Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын
(Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін
1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
2.Нөл саны натурал сан бола ма?
3 .Ең үлкен санды атауға бола ма?
4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар
5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20)
6 . 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...)
Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын
«Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін
(Тж) Жаңа білімді қалыптастыру
Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды
Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады
(Тж)
« Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады,талдайды
9, 14, 32, 37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар
Дескриптор
1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын жазады
|
9 саны қалдықсыз бөлінетін натурал сандарды анықтайды
|
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзі болатындығын жазады
|
8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар
Дескриптор
8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екендігін жазады
|
8 санын 2ге көбейтеді
|
8санын 3 ке көбейтеді
|
8 санын 4 ке көбейтеді
|
Топтарды қалыптастырушы бағалау тәсілі «бағдаршам» арқылы бағалаймын
(Жж) Деңгейлік тапсырмалар
А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі
1-тапсырма.
Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар
5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115
2- тапсырма
3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар:
2-нің еселіктерін
21-дің бөлгіштерін
В деңгейі «Кім жылдам? әдісі
1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін?
2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар
С деңгейі «Ойлан тап»
Бала себетті толтырып , қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға, немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкелді?
120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды жазыңдар
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын
Үйге тапсырма беру №562, № 567
Рефлексия
Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...
Топтық талқылауда мен не үйрендім?
Не қиын болды?
Не қызықты болды?
І деңгей тапсырмалары
1. 70 қорап қарындашты жәшіктерге салу керек. 5 қорап; 8 қорап; 14 қорап сыятын жәшіктер бар болса, олардың қайсыларын алған ыңғайлы?
2. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші;
2) 65 667 саны 3127 санының еселігі;
3) 13 188 саны 24 санының еселігі;
1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па?
3. 1) 7 < а <27; 2) 50 < х <83; 3) 305 < b < 330 теңсіздіктерін қанағаттандыратын барлық жай сандарды жазыңдар.
4. 1) 24-тің бөлгіші және 6-ға еселік; 1) 100-дің бөлгіші және 20-ға еселік болатын сандарды табыңдар.
5. 1) 6 мен 11; 2) 9 бен 15; 3)14 пен 16-ға бірдей еселік болатын ең кіші натурал санды табыңдар.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. 600-ден кем және 40 саны бөлгіші болатын барлық үштаңбалы сандарды жазыңдар.
2. х < 71теңсіздігі дұрыс болатындай және 1) 15-ке еселік; 2) 23-ке еселік болатын х-тің орнына барлық натурал сандарды жазыңдар.
3. Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 13 см, ені 7 см, биіктігі 5 см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңдар. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі жай санмен өрнектеле ме, әлде құрама санмен өрнектеле ме? Неше бөлгіші бар? Оларды жаз.
Жауабы: 455 см3 құрама сан
|