Ш. Жумадилла Түркістан 2022


Қазақстанның социалистік партиясы



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі163,37 Kb.
#196198
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ш. Жумадилла Түркістан 2022-emirsaba.org
Фарм эталон 2022, Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы, Философия үнді философиясы2, VKFXGCUUFJDI05122023190128, Лесбеков Досжан қорғау
Қазақстанның социалистік партиясы.1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партисының кезектен тыс съезі өтіп, оның мүшелері өзін- өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып,соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялықмақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуінсаяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында – қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада – халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. өздерін коммунистік партияның мейрасқорымыз деп санайды.
«Қазақстанның халық конгресі» партиясы  1991 жылы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центристік либералдық – демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп празиденттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағыттағы мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамьамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиалы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.
«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «Номенклатуралық партия», «Үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н.Ә. Назарбаевтің көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариалады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрапқтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қантарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан»парттиясының құрамына кірді. 2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- деморатиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік папртиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, «Руханият»партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақжол» партиясы. Оның басшылары – кезінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси – экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдамалары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады. «Ақ жол Қазақстан», «Эпоха» сияқты басылымдары бар.
Қазіргі электораты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси «Отан» партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н.Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасы Конститутциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі – мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар.
«Отан» партиясына жақын тұрған – Қазақстаның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының қызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ олардың шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше, соларға тиімді заңдар қабылдауға ұмтылады.
«Асар» партиясының бағдарламасына қарағанда ол «оңшылдар» («Отан», Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен «солшылдардың» ( «Ақжол», Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси — әлеуметтенген мемлекет орнақтпақ.. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жекеменшікке беруді дұрыс деп санайды.
Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазқстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.
Қорытындылай келе қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдынғы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет