Негізгі кезең
(10 минут)
(5 минут)
(8 минут)
(12 минут)
|
I-тапсырма Әрбір топқа 1-ден 5-ке дейін нөмірленген тапсырмалар таратылады таратылған тапсырмаларды өзара келісіммен бөлісіп, орындалады оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, талқылағанда, білгендерін өзгелерге қалай үйретуге болатынын да ойластырады.Талқылау соңында әр оқушы өз тапсырмасы бойынша сарапшыға айналады. Мұғалім топтардың талқылауларын қадағалайды, дұрыс шешім қабылдануын басқарады.
Сарапшылар өз топтарына қайтады, бастапқы топ қайта құрылады. Әрбір сарапшы-ойыншы сәйкес нөмірі бойынша кезекпен өзінің білгенін құрдастарына үйретеді.Топтағы әрбір оқушы 5 тапсырманы да игеріп шығады.
№1 9, 12, 24, 18, 75 сандарының ішінен 3-ке де, 4-ке де еселік болатын сандарды тап.
№2 Анасы Талғатқа алма сатып алуға 850 тг берді. Төрт килограмм алма сатып алу үшін ол ең көп дегенде қанша ақша жұмсайды?
№3 Осы сандарды: 7,12,13,18,20, 68,14,27 бөлгіштерінің саны бойынша топтастыру және әр санға үш еселіктен жазу.
№4 Венн диаграммасын қолданып,өзің мысал келтір.
Бөлгіш Ортақ қасиет Еселік
№5 Қалалық автобус жүргізушісі жұмысқа таңғы сағат 7-де кіріседі. Түскі тамақтану үзілісі сағат 12-де басталады. Бір рейстің ұзақтығы 48 минут. Түскі үзіліске дейін жүргізіші неше рейс жасайды?
Оқушылардың алдына мәселе тудырамын. Бөлгіштер саны бірдей ме? Неге олай ойлайсыз? Еселік және бөлгіш туралы не айта аласыз? Ұ
II- тапсырма. Оқушыларға схеманы қарастырып, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңамын.
2 0 санынан төмен орналасқан сандар туралы не айтуға болады?
20 санынан жоғары орналасқан сандар туралы не айтуға болады?
Олардың қандай ерекшеліктері бар? Сандардың қайсысы бөлгіш,қайсысы еселік болатынын талқылаңыз. «натурал санның бөлгіші», «натурал санның еселігі» түсініктерін тұжырымдаңыз.. Оқушыларға жеке-жеке өз бетімен құрауға тапсырма беріледі. одан соң жұптасып бір-біріне сұрақ қою арқылы тексеріледі Дәптерлеріңе кез келген екі таңбалы сан үшін схеманы толтырыңыз.
. Cіз неше бөлгіші бар сан алдыңыз? атап шықсаңыз? Неше еселік көрсеттіңіз? ӨЖ
III- тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар таратылады.
1) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік сандарды жазыңдар.
2) 12, 36 және 60 сандарының барлық бөлгіштерін жазыңыз. Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін және бірнеше еселіктерін жазу арқылы ең кіші еселіктерін анықтаңыз.
3)Шарлар тiзбесiн дайындау үшiн 30 қызыл шар, 18 көк шар және 12 сары шар сатып алынды. Шарлар тiзбелерiн дегi әр түстi шарлар санын бiрдей етiп, неше тiзбе да йындауға болады? Әрбiр тiзбеде неше қызыл шар, неше көк шар, неше сары шар бар? Кесте толтырыңдар
Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады Жауабын экранға көрсету арқылы жауаптар екі көрші оқушы арасында дәптер ауыстырып жұппен тексеріледі. ӨЖ
IV-Тапсырма. Оқушыларға тапсырма таратылады..Тапсырманы дескриптор бойынша тексереді. ӨЖ
1) 3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен: a) 21 санының бөлгіштерін;
b) 5-тің еселіктерін анықтаңыз.
2) 15,20 және 30 сандарына еселік болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз. Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін көрсетіңіз.
3)Сатушы 35 түп қалампыр гүлін әкелді,Ол әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл даярлай алады? Әр гүл шоғында неше гүлден болуы мүмкін?
Дескриптор:
1)1.Берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды
2.Берілген сандардың еселіктерін таңдайды
2)- берілген сандардың еселіктерін жазады;
- ортақ еселіктерін көрсетеді;
ең кіші ортақ еселікті көрсетеді
берілген сандардың бөлгіштерін жазады;
ортақ бөлгіштерін анықтайды;
- ең үлкен ортақ бөлгішті көрсетеді
3) 1. 35 санының бөлгіштерін жазады;
2. әрбір гүл шоғындағы гүлдер санын бірдей етіп, неше тәсілмен гүл даярлайтынын анықтайды;
3.неше гүл шоғын даярлайды;
|
Джигсо 1
«Сұхбат» әдісі
«Ойлан-жұптас-бөліс»
|
Тапсырма бойынша саралау
|
«Бағдаршам» тәсілі арқылы оқушылардан кері байланыс алынады.
Жұптық бағалау
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен бірін-бірі бағалайды
Дескриптор бойынша
|
Үлестірме карточкалар
Слайд 1
Үлестірме карточкалар
Слайд 2
Үлестірме карточкалар
|