Тақырып. Жантану ғылымынын оќыту пәні, міндеттері мен маңызы


Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі



бет7/17
Дата30.10.2019
өлшемі1,58 Mb.
#50784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
жалпы пс
жалпы пс

Нақты топ – адамдардың бір – бір імен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмыла кіріскен адамдардың өмір сүріп тұрған бірлестігі.


Нақты топ қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді болуы жәнеадамдардың саны аз не көп болып келуі мүмкін.

Формалды топ – бұйрық жарлықпен кестесі,устав т.б. ресми құжаттар негізінде құрылады. Мыс: жоғарғы оқу орындарындағы студенттер тобы , мұғалімдер мен қызметшілер т.б.

Бұл топ арасында психологиялық жақындық (ұнату, сыйласу, достасу) болады. Керісінше (ұнатпау, сыйламау, менсінбеу,жауласу) да болуы мүмкін.



Формалды емес топ – ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жеке адамдардың білгірлігін, беделін тану сияқты психологиялық мотив тер бірлігі негізінде туады.

Мыс: бірлесіп балық аулау, аңшылық құру. Бұл топтарды бірін-біріұнату бауыр басу нығайта түседі. Бұл қасиеттер жоғалса топ сөзсіз ыдырайды.

Референт тобы – қиялдағы топты айт. Мысалы:адам бір топтың мүшесі бола отырып 2-ші топты қастерлеп, жеткіншек қадір тұтады. Мыс: жеткіншек жағдайда класс оқушыларына тек ересектердің тобына мүше болуға тырысады, қызығады. Егер бұған қолы жетпесе онда, ересектердің мінез құлқына еліктеуі.

Топ лидерінің функциясы. Топта ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психалогияда мұндай адамды <<лидер>> деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады, не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатнаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Шағын топтпрда,ы лидерлікті зерттеген Н.С. Жеребованың зерттеулерінде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған:

а) ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, б) топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді, в) егер топтың алдында маңызды іскерлік қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, бнелгілі бір топтық атмосфера орнатады, г) топ мүшелерінің қоғамдық белсенділігін дамытады.



Зерттеу мектеп ұжымдары лидерінің бірнеше типі болатынын көрсетеді.

Бірінші тип. Лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы класта музика викторинасын ұйымдастырып, өткізді делік. Ол көпдеген музикалық шығармаларды біледі, пионинада, аккордионда ойнайды. Бұл арада ол өзінің дарыны мен шеберлілігін көрсетеді. Ол - лидер. Ал басқа жағдайда ол ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді.

Екінші тип. Сан алуан істерді атқару кезінде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер болады. Мысалы, класс сонда түнейтін болып тоғайда туристік жорыққа шықты делік. Лидер оқушы маршрутты әзірлеуге қатысады, топты қажетті құрал жабдық, азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі, транспорт құралдары жөнінде келіседі, далада, таза ауада өтетін концертті әзірлейді т.б. Ол сондай-ақ өмірі қызық адаммен –Ұлы Отан соғысына қатысушымен кездесу ұйымдастырады, көрші мектеп оқушыларымен баскетболдан спорттық жарыс өтеізуге келіседі. Алайда оның лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс тәмәмданған соң оның лидерлігі де бітеді.

Үшінші типі. Оқушы өзінің лидерлік қабілетін іс-қызметінің көп деген саласында ұзақ уақыт бойы сақтайды: бұл отряд советінің председателі, мектеп комсомол бюросының секретары т.б. Топ, ұжым лидерін аты әйгілі адамдар ұғымымен барабар дейге болмайды. Зерттеу бір адамның бойында лидерлік пен әйгілі болу қабілетінің екеуіде болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай үйлесім топтың,ұжымнң атқаратын ісіне игі әсер етеді. Дегенмен бұл жерде алшақтық та кездесіп, лидер бір адам, әйгілісі екінші адам болуы да мүмкін. Мектеп практикасында класс старостасына, не болмаса отряд советінің председательдігіне әйгілі емес оқушыны сайлау жиі кездеседі. Демек, лидерлік әйгілі болудан гөрі басқа себептерге негізделетін болса керек.


17-тақырып

Ұжым туралы

Қарастырылатын мәселелер.
1.Ұжым туралы түсінік

2.Ұжым және жеке адам.

3.Ұжымның құрылымы мен функциясы.

  1. Ұжымның қалыптасуы

  2. Ұжымға қойылатын талап тар.

Реалды, контактілі топтың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым. Әрине кез–келген топты ұжым дәрежесіне көтеруге болмайды. Ұжымның басты белгілерін тұңғыш рет тәлім–тәрбие жүйесінде көрсеткен А.С.Макаренко. Оның пікірінше ұжым–мақсат мүдделері бір, көзқарастары ортақ, қызмет үстінде,яғни”біреуі барлығы үшін, барлығы бірі үшін”деп қимылдайтын, белгілі дәстүр–салты бар, өзін–өзі басқаруға шамасы келетін, демократиялық централизм принципін ерекше қастерлейтін адамдар тобы. Қорыта айтқанда ұжым– қоғамға пайдалы қызмет көрсете алатын, ортақ мақсат үшін жұмыла еңбек ететін, асқақ ұйымшыл, ынтымақты, психологиялық тұрғыдан құрыштай берік адамдар тобы. Ұжым туралы көрнекті педагогтар А.С. Макаренко, Н.К. Курпская, В.А. Сухомлинский еңбектерінде тағылым аларлық құнды пікірлер бар. Сол еңбектерде топтарға адамдардың өзара қарым–қатынасы, ұжымның жеке адамға ықпалы, жеке адамның ұжымға ықпалы, олардың орны тағы басқа жәйттер туралы бағалы да, дәлелді мағлуматтар қамтылған. Әлеуметтік психология топтағы, ұжымдағы адамдардың жеке өзара қатнастарын зерттейді. Психология мен педагогика топтағы жеке оқушыларды, бүкіл класс ұжымын социогрмма жасап, матрица құру арқылы зерттеу кең өріс алған. Мұндай әдісті училище оқушылары мен өзге де оқу орындарының шәкірттері сабақ үстінде үйретіп жаттығуларына болатындығы қарастырылып, ондай схемаларды құрастыруға үйретіледі.

Жеке адам ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады және солармен бірігіп сол қауымдастықтың бағыт- бағдарын білдіреді.Жеке адам ұжым арқылы басқа ұжымдар мен тұтас қоғаммен байланыста болады. Ұжым- қоғамның бір бөлігі болғандықтан ол өз бойына, сөз жоқ сол қоғамның саяси, эстетикалық, адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады.

Сондықтан да жеке адам да бұл идеяларды қабылдап, өз ісінде және мінез-құлқында оны басшылыққа алады. Жеке адам материалдық дүниемен және адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез-құлқын, қадыр-қасиетін, өзгелерден ерекшелік белгілерге қалыптастырып қана қоймайды, ол сонымен қатар рухани байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі болып саналатын қоғамдық тәжірибені де өз өз бойына жинақтайды. Бірі мен бірі тығыз байланыстағы және одан гөрі кең көлемді әлеуметтік ортадағы келіспеушілік, бір жоспарлылық жеке адамның байында үйлесімді жақсы қасиеттердің қалыптасып, дамуы үшін жақсы жағдай жасайды. Егер бір жоспарлылық болмаса, жеке адам мінез-құлқы жағынан әрі-сәрі болып қалыптасады.

Жеке адам мен ұжым арасындағы өзара қатынас түрі әр алуан, олардың ішінен неғұрлым айқын көрінетін мынадай екі жағын бөліп қарауға болады: ұжымның жеке адамға ықпалы және жеке адамның ұжымға ықпалы.

Буржуазиялық социологтермен психологтар ұжым жеке адамның ерекшелігін жойып, бәрін бір үлгіге салады, сүреңсіз етеді деп дәлелдемек болады. Мұның өзі копитализм тұсында жеке адамның бас бостандығы бар-мыс дейтін аты шулы концепцияны қорғаштау.

Ұжымның күші нақ сонда, ол бүкіл қоғамның талаптарына сай келетін,әлеуметтік құны жоғары жеке адамды тәрбиелеп шығаруға қабілетті. Бұл ретте адамның жеке-даралық қасиеттері барынша сақталынады, оның жан-жақты дамып, жетілуіне жағдай жасалынады. Ұжым жеке адамның өз бойындағы барлық қабілетін танытатын болуына және онысын жетілдіре беруіне мүдделі. Ұжым жеке адамды қалыптастырып қана қоймайды, ол сондай-ақ жеке адамды қайта тәрбиелеуге, оның сенімін, моральдық көзқарасын, мінезін өзгертуге де қабілетті.

Ұжымның ықпалымен қайта тәрбиелеу жеке адамның өзін-өзі қайта тәрбиелеумен болып әлектенуін әлдеқайда тез әрі жеңіл өтеді. Қайта тәрбиелеу үшін иландыру,сынау, қолдау және де басқа шаралар қолданылады. А.С. Макаренконың тәжірибелері, яслиден бастап жоғары оқу орындарымен өндіріске дейінгі барлық дәрежедегі оқыту-тәрбиелеу ұжымдарының тәжірибелері ұжымның кереметтей ролін дәлелдейтін тамаша мысалдар болып саналады.

Ұжымда жеке адам белгілі бір роль атқарады. Алайда оның бұл рольі тұрақты болмайды. Мысалы, оқушы класс старостасы делік біраз уақыттан кейіе ол санитар міндетін атқаруы, ал одан кейін ұжымның қатардағы мүшесі болуы мүмкін. Жеке адамның атқаратын міндеті неғұрлым әр түрлі болса, соғұрлым оның ұжыммен байланысы бола түседі, сондай-ақ нақ осы адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.

Жеке адамның ұжымға ықпал етуі дәрежесіне оның жеке басының қасиеттері елеулі әсер етеді. Ақыл, эмоция, мінез қабілет-осының бірі ұжымның игілігіне айналады. Адам неғұрлым бай болса, жан-жақты жақсы дағдыға ие болса, соғұрдым оның беделі де жоғары болады. Жеке адамның ұжым өміріне ықпалы, сондай-ақ, оның ұжым алдында міндеттері мен ой ниетін, рухани байлығын түсіне білу дәрежесіне де байланысты. Жеке адам өзін ұжымнан жоғары қойуға және әсіресе қарсы келуге тырысса, ұжымға ықпалы төмендейді.

18-Тақырып
ПСИХИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қарастырылатын мәселелер


  1. Психикалық құбылыстар туралы түсінік.

  2. Психикалық құбылыстардың топтастырылуы.

  3. Психикалық процестер .

  4. Психикалық қалып.

  5. Психикалық қасиеттер.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып, өшіп кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет - пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады. Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жәй елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұраған да студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады. Бұл жерде ес процестері әңгіме болып отыр.

Ғалымның тыңнан бір жаңалық ашуы, инжинердің машина ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т.б. үлкен қиялды қажет етеді. Бұрын қабылданған нәрселерді қайта өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процес қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдарын байланыстарын көрсету, болмасты жалпылай және жанама түрде тану-ойлау процесіеің арқасында болып опырады. Сөйлеу мен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Іссіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты қуанамыз, жаман нәсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату, ұнатпау, уайым, масаттану, достық, жолдастық, адалдық,шыншылдық т.б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар.

Қандай болмасын, бір әрекет жасау үшін алдымен оның жоспарын ойланамыз да алда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көздеген мақсатқажету үшін барлық күш жігерімізді жұмсаймыз. Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер қажір-қайрат процестері көрінеді.

Жан қуаттары ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау,қиял т.б.) белгілі обьектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсысына болса да дәнекер болады, оны күшейте де әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады.

Психикалық процесстердің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттері мен (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиалаогиялық тума қасиеттерімен де орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болады.



19-тақырып
Түйсіктер
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Түйсіну процесі туралы жалпы түсінік.

  2. Түйсіну процесінің физиологиялық негізі.

  3. Түйсіну процесінің негізгі ерекшеліктері.

Түйсіну процесі деп - қоршаушы өмірдегі заттар мен қүбылыстардың түйсіну мүшеміздің біреуіне әсер ете отыра, онда талдаудан өтіп, әрқайсысынан тарайтын нерв талшықтары арқылы ми клеткаларында алғашқы із ретінде қалыптасу жолын айтамыз.

Түйсік арқылы заттардың түсін иісін, дәмін, қатты-жүмсақтығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ, түйсік денеде болып жатқан түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікте орналасуын жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.Ол білім атаулының алғашқы көзі.

Мысалы, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанын белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сүрасаң, ол "Қатты, жылтыр, мүздай, жұмсақ, жылы, кедір-бүдыр бір нәрсе " деп жауап береді.

Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Адамда да жануарларда да түйсіну процесі оларды қоршаушы өмірмен байланыстырушы негізгі процесс болып табылады. Адамдар мен жануарлардың арасында түйсіну процесі жағынан айырмашылықтар болады.

Мысалы, кейбір түйсіну мүшеміз тікелей сезе алмайтын заттың не құбылыстық көріністерді ғылым мен техниканың даму сатысына байланысты жетілдіріп отыруы. Көз көре алмайтын болса, оны микроскоп арқылы алыстағыны көре алмайтын болса, радиотелескоп арқылы көре бастайды. Ал кейде түйсіну мүшеміздің кейбір жағынан жануарлар бізден артықшылықтарын байқатады.Мысалы, иіс түйсіну мүшесі жағынан.

Түйсіктердің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады.

Сезім мүшелері дененің шет аймақтары мен ішкі мүшелерімізде орналасқан.Сезгіш нервтердің үштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады.Ол рецептор деп аталады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық үштықты біріктіреді. Тітіркендіргіштердің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі. Түйсіктердің физиологиялық негізін жан-жақты дәлелдеген И.П.Павлов болды. Оның нерв қызметі туралы ілімі түйсіктерінің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық нерв аппараттарының жүмысына байланысты түсіндіріледі. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар.Олар үш бөліктен күралады:

І.Сезім мүшесі (рецептор).

2.Миға баратын нерв талшықтары.

3. Мидағы түрлі нерв орталықтары.

Бұл анализаторлар бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінің жүмысын екіншісі басқаруға да қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтарына жататындар:


  1. Сезгіштік пен талдырық.

  2. Адаптация.

  3. Сенсибилизация.

  4. Синестезия.

  5. Түйсіктердің өзара байланысы.

  6. Бір ізді образдар.

Сезгіштік деп - адамның түйсіне алу қабілетін айтамыз. Сезгіштікті: 1) абсолюттік , 2) айырма деп екіге бөлінеді.

Абсолюттік сезгіштік деп -сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Мысалы, біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін салмақты үш граммнан бастап сезетін болса, екінші біреу алты граммннан бастап сезеді.Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді.

Егер тітіркендірудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мысалы, адам денесіне қонған шаңды сезе алмайды, қүлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.



Айырма сезгіштік деп - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерінің арасындағы болмашы айырмашылықтарды түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға 100 гр. салмақ салып , оған тағы 1 гр. қосса салмақтың арқаны білінбейді.Оны айыра білу үшін 3-4 гр. керек.

Адаптация(лат. икемделу).

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргештерге біртіндеп бейімделуін айтамыз. Көру, тері иіс түйсіктері де адаптація болады. Иіс түйсігінде адаптація түрліше көрінеді.

Мысалы: камфараның иісі 1-2 м сезілмейтін болса, горшица мен нашатир спиртінің иісіне адаптациялау тез барады.



Сенсибилизация (лат. сезгіш).

Сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс болып табылады. Мысалы: қызыл түс басқа түстерді (ақ, қара, т.б.) жақсы ажыратуға көмектеседі. Түнгі ұшуға дайн кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 м бойына қызыл көзілдірік киетіндігі сондықтан.

Түйсіктердің өзара байланысы – бұл қарама-қарсылық (контраст) құбылысы. Мысалы: дәм түйсігі көру түйсігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкен соң, қарасудың өзі тәтті сияқты болып көрінеді.

Синестезия (грек қосарласқан)

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуіне ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына жағдайц жасайды. Мысалы: біреудің сөзінен екінші біреу түрлі дәмдер мен түстерді сезінуі.

Бір ізді образдар.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образ дар деп. атайды. Бұлар көру, есіту, иіс, дәм, дактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы: адам 2-3 сек. Бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі он бір ізді образдар деп. аталады.

Қолымызға екі парақ ақ қағаз Альп, бірін ақ күйінде қалдырып екеуінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып, осы қызыл қығызға көз алмай 20-30сек. Арап отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар деп. аталады.

20-тақырып
Түйсіктердің түрлері
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Экстероцептор туралы түсінік.

  2. Интероцептор туралы түсінік.

  3. Проприоцептор туралы түсінік

Туйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөледі.



  1. Сырқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің
    бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары

дененің бетінде, не оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы


анализатордың рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бүған
көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері жатады.

  1. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі
    органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын
    интероцептор деп атайды.

  2. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын
    қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Бұл
    проприоцептор деп аталады.

Көру түйсіктері.

Көру түйсігіне негізінен адамның көзі жатады.Адамның көзі негізгі 4 түрлі көрінісін ажыратады:

  1. Заттың қалпын .

  2. Заттың кеңістіктегі орны, түсі.

  3. Жарықтың қуаты.

Бұның бәрін көздегі 2 аппарат ажыратады:

  1. Колба (шақша)

  2. Таяқша

Колба аппараты көздің ортасында орналасқан, таяқша көздің шетіне орналасқан. Колба аппаратының саны орта есеппен алғанда 7000000, таяқша аппартының саны 130000000. Орта есеппен алғанда көздің үлкен-кішілігіне байланысты.

Колба аппараттары күндіз көрудің , таяқша қараңғы кезде көрудің аппараттары.Бұл 2 аппарат заттардың түсінде ажыратады. Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сүр түстер) болып 2-ге бөлінеді.

Көру мүшесі - көз. Оның негізгі бөлімі көз алмасы. Көз алмасы 3 түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе. Ақ қабықтың түсі пісірілген жүмыртқаның ағына үқсас. Мұның алдыңғы жағы дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа айналады.Мөлдір қасаң қабық арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі енеді.

Тамырлы қабық ақ қабықтың астында жатады.Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы. Қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нүрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нүрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан. Ең ішкі 3-ші қабықты торлы қабық дейді. Мүнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы таяқша мен шақшаның фоторецепторы орналасқан.



Есіту туйсіктері.

Еспу мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері - дыбыс толқындары.Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған орай есіту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар:



  1. дыбыстың жоғарлығы. Яғни

  2. дыбыстың қаттылығы. Яғни

  3. тембрі. Яғни

а) бұл тербелу жиілілігінің сәулеленуі.

ә) бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі.

б) бұл тербеліс түрінің сәулеленуі.

Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (1 секунда өтетін ауаның толқыны )

Ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын (толқындарды ) тербелістерді құлақ шала алмайды. Өйткені, бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар, 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан, сықыр - тықыр, тарсыл - гүрсіл т. б) болып бөлінеді. Есіту мүшесі -қүлақ 3 бөлімнен тұрады:


  1. сыртқы

  2. ортаңғы

  3. ішкі қүлақтан түрады.

Иіс түйсіктері.

Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б). Иіс түйсіктері адамның түрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.

Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыру мүмкін.

Дәм туйсіктері

Дәмді ажырататын мүше - тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған 4 түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің үшы, ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, түзды - тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің арасына салса адам көпке дейін оның дәміін ажырата алмайды, өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.



Тері туйсіктері.

Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсітерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері, емпература (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер, тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, денеге заттың тигенін тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін: арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін: саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып тұратын жерлері де ыстық пе суықты өте сезгіш келеді.



Сипай сезу түйсіктері.

Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі -сипай сезу (осязание) түйсігі. Мұның 2 түрі бар. Біріншісі - пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді, Екіншісі - актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің үштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналаскан.



Органикалык түйсіктер.

Түйсіктердің екінші тобына - органикалық түйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т.б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т.б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді.



Кинестезиялык түйсіктер.

Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Онын рецепторлары - ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің үштары,



Тең басу түйсіктері.

Мүндай түйсіктерді статикалық түйсіктері деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі қүлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік - бастың қозғалысын, бастың кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.



Вибрациялык түйсіктер.

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқыуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негзгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды.



21-тақырып
Қабылдау
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен кұбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір мезгілде әсер етеді де, миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мүны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның түлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен киноны көру екі анализатордың /көру, есту/ өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.

Қабылдаудың түтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден түрғанымен , біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей - кезде бүрынғы тәжірибемізде үшыраған кейбір обьектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, бүларды түтас зат формасында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана қүлағымыз шалса, осы әннің мазмүнын түтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктіні де жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін қурайды.



Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелік те қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол обьектілердің мазмүнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда обьектінің аты сөзбен /екінші сигнал жүйесі/ берілсе, қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді мүлде үқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала -шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы толык түсінетіндіктен ғана оларды толық қабылдай алады.

Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі, тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып 2-ге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз -талғаусыз қалай- болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Обьектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден.тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.

Қабылдаудың таңдамалылығы.

Толып жатқан обьектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалалығы делінеді.

Мысалы, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса, да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген сөз "унверситет" деп қате жазылса, да біз оны "университет " деп дүрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмүнына ерекше көңіл бөлетіндіктен мүндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шүқшия көз салған жағдайда текстің мазмүны үғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады. Қабылдауда зечін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда обьек-нің назар аударылған белгілерін, касиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Біздің назар аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары қазіргі істеп жатқан әрекетімізге қяжет қызықтыратын , қажететімізге жарайтын нәрселер болып табылады. Қабылдаудың таңдамалылығы әр түрлі обьективтік және субьективтік себептерге де байланысты болып келеді.

Қабылдаудың тұрақтылығы.

Қабылдаудың тұрақтылығы деп-сырткы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып, қабылдануын айтады: мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өткені, олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр.

Мәселен, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі әсерінен көмір де бірде қара, бірде сүрғылт болып қабылданады.Мүның бәрі көру анализаторында түрлене бейнеленеді. Осы заңдылық түрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді. Қабылдаудың түрақтылығы адамның өткен тәжірибесіне де байланысты.

Бейнені түрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғарғы психикалық функция -сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрде енгізеді.

Иллюзиялық қабылдау.

Әрқашан да қабылданатын затқа, н/е қүбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате

қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзия сан алуан себептерге оаиланысты паида болады. Мысалы, шай қүйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттермен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндеп жаңсақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты. ('Көзге қозу процесінің жайылуы, көздің затқа бейімделуі, қозғалысы , қабылданатын затқа көздің төсілмеуі т.б Илльюзиялардың табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген. Иллюзиялардың түрлері өте көп.

Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Бұл көбінесе заттардың кеңістікте орналасуы жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру иллюзияларына: контраст, перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артық бағалау, түзу кесіндінің -ығысу иллюзиясы т.б. жатады. Мәселен перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал қабылдау кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі-нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында түрса үлкейіп , үлкен нәрсемен қатар түрса, кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында өзара тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді. Өйткені бірі- үлкен дөңгелектердің, екіншісі-кішкентай дөңгелектердің қоршауында түр. Тәжірибе арқылы тексеріп көру-қабылдаудың дүрыстығының бірден бір өлшемі. Мәселен, стакандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын байқау - осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның заңдылықтарын дүрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахна безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияларды адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған теріс бейнелері-галлюцинациялардан ажырату қажет. Мүндай науқасқа үшыраған адамның үғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады.

Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бүл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізін де пайда болып, отырады. Бүл аурулардан психатр-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орнында түрып, қалған кезде осындай галлюцианалық бейнелер пайда болады.
Апперцспция / латынша қабылдауға қосымша/

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық түрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмүнына байланыстылығын апперцепция дейміз. Апперцепция түрақы және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүние танымына байланысты болып отырады. Мысалы, түбір деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Апперцепциянын мол болуы

бейімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды дүниені жан_жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қадьщтдь Бүл апперцепцияның өзгеруіне әсер етеді. Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мүны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С. Пушкиннің "Вурдалак" деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңде Ваня деген қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге түседі, Сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені оның өзі осындай кереметтердің болатындығына сенетін.
22-тақырып
Байқау және байқағыштық
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Байқау және байқағыштық туралы түсінік.

  2. Байқау және оның оқыту процесіндегі дамуы.

  3. Қабылдау саласындағы дара айырмашылықтар.

Байқау дегеніміз- белгілі мақсат пен обьектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілу қажет. Бір нәрсені мүқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір обьектіні бөліп алып қадалаған дүрыс. Бүл, байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Байқағыштық кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық. Мәселен, бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың үсақ түйсіктерін тек жақсы аңшы ғана байқай алады.

Осы суретті А. Қүнанбаев "Қан сонарда бүркітші шығады аңға" деген өлеңінде жақсы көрсеткен.

"Біреуі көк, біреуі-жер тағысы"

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл

Ұқсайды қаса сүлу шомылғанға - "қар аппақ", "бүркіт

қара", " түлкі қызыл" деген тіркестерде кез-келген адамға байқала бермейтін көріністер сөз болып отыр. Мүндай сөздерді -кез- осы нәрсені өте л<етік білетін адам ғана айта алады.

Байқағыштық жаңа фактілерді білуге күмарлықты, олардың егжей-текжейін білуді, адамның әрдайым қабылдауға даярлығын тілейді. Байқағыштык қасиет-адамның өмір сүрген ортасына, алған т,әлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты. Байкағыштық-өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Баиқағыштық әсіресе ғылыми жүмыста, мүғалімдік қызметте, ақын -жазушының өмірінде ерекше орын алады.


23-тақырып

Уақытты және кеңістікті қабылдау.
Қарастырылатын мәселелер:

1.Уақытты және кеңістікті қабылдау туралы түсінік.

2.Қабылдау формалары.


  1. Балаларда қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы.

Кеңістік пен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүру деу шындыққа сай келмейді.Кеңістікті қабылдау заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін аумағын алыс жақындығын, түрқын, тайыз-тереңдігін бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау -көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы жүзеге асады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бүл қүбылыс жақындағы нәрсені ажыратуға байқалады. Көз тіккен нәрсе неғүлым жақын түрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бүрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтан заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Көздің аккомадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Бір эксперименттік зерттеуде көру қозғалыс қабылдауды қатыспайтын бірде-бір мектептік пән жоқ екендігі шәкірттердің оқу материалдарын тиянақты үғыну, жіберген қателерін кезінде көре біліп, түзету әр тәннің өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптар мен жүмыс істеуге ықпал ететіндігі жақсы байқалған. Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштей соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзінің іліккен нәрсенің бәрі бірдей дәл алдында түрғанға үқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып, қалатындай көреді. Кеңістікті дүрыс қабылдап үйрену кішкентай кезден басталады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді үстап, байқап сипап қарайды, олардың формасын үлкен-кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікке орналасуы жақсы аңғара алады. Заттардың кеңістікте орналасуын дүрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін қаншама маңызы екендігі түсінікті.

Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяны, өмір сүруінің обьек-к реалды формасы.

Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі.Уақыт дүниедегі заттардың өзгеріп, бір калыптан екінші қалапқа көшіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші.

Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден түрады. Соның бірі-уақыттың ритмі.Уақыттың ритмі-құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы көшеді. Темп-құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақыттың қабылдануы оның қандай мазмұнда болуымен де шарттасып жатады. Егер ұсақ -түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ болып көрінсе, пайдалы әрекетке толы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақытты субьективтік болжау дұрыс болмай шығатындықтан, оны обьективтік өлшемдермен өлшеген дүрыс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет