Сабақтың тақырыбы: «Отбасы – алтын діңгек»



бет5/5
Дата21.12.2021
өлшемі58,5 Kb.
#104392
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасы - алтын діңгек
Тәрбие процесі Кауметова, Отбасы - алтын діңгек, Бұхарбай Гүлхан. 9122020. Бақылау сұрақтары, гемокультура
Бауырдың сөзі: «Алтыннан да ардақты бауырым, менің де сендерге қояр сұрақтарым бар, соған жауап береді деп мен де сенемін»
Тапсырма: Сұрақ – жауап.


  1. – Дүниеде не тәтті?

- Ананың сүті тәтті.


  1. – Дүниеде не жұмсақ?

- Ананың қолы жұмсақ.


  1. – Дүниеде не қатты?

- Атаның жүрегі қатты


  1. – Дүниеде кім жақын?

- Тату болса ағайын жақын

Ақылшың болса апайың жақын

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың.




  1. – Дүниеде не қымбат?

- Алтын ұяң, Отан қымбат.

Құт – береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Бәрінен де ар мен ұят қымбат.


-Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап, ата-әжелеріңді, ата-аналарыңды, бауырларыңды қатты қуанттыңдар. Олар сендерге өте риза. Міне балалар көрдіңдерме, біз өз туыстарымыз үшін бар жандарымызды аямадық. Оларды біз не істеуіміз керек?

-Әрине, құрметтеуіміз, сыйлауымыз, қадірлеп, ренжітпеу керек.

-Енді мен де сендерге мынадай сауал қойғым келіп тұр. Отбасы бақытты болу үшін не қажет? (мейірімділік, сүйіспеншілік, бірлік, денсаулық, татулық, сыпайылық, қайырымдылық)

-Әрине, осы айтылғандардың барлығы отбасының берекесін білдіреді.

-Біздің өз отбасымыздан басқа тағы нені отбасымыз деп айтамыз?

-Дұрыс, біз білім алып жатқан мектебіміз бен кең байтақ Отанымызды өз отбасымыз деп айтамыз. Біз бүгінгі таңда бейбіт өмірде, тәуелсіз мемлекетте тату - тәтті, достық заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз сол үшін бақыттымыз. Барлығын тақтаға шығып осы өз өлеңдеріңді оқып берсеңдер.


Жерінде – бабасының, (Диас)

Елінде – атасының, (Перизат)

Көңілінде - әжесінің, (Мақсат)

Қолында – анасының, (Маншүк)

Жолында – ағасының, (Бақытжан)

Төсінде – даласының, (Аяулым)

Тапқан өз жарасымын, (Роман)

Біз – қазақ баласымыз. (хормен)


-Балалар, біздің отбасымыздың бүгінгі таңда бақытты өмір сүріп жатқаны осы тәуелсіздікті аңсап кеткен ата-бабаларымыздың арманы бүгінгі күнде орындалып, ұрпақтарының тәуелсіз, егеменді ел болып, бейбітшілік өмірде күн кешіп жатқандары оларды қуантады деп ойлаймын. Біздер отбасы туралы айта берсек өте көп. Отбасы туралы біздің ғұламаларымыз, ақын-жазушыларымыз өте жақсы пікірлер, нақыл сөздер, өлеңдер жазып қалдырған. Менде бүгінгі сабағымды осы ғұламалардың айтқан жақсы сөздерімен аяқтағым келіп тұр.
1.Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. (Ғ. Мұстафин)

2.Қыз анадан үйренбей өнеге алмас

Ұл атадан үйренбей өнеге алмас. (Қорқыт ата)

3.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады – деген екен Ұлы Абай атамыз. Ендеше, біздің айналамызда жүрген бізге жаны ашитын жақсы адамдарды, ең жақын, ең қымбат анамызды, ең ақылды әкемізді, қайырымды атамыз бен әжемізді, сүйкімді де сүйікті, әрдайым қамқор болатын бауырларымызды сыйлайық, құрметтейік. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбыда «Отбасы – алтын діңгек» деп аталуының себебі де осында, егер отбасы тату, сыйлы, бір-біріне әрдайым қамқор бола білсе сонда ғана ондай отбасының діңгегі де мықты, берік болады. Олай болса, оң қанатымыз - әкеміз, сол қанатымыз – анамыз, бауырларымыз аман-сау болсын. Отбасыларың әрдайым тату, бақытты болсын.



- Бүгін барлығыңда сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет