Құндылықтарға баулу
|
Оқушының бойында зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету.
|
Пәнаралық байланыс
|
Ботаника, жаратылыстану, физика
|
Алдыңғы білім
|
7.1.3.1
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру. Салемдесу. 1,2,3- деп топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрауда «Ұшақ» әдісін
пайдаландым: 1.Амеба қалай қозғалады? 2.Тіршілік бірінші қай жерде пайда болған? 3.Өсімдіктерде өткізгіш ұлпа не деп аталады? 4.Су мен онда еріген заттар сабаққа қалай көтеріледі. 5.Қоректік заттар суда еріген күйінде жапырақтан өсімдіктің барлық бөліктеріне қалай тарайды.
1-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
«Джигсо» әдісін пайдалану арқылы жаңа сабақты біледі. 1-ші топқа. Өсімдікте судың және минерал заттардың тасымалдануы. 2-ші топқа. Тамыр қысымы. 3-ші топқа. Өсімдіктерде органикалық заттардың жылжуы.
2-тапсырма.
Биологиялық диктант. Кесте толтыруға қажетті сөздер: тіректік,тасымалдануы,тамыр қысымы, фотосинтез.
1. Сабақ-өркеннің негізгі бөлімі, ең алдымен ........... қызмет атқарады. 2. Өсімдіктердегі заттардың ............. – бұл процесс өсімдіктерде жоғары және төменгі ағыс түрінде жүзеге асады.
3........... су және минерал заттарды сабақ бойымен
жапыраққа жылжытатын күш. 4. Органикалық заттар өсімдік жасушасының хлоропласында ............ процесі барысында түзіледі.
3-тапсырма. Видеоролик.
4-тапсырма. Венн диаграммасы. Тамыр мен сабақтың қызметтерінің ұқсас-айырмашылықтары.
|
Джигсо әдісі.
Видеоролик
Венн диаграмма
|
Сабақтың соңы
|
Ой толғаныс:
Сабақта.
Мен білдім.....
Мен үйрендім......
Маған ұнады......
Мен қиналдым......
Менің көніл—күйім.....
|
.
|
Үй тапсырмасы. Өзіндік жұмыс . Өсімдікте зат тасымалдануының сызбасының суретін салып ,жазып алу.
|
|
Кері байланыс парағында мынадай сұрақтар болады:
|
|