Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет10/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

б)оқулықпен жұмыс.86-бетті.

«Итмұрын» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Итмұрын қайда болады?

-Итмұрынның қандай қасиеті бар?

-Ол адамға қандай?

-Оны қалай пайдаланады?

-Одан нелер жасалады?
в) «Итмұрын» мәтінін оқыту, мазмұнын сұрау.

Тізбектеп оқыту.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.



г)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

би ирек киік кимешек

ши сирек биік имек

Тізбектеп оқыту.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.



V.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІ. Дәптермен жұмыс.

1.Буындық диктантын жазғызу.

Өткен әріптерді жазғызу.

Та,па,на,ша,ға,ра,ла,ай,қа,да,ма,ба,са,жа,аң,ка..



VIІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

VIIІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыстарды қайталадық ?

-Олар қандай дыбыстар?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ІХ.Бағалау. Мадақтау.

Х.Үйге:69-86 –беттерді қайталау.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1.Өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау,дыбыстық талдау жасай білуге,әрі дауысты,дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Сөздерді буынға бөлу,одан сөйлем құрастыруға үйрету.

2. Ойлау,есте сақтау шығармашылық қабілеттерін,зейінін дамыту.Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

3.Сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: әріптердің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

ІV. Қайталау сабақ.

а)Дыбыстық талдау.

Киік,биік,жиек,тиін,шие.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

--Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады

Тізбектеп оқыту.

Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Буын санына байланысты оқу.

*Әріп санына байланысты оқу.

*Көлденеңінен оқу.

*Тігінен оқу.

*Тауып оқу.

*Бір буынды сөздерді оқу.

V.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІ. Сөздік диктант.

1. Өткен әріптерге байланысты жазғыу.



VIІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

VIIІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбысты қайталадық ?

-Ол қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ІХ.Бағалау. Мадақтау.

.


Сабақтың тақырыбы:З дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Здыбысы және әрпімен таныстыру. З ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету.

2. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

3.Өсімдіктерді күтуге,баптауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:З дыбысына байланысты суреттер, З з әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Биік,әріп,ін,кеме,емен.



ә)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-И дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-И дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- и дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-и әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

-Балалар , біз сендермен неше дауысты , неше дауысты дыбыс өттік?

Мысал келтіріп көрейікші.

б) Заттың жекеше, көпше түрімен таныстыру.

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

аға-ағалар кітап-кітаптар

ата-аталар парта-парталар



в) Үш жақта айту.

Менің добым күнделігім

Сенің добың күнделігің

Оның добы. күнделігі



г) Бағандағы сөздермен жұмыс.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.



би ирек киік кимешек

ши сирек биік имек

Тізбектеп оқыту.



ғ) «Итмұрын» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Итмұрын қайда болады?

-Итмұрынның қандай қасиеті бар?

-Ол адамға қандай?

-Оны қалай пайдаланады?

-Одан нелер жасалады?.



V.Сергіту сәті.

VІ.Жаңа сабақ.

е)Жұмбақ шешу.

Отқа жанбас,

Суға батпас.

(Мұз)

-«Мұз» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-М,ұ.

-Таныс емес, қандай дыбыс?



-з.

-«Мұз»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей, айтып көрелік, з.

-З қандай дыбыс?Қалай айтылады?

-Ұяң, дауыссыз дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- З әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - З з.

-З дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

1. Сюжетті сурет бойынша жұмыс.

Зымыран.


- Оқулықтағы суретке қарайық, сөйлем құрайық.

2.Бағандағы сөздермен жұмыс.

Та за зы ғыр жал быз қо быз

Та зы қы зыл қар быз то ғыз

Қо зы қы мыз жұл дыз сыз ғыш

*Түсіндірме жұмысы.

3. «Зығыр» мәтінін оқи отырып, мазмұнын әңгімелету.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқыту.



Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Төрт сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.



4. Зырылдауық сөзіне, буындық, дыбыстық талдау жасау.

ІХ.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Х. Дәптермен жұмыс.

З з жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

З з әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ.Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге:87 -бетті оқу. «Зығыр» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген З дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге,мәтінді мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту.

3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:З з әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!



ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-З дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-З дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

- З дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-З әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

ә)оқулықпен жұмыс.88-бетті.

«Зығыр» мәтіні б/ша сұрақ-жауап:

- Қазақстанда не бар?

-Оның сабағы қандай?

-Жапырағы қандай болады?

-Зығырдың дәнінен не алынады?

-Оның талшығынан не иіріледі?

-Зығыр жібінен қандай заттар тоқылады?

б)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

та за зы ғыр жал быз қо быз

та зы қы зыл қар быз то ғыз

қо зы қы мыз жұл дыз сыз ғыш



ІV.Сергіту сәті.

в) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:қозы,зығыр,жалбыз,сызғыш.



V. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VІ.Қайталау сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.

«Мұз айдыны» мәтіні.

Мұғалімнің оқуы.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

2.Оқу түрлері:

*Теріп оқу.

*Үш сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Бес сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Алты сөзден тұратын сөйлемді оқу.

*Сегіз сөзден тұратын сөйлемді оқу.



3.Сұрақ-жауап:

-Алматы маңында не бар ?

-Ол ненің баурайында?

-Онда қандай жарыстар болып тұрады?

-Демалыста кімдер мұз айдынына барды?

-Ауасы қандай?

-Олар не тепті?

-Екеуі қалай демалды?



4.Талдау жұмысы.

*қазақ----қызық----кезек

заман-намаз

VІІІ.Сергіту сәті.

ІХ.Дәптермен жұмыс.

5.Дыбыстық талдау.

тоғыз- то-ғыз,2 буын,5дыбыс,5әріп,2 дауысты,3 дауыссыз.

Т-қатаң дауыссыз.

о-жуан дауысты.

ғ-ұяң дауыссыз.

ы-жуан дауысты.

з-ұяң дауыссыз.

Х.Сергіту сәті:

6.Сөздік диктант.

Таза,қозы,жұлдыз,зығыр,қымыз.



ХІ.Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Қандай дыбыс пен әріпті қайталадық?

-К қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге: 87,88-беттерді оқу. «Мұз айдыны» мәтінін оқып,мазмұндау,

дәптерге көшіріп ,буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы:Ө дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Ө дыбысы және әрпімен таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.

2.Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау,оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

3.Көркемдікке,әдемілікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: ө дыбысына байланысты суреттер, Ө ө әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,ойын,сұрақ-жауап,танымдық ойлау,талдау,топтау.

Пәнаралық байланыс:ана тілі,дүниетану.

Сабақта меңгеретін сөздер:өрмекші,өрік,шөп,төл,өріс.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІV . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау.

Қаз,жаз,тоғыз,қозы.



ә)Сұрақ-жауап:

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-З дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-З дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында,аяғында)

- З дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-З әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.88-бетті.

1.Сұрақ-жауап:

-Алматы маңында не бар ?

-Ол ненің баурайында?

-Онда қандай жарыстар болып тұрады?

-Демалыста кімдер мұз айдынына барды?

-Ауасы қандай?

-Олар не тепті?

-Екеуі қалай демалды?

2. «Мұз айдыны» мәтінін мазмұнын сұрау.

V.Сергіту сәті.

VІ.Жаңа сабақ.

3.«Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.

Шөлде бар,

Суда жоқ,

Көлде бар,буда жоқ.


(Ө)

-«Шөл» деген сөзде қандай дыбыс таныс?

-ш,л.

-Таныс емес, қандай дыбыс?



-ө.

-«Шөл»сөзінде неше дыбыс,неше әріп бар?

-Дауысты қанша?

-Дауыссыз дыбыс қанша?

- Барлығы нешеу?

-Қанекей айтып көрелік, ө.

-Ө қандай дыбыс?Қалай айтылады?

- Жіңішке, дауысты дыбыс.

-Неге? Дәлелде.

- Қалай айтылады?

- Ө әріп таңбасымен таныстыру.Баспа түрі - Ө ө.

-Ө дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VІІ.Сергіту сәті.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс:

4.Бағандағы сөздермен жұмыс.

ө зен ө ріс бө рік өр нек көр ме

ө лең ө рік кө рік өр мек көр пе

ө нер ө мір кө мір өр кеш көр ші



Оқу түрлері:

Түсіндірме жұмысы.

5.Сұрақ-жауап.

-Қандай түйе атауын білесіңдер?

-Нар, бота, інген бура .

-Түйе басқа малдардан несімен ерекшеленеді?

-Төрт түліктерге нелер жатады?

-Түйе, қой, сиыр, жылқы.

- Төрт түлік атасы не деп аталады?

-Түйе атасы –Ойсыл қара.

-Сиыр атасы -Зеңгі баба.

-Жылқы атасы-Қамбар ата.

-Қой атасы-Шопан ата.

-Төлдер қалай аталады?

-Бота, қозы, бұзау, құлын.

6. Мақал-мәтел айтуға жаттығу.

Сөз атасы-мақал.

Жақсы сөз-жарым ырыс.

Өтірік айтпа, ұрлық жасама.

Бір беткейде екі көл. (көз)

Күміс қасықтың

Асты алтын (Тіл мен сөз)

Жағасы құрақ,



Мөлдір суат. (көз)

7. «Өркеш» мәтінін оқи отырып, мазмұнын әңгімелету.

-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

Іштей оқу.

Хормен оқу.

Тізбектеп оқыту.

Рөлге бөліп оқу.

8.Тіл дамыту.

«Ө»-дегенім, Өрік

Өрікті ал теріп!

Өзің ғана жемей,

Өркенге бер бөліп.



ІХ.Сергіту сәті.

Х. Дәптермен жұмыс.

Ө ө жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ө ө әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



ХІ.Сергіту сәті.

ХІІ. Тіл дамыту.

ХІІІ. Сабақты қортындылау.

-Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?



ХІV.Бағалау. Мадақтау.

ХV.Үйге:89 -бетті оқу. «Өркеш» мәтінін оқу, мазмұнын айту.

Сөздерді буынға бөліп жазу.



Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Өтілген Ө дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөздерді буындап оқи білуге, мазмұндап айта білуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу,зейін қабілеттерін, есте сақтауын дамыту. Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.

3.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ө ө әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы, дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру ,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ . Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

ІII. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Ауызбен айтамыз,құлақпен естиміз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дыбыс 2 бөлінеді.

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты,дауыссыз.

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Сызбасын көрсет. Қандай текшемен белгілейміз?

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

- Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы.

- Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,ү,і,и.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

- Дауыссыз дыбыс қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді.Көк текшемен белгілейміз.

- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауыссыз дыбыс 3 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Ұяң дауыссыз,үнді дауыссыз,қатаң дауыссыз.

-Ұяң дауыссыздар:б,ғ,д,ж

-Үнді дауыссыздар:л,м,н,ң,р,й,(у);

-Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ш.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбысты әріппен таңбалаймыз.

-Дыбыстан не құралады?

-Буын құралады. Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан тағы не құралады?

-Сөз құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынанқандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Зат есім дегеніміз не?

-Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

-Зат есім сұрақтары?

-Кім?Не? Кімдер?Нелер?

-Зат есімнің неше түрі бар?

- Зат есімнің 2 түрі бар.

-Атап айтыңдар?

-Жекеше түрі,көпше түрі.

-Жекеше түрінің сұрақтары?

-Кім? Не?

-Мысал келтір.

-Көпше түрінің сұрақтары?

-Кімдер?Нелер?

-Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер.

-Диалог дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі.

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.

-Мәтінге не қоюға болады? Мәтінге ат қоюға болады.

-Ол не деп аталады?

-Тақырып.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ө дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауысты дыбыс,жіңішке)

-Неге дауысты дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(созылып айтылады,өлең айтуға келеді)

-И дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

- Ө дыбысына қатысты сөздер ойлату.

-Ө әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



ә)Бағандағы сөздерді тізбектей,жеке –жеке оқытып, тексеру.

ө зен ө ріс бө рік өр нек көр ме

ө лең ө рік кө рік өр мек көр пе

ө нер ө мір кө мір өр кеш көр ші



ІV.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



б) Тақтамен жұмыс.

Дыбыстық талдау:Өмір,өнер,көрші,өлең.

в) Оқулықпен жұмыс.

Ертегі тыңдау.

Балалар, түйе су ішкенде жалтақтап артына қарай береді екен. Не себепті артына мойнын бұрып қарайтынын білесіңдер ме?

Онда мен сендерге қызық ертегі айтып берейін.

Ертеде түйе өте әдемі болған екен. Ағаштың бұтақтары сияқты мүйізі және сусылдаған жерге дейін жететін құйрығы болыпты. Түйе су ішкен сайын өзінің сұлулығын судан көріп өзіне риза болады. Бір күні оған бұғы келіп: «Түйе сен сондай ақылды, әрі сұлусың ғой, мен бүгін қонаққа барушы едім, бір күнге мүйізіңді бере тұршы»,- дейді. Түйе мәз болып, оған мүйізін береді. Сөйтіп тұрғанда оған жылқы шауып келіп: «Түйежан, сенің әдемілігіңде шек жоқ, менде бір күнге әдемі болғым келеді, құйрығыңды бере тұршы»,- дейді.

Бірнеше күн өтеді, бұғы мен жылқы алған заттарын қайтармайды. Түйе қарызымды қашан қайтарады деп тоса-тоса шаршап, бұғыға келеді.

- Сен менің мүйізімді қашан қайтарасың?

- Сенің құйрығың қашан өседі, сол кезде мен сенің мүйізіңді қайтарамын,- деді бұғы.

Түйе маң-маң басып жылқыға келеді.

- Жылқы, сен менің құйрығымды қашан қайтарасың?

- Сенің мүйізің өскен кезде, мен сенің құйрығыңды қайтарамын,- деді жылқы.

Арада бірнеше айлар өтеді, бірақ түйенің не мүйізі, не құйрығы өспейді. Түйе су ішіп, өзін судан көрген сайын қарызымды әкеп қалады ма деп, жалтақтап артына қарай беретіні содан екен.


Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет