Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л дыбысы мен әрпі Логопед -мұғалім: Кулмагамбетова К. К


IV.Тыныс алу жаттығуы: «гүлдегі көбелекті үрлеу». (1 мин)



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі1,71 Mb.
#158542
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Л дыбысы мен әрпі
КТИЦ тест русс 21 02 послед 1 Восстановлен, задача, РК, Үй тапсырмасы Иррационал теңдеулер, ОП 6В05403 Механика ИСПР. 2019, тапсырма, 1.1, № 3- сабақХимиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы, сурактар тренинг, Оку мотивациясы, ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ (2) (1), 1-дәріс Мәдениет ұғымы және құрылымы, лекция 3
IV.Тыныс алу жаттығуы: «гүлдегі көбелекті үрлеу». (1 мин)
Мақсаты: дұрыс дем алып, таза сөйлеуін дамытуға бағытталады.


V І. Жаңа сабақ:
Л ДЫБЫСЫНЫҢ АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ КЕСКІНІ Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістерге қарай көтеріңкі.Тілдің екі жақ шеті азу тістердің арасында ауа жолы шығатындай саңылау бар, тілдің түбір жағы көтеріңкі. Л дыбысын айтқанда төмен түседі. Дауыс желбезегі біріккен және дірілдеп тұрады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады.
Кеме жүруге дайындалып, зуылдақ беріп тұр. Л—Л-Л-Л. Ал бәріміз бірге Л дыбысын айтып көрейік. (4 мин)


Л дыбысы кездесетін суреттерден құралған бейнебаян көрсету. (2 мин) Осы суреттерді ойларына түсіріп, қайталап айту.

Сәлеметсің бе! Бұл мен -тіл боламын. Мен саған қонаққа келдім.Біз бүгін екеуіміз Л дыбысын дұрыс айтуды үйренеміз.
Айнаның алдына отыр, барлық тапсырмаларды мұқият тыңдап барып орында.
Л дыбысын дұрыс айту үшін не істеу керек?
Тіліңді жоғарғы тістерге қарай көтеріп, жоғарыға қарай ұшын сәл айналдырып көтересің.Енді саған тілдің астыңғы бөлігі көрінді.Тілді айналып кетпеуі үшін жәй ғана кішкене тістеп қоямыз.Қарашы, "орамаға" ұқсайды ма? Енді А дыбысын әндетіп айт, әнді бұзбай "орама" жаса, тістеріңмен қыса тұр. Сонда бізде АЛ буыны пайда болды.
А дыбысын ұзаққа созып айтып, тіспен "ораманы" бірнеше рет қысып жасауға болады.Сонда АЛА-ЛА-ЛА пайда болады.Л дыбысын тыңда."Ораманы" қысып, Л дыбысын көбірек созып айтуға тырыс: Л-Л-Л-Л-Л. Егер еріндерің алдыға шығып, бөгет болатын болса, күлімсіреп, саусақпен ұстап бөгеуге болады. Қашан сенде Л дыбысы анық, таза айтылған болса, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде айтуды үйренеміз.

Суреттерді қарап, атауларын ата. Л дыбысы бар ма бұл сөздерде? Қай жерінде естіліп тұр: басында, ортасында, аяғында? . (3 мин)


VІI. Дыбыстарды тыңда.  (2 мин)
Л, М, Н, И, Л , П, Н, Л


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет