Екінші сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. «От», «Пайғамбар» өлеңдері.Екінші сабағымда алдыңғы сабақта кездескен кемшіліктерді болдырмауды басты назарда ұстадым. Сабақтың мақсаты: Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,өлеңдерін талдау Осы алған түсініктерін қолдана алуы.Сабақтың міндеті: -Сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету.
-Ойлау қабілетін дамыту.
-Дүниетанымын қалыптастыру және білгенін қолдануға дағдыландыру.
-Оқушылардың тіл байлығын дамыту. ( Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Мақсат пен міндет қою).Сабақты сыныппен байланыс орнатуда -Неліктен ұлы ақындардың шығармашылығы өмір жолымен байланыстырамыз? деген сұрақ қоюдан
бастадым. Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту үшін қойған сұрақтар: «Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне мынадай сұрақтар қойды:
-Мағжанның туып-өскен жері.-Мағжан Жұмабаев қай жылдары репрессияға ұшырады?
-Мағжанның әкесі қандай адам болған?- Ақын неше жасында сауатын ашқан? –Ақынның алғашқы ұстазы кім? –Уфадағы медреседе ақынмен бірге халқымыздың біртуар ақыны оқыған.Ол кім еді?-Мағжанды неге лирик ақын деп атаймыз?т.б.сұрақтар.
Оқушылар жақсы жауап берді.Осы сұрақтар арқылы өткенге шолу жасап,алған білімін жинақтады.Сыныптың білім деңгейін анықтау үшін «Халқымыздың асыл мұрасына нені жатқызар едіңдер?»-деген сұрақ қойдым. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушы не білетінін анықтау және өрістету.)Оқушылар әр түрлі жауап берді. Оқушының жауаптарын тыңдап, оқушы не білетіндігін, сабақты түсіндіруде нелерге көңіл бөлу керек екендігін білдім және оны өрістету жолдарын ойластырдым. Жаңа сабақты түсіндірудің алдында сабақ міндетіне сай критерий құрдық: -Оқушылар, өздерің айтқандай бүгінгі сабағымызда поэзия туралы оқимыз. Сонда бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болады? Қандай мақсатқа жетеміз? . Осы сабақты меңгеру үшін бірге «табыс критерийін» жазайық. ,яғни осы тақырыпты меңгеруде қандай нәтижеге қол жеткіземіз?- (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқудағы міндеттер мен машықтар.) Оқушылардың қызығушылығын оятып, АКТ- мен М.Жұмабаев туралы слайд көріністерін көрсетемін.-Оқушылар осы көріністен не байқадыңдар? Көрініс кім жайында?Слайдтарды пайдаланып , -Бүгінгі тақырыбымыз кім жайында?-деген сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштым. ( АКТ-ны пайдалану)Әр топқа жаңа тақырыппен танысуға тапсырма бердім: І топ: «Сағындым», «Түркістан» өлеңдері. ІІ топ: «От», «Пайғамбар» өлеңдері. ІІІ топ: «Шолпы» , «Сен сұлу» өлеңдері.1 модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Мәтінмен жұмыс.Топтарға жаңа тақырыппен танысып болған соң, «Кім көп біледі?» әдісі бойынша сұрақтар бердім. -Мағжанның қай өлеңінде қазақ арыстары бейнеленген?-Ақын қай өлеңінде өзін отқа теңеген?-Бостандықты ақын қалай жырлаған?т.б. сұрақтар.Оқушылар сұрақтарға жауап берді,бір-бірінің жауаптарын толықтырды.Алдыңғы сабаққа қарағанда ,оқушыларда белсенділік көрінеді.
Ақын өлеңдерін талдау тапсырмасында:1-топ. «От»өлеңі2-топ. «Пайғамбар» өлеңі.3-топ.»Түркістан» өлеңін талдады.Қ.М. мен Р.Г.өлеңді мәнерлеп оқыды,тіл ерекшелігін,тақырыбы мен идеясын ашты. (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушыларды ынтымақтастыққа, бірін-бірі оқытуы, ой түйіп жүйелеп үйрену) Бұл тапсырманы орындау кезеңінде І-топ басшысы М.М. өз тобының жауабына толықтыру енгізіп,топты ілгері тартып отырды.(7-модуль.Оқытуды басқару және көшбасшылық)Оқушыларды аралап жүріп олардың назарын аудару, тапсырманы түсінуге түрткі беру үшін қойылған сұрақтар: -Сен неге олай ойлайсың?-Неліктен? Келесі тапсырма «Мағжанға хат» РАФТ әдісі бойынша оқушылар жұмыс орындады. Оқушылар тапсырманы әр түрлі деңгейде орындады: мысалы Ж.Ж, М.М. жазған хатын жоғары бағалады,ал М.Қ. мен А.Қ. өз жұмысында Мағжанмен сырласып, өз тілектерін білдірді. «Мағжан аға,біз Сізді ұмытпаймыз.Сізге басымызды иеміз.Бізді,яғни Алаштың ұл-қыздарын желеп-жебеп жатыңыз», - деп оқушым А.Қ.тілегін хатқа түсірді. Бұл шығармашылық жұмысты оқушылар «Бойтұмар» бойынша бағалады.(«шешен», «тапқыр», «патриот», «зейінді», «зерек», «білімді» т.б.) Сабақтың басынан бастап зерттеуге алған оқушыларым М.М. мен М.Ә, Ж.Б. бақылауымда болды. М.М. тапсырманы түсініп, топта көшбасшылықты өз қолына алды және сабақтың барлық этапында белсенділік көрсетті, М.Ә.бүгінгі сабақта қызығушулуғы оянғаны көрінді,тапсырма барысында өлеңді мәнерлеп оқыды,талдауға қатысты.Ал Ж.Б. бүгін де сабаққа белсенділік таныта қоймады. Ж.Б-дан нені білетінін анықтау үшін сұрақ- жауап өткіздім. Өлеңді мәнерлеп оқуда З.Ж,М.М. ал РАФТ жазуда М.М, З.М, Ж.Ж. сияқты оқушылар көзге түсті.Оқушылардың барлығына «Мағжан Жұмабаев шығармаларының тәрбиелік мәні» тақырыбында постер дайындап келу тапсырылды. Сабақты қорытындылай келе формативті бағалау жүргіздім. Бағалау топтар бірін-бірі бағалады. Рефлексия смайликтер арқылы орындалды. Бақылауымдағы Ж.Б.сабақта белсендірек көрінбесе де,бағалауда өз пікірін стикерге жазып,тақтаға ілді. Сабақ бірінші сабаққа салыстырмалы жақсы өтті деп ойлаймын, себебі жоспарланған жұмыстар өз уақытында орындалып отырды. Топқа бөлінуде ,бағалауда шапшаңдық байқалды.Алдыңғы сабақпен салыстырғанда оқушылардың біршама төселгені,жинақылығы көрінді. Ал кемшілігімді атап өтер болсам, сыныптың белсенді оқушылары ортаға қайта-қайта шығып, тапсырма орындауда көп көрінген.Әсіресе,бақылауымдағы М.М. атты оқушым. Болашақта осыған көп көңіл бөліп, ретке келтіремін деген ой түйдім.
|