Территориясы, тайпалыќ ќђрамы


ІІ ҚЫПШАҚТАР:САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі163 Kb.
#86239
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
kypshak
ДҮНИЕ-ЖҮЗІ-ТАРИХЫ-БОЙЫНША-ТЕСТ-СҰРАҚТАРЫ., 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері презентация, 1178 1201 1179 y 1179 negizderi, 7v, 6-сабақ. 7 сынып Қазтарих 1-тоқсан Айтуғанова-53
ІІ ҚЫПШАҚТАР:САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ.
2.1 Қыпшақтардың этникалық құрамы мен саяси тарихы .

Б.э.д. 201 жылы жазылған қытай дерегінен А.Н.Бернштам қыпшақ ұлыстық одағының есімі тұралы да, тұрмысы туралы да мәліметтер тапты. Ши-Цзы еңбегінде қыпшақты-қыпшақ деп, оны қытай иероглифінше-Цзюеше деп жазылғанын анықтады. Бұл көне шығыс зерттеу әдебиетінде қытай деректерінен алынған тұңғыш мәлімет еді. Осы мәліметті А.Н.Бернштам Махмуд Қашқаридың “Диуани лұғат ат –түрік” еңбегімен салыстырып қарады [3, 65 б.].


Сонымен қатар, қыпшақтардың Алтай бойында тұрмыс жасап келген шағының соңғы кезіне байланысты дерек Селенгі бойынан табылды. Бұл ескерткіште “Түрік- қыпшақтар бізді 50 жыл билеп тұрғанда не істеліп еді”, - деген сықылды кекті сөз шығыс түрік мемлекеті құлатылғаннан кейін ұйғыр хандығын құрған бас билеушісінің Алтай алқабында тұрғанын анықтауға көмектесті. Екіншіден, кейін есімін бүкіл Батыс Азияға таратқан түрік жұрты, осы қыпшақтың бір бөлімі екені анықталды.
Б.э. IV-V ғасырларында қыпшақтардың бір бөлігі (Ашин қыпшағы) Ашин өзенінің бойында тұрды. Енді бір бөлігі Алтай жерінде Жыланды өзені бойында, Жыланды тауында тұрды. Енді бір бөлігі Батыс Алтайда тұрды.Аты Қыпшақ дегені болмаса, бұл үшеуі бірінен – бірі тәуелсіз жеке-жеке тіршілігін етті. Үшеуінің тарихы үш жерде дамыды. Ашин қыпшағы түрік – қыпшағы аталып (VI-VIIIғ.ғ) 200 жыл өмір сүрді де, құрыды. Батыс Алтай қыпшағы Қазақстан даласында тіршілік етті, кейін қазақ халқының құрамына кірді. Жылан қыпшағы – алтай тауы жыланды жерінен Батысқа қарай ауды. Б.э. IX-Xғ. Оңтүстік орыс жазығында бірнеше ғасырлар бойына Ресей жұртына тыным бермеді, Үнемі жортуылдап тұрды.
Біздің зерттейтін қыпшақ жұрты – қазақ құрамына енген Алтай– Қыпшағы болып табылады. Алтай–Қазақстандық қыпшақ ұлысы көп тайпалардан құралды. Ш.Ш.Уәлиханов, Н.А.Аристов: қыпшақ ұлысы 12 тайпадан құралды деп мәлімдеді. Қазақ халық шежіресі оны мақұлдады, олар: 1)торы-айғыр, 2) тюукша, 3) қайтабақ, 4)бұлтұн , 5)қарабалық, 6)көлденең, 7)танабұқа, 8)қарабура, 9)қарабөрік, 10)ұзун, 11)төтенше, 12) бұға т.б [12]. Бұл есімдердің кейбіреуі тотемизммен байланысты аталса, қайсы біреулері бұрыннан бар. Демек, бұл тайпалардың көпшілігі өте ілгеріден келе жатқан көне ру болып табылады.
Араб, парсы саяхатшылары X-X ғ.ғ. қыпшақ даласына саяхат жасап, қыпшақтардың 50-60-тай ру-тайпа аттарын жазып алды. Бұл есімдер біріншіден, шетелдіктердің тілі келмей бұзылып айтылуымен, екіншіден араб, парсы жазуларының емлесіз қалай болса солай жазылуының салдарынан бізге нағыз өз есімімен келіп жетпеді. Мұндай есімдер: тоқсоба, иете, буржуглы, бөрілі, кунук, біркөбе, аларыс, бузуожы, менгуоглы, куманку, бузанку, бежана, шортан т.б. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады, бірақта бұл біздің зеріттеуміздің мақсаты емес.
1911ж. Айқап журналында жарияланған шежіреде қыпшақ ұлысы зор үш тайпадан: 1) құлан қыпшақ 2)қара қыпшақ 3)сары қыпшақ деп аталатын үш тайпадан құралды деп мәлімет берді. Осындай “құланқыпшағы” деген атау, дала қыпшағы деген баламаға дәл келеді, ал осы баламаға сай араб, парсы, саяхатшылары, қыпшақ жері, “қыпшақ мемлекеті деген ұғымды” (қазақ даласы) Дешті-қыпшақ деп атады [13,13-15 б.].
Б.Е.Көмековтің пікірінше, қыпшақтар туралы ҮІІІ-ХІ ғ.ғ. ежелгі деректерде, оларды қимақтармен саяси жағынан байланысты болған делінсе де, бұл байланыстар болған, өйткені, олардың этникалық территориялары бөлек, экономикалық сипаты жағынан да екі басқа. Қыпшақ тайпалық бірлестігі өте күрделі әрі арнайы зерттеуді қажет етеді деген болатын..
ХІ ғ.басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулетті шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азиямен Оңтүстік-шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жетеледі [7, 85 б.].
ХІ ғ. екінші ширегінде қыпшақтардың әскери тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және орта ағысына, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан Оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси да себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен ХІ ғ. Басында Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге, қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы да болған жоқ. ХІ ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жердің тапшылығынан, Еділ бойына, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек,-дейді Б.Көмеков [7, 88 б.].
ХІ ғ. бірінші жартысынан ХІІІ ғ. басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның ең алдымен олардың жерінде Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандарының күш қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеті елбөрілі руы заңдастырды.
Батыс қыпшақтардың тайпалық құрамы он бір тайпадан тұрды, олар: тоқсоба, йетиоба, қарабөріклі, қотан, жартан, құлабоғылы, бұржоғлы, қаңғароғлы, елбөрілі, анджоғлы, дурут, тайпаларынан тұрған [14, 232 б.]. Батыс қыпшақ конфедерациясының жетекші әулеттік тайпасы тоқсоба мен бұржоғлы болған. Қазақстан аумағында құрылған Шығыс қыпшақ бірлестігінде этникалық байланыстардың даму және тереңдеу дәрежесі Шығыс ұлыс қыпшақтарының тайпалық құрылымы бойынша айқын анықталады. Араб ғалымдары Ахмет ат-Тыни (1235-1318 ж) және ад- Димашкидің (1301-1349ж) еңбектерінде Шығыс ұлыс қыпшақтарының рулық-тайпалық құрамы 16 этникалық компоненттен тұрған. Олардың 8-і негізгі тайпалары болған да, одан кейінгі 8 этникалық компонент неғұрлым ұсақ болған. Сонымен қатар, қыпшақтардың тайпалық конфедерациясының тізімі ретсіз кездейсоқ сипатта болғанын атап өту маңызды. Керісінше, онда аталған этникалық бөліністердің әрқайсысы әулеттік, әлеуметтік және саяси деңгейі мен орнына сәйкес қатаң реттелген [14, 67 б.].
Ең жетекші, таңдаулы тайпа бөрілілер ( басқа деректер бойынша елбөрілілер) болып, қыпшақ хандары ұрпақтан ұрпаққа солардың қатарынан шығып келген. Бөрілі терминінің семантикасы „қасқыр“ мағынасымен байланысты. Тарихи және этнографиялық әдебиеттерде бірқатар түрік этносының аңызға айналған негізін қалаушы ретіндегі қасқырға табыну және түрік тайпаларының ертедегі даму сатыларындағы қасқырдың төтем ретіндегі рөлі кеңінен белгілі. Бөрілілер Орта Азиядан шыққан ертедегі түрік тайпасы болған.
Ендігі жерде ұсақ ру тайпаларға тоқталар болсақ, оларға ең алдымен тағ этнонимімен аталған тайпа кіреді. Ертедегі оғыздардың аңыздарына қарағанда, тағыр тайпасы оғыздардан шыққан. Сонымен бірге, ертедегі башқұрт тайпасы жекелеген топтары Х ғасырда Арал өңірі мен Каспий өңіріндегі тайпаларын атайды. Осыдан соң манлу этнонимі, яғни, қуман+лу (билеу немесе қатынас)тайпасы аталады. Бұлар мүмкін қуландардың негізгі көпшілігі Шығыс Еуропаға көшіп кеткеннен кейін Қазақстан аумағында қалған қулан тайпаларының ұсақ топтары болса керек. Одан кейін екі тайпа:базанақ (бажанақ) және бажна тайпалары айтылады. Бұлардың өзі башқұрттармен бірге печенег тайпаларының одағына кірген. ІХғ.І-жартысында олар оғыздар, қимақ, қарлұқтардың одағынан жеңіліс тауып, содан кейін, іле-шала негізгі шекарасы Арал теңізі, Жем мен Жайық аймағынан батысқа ауып көшуге мәжбүр болған еді[16, 132-133 б.].
Қазақстан аумағында қыпшақ халқының қалыптасуын этникалық аумақ, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртектігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл бірлігі жәрдемдескен этникалық-мәдени белгілердің үйлесу үрдісін жеделдете түсті, қыпшақтардың әр түрлі этникалық топтарымен өзара тығыз іс-қимылы этникалық қауымдастыққа әсер етті.
Қыпшақтардың саяси салмағының барған сайын өсе түсуіне байланысты көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің біртұтас этносқа жататындығын ұғынып, қыпшақ этнонимін қабылдады және өзін-өзі „қыпшақтар“ деп атай бастады. [17, 17 б.]
Алайда қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңін монғол шапқыншылығы үзіп жіберді. Этнос ретінде қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде елеулі рөл атқарады. „Қазақ“ сөзінің өзі қыпшақтар мекендеген аймақта пайда болған деуге толық негіздер бар.
ХІғ. ІІ жартысы-ХІІғ. Басында қыпшақ хандарының біршама орталықтануы мен бірігуі қыпшақ тайпаларының Хорезмге қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік шығысы мен оңтүстік Қазақстан ауданына қарай жылжуына себепші болды. ХІғ.ІІ-жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте орнығып алды, бұл жерлерде қыпшақтармен бірге оғыз тайпаларының қалған топтары (кешат, чағрақ) көшіп жүрді. Әл-Идрисидің „кіші картасында „Қыпшақтар даласы“ деген географиялық атау келтірілген. Бұл этнотопоним Каспий және Арал теңіздерінің арасында орналастырылған, мұның өзі тарихи шындықты көрсетеді [2, 544 б.].
Қыпшақ және кулан тайпалары бірлесіп Еділден батыс бағытына қозғалуы оғыздар мен печенегтерді Еділден Днестерге дейінгі ұлан–байтақ дала өңірінен ығыстырып шығарып, оған өздері қоныстанды.
Қыпшақтар хандығы құрылғаннан кейін оңтустігінде өз мемлекетінің шекарасын кеңейтіп, Тараз төңірегіне дейін жетті. Онда Қарахандармен шекарасына Кенжек бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақ пен Қарахан мемлекет билеушілерінің үлестері арасында табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері ХІ ғасырда Ертістің оң жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. ХІ ғасырда қыпшақтар Алтайда құмдармен, қаңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты[17, 28 б.].
Солтүстік–шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдиниеттің Соян- Алтай тауларымен байланысты болды, ол оны таратушылар қырғыз, хакасы және т.б. тайпалар болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласы Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғар және башқұрттар дүниесімен өзара әсері XI ғ. I-жартысында-XIIIғ. басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет