Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет24/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Хх дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Топқа бөлу

1 топтың аты: «Білімділер» Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2-топтың аты: «Талаптылар» Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
-Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл кітапқа, жақсы орындаған топ көк кітапқа ие болады. Қай топтың қызыл кітабы көп болса сол топ Дараға жақсы көмектесіп жеңіске жетеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

-Балалар бүгін біздің сыныпқа саяхатшы Дара келіпті (бейне таспа жіберу). Ол кітапханадан алған қызықты кітаптарын оқып болып, енді оларды тапсырмақшы. Кітаптарды тапсыру үшін Дара кітапханаға бара жатыр екен. Жолда кездескен қиындықтарды жеңіп, Дараға көмектесуге әзірсіңдер ме? Ол үшін қай топ Дараға жақсы көмектесетінін білу үшін 2 топқа бөлініп жарысамыз.
- Әр топ өздерін таныстырсын.

Қызығушылықты ояту

Өткенді пысықтау.
-Я,Ю дыбыстаны қайталау, Жарыс мәтінін оқу, түсінік айту.
-Ең алдымен Дараның кітаптарын үстелгі жинайық. Ол үшін біздер үй тапсырмасын қайталап алайық.
1-тапсырма. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею.
2-тапсырма. 1 топ «Білімділер» Жарыс мәтінін оқу, 2-топ «Талаптылар» сұрақтарға жауап беру.
- Дараның кітаптарын үстелге жинадық.Енді оларды Дара қайда салады? (жолдорбаға)

Мағынаны тану


-Енді кітапті жолдорбаға салу үшін, алдымен жолдорбаны босатуымыз керек, ол үшін жолдорбаның ішіндегі суреттерді айтып қайталасақ ,бүгінгі сабақтың тақырыбын біледі екенбіз.( «Сиқырлы кітап» бейне таспа жіберу) .
-Бүгінгі танысатын х дыбысымен танысамыз. Қане дыбыстап көрейікші? Қандай дыбыс? Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. Х - әріптернің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Суретергі назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру.
- Х нешінші буында тұр, сөздің қай жерінде тұр.
- Не байқадық? Х әрпі сөздердің қай жерінде кездеседі? Х әрпі сөздердің басында, ортасында және кейде сөздің соңында кездеседі. Мысалы: хат, шахмат, шах.
-Жолдорбаны тапсырмасын орындайық.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнау.
-Жолдорбаның ішін босаттық, жолдорбаның ішіне кітаптарды орналастырдық, енді Дара жолға шығуға дайын.
-Кітапханаха бару үшін алдымен көпірден өтуміз керек, көпірдің күзетшісінің тапсырмасын орындасақ Дара көпірден өтіп кітапханаға жетеді.
Күзетшінің тапсырмасы оқулықпен жұмыс.
-тізектеп бағандағы сөздерді оқып шықсақ,х дыбысының астын сызып шықсақ көпірден өтеміз. Х дыбысы сөздің қай жерінде орналасады?
-тізбектеп оқу, түртіп алу, осы сөздердің ішінде түсініксіз сөз бар ма?
-хат -хабаp жiбеpу үшiн жазылып қойылған не жөнелтiлген жазбаша мәтін.
Хор-музыканы қосылып оpындайтын әншiлеp тобы.
Хан-ел билеушi .
Саяхат - алыс жеpге, ел аpалауға шыққан сапаp.
Дәріхана-Дәpi-дәpмек даяpлап және оны сататын оpын;
Хабар-жаңалық
Халат- үй iшiнде күнделiктi киетiн жеңіл киiм.
Хадис- діни кітаптарда айтылған қасиеттi сөздеpi, өсиеттеpi.
Шахмат-ойын
Хаттама- жиналыстың, мәжiлiстiң баpысы туpалы жазылған қысқаша мазмұндама.
Ұстахана-темірден әр түрлі заттар жасап шығаратын шеберхана.
Шеберхана-әртүрлі материалдардан заттарды жасап шығаратын орын.
-Күзетшінің тапсырмасын орындадық Дара көпірден өтті.
-Міне енді Дара кітапханаға да жетті. Әр топтың басшыларына тапсырма беріледі.
1 топтың басшысы сурет бойынша әңгімелеу.
2 топтың басшысы кітапхандан алынған кітаптарды қалай күтіп ұстау керек екенін айту.
-Мәтінді оқу.
Мынау біздің кітапхана. Кітапханада көптеген газет-журналдар да бар.Кітапхана қоры- кітап. Оқушылар кітапханаға жиі келіп тұрады.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашы жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.
Кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға болмайды.
(Балалар міне Дарамен бірге кітапханға да жеттік, Дара кітаптарын тапсырды.) Дараға өте жақсы көмектескен, топтардың ұпайын санайық. Бейне таспадан біз жеңдік әнін орындау. Қане өзімізге қошемет білдіріп қояйық.)

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.



Ой толғаныс

Кітап туралы нақыл сөздер айтқызу.
Өмірде ең жақын кеңесші - кітап.
Кітапсыз үй – жансыз дене.
Кітап – ғажап дос.
Білім – біздің шамшырағымыз.
Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап - ақылды қуаттандыратын құрал.
X Енді, балалардың зейіндерін тақтадағы тірек - сызбаға аудару.
Кітап

Білгір
Кеңесші
Білім
Ой - қиял
Ғалым
Ерік
Ақылшы
Ұстаз

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады




Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Һ дыбысымен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер,һ әрпінің жазбаша және баспа түрі

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Х,Һ дыбысы мен әрпімен танысту.

2.Проблема шешу құзіреттілігі: Жаңылтпаш,санамақтар,жұмбақтар шешу арқылы тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын

3.Коммунмкативті құзіреттілік: Игерген білімдерін бекіте отырып, жаңа Х,Һ дыбысы және әрпімен таныстыру, жаңа әріппен байланыстырып сөз ойлап, сөйлем құрастыра білуге уйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуін дамыта отырып,ұғымталдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, жаңа білім енгізу.


Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

-Біз-ақылды баламыз

Оқып білім аламыз,

Тоқтар,Талғат ағалардай

Біз ғарышқа ұшамыз!

Ш-ш-ш.

Балалар,мінеки біз ғарыш әлеміне келдік.Қандай тамаша!



/Балаларды ғарыш әлеміндегі кейбір ғаламшарлармен таныстыру/

-Жұлдыздар қандай әдемі! Жұлдыздарды алғыларың келе ме?

-Балалар,жұлдыздарды тек ғана білімді балалар ғана ала алады.

/Жұлдыздардағы тапсырмаларды орындау/

№1 Тапсырма.

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыстар туралы қандай өлең білесіңдер?

Тәрбиеші құстар мен жануарлардың аттарын атайды.

-Бүркіт

-Қарға


-Арыстан

-Әтеш


-Кірпі

-Жылан


-Құрбақа

-Шегіртке

-Ешкім ешкімді күндемейді,

Олардың ішінде айтыңдаршы не ғана үндемейді?

-Дұрыс-ақ,балық сөзін буынға бөлейікші.Неше буын?


Қызығушылықты ояту

№2 Тапсырма.

Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Әріпжұмбақтар.

Табада бар,

Танада жоқ.

Сабада бар

Санада жоқ?/Б/

Егер К-ден бастасаң

Тісі жоқтың бірімін.

К-ні алып тастасаң,

Аяқ киімнің бірімін./кетік-етік/

№3 Тапсырма.

-Мынау қандай әріптер?Осы әріптерге байланысты қандай сөз,тақпақ, мақал-мәтел,жаңылтпаш білесіңдер?


Мағынаны тану


№4 Тапсырма.

Буындарды оқыңдар.Буындардан сөздер құраңдар.

№ 5Тапсырма.

Ребустың шешімін табыңдар.


№6 Тапсырма.

Суреттерде нелер бейнеленген?

Сөздерді оқып,сәйкес суретін тауып,сызық арқылы қос.
№7 Тапсырма.

Суретке қарап,сөйлем құраңдар.



1.Ай+гүл

2.Алма+гүл.

3.Гүл-нұр.


КӨЗ

АУЫЗ

АЯҚ

Балалар сөздерді оқып,суреттермен сызық арқылы байланыстырады.


Мен алма жедім.

Мен алмұрт жедім.

Мен балмұздақ жедім.

Мен кәмпит жедім.

Мен бұзауға сүт бердім.

Мен балапанға жем бердім.



Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.



Ой толғаныс

Жұмбақ:

Сәлем айтып алыстан

Туысынан,таныстан

Келетұғын «хат» «хабар»

Қай дыбыстан басталар?

1.Х дыбысын дұрыс айтқызу.

2.Х әрпімен таныстыру.

Жазба,баспа түрімен таныстыру.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Х дыбысына сөз ойлату.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Буынға бөлу,сөйлем құрау.

Қол жаттықтыру жұмыстары.

1.Х әрпін ауада жазу.

2.Үзік сызықтарды бастыру.

3.Дымбілмеске жоғалған әріптерді

Табуға көмектесу.


-Х дыбысы.
Балалар Х дыбысын айтады.Оның дауыссыз дыбыс екенін ажыратады.
Х дыбысына сөздер ойлап тауып,

Сөздерден сөйлем құрайды.


Хат,халат,шахмат.

Мен шахмат ойнадым.

Менің әдемі халатым бар.
Балаларға жеке карточкалар беріледі.

Балалар өз беттерінше қол жаттықтыру жұмыстарын орындайды.



 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Вв дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Көрнекілігі: кеспе әріптер мен буындар, тақырыптық суреттер, ребус, пойыз, вагон суреттері

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мақсаты: Оқушыларға В дыбысы мен әрпін таныту. В дыбысына қатысты жаңа сөздердің оқылуын, жазылуын меңгерту, мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрату арқылы білімін кеңейту;
Сөйлеу тілін, сөздік қорын ойлау, есте сақтау, жүйелі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке тәрбиелеу;
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік, түсіндіру, ойын, тірек - сызба

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.



Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз
Тату - тәтті тұрамыз
Жүрекке жылу толтырып,
Қайырымды боламыз.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз

Мағынаны тану


«Кім жылдам?» әріпті жұмбақтар
В -?
О - «торсық» сөзінің екінші әрпі.
К - «Көкек» сөзінде үш рет айтылатын дыбыс?
З - 10 - ның алдындағы санның соңғы әрпі.
А - ең жақын, ең аяулы адам кім?
Л - ешкінің төлінің бірінші әрпі
Күннің жады
Бүгін қыстың бірінші айының екінші күні. Тәуелсіздік мерекесі туралы айту
Вокзал - 6 дыбыс, 6 әріп, 2 буын бар
В - дауыссыз, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Баспа, жазба түрімен таныстыру.
«Вокзал» суреті бойынша әңгімелеу.

«Білім» еліне саяхат


Вагон, тепловоз суреттерімен таныстыру.
Бүгін біз вокзалға барып, пойызға мініп, «Білім»еліне саяхатқа аттанамыз.
Олай болса, «білім»еліне барғанша, әр вагондағы жолаушылар мен жолсеріктерге өз білімдерімізді көрсетейік. Кім сабаққа жақсы қатысса сол оқушыға «Білім» елінде Ақыл атайдың бізге дайындаған сыйлықтары бар екен.
- Ендеше, жолға шығып бара жатқан жолаушыға қандай тілектер айтылады?
- Жолыңыз болсын!
- Сәт - сапар!
- Ақ жол! - деп айтады.
Тірек сызбаман жұмыс Ребус шешу.
Оқулықпен жұмыс
1. Бағандағы сөздерді оқу (мағынасын түсіндіру)
Вагон, автобус, велосипед, волейбол
Вокзал, трамвай, аквариум, витамин
Оқушыларға оқыту
2. Мәтінмен жұмыс
1. Вокзал мәтінін оқу.
2. Мазмұнын ашу (сұрақ - жауап)
3. «Үлкенге құрмет - балаға міндет» (мағынасын түсіндіру)
4. Мәтінді оқушыларға оқыту
6. Ситуациялық сұрақ Қыс мезгілі. Қар қалың жауған. Жер тайғақ. Сен мектепке келе жатырсың. Сабақ басталуға аз уақыт қалды. Бір кезде сенің алдыңда келе жатырған дайындық сыныбында оқитын медет тайып құлады. Шамасы аяғын ауыртып алған сияқты. Сен не істер едің? Көмектесесің бе?

Сергіту сәті

Келді бізге көбелек (қолдарын жаяды)
Достастық біз керемет (екі қолды айқастыру)
Пана боп оны қорғаймыз (қолды шатыр сияқты)
Жаңбыр жауса себелеп (саусақпен партаны тырсылдатады)

Ой толғаныс

Ауаға жазу. Тақтаға жазу. Дәптерге жазу.
Суретті диктант «Автобус, велосипед» суреттеріне қарап тақтаға жазу, талдау.
«Кім тапқыр?» Кеспе буындардан сөз құрастыру. Сөйлем құрау. Трамвай, аквариум
Қорыту. Инсерт әдісі Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Міне, балалар біз «Білім» еліне де жеттік. Вагондардың артына сөздер жазылған екен. Соны оқиық «Тәуелсіздікке - 23 жыл»
- Тәуелсіздік мерекесі қай күн?
- Тәуелсіздікті нешінші жылы алдық?
- Елордамыз қай қала?
- Елбасымыз кім?

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Кері байланыс



Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Фф дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы




Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету

Топқа бөлу

Гүлдер арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

а) Психологиялық дайындық
«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

Футбол өлеңін оқып беру.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз?
- Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
- әл - Фараби өлеңін оқып бері, түсіндіру.
- әл - Фараби – ғұлама, данышпан, ғалым.
Бала болсаң талапты,
Біліп өскін Фарабты.
Әбу Насыр қаланың
Әлемге атын таратты.

Мағынаны тану


- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?

Қыста дем алып, жазда тынбайды,


Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)

Өңкей сығай екі топта,


Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
- Мынау не?
- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо - нарь
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.



Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс
4 топқа бағандағы сөздерді, футбол, әл - Фараби өлеңдерін оқыту.
Сергіту сәті:
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.

Дәптермен жұмыс:


Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.
Шығармашылық тапсырма.
1 топ «Сөз ойла, тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау, жазу.)
2 топ «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)
Сабақты қорыту
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ее дыбысы мен әрпі 2-сағат

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, ешкі, есік, емен, есек суреттері, слайдтар мен мәтін жазылған флипчарттар
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;

Топқа бөлу

Гүлдердің түрлеріне сай топтарға бөліну

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Қызығушылықты ояту

Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Оқулықтағы мазмұнды суретпен әңгіме жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірі ортаға салынады.

Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оның әрпін көрсетеді.


Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп— теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Ой толғаныс

Е мен не ме ре ел жел

Е ден не ме не ер жер

Сөздерді буынға бөліп оқу.

Сөздегі е дыбысы буында естілетінін табу.



Дәптермен жарыс:

— Балалар біз е дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.

Е- көркем жазу

Элементтерімен таныстыру

Үлгі дәптерге е әрпін жазу

Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысып, оның таңбалануын жаздық? (е)

Е қандай дыбыс болды? (дауысты жіңішке)

Қандай мықты ағашпын таныстық (емен)

Сабағымыздың соңында мен бір өлең оқимын. Не туралы екенін тыңдап отырыңдар.

Орманға бара жатқандар,


Тіршілік дәмін татқандар.
Орманды қорғаңдар,
Аңдар мен құстарды атпаңдар.
Оларда титтей жүрек бар,
Өмірге деген тілек бар.
Өтінемін түгел бәріңнен,
Орманды өрттен сақтаңдар.

Сонымен балалар табиғатты, орманды, аңдарды қорғауымыз керек. Тоқылдақ құсап ерте тұрып еңбек етуіміз керек екен.

Бүгінгі сабағымызды «өте жақсы» қатынасқан оқушыларға тиіннің жинаған емен ағашының жаңғақтарын сыйға тартамын.


 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ээ дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Суреттер,кепе әріптер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік:  Оқушыларға Э дыбысы мен әрпін таныту.Э дыбысын сөз ішінен ажырата білу, жуан –жіңішкелігін айыра білуге үйрету.

Дамытушылығы: Э дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін,шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

 Тәрбиелігі:  Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту ұқыптылыққа, сауаттылыққа,   табиғатты қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың   түр:  Саяхат  сабақ.

Сабақтың  типі: Дәстүрлі  емес.

Әдістері:   сөздік, көрнекілік, танымдық, практикалық, сұрақ-жауап.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

ә) Жұмбақ шешу.
Темір жол тірегі,
Аспанға керіліп,
Сымды ұстап жүреді.
(Электравоз)
Жіппен келеді,
Үзсең сөнеді.
(Электр шамы)
Диқаншының еңбегін.
Қысы - жазы ақтайды,
Астықты тазалап,
Қай жерде сақтайды?
(Элеватор)
Жылжымалы баспалдақ,
Сатыларын бассаң нақ.
Не жоғары, не төмен
Сырғимын да жетем мен
Көзді жұмып, ашқанша - ақ.
(Эскалатор)

Қызығушылықты ояту

- Олай болса, айтылған жаңа сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Э
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Э э дыбысы мен әрпі.
б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау.
Экскурсия ұнайды.
Бар адамға "тамаша!"
Әнмен серуен құрғанда,
Қуанады балаша.
1. Хормен әндетіп айтқызу.(- э - э - э)
2. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.
Э - лектр э - ле - ва - тор экс – ка - ва - тор
Э - ки - паж э - ко - ло - ги - я эс - ка - ла - тор
3. Э - дауысты дыбыс, сөздің бірінші буынында кездеседі.
4. Оны қалай ажырата алдыңдар? Дәлелде.
(Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамай, ұзақ айтылып тұр. Оқулықта қызыл түспен берілген, буын құрайды.
- Ендеше, э әрпін дауыстылар қатарына салайық.(Әріптер салған қалтаға салу.)
5. Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.)
в) Дыбыстық талдау жасау. Кестемен жұмыс.
1 Сөзді оқы-------------------------- Экскурсия
2 Буын санын анықта ---------------Экс - кур - си - я (4 буын)
3 Әріп санын анықта ----------------9 әріп
4 Дыбыс санын анықта -------------10 дыбыс
5 Неше дауысты дыбыс бар------- 4 дауысты дыбыс
6 Неше дауыссыз дыбыс бар -----5 дауыссыз дыбыс

Мағынаны тану


Сурет бойынша жұмыс.
Интерактивті тақтадан электр шамы, элеватор, экскаватор, экспрес суреттерін көрсете отырып, жеке сөздердің мағынасымен таныстыру.
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Техника қауіпсіздігі жөнінде айтып түсіндіру.
- Электр шамы бізге не үшін керек?
- Жарық береді.
- Оқу бізге не үшін керек?
- Білімді боламыз.
- Білімді болсақ, болашағымыз жарық болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні қаріп - деген мақал тегін айтылмаған екен.
- Ендеше, мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

Сергіту сәті

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/


Ой толғаныс

Элеватор астық сақтайды.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
"Электр" өлеңін оқи отырып түсіндіру.
Электр
- Жай отыннан жаралдым,
Найзағайдан нәр алдым.
Ә дегенше шарқ ұрып,
Кең әлемге таралдым.
Қызмет етем адамға,
Қолғанатпын маманға.
Бойым толған күш - қуат,
Тау құлатам табанда.
Б. Ысқақов
Түсінген мазмұнын айтқызу.
Іштей оқыту.
Жеке - жеке дауыстап, мәнерлеп оқыту.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады





Әліппе

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Щ дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу оқыту әдістемесі, «Білім», «Ашық сабақ» сайттары

Сабақтың жабдығы

Көрнекіліктер: Щеткалар, суреттер, географиялық карта, кеспе әріптер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Білімділік: Жаңа дыбыспен таныстыра отырып оқуға, жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, жұмбақ шешу, сөз сөйлем құрау.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.



Қызығушылықты ояту

"Ой қозғау". Жұмбақ шешу.
Тіс кірлесе тазартар
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не? (Щетка)
Киімнің болса шаңы бар,
Тазалап оны арылтар.
Қажет заттың аты не?
Басында қандай әріп бар? (Щетка)
Щетка сөзі қандай дыбыстан басталады.
- Щ дыбысынан басталады.
Қане, балалар барлығымыз щ - щ - деп айтып көрейікші, қалай айтылып тұр?
- Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр, олай болса дайыссыз дыбыс екен.
Ал мынау Щ дыбысының таңбасы.
Щ дыбысы қандай дыбысқа ұқсастығы бар?
- Щ - Ш ұқсас.
Айырмашылығы бар ма?
- Щ дыбысының аяғы бар.
ІІІ. Суретпен жұмыс.
- Тақтадан қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Щеткалар.
- Щеткалардың бәрі бірдей ме?
- Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі.
- Бірі тіс тазартады.
- Бірі киім тазартады.
- Бірі аяқ - киім тазартады.
Ұқыпты, таза жүруіміз үшін осы щеткаларды қолдана білуіміз керек. Деніміз сау болуы үшін тазалықты сақтайық.

Мағынаны тану


IV. Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздан Щ дыбысын тауып алайық. Оқулығымызда біз көріп отырған щеткалардың суреттері берілген.
Әліппедегі сөздерді тізбектеле оқимыз.
Щетка, ащы, тұщы, борщ.
Бұл сөздерде Щ дыбысы сөздің қай жерлерінде келіп тұр.
- Сөздің басында, ортасында, аяғында.
Барлығымыз әліппедегі мәтіннің тақырыбын оқиықшы.
Балқаш.
Балқаштың не екенін білеміз бе?
- Жоқ.
Олай болса, Балқаш - Қазақстандағы үлкен көл. Ол Республикамыздың оңтүстік шығысында Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Оның тұздылығы да біркелкі емес. Батыс жақ бөлігінің суы тұщы болып келеді де, шығыс бөлігінің суы ащы болады.
Енді осы мәтінді оқимыз.
Осы мәтінде Щ дыбысы бар сөздер бар ма?
- Ащы, тұщы.
Щ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр?
- Сөздің ортасында.
Дұрыс - ақ балалар.

Сергіту сәті

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.



Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі танысқан Щ дыбысымыз төрт элементтен тұрады.
а) Ɩ Ɩ Ɩ ɤ Щ щ жазып көрсету.
б) Ауада жазу.
в) Дәптерге түсіру.
Қорыту.
"Табиғатқа саяхат".
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Қыста табиғат қандай өзгеріске түседі?
- Шана тебеміз.
- Аққала жасаймыз.
Олай болса, біздерде аққала жасайық. Аққаламыз әдемі шығуы үшін әр бөлігінде берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.
- Аққаланың өзі неше бөліктен тұрады?
- Үш бөліктен тұрады.
1. Щ дыб. басталатын сөздер
I қатар ІІ қатар ІІІ қатар
щетка
щет - ка
2. Осы сөздерге дыбыстық, буындық талдау
ІІ қатар ІІІ қатар
ащы тұщы
а - щы тұ - щы
3. Сөйлем ойла
Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Щ дыбысы.
Біздің аққаламыз қалай болып шықты балалар?
- Әдемі, аппақ болды.
- Біз де щетка түрлерін үнемі пайдалансақ әдемі, аппақ, таза болып жүреміз.

 Бағалау

Мадақтау,смайликтерді қалауынша жабыстыру

Мұғалім бағалау парақшаларын толтырады



Каталог: uploads -> doc -> 0db0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db0 -> “1822 ж, 1824 ж, 1867-1868 жж реформалардың мазмұны мен салдары” тақырыбын қайталау, жинақтау
0db0 -> Сабақ: Әдебиеттік оқу Мектеп : «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі»
0db0 -> Сабақ жоспары Мерзімі: 22. 10. 12 Ағылшын тілі сабағы 7-сынып (12 13жас) Сабақтың тақырыбы
0db0 -> 7 сынып. Бунақденелілердің дамуы. 1- нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет