Жіктің ұшында пісіру доғасын кенеттен үзуге және қысым
шоғырлаушысы және құрамында зиянды қоспалары көп аумақ
болып табылатын кратер металының бетінде қалдыруға болмайды.
Кратердің қалыптасуының алдын алу үшін электродты жылжытуды
тоқтату, яғни оны 1-2 с ұстап тұрып содан кейін 5 мм артқа
жылжытып, жоғары және артқа қарай шапшаң қозғала отырып,
доғаны үзу қажет.
Пісіруді қате аяқтаған кезде доға
сөнген жіктің аяқталған
орнында ылғи да терең кратер қалыптасады. Кратер балқудың
тереңдігінің көрсеткіші болып табылғанымен жіктің соңында оны
толтыру және пісіру керек. Бұл мынадай үлгіде жүргізіледі:
кратерде доға қыздырылады, қысқа доға орналастырылады және
электрод осындай күйде кратер балқыған металмен толтырылғанға
дейін ұсталады. Кратерді доғаны үзіп және қыздыра отырып,
бірнеше
рет пісіру ұсынылмайды, себебі бұл кезде металдың
тотығы және қождың ластануы орын алады.
Электрод тұғырының екі қозғалысының (ілгерілемелі және жік
желісінің бойымен) нәтижесінде қалыптастырылған 1 пісіру жігі
(2.6-сурет) жіптік деп аталады. Оның ені пісірудің тиімді
жылдамдығы кезінде электрод диаметрі d
3
болған кезде (0,8-1,5)
құрайды. Жіптік жікпен
жіктің тамыры толтырылады, жұқа
дайындамалар пісіріледі, балқыту жұмыстары орындалады және
тіліктерді пісіру жүргізіледі.
Электродтың көлденең қозғалысын пайдаланбастан білікшені
балқытып қаптау үшін доғаны қоздыру, оны созу және негізгі
металл қызуы үшін бірнеше уақыт бір орнында ұстап тұру керек.
Содан кейін тиісті мөлшердегі пісіру ваннасы қалыптасқанға дейін
доғалық аралықтың ұзындығын
біртіндеп азайта бастаған жөн, ол
2.6-сурет. Электродтың көлденең тербелісі нәтижесінде қалыптасқан
1 жіптік пісіру жігі және 2 кең жік
63
электродтың пісіру бағытында ілгері қарай қозғалуы басталған
сәтке дейін негізгі металмен жақсылап балқып қосылуы тиіс.
Бұл ретте жік осі бойымен электродтың аздап теңселуін орындау
ұсынылады.
Алайда
көп
пісірушілер
электродты
пісіру
жылдамдығын білікшенің қалыптасуы бойынша айқындай отырып,
қандай да бір бойлай тербелістерсіз жік осінің бойымен
жылжытуды жөн санайды.
Электродтың тұрақты жиілікпен және амплитудамен жасалған
және оны жіктің бойымен жылжыта отырып,
біріктірілген белгілі
бір траектория бойынша көлденең тербелулері талап етілетін енді
2
пісіру жігін алуға мүмкіндік береді (2.6-суретті қараңыз).
Электрод ұшының көлденең тербелісті қозғалысы бөліктер
қалпымен, жіктің мөлшерімен және күйімен, пісірілетін
материалдың
құрамымен
және
пісірушінің
дағдыларымен
айқындалады. Ені (1,5-5,0) d
3
жіктер 2.7-суретте көрсетілген
электродтың көлденең тербелуінің көмегімен алынады.
2.7-сурет. Пісіру кезіндегі электрод тұғырының көлденең қозғалысының негізгі
түрлері (а...
м)
64
Электродтың пісіру кезіндегі көлденең тербелісі оның үш
диаметрінен аспайтын амплитудада жүргізілуі тиіс.
Білікше
қалыптастыру процесінде балқып қапталған қабат балқыған күйде
болуы тиіс. Егер элекродты өте алыс жылжытса немесе оның
қайтып келуін бөгейтін болса пісіру ваннасы металының сууы және
кристалдануы мүмкін. Бұл металда қожды қоспа бар пісіру жігінің
пайда болуына әкеліп соқтырады және оның сыртқы келбетін
нашарлатады.
Пісіру кезінде пісіру ваннасын мұқият қадағалау, оның ені мен
металдың балқу тереңдігін бақылау қажет, сондай-ақ электродты
өте жылдам жылжытпау керек.
Әрбір жылжытудың соңында
электродты бір сәтке тоқтатқан дұрыс. Көлденең тербелістердің
амплитудасы балқытып қапталған білікшенің талап етілетін енінен
біршама кіші болуы тиіс.
2.3.
Достарыңызбен бөлісу: