Тақырыбы: Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы Жоспары


Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды



бет3/6
Дата06.02.2022
өлшемі124,11 Kb.
#81851
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру парадиг
Доклад, Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың ерекшелігі, Есмурат Венера психо срс 7

Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды.

  • 1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма
  • Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды:
  • 1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкес икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
  • 2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
  • 3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.

Технократиялық (аралық) 
парадигма
Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.
Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».
Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады.
Бихевиористік (құлық) парадигмасы
Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.
Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.
Гуманистік 
(Феноменологиялық) парадигма
Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.
Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет