Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет92/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   242
"Біздің мақсатымыз ел билеуді, халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты – елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз",– деп армандаған Алаштың ақиығының бірі – Жаһанша Досмұхамедовтің маңдайына осындай тағдыр бұйырыпты.

Жазмыштың бұйрығы солай болса, амал бар ма?!. Әттең! Әттең!!. Әттең, ағалар-ай! Сіздер ұйытқан тәуелсіздіктің тәтті дәмін, енді міне, біз татып отырмыз.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ: «КӨТЕРІЛІП-БАСЫЛҒАН ЖАНАРТАУ...»

(Әлімхан Ермеков)


1.
Алаш идеясын инсандық нысанадан нақты тәуелсіз тұлғаға айналдырып, оның рухани, саяси, территориялық, экономикалық, құрылымдық жүйесін анықтап, мемлекет ретінде тиянақтап берген тұлғаның бірі және «Алаш» партиясының, «Алашорда» халықтық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің атынан сол тұстағы Ресей империясында жарыса өмір сүрген үш үкіметпен: Уақытша құрылтай кеңесімен, Сібір уақытша үкіметімен, кеңес өкіметімен келісім жүргізген, осы үш үкімет те оның өкілеттігін таныған қайраткер – Әлімхан Әбеуұлы Ермеков. Мұрағат құжаттары мен тергеу ісіндегі және ресми қызмет орындары берген мінездемелеріне, саяси әріптестері мен қарсыластарының бағасына, замандастары мен көзі көргендердің естеліктеріне жүгініп, ондағы сипаттамаларды қорыта тұжырымдасақ, Әлімхан Ермеков:

Ұлттық-мемлекеттік ойлау қабілеті алымды, мақсатқа жету жолындағы басқан қадамы нық әрі қарымды, мүддесін дәлелдеуге келгенде өжет, қорғауға келгенде азулы, күрделі шиеленістер тұсында мысын бастырмайтын бетті, саяси ұтысы мен ұтылысын ұмтылысына бағыттай білетін аңғарлы, мемлекеттік саясат пен ұлттық мүддені тоғыстыра білетін мәмілегер, логикалық қисынға шебер оқымысты, мәдени ұстанымы жоғары, саясат тілін жетік меңгерген, ойын жеткізуге келгенде қара тілдің шешені, сөйлегенде «жанартаудай көтеріліп-басылып, лапылдап» отыратын» (Ә.Бөкейхан) аса зейінді тұлға.

Сондықтан да, «ұстазы» (өз сөзі) Әлихан оның жастығына қарамастан ең күрделі, маңызды, шағымды, намысты ұлттық, мемлекеттік саяси мәселелерді шешуге Әлімханды үнемі алғы шепке жұмсап отырған және өзінің «ту ұстары» ретінде тарих талқысына салып, ысылдырған.

Ал жоғарыдағы мінездемелерге Әлімханның қайраткерлік жолы толық жауап береді және ол қатысқан шағымды шаралардағы қабылданған қарарлар мен қаулылар да сипаттамаларға сай келеді. Сондықтан да, Алаш тарихындағы мұндай шешуші тұлғалардың тергеуге тартылмай, түрмеге қамалмай, еркіндікте жүруі мүмкін емес еді. Әлімхан Ермековтің қайраткерлігінің үш үкіметпен бірдей тамырласып кеткені сондай, оның «дұшпандық әрекеттерін» кеңес өкіметінің атқарылған шараларынан ажыратып алудың өзі тергеушілерге өте қиынға соққан. Алаш қайраткерлерінің алғашқы легінде тұтқындалмауының да бір себебі осында жатыр. Әйтпесе, «Алашорданың» іскерлік тұтқасы тұтқындалмаса, қиямет есігінің айқара ашылуы да мүмкін емес екенін олар түсінген. Бұған қоса Әлихан Бөкейхановты қақпанға түсіре алмауы, Ә.Ермековтің Халық комиссарлар кеңесінің мүшесі болуы да сақтана қимылдауға мәжбүр еткен.

Алдын-ала ескерте кетететініміз, Ә.Ермековтің өзі І томның 427-443 беттерінде қарындашпен жазылған, ал 444-448 беттері машинкаға басылған жауабында:



«15/ХІ-1930 жыл. Мен өзімнің көрсетінділерімде ертеректе өтіп кеткен оқиғаларды қамтитын болғандықтан да, жылдардың реті мен кейбір көріністердің орыны ауысып кетуі мүмкін екенін ескертемін»,– деп көрсеткеніндей, шындығында да елеулі оқиғалардың реті шашыраңқы баяндалыпты.

Оқиғаның ретін сақтау үшін және тарихи жағдайларды түсінікті әрі бір ізге түсіріп талдау үшін біз шежірелік жүйені таңдадық. Сондай-ақ Ә.Ермековтің тұтқынға алынған күні де әр деректе әр қалай. Іске тігілген түбіртек бойынша тергеу орындарының қаулысы 1930 жылы 22 қыркүйек күні шыққан. Ал көрсетінділерде: «6 және 10 қазан күндері жауапқа тартылуыма байланысты» – деп көрсетілген. Біз қаулыға жүгіндік және тұтқындалу мен сұрақ алудың арасында алшақтықтың болуы да заңды. Біздің ойымызша, Ә.Ермековпен бетпе-бет келген тергеуші оған айып тағу үшін ілгішек іздеген сияқты. Ол «ілгішек» табылды және жақыннан, дастарханның шетінен, дәм үстіндегі тілбасардан табылды.

Ақ дастарханды аттаған, Әлімхан Ермековті «халық жауы» ретінде әшкерелеген тері-терсек маманы, құдайы көршісі, «алаш дертінен ада» Фазыл-Ағзам Әлиханов болып шықты. Тергеушілер де алыстан арбаламай, «домалақ арызды» жақыннан дорбалаған. Оның көрсетіндісі тергеу ісінің ІІ томның 284- бетінен басталады.

Ф.-А. Әлиханов: «3 қазан, 1930 жыл. Жауап алған Волохов. Ермековті мен 1924-жылдан білемін. Сол жылы ол Қарқаралыдан Семейдегі Мемлекеттік жоспарлау мекемесіне қызметке ауысып келісімен өзінің ұлтшылдық бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Губерниялық мекемелердің сеніміне кіріп, бедел жинаған соң, ол ең алдымен қазақ мәдени орталығы дегенді жоспарлап, құрылыс сала бастады. Бұл құрылыстар оның өзі туып-өскен Қарқаралыда салынатын болып шықты. Губерния қызметкерлеріне, оның ішінде Досовқа беделінің өтетінін біліп аппараттағы қазақтарға үнемі: «биік деңгейде болыңдар», - деп ұран тастайтын. Ол биыл бірнеше қазақты Семейге шақырып, Ұранқаев, Спанов, Әбішев басқаратын ірі шаруашылықтарға орналастырды. Кеңес немесе шаруашылық мекемелеріндегі қызметкерлердің, тіпті, партиялық мәселелер жөнінде де өзара келіспей қалған істері Ермековтің алдында шешілетін, «бітістіру», «орналастыру» соның мойнында еді».

Бұл мәліметке Ә.Ермеков сол күні жауап берген. Алайда 6 және 10 қазан күні тағы да жауапқа тартылады. Үш көрсетіндінің де мазмұны қарайлас. Сондықтан да ойын жинақтап берген соңғы көрсетіндідегі жауапты келтіруді жөн көрдік.

Ә.Ермеков: «Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлерінің арасындағы топшылдық маған бұрыннан белгілі болатын. Әлихановтың көрсетіндісіндегі түсініспеушілікті ОГПУ-дің коллегиясына 1930 жылдың 3 қазан күні жолдаған мәлімдемемде көрсетіп, Әлихановты беттесуге шақырғанмын. Өкінішке орай ол өтінішім қанағаттандырылмады. Әлихановтың куәлігі осынша сенімге ие болғандықтан да, Шомбалов пен Барлыбаевты куәлікке тартуды сұраймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет