Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім


Хор: «Тәуелсіз ел ұланым»



бет4/4
Дата13.03.2023
өлшемі22,43 Kb.
#172136
1   2   3   4
Хор: «Тәуелсіз ел ұланым»
«Тәуелсіздік – жыр-әнім» оқитын Аманқауысұлы Мансұр
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.
Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!
Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!
Сұрақ-жауап
1.Желтоқсан жұлдыздарын ата.
2.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)
3.Әнұранның авторлары кімдер? (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,
әні: Ш.Қалдаяқов)
4.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
5.Тудың авторы (Ш.Ниязбеков )
6.Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды? (1991ж)
7.Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібекұлы)
8.Мемлекеттік рәміздер?.
9.Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
10.Қазақстан қандай мемлекет?
11.Президент күні қай күн?
12.Астанамыз?
13.Бәйтеректің ұзындығы неше метр?
Мақалдың жалғасын тап!
1.Отан- … (отбасынан басталады).
2.Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)
3.Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)
4.Ел іші… (алтын бесік)
5.Жері байдың … (елі бай)
6.Батыр туса-ел ырысы, … (Жаңбыр жауса-жер ырысы)
7.Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл)
8.Ел елдің бәрі жақсы, ... ( Өз елің бәрінен жақсы )
9.Туған жердің қадірін ... ( Шетте жүрсең білерсің )
«Атамекен» әні орындайтын Нұртасқызы Зере
«Қазақ биі» орындайтын Дархан Қымбат
Балалардың тілегі.
– Еліміз тыныш болсын!
- Көк туымыз желбірей берсін! т.б
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды.
Тасшағыл орта мектебі


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Тәуелсіздік - тірегім

Сыныбы: 2 «ә»

Өткізген: Кабдрахманова Гүлбаршын

2018 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет