Тақырыбы: «Ел рәміздері – еркіндік нышаны»



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,4 Kb.
#83249
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Ел рәміздері – еркіндік нышаны»
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Серік: Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Жансая: Елтаңба
Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

Әділ: Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
 
1-жүргізуші: Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі. (Ән. Орындайтын) 


2-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,
Тыңдарсың оң жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім! (Көрініс)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет