Даналардың айтқаны келер болды, Қияметтің қияпаты төнер болды, Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды достар.
Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телі-тентек зақым етті, Тал түсте талапайда ақыл кетті, Бұл не деген замана болды достар.
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті, Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті, Бұл не деген замана болды достар.
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді, Бірін-бірі ұқпайды, түсінбейді, Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді, Бұл не деген замана болды, достар.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшаларға әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген замана болды, достар.
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ, Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ, Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ. Бұл не деген замана болды, достар.
Азған заман ғалымы залым болар, Қошаметшіл қулықпен мәлім болар, Анығын айтқан адалдар жазым болар, Бұл не деген замана болды, достар.
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ, Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
2. Қысыр сөзді айтпа маған дән-нәрі жоқ, Ғашықтығың бекер ғой көз қаны жоқ,
Жан бермеген махаббаттың байламы жоқ,
Қысқа өмірін ұзартар жалғауы жоқ.
Құштарлықтың бейнетін көрмес болсаң,
Қорлық тартып, сұм нәпсіңді жеңбес болсаң,
Алла басқа салғанда көнбес болсаң,
Олла-білла, сенде ышқының айғағы жоқ.
|
Зікір айтып, зар еңіреп- еміренбесең,
Иіп үш жүз алпыс тамырың, тебіренбесең,
Төрт жүз қырық төрт сүйегің сөгілерде сен Қиналмасаң, құр сөзіңнің салмағы жоқ.
Нәпсің тыйып, көңілің тойса қанағатқа,
Саған разы болар бүкіл жамағат та.
Жақсыларға қызмет қып, ие бол адал атқа, Машһарда ондай ғашықтың арманы жоқ.
Рақат емес, бейнеттен қашпағандар,
Таң сәріден жанын қинап қасқаярлар,
Ит дүниені қызықтырмай тастағандар-
Шын ғашықтар деп айтсам, жалғаны жоқ.
Безбүйріктер қайтсін іште дертің барын,
Ұқпайды олар ышқылықтың төркін, мәнін, Сатылмасын суайтқа көркің, бағың,
Бейхабардың оны ұғар саңлауы жоқ.
Ынтазар боп отқа түстің, күйіп-жандың,
Шам айналған көбелектей жүріп те алдың,
Дертің де ауыр, қайғың да ауыр, естен тандың, Қасіретіңнің тола қояр аңғары жоқ.
Қиын жолда қиылып басың кетер,
Бұл жайында айта берсең болар бекер,
Жөнің бар ғой пірге адал қызмет етер, Қызметіңнің еленбей қалғаны жоқ.
Ғашық емес құштарына жан бермесе,
Дихан емес кетпен шауып нан бермесе,
Ақыретті ойлап әуелден қам жемесе,
Құзырынан Құдіреттің алмағы жоқ.
Ей, бейхабар, ғашықтардан жөн сұрама, Дару тілеп, дәрі-дәрмек, ем сұрама, Ғашық болсаң, тақуалардан кем шыдама, Екеуінің де дауа іздеп, таңдауы жоқ.
Тақуа болма, тентек болма, ғашық болғын,
Бейнет шегіп, бүкпесі жоқ ашық болғын.
Нәпсің тыйып, күнәдән қашық болғын,
Ышқы жоқтың иман іздер бағдары жоқ.
*Басқа түссе, құштарлық қайғы болар,
Алла алдында тәубасы зайғы болар.
Есіл дерті Мәжнүнге ауған Ләйлі болар,
Құдай ақы, бұл сөздің еш жалғаны жоқ.
Құл Қожа Ахмет, көп ойланып жөнге келгін, Бұрынғылар айтқан сөзге көңіл бөлгін,
Алланың ақ жолын тұтып, жаның бергін,
Бұдан өзге жүрер жолдың қайраны жоқ.
|
Эпитет
|
Теңеу
|
Метонимия
|
Қайталау
|
Қысыр сөз Қысқа өмір Құр сөз
|
Шам айналған көбелектей
|
Ит дүние
|
Болар, жоқ, болсаң (эпифора)
|
Мәнерлеп оқу.3. Дүние-мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар, Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Молла, муфти болғансып, жалған дұға қылғандар, Ақты қара дегендер тамұққа барып жатпақшы.
Қазы, имам атымен қол қойса нақақ жалаға, Сол үкімнің салмағы өздерін басып қалмақшы. Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы. Таңдап Алтын таққа мінгендер жер мен жер боп жатар-ды
тәтті жегендер, атлас-қамқа кигендер,
САБАҚ:
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:
|
СЫНЫП:8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақыры
|
Ақтамберді Сарұлы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
шығармашылық жұмыс (А/И4);
шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу (8.А/И4).
|
Негізгі мақсат
|
Ақтамберді жыраудың –өмір жолы мен еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын ашу, талдау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
: ХҮІІІ ғасырдағы аса көрнекті жырауы Ақтамберді Сарыұлы туралы білім беру, толғауларын талдау,
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, образдарды салыстырып, талқылап өз ойын дәлелдей алады
|
Кейбір оқушылар:
|
Берілген сұрақтар бойынша зерттеу, суреттеу сұрақтарына жауап бере алады, ой толғау жазуда ойын жүйелі, тиянақты, тұжырымды етіп көркем тілмен жеткізе алады (ТжДО))
Жырдағы кейіпкерлердің образдарын топтастыра алады, кейіпкер бойындағы қасиеттерден нені үйренгенін, нені өзіне үлгі етуге болатынын өз ойымен айта алады (КҚЕО)
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Зерттеу, суреттеу, салыстыру, қолдану, талқылау барысында жұппен, топпен диалогқа түсу арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады, түйінді ойларын ортаға сала алады
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
XVIII ғасыр тарихындағы жаңа бетбұрыстар, Ақтамберді туралы мәлімет. (Күлдір-күлдір кісінетіп) толғауының мазмұны, ерлік, батырлық туралы толғаулары.
(Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар,
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
Алтынменен бу болар,
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық ,сені қайтейін
|
Алдыңғы оқу
|
Талдай алу, салыстыру, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу дағдылары
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
0-3 мин
|
Психологиялық ахуал:
1. «Бумба-юмга» сергіту жаттығуын жасату. Оқушылар қарама-қарсы тұрып бір-бірінің оң құлағын ұстап «сәлем» деп амандасады, мұрындарын түйістіру арқылы «қалайсың?» деп қалдарын сұрасады, содан соң арқаларын түйістіру арқылы «жақсымын» дегенді білдіреді.
2. Қоржындағы заттарды таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут) Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын анықтау үшін «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын. Бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырады да сол оқушыға оқушылар сұрақ қояды.
1. Әл-Фарабидің өміріне шолу жасаңыз.
2. Ол ғылымның қай салаларымен айналысқан?
3. Қандай еңбектерін білесіз?
4. Трактат дегеніміз не?
5. Өлеңдерінде қандай ой айтылған?
. Қызығушылығын ояту
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? XV-XVIII ғасыр
2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер?
(Толғау деп- өмір, тіршілік туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.)
5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?
6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған?
|
Қоржын, сырға, білезік, жүзік, моншақ, қапсырма, шашбау, айбалта, қалқан, кездік, жебе, қылыш, найза, тақия, қамшы, киіз үй, домбыра, таға
|
Ортасы
4-6 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
7-12 минут
ОБжК
13-23 минут
СТО
24-33 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
ОБжК
34-37 минут
СТО
АКТ
ОЖЕСО
|
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.
Толғаулары:
“Күлдір-күлдір кісінетіп», «Түйе мойнына тұз кесер», «Жылқыдан асқан мал бар ма?», «Балпаң-балпаң кім баспас?”, “Жауға шаптым”, “От басар орны отаудай”, “Уа, қарт Бөгенбай!”, “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Сылпаң да, сылпаң жортармын”, “Көк көгершін, көгершін
Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.
«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады.
Күлдір, күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен,
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айырылман,
Сыртым — құрыш, жүзім — болат
Тасқа да салсаң, майырылман! —
деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың "ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап" деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.
Топтастыру арқылы қорыту және жаңа сабаққа кіріспе. Тақтамен жұмыс -2 мин
1.Жыраулар поэзиясын қай ғасырларға жатқызамыз?
2.Жыраулар поэзиясының қандай өкілдерімен таныстық?
Асан қайғы
Шалкиіз Доспамбет
ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ғғордлордлрдрошщшрері
Қазтуған Ақтамберді
Жаңа ақпарат алу үшін
. Толғауды унтаспадан тыңдау. Хрестоматиямен жұмыс көз жүгіртіп отыру -3 мин.
. «Ротация» (ауыстыру) әдісі
1-қадам(2-мин.):дайындалады - нөмірленген 4 А-3 қағазға 4 тапсырма жазылады (слаид): 1.Ақтамберді жырау өмірі
2. Жырау толғаулары және оның тақырыбы
3. Жырдағы көркем сөз үлгілері
4. Сөздік кестені толтыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |