Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет113/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147
11.2-сурет – Бұрамасұқпамен жүргізілетін тез ауыспалы қысқы
11.2-суреттегі қысқы, бұл қысқыда 1 тұрқысына 2 бұрамасұқпа баспалаумен қондырылған. Мұнда бұрамасұқпа ауыспалы төлкелерге жетек ретінде пайдаланады, ол үшін төлкенің шетінде ойық жасалған. Сонда шариктер төлкені өз салмағының әрекетінен түспеуге ғана тосқауыл бола алады.

Осы қыспақтарға кесу құралдар ауыспалы төлкелермен орнатылады. Кесу құралдар сол төлкелерге өздерінің конусті, цилиндрлі не квадрат құрал сағасымен қондырылады.

Ұңғылағыштарға арналған өздігінен центрленетін қыспақтар

Белгілі ұңғылау әрекет тесіктердің дәлдігін 6–7 квалитетке жеткізуге қолданылады. Ондағы өңдеп түсірілетін әдіп мөлшері 0,2-0,3 мм одан кем болуы мүмкін. Мұнда әдіп пен тесіктің дөңгелексіздігінің шамалары бір мөлшерде, сондықтан кесу құрал қатаң қондырылып бекітілсе, онда өңделетін тесіктің және ұңғылағыштың араларында осьсіздік пайда болады. Сол осьсіздіктің әрекетінен ұнғылағыш тесіктің бір жағын өңдейді және тесіктің пішіні дөңгелектіктен ауытқиды. Сондықтан ұңғылағышты білдекке орнықтандыру үшін өздігінен центрленетін қыспақтар қолданылады.

Қыспақтар екі түрде болады:

1) тербетілетін, мұнда ұңғылағыштың осі вертикаль оске қатысты бұрылып түруы мүмкін;



2) малтымалы, мұнда ұңғылағыш өзінің осіне параллельді жылжуына мүмкіншілік бар, сондықтан ұңғылағыш өңделетін тесікке өздігінен центрленеді.

11.3-сурет – Өздігінен центрленетін қыспақтардың сұлбасы
Бұл қыспақтарда құрылым саңылаулар мөлшерінде кесу құрал жылжып не бұрылып өңделетін тесіктің осімен сәйкестеледі.

Бұрандаойғыштарды қысып бекітетін қысқылар

Бұрандаойшықтарды қысатын қысқылардың бірнеше түрлері бар. Бірақ олардың құрылымдары бұраманы ою әдісіне байланысты. Бұраманы ою әдістерінің екі ұстаным түрі ажыратылады:

- өздігінен тартылып ықтиярлы беріліс әдісі;

- көшірме ықтиярсыз беріліс әдісі.

Бірінші әдіс кең пайдаланады. Бұл әдісте бұрандаойғыштар өздігінен тарту күштердің әрекетімен еркін жылжуларына мүмкіншілік болады.Мұнда тез ауыспалы қысқыларды қолдануға болады. Егер шпинделді қозғалтуға көп күш қажет болса, мысалы ауыр білдектерде, онда сақтанғыш серіппелер – компенсациялайтын серіппе қысқының құрамында болады. Аталған серіппенің міндеті бұрандаойғышқа шпинделден тәуелсіз қозғалыс беру.

Бір жақтан бітеу тесіктерде бұрама ойылса не асқын жүктеу қауіп болса, онда сақтандыру қысқылар пайдаланылады. Бұл қысқылардың міндеті кесу құралды сынудан сақтандыру. Аталған қысқыларда айналдырушы моментке белгілі шектерде реттеледі, егер кесу момент реттелген моменттен асса автоматты түрде бұраманың ойылуы және бұрандаойғыштың қозғалысы тоқтатылады.

Егер білдекте керіқимыл болмаса, онда керіқимылды сақтанғыш қысқылар арқылы қолданылады, олар әдетте қол беріліспен жұмыс істейді. Бұрандаойғыш тесіктің түбіне не шпиндель тірекке тірелсе, сонда қысқының бұрандаойғышпен бірге айналуы тоқтатылады. Шпинделді бастап көтерген кезде қысқы автоматты түрде ауыстырып-қосылады да бұрандаойғышпен бірге кері айналады, бұрандаойғыш бұрап шығарылады.



Радиал бұрғылайтын білдектерде тесіктің және бұрандаойғыштың остерінің сәйкестірілуі қиындаса, мысалы бұрадаойғыш қатаң бекітілсе, малтымалы өздігінен центрленетін қысқылар қолданылады.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет