Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет21/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
-
43- 


нап шыға келеді. Кейбіреулер баланың асты
-
үстіне түсіп, ебін тауып жатады. Соларға таңым бар. 
Менде ол жоқ.
* * *
Алтынның емшектегі
кезі. Еңбектеп қалған. Мен қаншада болғаным сонда? Алтын менен алты 
жас кіші. Бітті, мен алты жарымда екенмін. Онда тұрған не бар? Мен сияқты үшінші сыныпты 
бітіргендерге осы да есеп болып па?
Төкен екеуіміз солардың үйінің жанында ойнап жүргенбіз. Әжем де Алтынды көтеріп келген.
-
Балалар, жүріңдер, шай ішіңдер.
Мінтай апайдың осы сөзін естісімен, екеуіміз де 
самауырынға жалт карадық.
Сөйтсек, ол жоқ. Төр алдына дастарқан жаңа жайылыпты.

Балалар, ойынның қызығына әбден батқан екенсіңдер, ә!

Айтпаңыз. Самауырынды үйге кіргізгенімді де байқамапты. Шақырмаса, ойнай беретін.
Әжем
мен Мінтай апай осындай сөздер айтып үлгергенше, біз әй
-
шайға қарап жатпай, 
дастарқан басына жайғастық. Алтын былдырлап талпынып
-
талпынып отыр. Шайға қатқалы 
қойған азғантай сүтке қарап ентелейді. Әжем жібермейді. Алтын тағы бір
-
екі талпынды да, 
бақырып жылап қоя берді.
-
Қап, мына қыз кісіге шай ішкізбейтін болды
-
ау! Емгісі келген екен. Бекен, сен көтеріп апара 
қойшы шешесіне. Әжең шай ішсін, —
деді Мінтай апай.

Апарасың ба, қайтесің, әке?
Бұл —
әжемнің мені жұмсағаны. Дәл қазір басқа жұмсаса, қайдан жылжиын. Әжем ғой!

Апарайын, әкеліңіз, —
деп орнымнан атып тұрдым. 
Мінтай апай тәрелке толы түрлі түсті кәмпитті дастарқанға әкеліп қойды. Соны керіп, көзім 
тұнып кетті. Әжем арқама салып берген Алтынды бір сілкіп қалдым. Әжем менің ашуымды 
аңғармады білем:
-
Төмен түсіп бара жатыр ма? Сөйт, жоғары көтеріп ал, жеңіл болады, —
деді.
Алтын бұрын көтергенімде жылағанын қоя қоюшы еді, бұл жолы өйтпеді. Қайта дастарқан 
басынан ұзаған са

 
-44- 


йын даусы үдей түсті. Бұлқынып, шіреніп
-
шіреніп
кеп кетеді. Сөйткенде
тәлтіректеп барып 
қайтамын. «Құлап кетер ме екен?» деп қорқамын. Бір
-
екі сілкіп, жоғарылатып алдым.

Жылама енді, әке. Қазір мамаңды емесің. 
Алтын тыншығандай болды.

Е, айналайын, бағанадан бері өстімейсің бе? Айтқанды
түсінген жақсы.
Енді мен Алтынға ақыл айта бастадым. Өзім білетін жақсы сөздерді жаудырып жатырмын. Өз
-
өзіме алаң болып, Алтынды мүлдем ұмытып кетіппін, оқыстан бұлқынып кеткені.
Қапы
қалдым, шалқасынан түсті. Төбесімен шаншыла құлады. Бір сәт үнсіз қалды. Зәрем 
ұшып, қорқып кеттім. Бар болғаны «айналайын, айналайын» деп құшақтай бердім. 
«Айналайынды» қанша рет айтқанымды білмеймін, Алтынның шыңғырған даусы шыққанда барып 
есімді жидым. Ол бақырып жылай бастады. Енді менің ашуым қозды.

Өзіңдікі
жақсы ма? Сонша бұлқынғаның... Енді бүйтпейтін боласың.

Күнім
-
ай, күнім!
Мен байқамай қалыппын, қайдан сезгенін әжем ұшып жеткен екен. Келе Алтынды көтеріп:

Қорқып
қалды
-
ау! Сорлы басым, шайда нем бар еді? Күнім, күнім, —
деп аймалап жатыр.
Менің денемнің бәрі ұйып қалғандай қозғала алмаймын. Әжемнен бір суық
сөз, оқыс қимыл 
күтемін. Сондағы әжемнің бар айтқаны:

Балам
-
ай, балаға суықсың
-
ау! Осыған әлің жететін уақытың болды ғой. Жықпай апарсаң 
болмайтын ба еді?
Әжемнің
жүзінен ерекше сұс
әрі аяушылық анғарғандай болдым. Әжем Алтынды көтеріп кете 
барды. Мен үн
-
түнсіз жер болып,
тұрып қалдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет