Зертханалық жұмыстар: Зертханалық жұмыс №1. Тақырып: Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Жұмыстың мақсаты



бет32/42
Дата27.01.2023
өлшемі4,38 Mb.
#166579
түріПрограмма
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
ОЖ зертх.жұмыстар
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, нотариат, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб
Зертханалық жұмыс №10
Тақырып: Мәліметтер қоры ұғымы. MsAccess-мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.

  1. MicrosoftAccess программасын іске қосыңыз.Пайда болған MicrosoftAccess терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын орындаңыз.

  2. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде файлға жаңа Қалалар деген ат беріңіз. Құру (Создать) батырмасын екі рет басыңыз.

  3. Кестелер тізімінде Мәліметтер енгізу әдісімен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. ¤ріс1 (поле1). ¤ріс2 (поле2) және т.с.с.стандарттық өрістері бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрісі бар кесте құрылады.

  4. ¤ріс1 (поле1) және ¤ріс2 (поле2) бағандарының бірінші жолына сәйкесінше 1 және Астана деген мәліметтерді енгізіңіз. Екінші жолына -2 және Алматы. ‡шінші жолына-3 және Талдықорған..

  5. Бағандардың атауларын өзгерту үшін жанама менюден Баған атауын өзгерту (Переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бірінші бағанға Реттік номері, екіншісіне Аты, үшіншісіне Қаланың коды, төртіншісіне Тұрғындар саны атауларын енгізіңіз.

  6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезені жабу батырмасын басып, кестені жабыңыз. Макеттің өзгерісін немесе кесте құрылымын сақтау кекрек пе? деген сұраққа жауап беру үшін Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сүхбат терезесі пайда болады, оған терезенің Қалалар атауын енгізу керек. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Түйінді өрісті қазір құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап беріңіз.

  8. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Тапсырма1



  1. Пуск батырмасы арқылы Access-ке кіру.

  2. Мәліметтер базасын құру диалог терезесіндегі Жаңа база ауыстырып қосқышын басу.

  3. “Жаңа мәліметтер базасы файлы” диалогтық терезесінде МБ құры­латын буманы таңдап, жаңа базаның атын енгізу.

  4. МБ терезесін зерттеп оқып шығу.

  5. Access-тің негізгі менюін зерттеп оқып шығу. Ол үшін Файл меню командасын шертіп, оның барлық ішкі командаларын қарап шығу.

  6. Тура осындай жолмен басқа меню командаларымен де танысып шығу.

Тапсырма 2



  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей түрде Access-ке кіру.

  2. Саймандар тақтасын зерттеп оқып шығу: саймандар тақтасындағы батыр­маларға тышқанды алып барып, олардың орындайтын әрекетін оқып шығыңыз.

  3. Батырмалардың біреуін шерту арқылы, мысалы, Ашу батырмасын, пайда болған диалог терезесін қарап шығу.

  4. Тура осындай тәсілмен Саймандар тақтасының басқа батырмаларымен танысу.

Тапсырма 3

  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей Access-ке кіру.

  2. Анықтамалар алу мүмкіндіктерін зерттеп оқып шығу: ? меню коман­дасын шертіп, Анықтаманы шақыру пунктін таңдау, “Мазмұн” бөлімінде “Базалармен жұмыс істеу” тақырыбын таңдап, Ашу батырмасын шерту, “Мәліметтермен формаларда жұмыс істеу” тақырыбын таңдап алып, Көрсету батырмасын шертіп анықтаманың осы бөлімін қарап шығу.

  3. Тура осындай тәсілмен анықтаманың басқа бөлімдерін қарап шығу.

Тапсырма 4

  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей Access-ке кіру.

  2. Түр/Саймандар тақтасы/Баптау меню командаларын орындай оты­рып, саймандар тақтасын баптап шығу.

  3. Диалогтық терезедегі “Саймандар тақтасы” бөлімінде Кесте конс­трук­­торы жалаушасын шертіп, саймандар тақтасында пайда болған батырмаларды қарап шығыңыздар.

  4. Тура осындай тәсілмен басқа тақталарды баптап шығыңыздар. Жұмыс­тың соңында қажет емес саймандар тақталарын экраннан алып тастаңыздар.

  5. Диалогтық терезедегі “Командалар” бөліміндегі категорияларды және оларға сәйкес келетін командаларды қарап шығыңыздар.

  6. Егер қандай да бір команданы саймандар тақтасына орналастыру қажет болса, онда, мысалы, Кесте конструкторы категориясы үшін Жол командасын шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, осы команданы тақтаға тасы­мал­дауға болады. Егер жаңа батырма керек емес болса, онда оны саймандар тақтасынан экранның бос жеріне тасымалдап алып тастаңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет