1 тақырып: Конструкциялық материалдармен танысу. Металдар
Жоспар I Қара металдар
II Болат
I Қазіргі өндіріс пен техниканың негізгі материалдарының бірі - металл. Металдар негізінен қара және түсті металдар болып екі топқа бөлінеді.
Қара металдар тобына шойын мен болат жатады. Олар темір мен көміртегінің коспасынан алынады. Адамның өмірінде темір үлкен қызмет атқарады. Ол дүние жүзінде өте көп тараған. Табиғатта темір таза күйінде кездеспейді. Ол оттегімен қосылып, тотығады да, темір кеніне (табиғи шикізат) айна лады. Адам баласы б.з.б. 1-мыңжылдықта табиғи шикізаттан темірді көп мөлшерде айырып ала білген. Сондықтан «темір ғасыры» деген үғым пайда болған.
Темір таза күйінде кездеспейтіндіктен, ол корытпа күйінде көп пайдаланылады. Қара металдар корытпа күйінде ғана кол-данылады. Қорытпа күрамында әр түрлі элементтер кездеседі. Кейбір химиялық элементтер темірдің қүрамында табиғи түрде кездессе, кейбіреулерін арнайы қосады. Мүндай арнайы қосы-лған химиялық элементтер темірдің касиеттерін өзгертеді. Аз ғана косылған кейбір химиялық элементтер темірдің катты-лығы мен жоғары температураға төзімділігін арттырады.
II Темір қорытпасының ең негізгі компоненті — көміртегі. Егер темір қорытпада көміртегі аз болса, мысалы, ол 0,04%-дан кем болса, онда ол өзінің физикалық қасиетін сақтайды, яғни жүмсак әрі иілгіш келеді. Көміртегі көбейген сайын темірдің қаттылығы артып, иілгіштігі кеми түседі.
Қapa металдың ең қөп тараған түріне болат пен шойын жатады. Құрамындағы көміртегі 2%-дан аспайтын, баска табиғи немесе арнайы қосылатын қоспа элементтері (марганец, кремний, хром, натрий, молибден т.б.) бар темір қорытпасын болат деп атайды. Болат - машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын негізгі металл. Сондықтан зауыттар болаттын көптеген түрлерін жасап шығарады: табақты, жолақты, дөңгелек (шыбық секілді), төртбұрышты, қырлы т.б.
Болат түрлері
I Құрылыс болаты
II Түсті металдар
I Пайдаланылуы жөнінен болат мынадай түрлерге бөлінеді:
1 Құрылыс болаты. Оған қыздырып еңдеуді қажет етпейтін, жақсы пісірілетін болаттар жатады. Ол көпірлерді, ғимараттарды, гидротехникалық құрылғыларды салуда қолданылады. 2. Конструкциялық болат. Ол көбінесе машина жасау өнеркәсібінде қолданылады. Машиналардың көптеген болшектері болаттың осы түрінен жасалады. 3. Құрал-саймандық болат. 4. Арнайы мақсаттагы болат т.б.
Құрамындағы көміртегі 2%-дан асатын темір қорытпасын шойын деп атайды. Ол 0атты және морт келеді. Шойынның құрамында көміртегіден басқа табиғи немесе арнайы қосылатын қоспалар: марганец, кремний, хром, никель, күкірт, фосфор т.б. кездеседі. Шойын морт болғандыктан, ол қысым арқылы өңдеуге, пісіруге келмейді.
Шойынның құюға лайыкты қасиеттері жаксы болғандыктан, ол машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Одан станоктардың табанын, қозғалтқыштардың шығырын, жылыту радиаторларын, массасы жоғары құймалар жасайды.
Шойынды темір рудасынан қорытып алады. Жер қойнауында жатқан темір кендерінен шойынды балқыту арқылы қорытады. Республикамыздың Қостанай, Жезқазған, Теміртау, Маңғыстау өңірлерінде темір рудалары өндіріледі.
Темір кені жер бетіне жақын жатса, оны ашык карьерлерде өндіреді. Дегенмен кен көбінесе жердің терең қабатында орналасады, оны алу үшін арнайы кеніштер дайындалады. Алынған руданы зауытқа жеткізіп, үлкен домна пештерінде одан шойын қорытады. Кенді балқытудан бұрын оны арнайы фабрикаларда қосымша қоспалардан (күкірт, топырақ т.б.) тазартады. Сөйтіп конвертор мен мартен пештерінде шойынды балқыту арқылы болат алынады.
II Түсті металдар да техника мен өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. Олардың қатарына: алюминий, мыс, мырыш, корғасын т.б. металдар жатады. Машина жасау өнеркәсібінде түсті металдар таза күйінде қолданылмайды, себебі олардың беріктігі шамалы әрі олар жүмсақ келеді. Сондыктан іс жүзінде таза металдардың өр түрлі қорытпасы қолданылады. Демек түсті металдар дегенде, олардың таза күйін емес, қорытпасын түсінуіміз керек. Бұлар қара металдарға карағанда біршама қымбат әрі жеңіл, үйкеліске төзімді, тоттанбайды.
Машина жасау өнеркәсібінде мыстың екі түрлі қорытпасы қолданылады. Олар - жез бен қола. Мыс пен мырыштың қорытпасын жез деп атайды. Олардың құрамындағы мырыштың мөлшері 50%-ға дейін жетуі мүмкін. Жез өте берік болады және тоттанбайды. Сондықтан өнеркәсіпте жез кеңінен пайдаланылады. Жезден түтіктер, гильзалар, өткізгіштер, түрлі аспаптар (әсіресе электр аспаптары) жасап шығарылады. Баббиттер - қалайы мен қорғасын элементтерінің негізінде мыс, кадмий, никель, натрий т.б. элементтер қосылып корытылған, үйкеліске берік қорытпалар. Олар қысымға төзімді, оңай өңделеді. Сондықтан оларды сапалы қатты заттардың бетін қаптау үшін қолданады. Баббиттер күрделі турбина, турбокомпрессор айгөлектерін жасау үшін пайдаланылады.
Металдардың қасиеттері
I Металдардың қасиеттері
II Қасиеттердің сипаттамалар
I Металдардың физикалық, химиялық және механикалық қасиеттері бар. Физикалық касиеттеріне олардың түр-түсі, балқу температурасы, жылу мен электр өткізгіштігі, жылудың әсерінен ұлғаюы т.б. жатады. Механикалық касиеттеріне олардың каттылығы, серпімділігі, беріктігі, иілгіштігі, түт-қырлығы т.б. касиеттері жатады. Металдардың химиялық касиеттерінің бірі - тоттануға қарсылығы.
II Аталған қасиеттердің кейбір сипаттамасына тоқталып өтейік.
Балқу температурасы. Металдардың балқу температурасы деп олардың қатты күйден сүйық күйге өту кезіндегі температурасын айтады.
Жылу өткізгіштік - металдардың өздерінен жылуды өткізу қасиеті. Металдар қалай тез қызса, жылу өткізгіштігі соғұрлым жоғары болады.
Жылудан ұлгаю қасиеті - қыздыру барысында металдардың өз көлемін өзгертуі, басқаша айтканда үлғаюы.
4 Беріктік — металдардың механикалық күштерге қарсыласуы, өздеріне түскен күштердің әсерінен сынбауы
5 Қаттылық - металдардың өздеріне қатты заттың түсірген әсеріне қарсы төзімділігі. Металдардың қаттылығын білу үшін шағын тәжірибе жасап көруге болады. Болат пластинаға кернерді қойып, оны балғамен ұрсаңдар, онда ойық пайда болады. Енді осы операцияны қорғасын пластинасына жасап көріңдер. Қай металдың қатты екенін анықтаңдар.
6. Металдардың серпімділік қасиеті оларға түскен күш тоқтаған соң өздерінің алғашқы қалпына келуін білдіреді.
7. Тоттануга қарсылық дегеніміз - металдардың коррозияға қарсы шыдамдылығын көрсетуі. Металдар негізінде ылғалдың т.б. факторлардың әсерінен тоттанады.
2 тақырып: Металл өңдеу
Жоспар I Металл кесу
II Қыспақ
I Сендер жұқа металдарды, қаңылтырды қайшымен кесіп үйрендіңдер, ал сым темірлерді қысқашпен қидыңдар. Мектеп шеберханасында балға мен шапқыны пайдаланып, металдың түрлерін өңдеуді үйренесіңдер. Мұндай жүмысты металл кесу деп атайды.
Металды кесіп үйрену үшін оған кажет қыспақтар мен құрал-саймандардың қызметін білу керек
1 сурет
Металды өңдеу үшін еріндіктерінің ені әр түрлі, айналмалы қыспақтар қажет. Осындай қыспақтар түрі 1-суретте көрсетілген.
Слесарь қыспақ бұранда мен бұрандалық арқылы жұмыс үстеліне өңделетін бұйымды қыспаққа бекітеді.
Айналмалы қыспақ мынадай бөліктерден тұрады: жылжымайтын ерінді тұрық, жылжымалы еріндік, қыспақ бұранда, сабы бар жылжымалы еріндік.
Қыспақтың негізгі бөліктері шойыннан жасалады.
Өңделетін бұйымды қыспаққа бекіту үшін бұранданың көмегімен оның еріндіктерін бұйымның еніне тең етіп ашады. Сонан соң жылжымалы және жылжымайтын еріндіктер асарына бұұымды қояды да, бұранданы оңнан солға қарай бұрап бекітеді.
II Қыспақпен жүмыс істегенде, мынадай ережелерді есіңде ұста:
Слесарьлық балғалар шабу аспаптарына жатады. Олардың шаппалары шаршы немесе дөңгелек болады. Балғаның шаппасынан басқа тұмсығы, ал ортасында саптауға арналған тесігі бар.
Балғалардың массасы 200, 400, 600 г етіп жасалады. Балғаның сабын қатты ағаштан жасайды. Оның ұзындығы балғаның массасына қарай, 250-300 мм шамасында болады. Шабудың негізгі құралын шапқы деп атайды. Ол жұмыс бөлігінен, орта және бас бөліктерден тұрады. Балға сапта берік тұруы үшін сынамен бекітіледі.
Металды шабу (кесу) әдісі
I Металл кесу
II Металдың бетін егеу
I Болат бұйымды қыспаққа бекіткенде, оның кесілетін жері қыспақ еріндіктерінен 2-3 мм жоғары шығып түруы керек (2-суретке қараңдар). Еріндіктерге қысылған бүйымның кесілетін жеріне шапқының жүзін қояды. Оң қолмен балғаның сабын суреттегідей етіп ұстап, шапқының бас жағынан балғамен соғады. Балғамен соққанда, бойыңды еңкейтпей түзу ұста, аяқтарыңды бір-бірінен сәл алшақ қой. Сонда соғу күшті әрі тузу болады.
Бұйымды дұрыс кесу үшін және жарақат алмау үшін, оны шапқан кезде балғаға емес, шапқының жұмыс бөлігіне қара. Оның бас бөлігін екі рет ұрмай, бір ұрғанда кесетіндей етіп күш жұмса. Соғу күші шабылатын металдың қалыңдығына байланысты. Ол қаншама қалың болса, соғу күші соншама көп болуы қажет.
II Металдың бетін егеу
Машина бөлшектерінің алғашқы дайындамаларын жасағанда, оның беті тегіс болмайды. Сондықтан бөлшектердің бетін тазалап, белгіленген өлшемді алу үшін, егеу жұмыстары жүргізіледі. Егеу жүмыстары станок арқылы немесе қолмен орындалады.
2-сурет
3 сурет
Егеyгe қажет сайманды егеу деп атайды. Оның негізгі қызметі — металдың бетін кесу арқылы тегістеу. Кескіш бөлігі болат білеушеден тұрады, оның ұзындығы, пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Кескіштің жұмыс бөлігінде тістер орналасқан. Егеу пішінінің қимасы арқылы байқасақ, оның бірнеше түрі (жазық, шаршы, үш қырлы, жартылай дөңгелек, дөңгелек т.б.) болатынын байқаймыз. 3-суретте егеудің түрлері мен тістерінің айырмашылығы көрсетілген
Металды егеудің әдісі
I Металл егеудің ерекшеліктері
II Металдың бетін тазалау
I Металл егеудің өз ерекшелігі бар. Мысалы, металды егеу кезінде қыспаққа карай денеңді бір қырыңмен бағыттап, сол аяғыңды ілгері қой. Екі аяғыңның алшақтығы 200-300 мм болғаны жөн. Қыспақтың беті мен оң қолыңдағы егеудің беті бір жазықтықта жатуы тиіс. Егеудің сабын оң қолыңмен қысып ұста. Бас бармағыңды саптың үстіне тіреп қой. Сол қолыңның бармақтарын егеудің үш жағынан 20-30 мм кері тастап, үстінен басып ұста.
Металл жаңқасын кесіп алу үшін егеуді оның үстінен басыңкырап жүргізеді. Екі қолдың күшін реттеп отыру керек: егеудің үш жағы металдың үстінде болған сәтте күшті сол қолыңа көбірек сал, ортасына келгенде, күшті екі жағына бірдей сал, ал оның артқы беті металл үстіне келген кезде күшті оң қолыңа аудар (4-суретті қара).
II Металдың беті таза болу үшін, әуелі оны тістері үлкен егеумен өңдеп, жаңканың үлкен бөлігін кесіп түсіреді де, екінші рет майда тісті егеумен қайтадан өңдейді. Бөлшектің бетінің тазалығын, тегістігін жақсарту үшін, қиылыстырып егеу әдісін қолданады. Мұндай жағдайда бөлшектің бетін алдымен бір бағытқа, сонан соң екінші бағытка қарай егейді.
4 сурет
3 тақырып: Металды түзету
Жоспар I Металды түзету
II Металды майыстыру
I Қаңылтырдан немесе жолақ металдан жасалған дайындамаларды өңдеу үшін, оларды майыстыруға, не түзетуге тура келеді. Металды түзету үшін оларды алдын ала қайшымен қияды немесе шапқымен кеседі.
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына басы дөңгелек темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы тостер немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен үстап, төстің үстіне қой. Оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ;
металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт (5-суретке қараңдар).
II 0,5 мм-ден қалың қаңылтырды түзету үшін суретке назар сал. Барлық майысқан жерлерді бормен айналдыра сызып, белгілеп ал. Металды тегіс тақтаның үстіне дөңес жағын жоғары қаратып қой. Балғамен ұруды қаңылтырдың бір шетінен баста. Алғашқы соғуды майысқан жерден бастасаң, ол одан әрі майыса түседі.
Металды майыстыру. Қаңылтыр, жолақ немесе дөңгелек материалдарды белгілі бір калыпқа келтіру үшін оларды майыстырады. Ол үшін жазық, дөңгелек немесе фигуралы қыспақтар қолданылады.
5 сурет
Металды майыстыру
I Металды майыстыру әдістері
6-сурет
Майыстыру әдістері. Жолақ металдан бұрыштама жасау үшін мынадай әдіс қолданылады. Қажет дайындаманы тең етіп, екіге бөліп, белгілеп алады. Дайын жолақтың белгісі мен қыспақ еріндіктері бір деңгейде болатындай етіп бекітіледі. Содан соң дайын үлгі алынғанша, балғамен бір қалыпты, көп күш түсірмей соға бастайды (6-сурет).
Егер қапсағай жасағың келсе, жолақты үш бөлікке бөліп белгілеп ал да, арнайы қалыпқа қойып, қыспаққа бекіт. Қажет пішінге келгенше балғамен соғып, жұмыс жаса. Бір қалыпты соғу арқылы алдымен қапсағайдың бір жағын, сонан соң екінші жағын майыстыр. Осы әдіспен металды кез келген пішінге түсіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |