Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет24/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
ОҚУДЫ АҢСАҒАН АРАЛ
 
 
Арал мен Жайық —
құрдас. Екеуі —
ағалы
-
інілі адамдардың балалары. Екеуінің де әке
-
шешесі 
сиыр фермасында жұмыс істейді. Екеуі де оқуға ферма балаларын алып қайтуға арнайы қатынаған 
машинамен ұжымшар орталығындағы атасының үйіне келіп түсті.
Атасы мен әжесі екеуін де құшақ жая қарсы алды. Екеуінің де беттерінен
алма
-
кезек сүйіп, 
мәжірежай болып қуанды.
Үйдің
іші әп
-
сәтте абыр
-
дабырға толып шыға келді.
-49- 



Арал, ана кесені әперші
.

Жайық, мә, мынаны әрі қоя сал, —
деп Ұлдаш әжейдің қолы ұзарды. Балалардың тілін алып, 
айтқанын істегеніне әжей айрықша мәз.
Мұқа ата да қуанып жүр:

Енді бүл екеуіне де, аты не еді әлгі, «Әліппе», қағаз, қарындаш, сиясауыт керек
-
ау. Кемпір, 
ертеңмен ауданға барып қайтайын. Соның бәрін тауып келейін, 

деп қояды.

Бар, бар, —
дейді әжесі.
Мына сөзді естісімен Арал мен Жайықтың көздері оттай жайнады. Өйтпегенде ше, екеуі енді 
оқуға барады емес пе!
Ертеңіне Арал мен Жайықтың атасы аудан орталығына барып, құр қол қайтты. Атасы дүкенге 
кіреді де, қолын
-
дағы тордың аузын ашады.

Ал, қызым, айналайын, екі балам биыл оқуға баратын еді. Сал мынадан екіден, «Әліппе», 
есеп, тағы не керек еді, өзің білесің ғой, бәрін әкел.
Сөйтсе, дүкенші күледі дейді.

Мұның не, қарағым, күлгенің? 
Күлетін не бар, рас, мектепке екі немерем барады. Екеуі 
жасты.

Ата, оныңыз дұрыс қой, жақсы екен. Қазір дүкенде оқулық кітап сатылмайды. Оның бәрін 
балаларыңызға мектептің өзі тегін береді.

Сонда қалай? Ой, пәруәрдігер, о заман да бұ заман кітапты тегін берген дегенді кім көрген?!

Рас, ата, тегін беріледі.

Онда қайт десеңші.

Иә.
Арал мен Жайықтың атасы осыны айтып келгенде, апасы да таңданды:

Үйде
отырып ештеңе білмейді екенбіз ғой


Сөйтіпті.
Арал мен Жайық енді мектепке бұрынғыдан да асыға түсті.
* * *
Бірінші қыркүйек күні атасы Арал мен Жайықты мектепке ертіп әкелді. Екеуі де әке
-
шешелері 
дүкеннен әперген судай жаңа киімдерін киіп, мұнтаздай болып алған. Қуаныштан жарыла жаздап, 
жымың
-
жымың етіп, бір
-
біріне қарай береді.
-50- 


Мұғалім
екеуін де партаға отырғызып болған соң:

Ақсақал, документтері қайда бұл балаларыңыздың? Тууы туралы куәліктерін әкелдіңіз бе? 
Немене, екеуі егіз бе? 

деді.
Шындығында, Арал мен Жайықты алғаш көрген адам егіз бе деп қалушы еді. Екеуі бір
-
бірінен 
айнымайды. Екеуі да шашы сарғыш, қой көз, дөңгелек бет, аққұбаша, қыр мұрынды сүйкімді ғана 
балалар. Жалғыз
-
ақ айырмашылығы —
Арал Жайыққа қарағанда денелілеу.

Жоқ, егіз емес, —
деді 
атай екі немересіне кезек
-
кезек қарап қойып. —
Малдағы 
балаларымның балалары. Куәлік
-
пуәлік дегенді мен білмеймін ғой, қарағым. Үйлерінде, аты 
немене еді, әлгі метіркелері бар шығар. Екеуі бір жылы туған. Мынау Жайық сәл
-
пәл үлкендеу, 
шөп шабыста, ал ана Арал Октәбір мейрамына бес күн қалғанда туған. Биыл екеуі де жетіде.

Дұрыс, дұрыс, ақсақал. Балаларыңыздың жетідегісі жетіде екен. Бірақ Арал алынбайды 
мектепке.
Аралдың жүрегі зу ете калды.

Ол ненің ақысы, қарағым
-
ау?!

Заң бойынша жетіге жеті күн толмаса да,
біз баланы оқуға ала алмаймыз.

Қарағым
-
ау, бұл екеуі түйдей құрдас. Көріп тұрсың, Арал Жайыққа қарағанда зор әуелім.

Солайы солай екен. Бірақ біз заңнан аттай алмаймыз. Оған қинамаңыз, ақсақал.

Сол да сөз бе екен. Біреудің басы ерте, біреудікі кеш піседі. Арал —
миы толық бала, алғыр.

Жоқ, ақсақал, болмайды. Біз басына қарап емес, жасына қарап аламыз. Енді бірер жылда 
бала алты жастан бастап оқуға баратын болады. Сол кезде әкелерсіз, тағы немереңіз болса.

Шүкір, бар. Әкелем. Әкелмегеңде ше?

Сөйтіңіз. Әзірге заң осы. Заң орындауды талап етеді.
Апырау, бұл бір қызық болды
-
ау. Заң 
жарықтық осы еңді. Еш шара жоқ. Жүр, Арал.
Ала жаздай оқуға әне барам, міне барамын болып алып
-
ұшып жүрген Аралдың көңілі су 
сепкендей басылды.
Өзі
қатарлы балалардың бәрін
талай
-
талай шаңға аунатқан
қажырлы, қайсар Арал емес пе 
бұл. Олардың еш

-51- 


қайсысынан
ығып көрмеген Арал енді мұғалімнен
қорықпақ па? Жоқ. Мұғалім де адам.

Жоқ. Бармаймын, —
деді Арал міз бақпастан. Мұғалім де, Мұқа атай да Аралға таңдана 
қарады


Қой, қарағым, жүр үйге.

Бармаймын.

Бармағаның не өзіңнің? Жасы жетпеген баланы оқыта алмаймын мен. Оқығың келеді екен, 
барып директордан рұқсат сұрап келіңдер. Директор рұқсат етсе, тіптен қарсы болмай
-
ақ 
қояйын
.

Арал, жүр, еңдеше, директорға баралық.
Арал да, атасы да директордан бір қайыр болар деп еді, бірақ үміттері екеуін де алдапты. 
Мұғалім
біткеннің барлығының сөзі бір екен.

Балаңыз әлі жетіге толмаған екен, жеті жасқа жеті күн толмаса да, бала оқуға алынбайды. 
Заң —
сол.

Қарағым, алғын.
Көр де тұр, осы бала сендерді ұятқа қалдырмайды.

Ақсақал, ол мүмкін емес. Біз ондай эксперимент жасай алмаймыз.
Директордың «экспериментін» атасы да, Арал да түсінген жоқ. Ал Аралдың оқуға 
алынбайтыны анық болды. Бұл қорлыққа Арал қайтіп қана мойынсұнсын?!
«Одан да Жайық екеуімізді күрестіріп көрмей ме? Тіптен сол балалардың барлығымен 
күрестірсін. 
Бәрін тоңқалаң асырғанымда көрер еді кімнің үлкен екенін».
Арал осылайша тарығып келеді. Енді қайтсін? Қатарынан кемітсе, кім өстімейді?

Жаның тірі болса, оқу ешқайда қашпас. Оқырсың әлі, —
деді атасы былай шыға бере.
Арал үндемеді. Бойын ыза кернеп, жылағысы келіп барады. Шешесінің жылы сүт иісі сіңген 
құшағын аңсап кетті.
Күңдіз
-
түні сиырлы ауылға электр беретін моторды айналдырып, үсті
-
басы жермай сасып жүретін әкесі де көз алдына келе қалды. Шешесі: «Оқуға алмай қойды ма? 
Әтеген
-
ай, енді қайттік?» деп күйгелектенсе, әкесі: «Сөлбіреме, Арал!» деп қайрат беретін 
сияқты.
Арал бірте
-
бірте сабасына түсе бастады. Бірақ ызалы ойлар көкейінен кете қоймады.

Оқуы құрысын!
Мен енді еш уақытта да оқымаймын. Көкемнен мотор жүргізуді үйреніп 
аламын да, үлкей



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет