Тақырып. Жантану ғылымынын оќыту пәні, міндеттері мен маңызы


Лабораториялық тәжірибе ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолме



бет2/17
Дата30.10.2019
өлшемі1,58 Mb.
#50784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
жалпы пс
жалпы пс

Лабораториялық тәжірибе ХІХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832 – 1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,


тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.

Лабораторияда жүргізілген эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты болады:



  1. Байқалатын обьекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;

  2. Тәжірибе түрінде лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу – сызу құралдарымен қамтамасыз ету).

  3. Тәжірибені күнілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдістемеге сай жүргізу.

  4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

  5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу – тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл тәжірибенің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.

Табиғи эксперимент.

Тәжірибенің екінші бір түрі - табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский ( 1974 - 1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады.

Сауалнама әдісі бойынша кісі күні бұрын арнаулы парақтарға жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайтарылады. Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның, оның жеке өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері

(талап – тілегі , мақсат – мүддесі, талғам – мұраты, қызығуы, бейімділігі

т.б.) ажыратылады. Мыс: адамның қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, оның сүйікті жазушылары мен әртіс, әншілерпінің кімдер екендігін аңғаруға болады. Анкеттегі сұрақтар ықшам, зерттеушілерге түсінікті, қарапайым тілмен тұжырымдалып, жалпы саны 5 – 8 ден аспауы тиіс.


Әңгімелесу әдісі - психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас жәнге дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды, зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбіне жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, соған орай тиісті қорытынды жасалады.

Тест әдісі - балалардың білімі мен икемділігі , бейімділігі, жалпы ақыл – ойының даму дәрежесін т.б. анықтауға болады. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезінен ауытқушылық

(жоғары, төмен бар ма?) деген сұраққа жауап алынады.

Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға бірдей беріледі де (200 – дей) мұндағы жауаптардың орта есебі ( барлық бала бойынша ортақ балл) шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл – ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тесттерді интеллектік тесттер дейді. Түрлі жан қуаттарың құрылымын функциялармен параметрлерді шамамен жорамалдауда экспериметтік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын матеметикалық- статистикалық әдіс қолданылады. Матеметика қазіргі кезде көптеген ғылымдарың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам ақыл –ойын оның музикалық, математикалық қимыл -қозғалыс т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен осы әдісті психологтар адамның жоғарғы жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляциаларды факторлық талдауға салу электрондық өлшеуіш машиналарының (ЭВМ) көмегіне де сүйенеді.

Зерттеу әдістері ќандай да бір әдіснамалыќ талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялыќ зерттеулерге ќойылатын талаптар келесідей:



  1. Ќұбылыстардын сыртќы көрінісімен олардын ішкі табиғаты арасындағы толыќ сәйкестікті таба білу;

  2. Психикалыќ ќұбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялыќ принципті негізге алу шарт, біраќ физиологиялыќ (биологиялыќ) білімдер мен факторларды көмекші ќұрал ретінде пайдалану ќажет;

  3. Психологиялыќ зерттеулердін, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арќа сұйеуі ;

  4. Психологиялыќ зандылыќтарда адамнын психикасы, іс-әрекеті және оларды ќозғаушы кұштердін ұздіксіз дамуы процессінде наќтылау .

¦йымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі (әрќандай топты жасы, ќызметі т.б. бойынша салыстыра, зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзаќ уаќыт аралығында ќайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртұрлі ғылымдар өкілдері ќатысып, бір объектіні жан-жаќты, әртұрлі ќұралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудін нәтижесінде сан ќилы ќұбылыстар мен байланыстар және тәуелді ќатынастарды ашу мұмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамнын физиологиялыќ, психологиялыќ және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

Эмпирикалыќ әдістер. Бұл топќа енетіндер: баќылау мен өзіндік баќылау, эксперементалды( лабораториялыќ, табиғи, ќалыптастырушы) әдістер; психологиялыќ болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұраќ беру, социометрия, интервью, әнгімелесуәдістері; шығармашылыќ, іс-әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаяны мен танысу әдістері.

Деректерді өндеу әдістері: сандыќ (статистикалыќ) және сапалыќ (алынған материалды топќа жіктеу, талдау) әдістері.

Реттеу-тұзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялыќ ыќпал ету әдісі, оќу-ұйрету әдісі.

Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен жеке адамның психикалық көріністерінің сапалық заттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме-дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі.

Мұндай өңдеу зерттеліп отырған психикалық құбылыстардың сапалық ерекшеліктері туралы пікір айтуға болатын көрсетркіштерді алдын ала анықтап алуды, немесе сол көрсеткіштерді фактілі материалды талдау процесі кезінде дәл таба білуді талап етеді.

Мәселен, ойлау процесі зерттелуде делік (әр жастағы немесе әр түрлі жағдайда оқитын оқушылардың ұғымды игеру материалы бойынша). Бұрыннан белгілі көрсеткіштердің қайсысы ұғымды меңгерудің сапалық ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданылатынын алдын ала шешу керек, не тиісті көрсеткіштерді эксперименттік материалдарды талдау барысында тікелей анықтау қажет. Бұл жағдайда сапалық көрсеткіштер бола алатындар: белгілерді даралау толықтығы, олардың мәндік дәрежесі, белгілер мен ұғымдар арасындағы өзара байланыс сипаты, ұғымды анықтаудың ерекшеліктері, олармен әр түрлі жағдайларда операция жасау талдын ала шешу керек, не тиісті көрсеткіштерді эксперименттік материалдарды талдау барысында тікелей анықтау қажет. Бұл жағдайда сапалық көрсеткіштер бола алатындар: белгілерді даралау толықтығы, олардың мәндік дәрежесі, белгілер мен ұғымдар арасындағы өзара байланыс сипаты, ұғымды анықтаудың ерекшеліктері, олармен әр түрлі жағдайларда операция жасау тағы басқалар.

Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық көріністерге баса назар аудару керек, өйткені, бұл адамға қазір ненің тән екендігін ғана емес, сондай-ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік туғызады.

Алайда, зрттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады.

Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты матриалды математикалық өңдеуден өткізу әдістері әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір көрсеткіштердегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан өту қажаеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді.

Психикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін альтернативалық, корреляциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланылады. Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. Осы белгілердің сандық көрсеткіштерле көрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Альтернативалық талдаудың сандық көрсеткіштері бірнешеу. Әдетте құрылым көрсеткіштермен арақатынастар көрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым көрсеткіші бөлшек пен бүтін арақатынастар көрсеткіші бүтіннің бөлшектері арасындағы процент пен берілген қатынасты сипаттайды.

Барлық сыналатындардың қай бөлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейінннің тұрақтылығы, есте сақтау тәсәлдері тағы басқалар) ие, ал қай бөлігінің оларға ие емес екендігін анықтау керек болған жағдайда құрылым көрсеткіштерін табады. Белгілі бір қасиетке ие сыналушылар топтар арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар көрсеткіштері анықталады. Мысалы, есие сақтау процесін зерттеу кезінде қандай материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалдың белгілі бір түрін есте нық сақтау бейім сыналушы топтар арақатынасының қандай екендігін анықтау қажеттілігі туады. Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір қасиеттердің, белгілердің бар екенін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның көмегімен белгілер арасында тәуелділік бар-жоғын анықтауға болмайды.

Психикалық құбылыс белгілерінің өзара байланыс дәрежесін (екінші сөзбен айтқанда, байланыс тығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың көмегі арқылы сипаттап беруге болады.

Корреляциялық сияқты дисперциялық (ажырату) талдаудың да міндеті – зерттеліп отырған белгілер арасында өзара байланыстың бар-жоқтығын анықтау. Ал корреляциялық және дисперциялық талдау арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау байланыс тығыздығының мөлшерін тек эксперимент үшін мәні бір белгілер арасында анықтауға мүмкіндік береді. Дисперциялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсер ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әрқайсысының әсер ету мөлшерін анықтауға болады. Мұндай жағдайда экспериментші зерттелетін белгілерге тигізетін әсері зерттелуі қажет факторлар шеңберін өзі анықтайды.

Психологиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеудің анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілердің шамасы айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу өткізеді және корреляциялық матрицалары, яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен байланысытығыздығын бейнелендіретін корреляциы коэффициенті көрсетілген таблица құрастырылады.

Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын, факторлардың топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды табуға мүмкіндік береді.



4-тақырып:

Жантанудың даму тарихына қысқаша шолу.
Қарастырылатын мәселелер.

  1. Психологиянын философия мен жаратылыстану ғылымдары ќойнауынан бөлініп шығуы.

  2. Ежелгі психология.

  3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

4.XХ ғасырдын 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.

5. Кенестік психологиянын дамуы.

6. Ќазаќстанда психология ғылымынын дамуы.

7. Ғылыми психологиянын принциптері.


Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.

Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді.

Ертедегі Қытай медицинасында (ХІІІ ғ) денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ол адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психологиялық қызметінде реттеп отырады. Мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасады.

Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгі органы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады.

Б.ғ.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланылады. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді.

Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық - діни ой -пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.

Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше “адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын-сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты.

2. Ежелгі психология.

Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан-алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғым түсініктерде адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит ол сол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды.

Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты.

Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды.

3.Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” – деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді. Алайда VІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.

VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып, араб тілі мемлекеттік тілге айналды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл еңбектер барлық елдерге (Азия, Үндістан, Пириней) түбегіне дейін ғалым-ғұламалардың ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, Әбу Насыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Иранның ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым.

Оның бірнеше еңбектері бар.



  1. Ізгі қала тұрғындары.

  2. Азамазаттық саясат.

  3. Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б.

Аристотельдің “Жан туралы еңбегі бар. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде “Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды” - деген ғылыми пайым жасайды.
XVIII- ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің зерттеулері оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырады.

Ойланудың дамуына ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы тани білудегі тәжірибенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қалады. Осы бағытты қолданушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші, кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті.

Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.

Ассоциативтік психология

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 ж.ж). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.

Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік ілімнің шыңы деуге болады.

XІХ – ғасырдың бірінші жартысы – психиканың даму тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл кезеңде ассоциациялық бұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығая түсті. Т..Браун, Джеймс Милль, Дж.Ст.Милль сияқты зерттеушілер қолдады.

ХІХ ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс тәсілдері айқындалды. Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психифизикалық зерттеулердің нәтижелері.

ХІХ ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып қалыптасуы нәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіле бастады. Психологияның мұндай талаптары жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Психологияның дамуындағы осы кезеңде әртүрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептерде тарих сақынасына келіп бұл пәннің әртүрлі мәселелерін әрқили көз-қарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар:



  1. Құрылым психологиясы. Негізін қалаған Э. Титченер, көрнекті өкіл В. Вундт

мақсаты сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіру

  1. Вюрцбург мектебі Батыс Европада АҚШ-та кеңінен тарады. Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. Мақсаты Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеу арқылы талдау. Көрнекті өкілдері К.Марбе, А.Майер, Г. Уотт, А. Мессер, К. Бюлер.

  2. Американдық психологиядағы функционализм ағымы.

Негізгі мақсаты-психолгия ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып адамның мінез-құлқын зерттеу.

Көрнекті өкілі Р. Вудвортс.



4.Бихевиоризм - XХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамдардың құлқын жете қарастырды да сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Терндайк (1874-1949).

5. Гештальт психологиясы – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880-1943ж.ж). “Гештальт” немісше – түр, тұрпат, форма, құрылым – деген мағына береді. Бұл мектептің мақсаты-жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.



6.Фрейдизм- Бұл –Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939 ж.ж) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу Ілімі психоанализ деп аталады. Фрейд “Жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу объектісіне айналдырады ол адам өз мінез құлықтарының туу себебін түсіндіре алмайды. Оларды санамен аңғаруға болмайды. Бұлардың нақты себептері ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға болады”-деді. Фрейдистер теориясының мәні мынада: ол жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты биологиялық негізді алға қою. Фрейдизм жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығымен қылмысын ақтайды. ХІХ-ғасырдың ортасынан бастау альп ХХ ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің ілгері дамуына неміс психологтары көп үлес қосты.
ХХ ғасырдын 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы.

ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалыќ талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясынын дағдарысы ќылан берді. Интроспекттік психология практикалыќ ќолданба енгізулерді ќажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байќатты. Онын субъектив әдістері ќоғамнын объектив ќажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерьін жана, объектив әдістер тұғырына орныќтыру жолдары іздестіріле бастады.

Сана психологиясын дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кен өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердін нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасын кейде саналы басќарылмайтын ќұбылыстар мен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бей санаға тәуелді әрекет ќылыќтар эксперименталды және клиникалыќ талдауға алынды. Осынын нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.

Бұл дәуірдегі психологиянын ќарќынды дамуына Ч. Дарвиннін эволюциялыќ тағылымыда ұлкен ыќпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялыќ дұние ќоршаған ортамен тіршілік иесінін икемдесу әрекетінен ажырауы мұмкін емес деген тұжырым орныќты. Эволюциялыќ теория ыќпалында интроспекция әдісін ќолдану мұмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.

Осылайша әртұрлі ыќпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жана психологиялыќ теориялардын туындауына себепші болды. Жана теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жана тұжырымдамалармен толыќтыру немесе оны ауыстыруды маќсат етіп ќойды.

Генетикалыќ психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженін генетикалыќ психология теориясы психология ғылымынын кен өріс жайған бағыттарыннын бірі. ¤з зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалыќ әдісті психологиялыќ болмысты тануда жетекші әдіснамалыќ принцип дәрежесіне көтерді.

¤з зерттеулерінде ғалым бала аќыл-есінін ќалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінін дамуын байќаудан басталып, сол арќылы ересектердегі интеллект табиғаты мен ќызметін білуге болады деп пайымдады.

Пиаженіннегізгі міндеті адам интелектінін ќұрылымын зерттеу. Осы ќұрылымды ол ќарапайым органикалыќ тіршіліктін эволюциялыќ даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллекттік кұрделі аќыл-естін жай психикалыќ элементтерден ќұралатынын дәлелдемекші болды.

Пиаже тұжырымынын ен ұлкен ќатесі-баланын біртұтас дамуын ескерместен, аќыл-естін өрістеу тұғырын интеллекттін өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол ќоғамдыќ тарихи әрекет болмысына ешќандай орын ќалдырмады.

Пиаженін теориялыќ тұжырымдары жоғары денгейдегі ойлау ќабілетінін көзі өткендегі ой мұмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп баќты. Ой ќабілеті өзінен-өзі бітпейтінін, ал адам даму ќасиеті екенін, сол адамнын адамгершілік ќасиет ќатысымен шындалған сайын онын санасынын жан-жаќты дамып, ойлау дәрәжесінін көтерілетінін тіпті көре білмеді.

Генетикалыќ психология зерттеулеріндегі ен ұлкен олќы-кемшілік: интеллект даму денгейінін бірінен екіншісіне өтуде оќудын манызы орынды бағаланбай, әлеуметтік-ќоғамдыќ фоктордын жеке адамнын ќалыптасуындағы мәні жоќќа шығарылды.

3. Батыстыќ психологиянын бұгінгі даму бағыты.

Ашыќ дағдарыс кезендерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен айтарлыќтай манызды теориялыќ бағыттар (необихевиоризм, енофрейдизм, гештальтпсихология) 60 жылдардын басында өздерінін бұрынғы абыройынан айырыла бастады. Әрекет-ќылыќ пен психиканы тұсіндірудегі теориялыќ ішкі ќайшылыќтар олардын негізгі бастау позицияларын ќайта ќарастыруды талап етті. Бұл дағдарыстардынаса бір мәнді себебі-экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жана өнімді көзќарас, бағыттардын туындауынан болды: танымдыќ іс-әрекет зерттеулері аймағында когнитивтік психология , гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шенберінде адам санасын зерттеуге орай - нейрофизиология , нейроморфология, нейропсихология, ќанат жайған және бір бағыт-бұл адам психологиясы еді.

Осы ғылыми – теориялыќ бағыттардын ќысќаша сипаттамасына тоќталайыќ.

Ќазіргі заман психологиясынын аса манызды артыќшылығын танытќан ғылыми ағым когнитивтік психология болды. 60-жылдардын аяғында АЌШ –та бұл бағыт бихевиористердін әрекет-ќылып талдауында психологиялыќ элементтерді елемеуі мен танымдыќ дамуда ескермеуіне ќарсылыќ білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивтік психология необихевиористер зерттеулерінін нәтижесінде пайда болып., белсенді мағлұмат жинау мен аќпарат өндеуші адам организмі жұйелі ќұрылым деген танымды әрі жалғастырды, яғни адам әрќилы аќпараттарға ыќпалды әсер етуге ќабілетті: бөтен танбалар формасына келтіре алады, одан әрі өндеу ұшін өз ќажетіне керек аќпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жұйеденбұтіндей аластайды. Когнитивтік психологиянын көрнекті өкілдері Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон .

Бұл бағыттын бұл кұнде бірнеше салалары бар. Солардын ішінде ен танымал болғаны есептеу варианты, мұнда танымдыќ процестер шектен тыс механистік негізде тұсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұраќты ќабілетке ие тетік кұйінде ќарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік ќұрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.

Когнитивтік психологиянын негізгі зерттеу аймағы танымдыќ процестер – ес, тіл мен сөздін психологиялыќ ќырлары, ќабылдау, ойлау, зейін, ќиял және танымдыќ даму. Бұл таным психологиясынын әдістері жеке адамнын көніл-кұйі мен себеп-тұрткілерін, сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де ќолданылды. Адам танымынын барлыќ формалары электрондыќ есептеу машиналарына ұќсастығымен аќпарат жинау және өндеудін бір ізді блоктары ретінде беғеленды. Адамнын аќпарат өндеу, саќтау және пайдалануына байланысты танымдыќ белсенділігінін белгілі денгей дәрежесінде көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, ќабылдау процестері, зейін, ойлау мен онын сөзбен не сөзден тыс берілетін бірліктері көптеген ќұрылымдыќ моделдерге келтіріледі.

Дегенмен, когнитивтік психологияда танымдыќ процестерді жете тұсіндіре алған тұтас бір теория ќалыптаса ќоймады. Субъект проблемасынан алшаќ тұрумен, когнитивтік психология психикалыќ әрекеттін иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындауына мәжбұр болды. Когнитивтік психологиянын бұдан былайғы өміршендігі осы әдіснамалыќ ќиыншылыќтан ќұтылудын жолын табуға байланысты. Оны уаќыт көрсете жатар.

Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей ќарсылығымен танылған ірі бағыттардын және бірі бұл гуманистік психология. Гуманистік психологиянын негізін ќалаушылардын алдына ќойған маќсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердін адам мәселесіндегі ауытќуларын орнына келтіріп, шындыќќа жаќындау, өміршен психологияны тандап алу еді. ¤з зерттеулерінін объекті ретінде гуманис-психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам тұсінігін тандады. Мұндай міндетті бұл уаќытќа дейін ешбір психологиялыќ ғылыми мектеп өз мойнына артќан емес еді. Бұлар талдауындағы жеке адамнын маќсаты-өзін-өзі кемелдендіру және мұмкіндіктерін өз кұшімен ашып, жая білу.

Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінін бірі Абрахам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясын есі ауысќандарды зерттеумен білу мұмкін еместігін ќадап айтќан. Маслоу адам іс-әрекетінін, адамнын мінезі мен ќылығынын негізі сол адамнын өзін-өзі таныту мен өз мұмкіншіліктерін ашуға деген ќажеттілік бірнеше ќызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік ќажеттілік-адамдарға, ќоғамға тек жаќсылыќ келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан ќайырымды). Ч.Дарвин теориясын өзінше тұсіндірген Маслоу, тек жыртќыш та кұшті хайуанаттар ғана өмір сұруге бейімді деген Ч.Дарвиннін ұйғарымымен келіспей, бұл жануардын негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты: тоќ арыстан көрінгенге тап бермейді. Онын жыртќыштығы икемденудін амалсыз ќұралы. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкт адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбұрлейтінін талай баса айтќан.

Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінін барша мұмкіндіктері мен ќабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жұктелген жоғары адамгершілік борыштарды атќаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атќару ќажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жұйке сырќатына шалдыќќандар өз алдынын осы өз мұмкіншіліктерінен дұрыс та толыќ пайдалана алмай, ќанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр.

Гуманистік психология тұжырымынын өзегі: адам өз бойында алғашќыдан ќалған, ќолынан келетінінін бәрін жұзеге шығаруы тиіс. Егер онда ќұрттайынан актерлік байќалса ол актер болуға ұмтылуы тиіс, ойлау ќабілеті дамыған болса ғалым болуға тырысуы ќажет. Егер адам осыны істемесе, өмір жағдайлары бұған кедергі жасайтын болса, “болуы тиіс еді, неге болмады?”-деген шешімін таппай, өз бойы мен ойындағы бітпес дау-дамайға тап болып, жұйке сырќатына кезігеді.

¤з мұмкіншілігін ашудын мәні не? Маслоу пікірінше, бұл-тума ќұбылыс, адамнын табиғи ќасиеті. Әрбір адам ќайрымдылыќ, адамгершілік, тілектестікке деген ќажетсінумен дұниеге келеді. Бұлардын бәрі адам өзегінде, онын міндетті осы гуманистік ќажеттерді іске асыруда белсенділік көрсету. Осы идеясымен Маслоу фрейдистер көзќарасына тікелей ќарсы шыќты (Фрейд адамнын әлеуметтенуін онын негізгі инстинтктеріне шек ќою деп білді.)

Маслоу бірінен біріне кұрделене ауысып отыратын адам ќажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді.



  1. физиологиялыќ ќажеттіліктер

  2. ќорғаныс ќажеттіліктері

  3. ќорек-тағамдыќ ќажеттіліктер; осылардын бәрінен жоғары адамгершілік (гуманоидтыќ) ќажетсінулер, яғни

  4. шындыќ, ќарапайымдылыќ, әділдікті керек ету.

Міне, осылардын бәрі өз мұмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы ќажеттіліктердін мазмұнын ќұрайды. Ќажеттелектерге орай Маслоудын осы тұжырымнын біз ұшін аса ќызыќты тарапы: өзіндік кемелдену адамға тума дарығанына ќарамастан, алдынғы ұш топ ќажеттіліктер орындалған жағдайда ғана шын мәніндегі өз көрінісін береді. Дұрыс тұжырым, алайда Маслоу тағлиматынын кемшілігі де осы пікірде: егер кей адамдардын алғы ұш топ ќажеттіліктерге орай ќанағаттануы болмаса, онда әділдік, өз ќадірін білу, сыйластыќ ќұсаған гуманистік ќажеттіліктер ќалай ќалыптасады? Бұл жағы Маслоу теориясында жұмбаќ. Маслоу антропологиялыќ бағдар шырмауынан шыға алмай, ќажеттіктердін әлеуметтік ќорына мән бермеді.

Маслоу теориясынын басты кемшілігі-онын биологизаторлыќ пікірден аса алмағандығында, әлбетте, біздін ќайрымды, игілікті болып дұниеге келетініміз, жаман болу біздін еркімізде еместігі-әрќайсысымыздын да көнілімізге ќонымды. Біраќ инабаттылыќ ќасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн: ќайрымды болып та туылатын адам жоќ, жатырынан жауыз болатын да пенде әзірге көргеніміз жоќ. Бұлардын бәрі өмір барысында ќалыптасады. Адамгершілік, этикалыќ ќасиеттерді тума ќұбылыс деп тану-биологиязациялыќ дағдарысќа тірелудін басы.


Ресейдегі 1917 ж қазан төнкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлерді жинақтап топтастыратын болсақ, Батыс елдері мен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейде психологиялық ой-пікірлер негізінен 2 бағытта өрістейді:

  1. Бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана - сезімінің даму

  2. Ресми идеология. И.М.Сеченовтің “бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық - ғылыми негіз болды, сөйтіп материалистік психологиялық ой-пікірлердің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың, кеңестік кезінде В.М. Бехтеревтің, И.П. Павловтың зерттеулері, Н.Е. Введенский мен А.АУхтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаналықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты.

Кеңестік дәуірде психология ғылымының негізін қалауға П.П. Блонский, К.Н. Корнилов, Б.М. Теплов т.б. айтарлықтай үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский және іс-әрекет психологиясы мәселелерін зерттеген С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев т.б.

Қоғамның тарихи дамуының мұқтаждығының экономика мен идеологиялық мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның көптеген салалары мен тармақтары дамып жетіліп жеке-жеке ғылыми пәнге айналды.



7. Қазақстандағы психология ғылымының даму жолы

Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі. Қорыта айтқанда Қазақстанда психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, кең жайылып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет