■
щетка бекіткіштің сынуы;
■
жетекті белдіктің босап кетуі, қатты тартылуы немесе үзіліп кетуі;
■
жетек жағынан генератор қақпағындағы мойынтіректі кигізу орнының
тозуы;
■
мойынтіректердің сынуы немесе олардың шектен тыс тозуы, атап
айтқанда, теңестіруден ӛтпеген ротордың генераторлық қондырғысы
жинақтауға түскенде.
Генераторлық қондырғылардың
механикалық ақауларына
мыналар
жатады:
■
щетканың кірідіп қалуы және түйіспе сақиналарының тозуы;
■
аталмыш ақаудың болуына кедергі келтіретін пластмасс стақандар
немесе бедерлі болат серіппелер болмаған жағдайда түйіспе сақина
жағынан мойынтіректерді кигізу орындарының желінуі;
■
генератор роторының қажалуы немесе білік мойнының тозуы.
Генераторды қозғалтқышқа дұрыс бекітілмеуі бекіту тұғырын сындырады,
ал қозғалтқыш белдігін жеткілікті түрде тартпағанда ол тегершікке сырғып
кетеді, ротордың айналу жиілігі тӛмендейді және генераторлық қондырғының
тоқ беруі кемиді, соның салдарынан АКБ толық заряд алмайды. Белдікті қатты
тартқанда генератордың мойынтірегіне радиалды күш түсу артады, соның
салдарынан ол мерзімінен бұрын істен шығарыды.
Қозғалтқыш белдігін дұрыс тарту пайдалану үрдісінде генератор мен
желдеткіш тегершіктері немесе қозғалтқыштың білігі арасында белдік ортасына
белгілі бір күш түсіріп басқанда оның қалай иілетінімен анықталады. Иілу
шамасы мен белдікке салынатын күш «Автомобильді пайдалану бойынша
нұсқаулық» құжатында келтіріледі.
Генераторлық қондырғының кернеуін маусымдық реттеу кезінде
кернеудің тӛзімді, дірілді және түйіспе-транзисторлы реттегіштерін кернеу
деңгейін сатылы реттейтін түйіспесіз (қыс/жаз) және интегралды, генераторға
кіріктірілген қатты денелі конструкцияларға ауыстыру барлық генераторлық
қондырғының пайдалану сенімділігін және реттеу дәлдігін жақсартады.
Кернеудің кіріктірілген реттеуіші термокомпенсация қасиетіне ие, яғни капот
асты кеңістіктегі ауа температурасына байланысты АКБ заряд кернеуі
деңгейінің ӛзгеруін қамтамасыз етеді.
Кӛбіне электрмен жабдықтау тізбегінде түйіспенің болмауын,
автомобиль сымдарындағы қысқа тұйықталуды немесе сақтандырғыштың
жұмыс істеуін генераторлық қондырғы жұмыс істемей қалған деп
қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: