділерімен жапырақтарды түсіру (дефоляция) және тамырмен түрған өсімдікті кептіру (десикация) үшін егісті өңдейді. Бүл тұқымдық егісті комбайнмен жинауға мүмкіндік береді.
Тұкымдық қант қызылшасын қайта отырғызбай өсіру. Қазіргі кезде қолданылатын екіжылдық көшіріп отырғызу тәсілімен қант қызылшасы тұқымын өсіру салыстырмалы көп еңбек және каражат шығынын қажет етедi: көптеген үрдістер (аналық тамыржемістер отырғызу, жинау) осы кезге дейiн толық механикаландырылмаған. Бірақ бұл тәсіл Орта Азия елдері мен Ресейдің Краснодар өлкесінде кеңінен қолданылады. Оның Солтүстік Кавказдың тау етегі аудандары, Закавказье, Украинаның оңтүстігі, Молдавия, Прибалтика аймақтары үшін болашағы зор. Қант қызылшасы тұқымын кешiрмей отырғызумен алу тәсілі АҚШ, Венгрия, Болгария, Турцияда таралған. Кешірмей қант қызылшасы тұқымын алудың табиғи жағдайлардан басқа маңызды жайы қант қызылшасы тамыржемісінің қысқа төзімділігін арттыруға бағытталған кешенді агротехникалық тәсілдерді колдану болып саналады. Ксеморфты, ұсақ ағзалы құрылымды, жақсы өткізгіш үлпалы тамырлы қант қызылшасының қысқа төзімділігі өте жоғары. Сондықтан кешiрмей отырғызу тәсілімен қызылша түқымын алу агротехникасының негізгі аналык өсімдікті қатаң жағдайда баптау оларды жиі орналастыру, бірқалыпты ылғал мен қоректену, қыстайтын тамыржемістердің көлемін кішірейту үшін кеш себу және т.б. Аналық кызылшаның алғы дақылдары ерте жиналатын дақылдар асбұршак, күздік рапс, күздік арпа, күздік карабидай мен бидай болуы мүмкін, егер оларды жинағаннан кейін жеткілікті жауын-шашын болса. Аналық кызылшаны арпа, зығыр, кыша, paпc дакылдарымен бүркемелеп себуге болады
Тамырдың қыска төзiмдiлiгiн арттыру үшiн азот мөлшерiн негiзгi енгiзуде кәдімгіге қарағанда екі есе азайтады, ал фосфор мөлшерін шамамен 30 кг кебейтеді. Себу кезінде катарға тек фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгiзедi. Тұкым себу алдындағы жырту қабатының тығыз құрылымын сақтау үшін беткі қабатта (4-5 см) жасалынады. Сонан соң, дереу себу ауыр таптауышты пайдаланумен бірге жүреді. Қатараралық ені 70 см немесе 70х15 см. Көп туқымды қызылшаны егiстiк жер гектарына себу мөлшері 18-20 кг, біртұқымдыда 12-15. Аналык кызылшаның қысқа төзiмдiлiгi мен тукым өнiмi көп жағдайда себу мерзiмiне байланысты өзгереді. Аналық қызылшаның жақсы кыстап шығуы үшін, топырақ кабатына орналаскан онын үстіне туракты салкын түскенде 10-15 см, ал солтүстік аудандарда 20-25 см дейін топырак үйеді. Тамыржемістер өз орындарында кыстап шыққаннан кейін күтіп - баптау тәсілдері өсімдіктің дурыс өсіп-жетілуіне бағытталуы керек. Ерте көктемде кызылша тамыржемістерін топырак үйiндiсiнен тырма, сүйреткілер мен егiс катарына көлденен немесе қиғаш жүріп аршып босатады. Минералдық және органикалық тыңайтқыштармен, әсіресе көң садырасымен тамырларды үстеп коректендірудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет