Реферат Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Орындаған: Айдаулет Б. Е


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі тетіктері



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,2 Kb.
#84382
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат. Сыбайлас
без ответов, Есепке бағалау парағы, Есепке бағалау парағы, 3-топ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі тетіктері.

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінез- құлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді. З. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас- тырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылық- тар.
Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген.
Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.
Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет