«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру


«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру



бет4/4
Дата08.09.2017
өлшемі2,23 Mb.
#30165
1   2   3   4
«Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Профилактикалық медицина академиясы жанынан құрылған «Салауатты тамақтану Орталығының» 22.07.2011 ж. №4,5 бұйрығына сәйкес нутрициология кафедрасының қызметкерлері көп деңгейлі қарым-қатынастар әрекеттерін жасау іс шаралары бойынша жауапты болып табылады. Осыған орай, 15 тамыз 2011ж. №5-ші бұйрығына сәйкес халықтың әртүрлі топтары арасында дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда:

-мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар;

- мектеп мұғалімдері мен бала-бақша тәрбиешілері;

- жоғары оқу орындарының студенттері;

- МСАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері;



- кәсіпорын жұмысшыларының - салауатты тамақтанудағы ақпараттану деңгейін бағалауға және алиментарлық аурулардың алдын алуға бағытталған сұрақтар ескерілген аталған мақсатты топтардың әрқайсысынан 100-ге жуық сауалнамалар жүргізіліп, ақпараттық буклеттер таратылып, осы топтарға арнайы әзірленген дәрістер оқылып, ақпараттану деңгейіне мониторинг жүргізілді.



  1. 8-10 қыркүйек аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен «Балабөбек -2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып, аналар мен емізулі аналарға, мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға, болашақ аналарға дұрыс тамақтану жөнінде балалар арасындағы тағамдық аллергия, ерте жастағы балаларды тамақтандыру, кейбір артық салмақты аналардың денсаулыққа зиянсыз арықтауға байланысты жүзге жуық аналарға ақысыз тегін, пайдалы кеңестер берілді.

“ALExpo” көрмелік компаниясы «Балабөбек -2011» атты IV Халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ДИПЛОМмен марапаттады



  1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кафедра қызметкерлерінің атқарған шаралары:

  1. Шарманов Т.Ш. академик - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарнасынан 15 сұхбат берілген.

  2. Алдашев А.А.,профессор- Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарнасынан және «Алматы» арнасынан 20 сұхбат берілген.

  3. Бужикеева А.Б. доцент- Қазақ радиосынан 2 рет, «Алматы» телеарнасынан 2 рет сұхбат берілген.

  4. Ли М.В. доцент- «Хабар» телеарнасынан 1 рет сұхбат берілген.

  5. Хасенова Г.Х. доцент - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 35 рет сұхбат берілген.

  6. Қожахметова А.Н. аға оқытушы - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 35 рет, Қазақ радиосы арқылы 3 рет сұхбат берілген.

  7. Чуенбекова А.Б. доцент- Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» , «Асыл арна», «Балапан», телеарнасынан 25 рет, Қазақ радиосы арқылы 5 рет сұхбат берілген.

  8. Тарақова Г.А. оқытушы - Республикалық көлемде таратылатын «Қазақстан», «Хабар» телеарналарынан 8 сұхбат берілген.

Барлық қызметкерлер аталмыш телеарналардағы медициналық денсаулық бағдарламаларындағы «Денсаулық» айдары, «Бәрінен де маңызды» «Деннің саулығы ел байлығы» айдары, «Халық таңдауы» бағдарламаларынан барлығы 151 рет халықтың салауатты тамақтануына арналған сұхбат берді.

Кафедра қызметкерлерінен Чуенбекова А.Б., Хасенова Г.Х., Қожахметова А.Н. «Қазақстан» телеарнасының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.



  1. ҚазҰМУ аумағында орналасқан Елбасының «Саламатты тамақтанудың ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаты жасалсын!!» деген ұраны негізінде жасалған «Өмір аллеясы» тағамтану мен адам денсаулығын қорғау жолындағы адамгершілік игі құндылықтардың өнегелі тұлғасы ретінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тәуелсіз платиналық «Тарлан»сыйлығының лауреаты Т.Ш.Шармановтың құрметіне салынған ескерткіш тақтасына кафедраға келген осы оқу жылындағы 40 топ студенттері экскурсияға келіп, осы ескерткіш тарихымен танысты.

  2. Алматы қаласы бойынша 16 қазан - Бүкіләлемдік салауатты тамақтану күніне 17қазан -27 қараша аралығында айлық өткізуге орай Алматы қалалық білім беру Департаментінің бастығы Р.С.Шимашеваға мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дұрыс тамақтануды насихаттау мен дағдыларға бейімдеуге бағытталған дәрістер, ашық сабақ, сынып сағаттарын өткізуге, төменгі сынып оқушыларына диктант, шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару мақсатында хат жобасы жолданды. 27 қарашаға дейін аудандық жалпы білім беретін мектептерде кафедра оқытушылары ұйымдастыруымен «Салауатты тамақтану» тақырыптарына 15 минуттық дәрістер оқылады.

  3. Әр айдың үшінші жұма күні «Ашық есік күні» деп саналады. Тамақтанумен байланысты туындайтын аурулардың алдын алуға, салауатты тамақтану жөніндегі сұрақтар бойынша кафедра қызметкерлері тегін кеңес беріп отырады.

Каталог: rus -> wp-content -> uploads -> 2011
2011 -> Темекінің зияны Алипбаева Айгуль Жұлдызбековна, ҚазҰпу-дің химия-биология факультетінің 3курс студенті, биология-психология мамандығы. Ғылыми жетекшісі м.ғ. д профессор Кауашев С. К
2011 -> С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму ғылыми инновациялық жобалары
2011 -> Медициналық тақырыптар бойынша тест жасаудың жаңа технологиясы ү. Байзак, Б. Байзакова
2011 -> ҚазҰму алматы Ана сүті бой өсіреді Ана тілі ой өсіреді Халық даналығынан
2011 -> Алматы қаласының басты өзендерінің экологиялық мониторингы
2011 -> Құрсақішілік инфекциялар туралы жаңа көзқарас. Инфекциялық үрдіс, құрсақішілік инфицирлену, құрсақішілік инфекциялар туралы түсінік. Ана мен бала перинаталдық патологиясындағы Қіи ролі
2011 -> Аіи жаңа тесттер аіи – ң жетекші түрлері болып табылады: (4)
2011 -> Нефрология (240)
2011 -> №2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары №1 ӨҢеш пен асқазан аурулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет