Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
«Әке мен бала» -
деген шығармасы да еңбекке 
баулуға арналып жазылған. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл 
бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде 
көп кездеседі. Бұл – жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды 
жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу 
мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге 
дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес. 
Балалар бұл шығарманы рөлдерге бөлініп, мұндағы кейіпкерлердің 
рөлдерін сомдады. Еңбек туралы мақал-мәтелдер айтып, ерінбей еңбек еткен 
адам түбінде жақсылыққа жететіні, еңбектенген адам барлық қиыншылықты 
жеңе алатыны туралы білді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды
Ы. Алтынсариннің шығармаларына 
қызығушылығын арттыру мақсатында бөбекжай-бақшада 
«Кішкентай 
мультипликаторлар» 
жобасы ұйымдастырылды.
Балалармен 
мультфильм
жасау – бұл балалардың әртүрлі әрекеттерінің 
түрлерін біріктіретін көпқырлы шығармашылық процесс: сөйлеу, ойын, 
танымдық, бейнелік және т.б. біріктіретін жобалық қызметтің заманауи 
инновациялық түрі.
Мультипликация – телевидениенің ажырамас бір бөлшегі. Ол тек 
бүлдіршіндердің ғана емес, олардың ата-аналарының да өміріндегі маңызды 
дүние. Сондықтан мен өз жұмысымды қазақ жазушыларының шығармаларына 
балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты әрі түсінікті тілде
мультфильм түсіріп, оларды өз қызметімде пайдалануды жөн көрдім.
Мультфильм жасау үшін алдын ала жұмыстар жүргізілді. Алдымен 
балалармен «Менің сүйікті мультфильмім» әңгімесі өткізілді, оның мақсаты – 
балаларды осы жобаның проблемалық мәселелеріне бағыттау. Әңгімелесу 
барысында балалар өздерінің сүйікті мультфильмдері, ондағы кейіпкерлері 
туралы әңгімеледі. Мультфильмнің не екенін, оның қалай жасалатынын, 
қандай түрлері болатынын, ондағы кейіпкерлердің өмірге қалай келетінін, 
оларды қалай жандандыруға болатынын білді және балаларға таныс емес 
«аниматор», «суретші-аниматор», «режиссер», т.б. мамандықтармен 
таныстық. Сондай-ақ, әңгіме барысында «Біз де мультфильм жасай аламыз» 
деген тұжырымға келдік.
Келесі жұмысымда мультфильмге тақырып таңдауға кірістік. Жобаның 
басында Ы.Алтынсарин туралы білімдерін толықтырып, балаларды ұстаздың 
шығармаларымен таныстырдым. Сол шығармалардың ішінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет