Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет10/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
5.1.5. Май тамшыларын анықтау
Арнайы бояу әдісін қолданбай май қосындыларын ашытқы клет-каларында бақылауға болады. Ол үшін тірі препарат дайындалады: заттық шыны бетіндегі бір тамшы суға ашытқы енгізіліп, жабын шынымен жабы-лып ВИ-40 объективімен зерттелінеді. Клеткаларда күн сәулесін сынды-ратын май тамшылары байалады.
Май тамшылары бактерияларды боялған препаратта байқалады. Бір тамшы бактерия суспензиясына судан ІІІ тамызылса, май тамшыларында бояу еріп, қызыл-қызғылт түске боялады. Клетканың цитоплазмасы түссіз болып қала береді.

    1. Бактерия ядросын бояу тәсілі. Микроорганизмдердің көбісі толық қалыптаспағанғ цитоплазмадан ядролық мембранамен шектелмеген ядродан тұрады. Толық қалыптасқан ядро тек жоғарғы дамыған микроорганизмдерде кездеседі: ашытқылар, са-ңырауқұлақтар және миксобактериялар. Бактериялардың ядросы нуклеоид деп аталады, ДНК құрылымынан тұрады.

Нуклеоид – нәсілдік ақпаратты жинақтап, келесі ұрпақтарға жеткізіп отыратын аппарат. Бактерияның ядросы ұзын, сақиналы ДНҚ жіпшеле-рінен тұрады. ДНҚ-ның сақиналы формасы Esherichia coli-де кездеседі.
А.А.Имшенецкий және А.Н.Белозерскийдің жұмыстарында цитоплаз-мада ядроның бояуымен боялатын РНҚ кездесетіні көрсетілген. РНҚ мен ДНҚ –ны препараттарда ажырату қиын болғандықтан, көптеген әдістер РНҚ-ны гидролизбен жойып барып ДНҚ-мен бояуға негізделген.
Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар, микробиология-лық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, ламинар-бокста зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, митилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт, бөлме термостаты.
Жұмыс барысы:
Бір тәуліктік бактерия бөлме термостатында сақталып, суспензия дайындалып, қақталған препарат дайындалады. Препарат 2%-ті осмий қышқылымен 2-3 минут қақталады, ол үшін осмий қышқылдың 2-3 тамшысы Петри табақшасына тамызылып, заттық шыныдағы препарат табақша қырына орнатылады.
Препарат қақталған соң 1 н. HCI ерітіндісіне 600С температурада ги-дролизденіп, сумен шайылады. Ол үшін HCI құйылған химиялық стаканда қайнаған су ваннасына 20-30 минутқа орнатады. Гидролизденген препарат-ты сумен шайып, 1,5 минут 1%-ті формалин тамызады, сумен шаяды.
Микроскоппен зерттегенде ашық-қызыл түске боялған нуклеоид клетка ортасында немесе екі полюсте орналасқан түйіршіктер түрінде байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет