Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті Сабақ жоспары


Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын



бет19/39
Дата07.02.2022
өлшемі331,5 Kb.
#87122
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
stud.kz-12821 (1)
118382
Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын. Қазақ ауыз әдебиетінде жерге, елге, малға айтылған шешендік сынның алуан түрі бар. Асан қайғы атынан он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететін жердің құты емен, әттең аттың сауырына сыймайды-ау артыма сала кетер едім деп – жерге төс табаны төрт елі қарлап жүрер жол екен, төсегінен түңілген ерлер жүрер жол екен деп - шөлге, жал құйрығы қанат екен, төрт аяғы босаң екен деп - жылқыға айтылатын сөздер шешендік сынның ежелгі үлгісі. Түйе үстінде туып ат жалында өскен малшы, аңшы қазақ қашаннан ақ сыншы болған. Жүйрік ат қыран құсты шаппай ұшпай танитын саяткер құсбегілер туралы аңыздар бар. Ізіне қарап түйенің түгін, түсін айтатын қозыға қарап мың қойдан енесін тауып табыстыратын, жоғалған биенің ішке кеткен құлынын ат болғанда танып алатын сыншылар туралы аңыз әңгімелер сақталған. Ондай сыншылар шындығында болды ма, жоқ па оған кепілдік беру қиын, бірақ сөздің қисыны мен дәлеліне қарап халықтың даналығы мен тапқырлығына сүйенесің.
Қоғам дамуының шешен сатысында тұрған қазақ елінде не қызыңның ажарымен, не ұлыңның ақылымен байсың, онда да өзің сақ болсаң, әйелің қолы берекетті болса, мал құралады -дейді Асау қарт.
* * *
Наурызбай би жас кезінде Қыпшақ, Монғол биді шақырып мейман ғып сыйлап, бағын сынатады. Сонда Монғол би былай дейді:
Ілімің бар екен
Білімің әлде қалай,
Қағуың бар екен
Халқыңа жағуың әлде қалай,
Айлаң бар екен
Халқыңа пайдаң әлде қалай,
Жорғалығың бар екен
Халқыңа қорғандығың әлде қалай,
Заттығың бар екен, Жарқыным
Халқыңа қымбаттығың әлде қалай.
Мұнда қарт сыншы жас бидің ілімділігін, айлакерлігін, сөзшеңдігін бектігін растайды. Бірақ ақыл қайрат барлығымен құнды емес, дұрыс бағытымен құнды дейді. Егерде қасиетті адам қабілетін халқы үшін пайдаланса, ол елінің қамқоры, ол айласын қара басы үшін жұмсап, еліне ептілік жасаса – ол халқы үшін нағыз қауіпті адам болмақ.
Осындай бір шешендік сын:
Алғаның жақсы болса - абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса - дүниенің пырағы.
Балаң жақсы болса – екі көздің шырағы, деп келесі ұрпақ, келешек жасты қара басы үшін емес, халқы үшін қызмет істеуге жақсылыққа, сыйластыққа меңзейді.
Сөзге шебер шешен адамдар ауызекі сәлемдескенде өзара жауаптасқанда шешендік сөз тақпақ жырларды жиі қолданған. Тұрмыс салт жырларында батырлық және ғашықтық дастандарда шешендік сәлемнің неше түрлі келісті үлгілерін кездестіруге болады. Қамбар батыр жырындағы Келмембеттің Өзімбанға Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың Қараманға тұспалдап айтылатын сөздері осыған мысал бола алады. Сол сияқты ел аузынан жиналған халық шығармаларында да шешендік сәлемнің сан қилы нұсқаулары алынған. Арғын Мұнасып батыр кедей екен. Бір күні есік алдында тары түйіп жатса төрт бес адам келіп сәлемдеседі. Сонда Мұнасып қонақасыдан қысылып жазушыларға былай дейді.
Түзге шықсам батырмын,
Үйге келсем қатынмын.
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмын.
Менің атым Мұнасып,
Жүрем десең жол ашық.
Түсем десең үй мынау,
Алдыңдағы лашық..
Атадан қалған кедеймін,
Келе жатыр ұласып.
Бұл сөзді Досбол айтты деген де нұсқасы бар. Алайда сөздің түпкі төркіні халықтікі. Халық Мұнасыптай батырдың Досболдай бидің ісін жастарға үлгі етіп ұсынады. Түзде айбынды батыр, азулы би болсаң да өз үйіңде өзің төре болма «құлдай істеп, бидей іш» дегенді аңғартады. Барбас дейтін бай бүкіл үш жүзге сауын айтып той жасап, Алтай Байдалы биді шақыртады.Тойға мініп баратын аты болмай байға былайша сәлем айтыпты.
Дұғай сәлем Барбасқа,
Көкірек бірге жан басқа
Сұлулығы өзіндей
Жүйріктігі өзімдей
Ат жіберсін торы қасқа
Байдалы мінер әр топқа
Даңқы кетер жан жаққа
Небір ақын, шешен, билер ел арасын ығыр қылған қасаң дау талапты алдын ала анықтау үшін араға кісі салып «ауызша хатбегі» сөйлесуді де қолданған. Сондай ақ ілгеріден кейінгіге қосып келе жатқан «білімдінің хаты» сияқты өсиет сәлемдер де бар.
Адам баласының басына түсетін қайғының ауыры қазамен байланысты туған естірту, көңіл айту сияқты шешендік сөздердің әр түрлі нұсқалары сақталған ондай создерді топтап, шешендік көңіл айту деуге болады. Шешендік сөздер көңілі қаралы, беті жаралы жандарды жұбату үшін айтылады. Тауып айтылған көңіл қайғылы қазаны жанды қайырымсыз қазадан түңілтеді, қаза ортақ, қайғы кезек екенін ескертіп жұбатады. Өткенге өкінгенше тірінің тілеушісін тіле дейді.
Жұбату
Ақ қоян қашты беркінге,
Қоймады бүркіт еркіне.
Өлмес адам болмайды,
Өткелсіз су болмайды.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ..
Дүниеде не күшті
Ажал күшті
Ақ сұңқар тұғырдан ұшты.
Таусардың суын ішті
Хордың қызын құшты- дейтін жұбату сөздер – жалғыз баласы өліп жер таянып қалған қарт ата –анаға әртүрлі үлгіде атам заманнан бері келе жатқан көңіл айтудың дәстүрлі түрі. Халық мұнда қаза ешкімнің қалаулысына қарамайды. Өлімнен ешкім қашып құтылмайды дегенді аңғартады. Сонымен бірге өлім - өмірдің заңы, оған мойын ұсын дейді, балаң бұл дүниеде көрмеген қызығын о дүниеде көреді-міс деп жылағанды жұбату үшін діни аңыздарды да пайдаланады. Халық жалаған даналық ой, тапқырлық сөздерді белгілі билердің беделді адамдардың атынан тарату ауыз әдебиетіндегі ертеден келе жатқан дәстүр сондай шешендік көңілдің бірі - Шоқай мен Досболдың Ерденге айтқан сөзі.
Баласы өлген Ерден батыр ешкімді қабылдамай қайғырып жатып қалады. Соған көңіл айта келген Шоқай би былай дейді:
-Ей батыр Ерден!
Басыңды көтер жерден,
Әкең Сандыбай да өлген,
Оны мына Шоқай көрген.
Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Ауырды нар көтереді,
Өлімді ер көтереді...
Сонда Шоқаймен келген Досбол шешен:
Өлмесе қайда кетті,
Бұрынғының кәрісі,
Жер жүзін жұтса да тоймайды.
Қара жердің талысы
Ерден- ау!
Өткенге өкінбе,
Келмеске кейіме,
Өлім деген ұзақ жолдың алысы – дегенде Ерден басын көтеріп, жылап көріскен дейді.
Бұл сөзде халықтың дүниеге өмірге диалектикалық реалистік көзқарасынан көрінеді. Сосын халық қазаға сабыр қыл, болған іске болаттай бол дегенді аңғартады. Өмір сүруге лайықтының бәрі - өлімге де лайық.- депті Ф.Энгельс. Жақсы лебіз, жанашырлық сөзі жаралы жанның көңілін ширатып, көзінің жасын жияды. Бұл сөз өнерінің соның ішінде шешендік сөздердің сиқырлы күшіне дәлел бола алады.
Екі оқты құлан көтереді
Бір оқты бұлан көтереді
Арыстанның белгісі
Айналып кетсе артына
Ақырмайды деп еді.
Нар түйенің белгісі
Қабырғасын сөгіп қаза алса
Бақырмайды деп еді
Нағыз туған асыл ер
Қасірет қайғы тартса да
Аһ! Ұрмайды деп еді – дейтін шешендік сөздер ерді, сабырлы шыдамды болуға шақырады. Өмірде өлім қайғысын таратпайтын басына ауыр іс түспейтін кімде болмайды, қаза қайғы қиыншылық, таршылық жаман адамды жасытады, жақсыны шынықтырады, ширатады.
Басыңа іс түссе ойлай берме, бойлай бер дейді.
Өлім алусыз тау
Кімнің бауыры сау?
Пұлсыз берді
Құнсыз алды
Оған не дау?
Бізге аяулы
Алушыға да қалаулы - деп өмірдің заңын, өлімнің қайырымсыздығын өз ұғымына лайықтап түсіндіріп жақсылыққа тасымайтын, жамандыққа жасымайтын төзімді қайсар болуға шақырады. Сайып келгенде, шешендік арнау адам арасында қарым-қатынастарды бейнелейді. Халықтың әдет ғұрпын, салт санасын білу, тіл байлығын сөйлеу мәнерін үйрену үшін шешендік арнау сөздердің мәні үлкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет