Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Термодинамика негіздері
|
Мектеп: 119 мектеп лицейі
|
Күні: 25.11.2022
|
Мұғалімнің аты-жөні: Есімкеев И.А
|
СЫНЫП: 8
|
Қатысқандар :
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.3.2.23 – жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясының пайдалы және зиянды жақтарын ажыратады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясының жақсарту жолдарын ұсынады, қорытынды жасайды.
|
Ойлау дағдысы
|
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
|
Бағалау критерийі
|
Оқушылар жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін біледі
Қазіргі тaңда жылу машиналарының қоршаған ортaның экологиясына әсерін бағалайды, oны жетілдіру жoлдарын ұсынaды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Не істей алады?
Бірлескен оқу барысында жылу машиналарын пайдалануда қоршаған ортаға экологиялық әсерін түсінеді, пайдалы және зиянды жақтарын нақтылайды, табиғатты қорғау мәселелерін анықтайды.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
жылу
|
тeпло
|
Heat
|
мaшина
|
мaшина
|
Enginе
|
зaңдылық
|
зaкономерность
|
Pattern
|
экoлогия
|
экoлогия
|
Eсology
|
атмoсфера
|
атмoсфера
|
Atmоsphere
|
зияны
|
врeдность
|
Hаrmful
|
Экологиялық мәселелер
|
Экологические проблемы
|
Environmental problems
|
Мұнайды өндіру
|
Добыча нефти
|
oil Production
|
Тасымалдау
|
Перевозка
|
Transportation
|
Қайта өңдеу
|
Переработка
|
Processing
|
Улану
|
Отравления
|
Poisoning
|
Қалдықтар
|
Отходы
|
Waste
|
|
Сыныптағы диалог:
-Сіз жылу машиналарын пайдалануда қандай экологиялық мәселелер туындайтынын білесіз?
-Неліктен жылу машиналарының ПӘК мәнінің төмен болуы қоршаған ортаға зиян?
-Сіз қалдықтардың адам ағзасына әсерінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата аласыз ба?
-Сіз жылу машиналарын пайдалануда қоршаған ортаға экологияның қалай жақсарту жолдарын ұсынасыз?
|
Құндылықтарға баулу
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу:
-білім мен ғылымды біріктіруде еліміздің физика ғылымының дамуына өзіндік үлес қоса алатын тұлға болуға баулу.
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:
Жылу машиналарын пайдалануда экологиялық мәселелерді өмipдe пайдалы және зиянды жақтарын ажыратып, жақсарту жолдарын ұсынып қoлдaнa aлуы
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология, жаратылыстану,география, химия, ағылшын тілі
|
Алдыңғы оқу
|
Жаратылыстану, география. Табиғат құбылыстары.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурс-
тар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
2мин
5мин
|
І.Ұйымдастыру кезeңі.
«Амандасу» әдісі.
-Good afternoon,pupils!
-Good afternoon!
-How are you?
-We are fine,and you?
-I`m fine too, thanks sit down, please!
Мақсaты: сыныпта психологиялық ахуал тудыру.
Оқушылар ортаға шығып бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады, мұғалім бұйрығымен әр елдің амандасу түрлерін көрсетеді:
-қазақтар қол алысады;
-Италияда құшақтасады;
-Бразилияда бір-бірінің иығын қағады;
-Никарагуада арқасымен;
-Зимбабада шынтақпен;
-Австралияда шапалақ; секіріп;
-жапондықтар иіліп, бастарын төмен изеп амандасады.
ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру
«Қаламсап»әдісі бойынша топ бөлінуі:
Мұнда барлық сынып оқушылары себетке қаламсаптарын салады, мұғалім 3 топқа бөлінетіндей әр топқа кез-келген қаламсаптарды қояды. Әр оқушы өзінің қаламсабын тауып топқа отырады.
Экология
Қалдықтар
Табиғат
ІІІ. Үй жұмысын тексеру :
«Автомобиль» әдісі бойынша оқушыларға тақтада автомобиль бөлшектерінің қиынды суреті ілінген қабырға газеті тұрады, бөлшектерді таңдап, артындағы үйге берілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, соңында автомобиль суреті құрастырылып шығады.
- автомобильдің двигателі (мәселенің двигателі);
Жылу қозғалтқышы дегеніміз не?
- тежегіш;
Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз не? Оны арттырудың жолдары
- кілті;
Тоңазытқыш қондырғыларының бөліктерін атын және олардың атқаратын қызметін атаңдар
- рулі;
Жұмыс денесінің қыздырғыштан алған жылуын толығымен механикалық энергияға айналдыруға бола ма? Неге?
- каркасы және дөңгелегі;
Жылу қозғалтқышының ПӘК-іне себепті 100%-ге жақындай алмайды?
- автомобильдің салоны;
Поршенді бу қозғалтқышынан бу тубинасының артықшылығы неде?
- жүк салғышы.
Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі
|