Сабақ : 5 сынып Пән : қазақ тілі Тақырып



Дата29.01.2018
өлшемі43,67 Kb.
#36179
түріСабақ
Сабақ : 5 сынып

Пән : қазақ тілі

Тақырып : Күнтізбе туралы мәлімет.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері :

  1. Білімдік : оқушылардың уақыт туралы білімдерін жаңа мәліметтер арқылы толықтыру ; тұрақты сөз тіркестерін меңгерту ;

  2. Түзете - дамытушылық : тілін, қазақша сөйлеу мәнерін дамыту, сөздік қорын байыту, тұрақты сөз тіркестерін айыра білуге, күнделікті өмірде қолдана алуға дағдыландыру; әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы танымдық үрдістерін: ойлау, жады, зейінін түзеу;

  3. Тәрбиелік : уақытты дұрыс пайдалана алуға, бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар : сағат, күнтізбе түрлері, интерактивті тақта.

Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері : сұрақ-жауап, сөйлесу.

Сабақ барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, түгендеу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

II. Өткенді қайталау :

  1. Бүгін нешесі ? 5. Бір жылда неше ай бар ?

  2. Аптаның қай күні? 6. Бір жылда неше мезгіл бар ?

  3. Бір аптада неше күн бар ? 7. Бір жылда неше күн бар ?

  4. Бір айда неше күн, неше апта бар? 8. Бір ғасырда неше жыл бар?

III. : Түзеу жаттығуы . «Төртіншісі артық»

Күн, ай, сабақ, жыл

Дүйсенбі, асхана, бейсенбі, жұма,

Мамыр, маусым, шілде, тамыз



IV. Жаңа тақырыпқа көшу :

-Балалар, сендер қандай айларды білесіңдер ?

- Дұрыс айтасыңдар , осы айлардың тізімі « күнтізбе» деп аталады.

Оқушыларды сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру.



Сабақ кезеңдері.

1. Сөздікпен жұмыс.

Оқушылар жаңа сөздерді мұғалімнен соң қайталап, дұрыс айтуға тырысады, сөздікке жазады.



Күнпарақ , күнтізбе, мәлімет, кіреді, әр түрлі, қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы

2. Мәтінмен жұмыс.Тыңдалым. Мәтінді оқушылар үнтаспадан мұқият тыңдайды.

“Күнпарақ” дегеніміз –ол күнтізбе. Күнпараққа ай аттары, күндер, апта атаулары, мереке күндері кіреді. Күнпарақ 365 күннен тұрады.Ай аттары:қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.Күнпарақтар әр түрлі болады. Мысалы: қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы т.б.



Оқылым.

Мәтінді тізбектей оқып, аударады. Мәтіннен берілген сөз, сөз тіркестері қатысқан сөйлемдерді табады. Күнтізбе, мереке күндері, қыркүйек, апта атаулары, қабырға күнпарағы.



Сөйлесім.

Берілген сұрақтарға жеке, жұппен жауап береді.



  • Күнпарақ дегеніміз не?

  • - Күнпараққа нелер кіреді?

  • - Күнпарақ неше күннен тұрады?

  • - Ай аттары қандай?

  • - Апта атаулары қандай?

  • - Күнпарақтың қандай түрлері бар?


Сергіту сәті . Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Әдемілеп жазамыз,

Күнде «бестік» аламыз..


3.Дәптермен жұмыс. Жазылым.

1-тапсырма, берілген сөздерді сәйкестендіреді.



  • ай күнпарағы

  • мереке аттары

  • 365 болады

  • апта күндері

  • әртүрлі атаулары

  • үстел күннен

2-тапсырма, сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

Күнпарақ дегеніміз – ол күнтізбе.

Күнпарақ 335 күннен тұрады.

Бір аптада 7 күн бар.

Сәуір –көктемнің үшінші айы.

Бір жылда 24 ай бар.


3-тапсырма, кестеден тақырыпқа қатысты 10 сөзді табады.

К

Ү

Н

Ғ

Ң

Ә

І

Т

Б

Л

А

П

Т

А

А

О

Т

Ү

Н

З

Д

М

А

У

С

Ы

М

Ж

Ы

Й

Ж

Ы

Л

С

А

З

С

Е

Н

Б

І

З

Ө

Ү

У

А

Қ

Ы

Т




4. Ережемен жұмыс.

Интерактивті тақта арқылы тұрақты сөз тіркесінің ережесімен танысады.



  • Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз –фразеологизм.

  • Фразеологизм -ең кемінде екі сөзден құралып, бір ұғымды білдіріп, бір сұраққа жауап беретін күрделі тұрақты сөз тіркесі.

  • Тұрақты сөз тіркесінің құрамында кемінде екі сөз болады.

  • Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болмайды.

  • Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады.

  • Сөйлем құрамында бір ғана сөйлем мүшесі болады.

Уақытқа байланысты тұрақты тіркестерді оқып, дәптерге жазады.



  • сүт пісірім уақыт- время, равное на полчаса

  • шай қайнатым уақыт-время пока самовар закипит/народная мера времени

  • ет пісірім-время, достаточное, чтобы сварить мясо

  • бие сауым уақыт-промежуток времени между двумя дойками , примерно 1-1,5 часа

  • көзді ашып-жұмғанша- в мгновение ока, моментально

  • ала жаздай-все лето

  • күндік жер-расстояние,преодолеваемое за один день


Сабақты қорытындылау : 1. Күнтізбе туралы не білдіңдер ?

2. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не ?


Үйге тапсырма беру : А - жаңа сөздерді жаттау, ережені білу;

В - жаңа сөздерді жаттау, сөйлесуді , ережені білу;



С- жаңа сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау, ережені білу;

Мұғалімнің көздеген мақсатының орындалуы :

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 065c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
065c -> Сабақтың тақырыбы: Биге тіл бітірген үнділер Сабақтың мақсаты: Халық биі арқылы қазақтың көне әдет
065c -> Эссе «Мен таңдаған мамандық»
065c -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет