В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет47/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

БАЛҚЫТЫЛМАЙТЫН ВОЛЬФРАМДЫҚ
ЭЛЕКТРОДПЕН ҚОЛМЕН ДОҒАЛЫ ПІСІРУ
Сондай-ақ, никельді пісіру үшін, НМцАТ3-1,5-0,6 және 
НМцТК1-1,5-2,5-0,15 маркалы (ТШ 48-21-284 — 73), құрамында 
титан, алюминий, мырыш пен кремний мөлшері бар арнайы 
кешенді-легирленген пісіру сымдары пайдаланылады. 
Титан пісіру сымының диаметрі 1-7 мм. Осындай сым өңделген 
және газсыздандырылған күйде (сутегінің мөлшері 0,003%-дан 
аспайды) таза әрі ағартылған металл бетімен жеткізіледі. 
ВТ1-00 маркалы сым техникалық титанды, сондай-ақ, ВТ2св 
маркалы сыммен бірге төмен легирленшен а- және жалған-а-
қорытпаларын, ал СПТ-2 және СП-15 маркалы сымдар беріктігі 
жоғары (а + Р) - қорытпаларын пісіру үшін қолданылады. 
97
Балқытылмайтын вольфрамдық электродпен доғалы пісіруді 
әртүрлі кеңістік қалыптарында жалғастардың әртүрлі типтерін 
орындау үшін пайдалануға болады. Осы тәсілді қолдану қалыңдығы 
5-6 мм-ге дейінгі металдарды қосу үшін жарамды, алайда, оны одан 
да қалың металдарды пісіру үшін пайдалануға болады. 
Пісірудің осы тәсілі жиектерін балқыту арқылы жіктің 
жасалуымен қоспа металынсыз, не болмаса пісіру сымы түрінде 
доға аймағына берілетін қоспа металымен орындалады. Әдетте, 
пісіруді доғаның 22-34 В кернеуі кезінде орындайды. Бұл жағдайда 
доғаның ұзындығы 1,5-3,0 мм болу керек. Электрод ұшының 
шүмектен шығып кетуі 3-5 мм-ден, ал бұрыштық жіктерді және 
түйіспе жіктерді бөлумен пісіру кезінде 5-7 мм-ден аспау керек. 
Қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі металдың қолмен пісірілуін «сол 
жақ» тәсілмен (3.6-сурет) орындайды. Бұл ретте қорғаушы газ 
ағыншасы пісіру ваннасының толық аумағы мен қоспа сымының 
қыздырылған бөлігін жақсылап қамту керек. Бұл жағдайда, 
пісірілетін металл қалыңдығы кеміген кезде, жанарғы мен бұйым 
арасындағы бұрышты азайтады. 
Қалыңдығы 10 мм-ден асатын металды пісіру үшін «оң жақ» 
тәсілді қолданған жөн. Бұл ретте жанарғы мен бұйым арасындағы 
бұрыш 90°-қа жақын болу керек. Жанарғының бұйымға қатысты 
осындай қалпы бұрыштық жалғастарды пісіргенде де ұсынылады. 
Жұқа табақты металды пісіру кезінде, сымды доға бағанына 
емес, бүйір жағынан енгізіп, онымен қайтымды iлгерiлеме 
қозғалыстарды орындайды. 


90° 
3.6-сурет. Вольфрамдық электродпен қолмен пісіру сұлбасы: 
1
— жанарғы шүмегі; 
2
— вольфрамдық электрод; 
3
— доға; 
4
— қоспа металы; 
и
дән
— пісіру 
жылдамдығы 
Көп қабатты пісіру кезінде бөлек білікшелерді бөлудің бүкіл ені 
бойынша орындауға ұсынылмайды. 
Қоспа металы қажетінше пісіру ваннасының бас жағына қарай 
беріледі. 
Бұл 
жағдайда 
пісіруші 
пісіру 
жанарғысының 
жылжытылуы мен сымның берілуін қолмен қадағалайды. 
Балқымалы электродпен пісіруге қарағанда, қарастырылып жатқан 
пісіру тәсілі кезінде қоспа металының балқу жылдамдығы пісіру 
тогының мәнімен қатаң тәуелділікпен байланыспаған. Ваннаға 
берілетін қоспа металының саны оның жікті жасауға талап етілетін 
қатысу үлесін қамтамасыз ету шартынан таңдалады. 
Жиектерін бөлмей түйіс жалғастарды пісіру кезінде, қоспа 
металы негізінен жіктің дөңестігін жасау үшін қажет. 
Егер қоспа металы доғалық аралықтан өтіп кетіп, пісіру 
ваннасына өтсе, оның шашырауы жоққа шығарылады. Бұл жағдайда 
булану кететін шығындар қысқарып, балқытылған металдың доға 
бағанының газдарымен өзара әрекеттесуі шектеледі. Тұрақты 
токпен пісіру кезінде, доға сатырсыз, шертусіз және ызылдаусыз 
жанады. 
Төмен өнімділігі, сондай-ақ, пісірудің мол тәжірибесі мен 
пісірушінің жоғары біліктілігінің қажеттілігі қарастырылып жатқан 
процестің 
негізгі кемшілігі 
болып 
табылады. 
Қапталған 
электродпен пісіруге қарағанда, балқытылмайтын вольфрамдық 
электродпен пісіру процесінің кемшіліктеріне доғаның жарықтық 
және жылулық радиациясынан қосымша қорғаныс шараларын 
98


қолдану қажеттілігі жатады. 
Балқытылмайтын вольфрамдық электродпен пісіру тура 
полярлық токпен (яғни, электродта «минус» болғанда) орындалады. 
Орнатылған доғада электрондар ағыншасы жанарғының теріс 
электродынан оң электродқа – бөлшекке, ал оң қуатталған 
иондардың ағыншасы электродқа қарай қозғалады. Кері полярлық 
токпен пісіру кезінде жылудың шамамен 70
%
-зы анодта 
шоғырланып, осы жылудың көп бөлігі пісіру аймағына беріледі. 
Тура полярлық токты пайдалану металдың терең балқытылуы 
мен пісірудің үлкен жылдамдығын қамтамасыз ететін тар 
шоғырланған доғаны алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда 
электрод доғаның жылулық энергиясының азырақ бөлігін алып, 
айнымалы токпен пісіруге немесе кері полярлық токпен пісіруге 
қарағанда, азырақ температураға ие болады. Бұл, өз кезегінде, 
пайдаланатын вольфрамдық электродтың диаметрін кішірейтуге 
және қорғаушы газының шығынын азайтуға мүмкіндік береді. 
Кері полярлық ток кезінде электрондардың ағыншасы кері 
электродтан оң электродқа қарай қозғалады. Бірақ, бұл жағдайда, ол 
бұйымнан электродқа қарай қозғалып жатыр. Демек, вольфрамдық 
электродтың қасындағы доғада жылу көбірек шоғырланады. Тура 
полярлық токпен пісіруге қарағанда, кері полярлық токпен пісіру 
кезінде электрод көбірек жылу алатындықтан, электродтың қызып 
кетуін болдырмау үшін диаметрі үлкейтілген шыбықшаларды 
пайдаланып, пісіру тогын азайтуға тура келеді. 
Кері полярлық токпен пісіру кезінде пісірілетін бөлшек азырақ 
жылуды алып, нәтижеде, оның балқытылу тереңдігі де азырақ 
болады. 
Кері полярлық токпен пісірудің келесі кемшілігі магниттік үрлеу 
салдарынан кейде туындайтын доғаның кезуі болып табылады. 
Магниттік үрлеу тура полярлық токпен пісіру кезінде де туындауы 
мүмкін, алайда, кері полярлық токпен пісіру магниттік үрлеуге 
көбірек ұшырайды. 
Кері полярлық токпен пісіру процесі кезінде металдың бетіндегі 
оксидтік қабықты доғаның өзі кетіре алады. Бұл жағдайда, кері 
полярлық токпен пісіру кезінде бұйымның негізгі металынан 
электродқа қарай қозғалған оң қуатталған иондар енді электродтан 
бұйымға қарай қозғалады. Бұйымның бетіне жеткілікті күшпен 
соғыла отырып, олар бетті тазартып, нәзік оксидтік қабықты 
бөлшектейді әрі оны ыдыратады. 
99


Кері полярлық токпен пісіру кезінде доғаның тазарту әсері 
алюминийді, магнийді және олардың қорытпаларын пісіруге 
көбірек жарамды болып келеді. Алайда, пісірудің бұл тәсілінде 
елеулі кемшілік бар. Мысалы, 100 А пісіру тогы кезінде 6 мм 
диаметрлік электродты (қыздыру шарттары бойынша) пайдалану 
керек. Бұл жағдайда доға жылуы бұйымның үлкен ауданына 
таралады да, металдың балқытылу тереңдігі жеткіліксіз болады. 2,5 
мм 
диаметрлі 
электродты 
пайдалану 
кезінде 
металдың 
қанағаттанарлық балқытылуын қамтамасыз ететін шоғырланған 
доға пайда болады. Бірақ, электрод қызып кетеді. Металдың 
жеткіліксіз балқытылу мен диаметрі үлкенірек вольфрамдық 
электродтарды пайдалану қажеттілігі салдарынан кері полярлық 
токпен арқылы балқытылмайтын электродпен пісіру сирек 
қолданылады. 
Доғаның тұтануы мен жануына қойылатын негізгі талаптарына 
доғалы аралықта газ иондануы жатады. Иондалған газ электр 
тогының жақсы өткізгіші болып табылады. 
Иондану
деп бейтарап атомдар мен молекулалардан оң және 
теріс иондар түзілетін процесті атайды. 
Жоғары температураларда газ молекулаларының көп бөлігі 
соғылу кезінде бейтарап молекулалардың иондарға бөлінуді 
қамтамасыз ететін үлкен энергияға ие болады. Газдағы электрондар 
мен иондарға электр өрісі арқылы үлкен жылдамдықтар берілгенде, 
қалыпты температураларда иондануды тудыруға болады. Үлкен 
энергияға ие бола отырып, бұл бөлшектер бейтарап атомдар мен 
молекулаларды иондарға бөле алады. 
Қалыпты жағдайларда барлық газдар сияқты ауа да әлсіз электр 
өткізгіштікке ие болады. Бұл бос электрондар мен иондардың аз 
шоғырлануымен түсіндіріледі. Демек, ауада немесе газда күшті 
электр тогын, яғни электр доғасын тудыру үшін, электродтар 
арасындағы ауа аралығын (немесе басқа газ тәрізді ортаны) иондау 
керек. 
Электродтарға жоғары кернеу жанасса, иондануды тудыруға 
болады. Сонда газдағы (аз мөлшердегі) бос электрондар электр 
өрісімен тарқатылып, одан да үлкен энергияны ала отырып, 
бейтарап атомдар мен молекулаларды иондарға бөле алады. 
Айнымалы, синусоидалық токпен пісіру кезінде және электродтың 
қысқа тұйықталуынсыз доғаның бастапқы тұтануы үшін, бөлшекке 
электрод пен бөлшек арасында ұшқынды разрядты тудыруға 
қабілетті жоғары кернеу мен жоғары тазалық көздері болып 
табылатын осцилляторлар қолданылады. Ауада ұзындығы 1 мм 
электрод аралық аралықты тесу үшін, 1-3 кВ кернеу талап етілсе, 
аргонда тесу кернеу төмендейді. 
100


Сериялық осцилляторлар мен қоздырғыштар 2.20 кВ кернеумен 
жұмыс істеу үшін өндіріледі. Разряд тогы 1-10 А жетіп, ал оның 
энергиясы 0,05-1,0 Дж құрайды. Электрод аралық аралықты тесу 
оның иондануына әкеп соқтырып, соның арқасында негізгі көзден 
доға туындайды. Сериялық осцилляторлар мен қоздырғыштардағы 
разрядтың жиілігі 16 кГц-тен 1 МГц-ке дейін құрайды. Бұндай 
жиілік кезінде жоғары кернеу пісіруші үшін қауіпсіз болады. Себебі 
жоғары жиілікті ток дененің үстіңгі жері бойынша өтіп, қан 
электролизі тудырмайды және өмір үшін маңызды органдарды 
зақымдамайды. 
Әдетте, айнымалы токпен пісіру кезінде доғаның ұзындығы 
электродтың диаметріне тең болу керек. Тура полярлық тұрақты ток 
арқылы электродтың ұшталған ұшымен пісіру кезінде доғаның 
ұзындығы электрод диаметрінен әлдеқайда кіші болу мүмкін. 
Пісіру аймағының талап етілетін газдық қамтуын қамтамасыз 
ететін шүмектің шығыс диаметрі вольфрамдық электродтың кем 
дегенде үш диаметрін құру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет