«Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.07.2018
өлшемі35,68 Kb.
#46385
Сабақтың тақырыбы:Ж.Аймауытов. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу,тілі мен мазмұнына талдау жасату,әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық,адамдық бейнесін жан-жақты таныту. Дамытушылық:Оқушыларды дербес жұмыс жасауға,өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру,танымдық ой-өрістерін,шығармашылық ойлауын дамыту. Тәрбиелік:Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа,шынайылыққа,әнді,өнерді сүюге тәрбиелеу,өнерге деген құштарлықтарын арттыру,халықтың біртуар перзенттерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау,топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар,талдау-жинақтау. Сабақтың көрнекілігі:Ж.Аймауытов пен Ә.Қашаубаев портреттері,слайдтар, видеофильмдер,оқулық,кеспелер. Пән аралық байланыс:тарих,музыка,география,қазақ тілі. Сабақтың барысы:Амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сабақтың өту барысымен таныстыру,топқа бөлу ат қою,әр топтың басшысын сайлау.
Мұғалім сөзі: Ұйымдастыру кезеңі. -Сәлеметсіздер ме балалар? -Отырыңдар. -Сыныпта кім кезекші? -Сабақта кім жоқ?

1 слайд (А.Құнанбаевтың портреті)

Сабақтың ұраны:Өзіңе сен ,өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

А.Құнанбаев

-деп ұлы атамыз Абай Құнанбаев айтқандай бүгінгі сабақта балалар өздеріңнің ақылда-рың мен білімдеріңізге сенулеріңіз керек. Балалар естеріңде болса І тоқсанда шешендік сөздермен танысқанда Әз-Жәнібек хан өзінің 61 биіне «Дүниеде не өлмейді?» деген сауал қойған еді ғой, сондағы Жиренше шешеннің берген жауабы естеріңде ме?(Жақсының аты өлмейді,Ғалымның хаты өлмейді). 2 слайд (Ж.Аймауытовтың портреті мен қысқаша өмірбаяны) Сонымен балалар «жақсы» деп кімдерді айта аламыз?(Ж.Аймауытов) Демек,қазақ елінің қалыптасуына ерен еңбек сіңірген бес арысымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовты да осындай игі жақсылардың қатарына қоса аламыз.



Ақын (Сарыарқаның сәлемі,Нұр күйі поэмасы т.б.)

Ағартушы-ұстаз,педагог-драматург Жүсіпбек кім? Публицист-аудармашы

(Шернияз,Қанапия мен Шәрбану, (Гоголь «Ревизор»,Пуш-

Ел қорғаны т.б.) кин «Тас мейман»,т.б.)

Сыншы(Абайдан соңғы ақындар; Жазушы ( «Қартқожа», «Ақ-

Мағжанның ақындығы;Аударма білек», «Күнекейдің жазығы»)

туралы)

Ғалым (Тәрбие жетекшісі,Психология т.б.) ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Кеспемен жұмыс.Міне балалар өткен сабақта біз Жүсіпбек Аймауытовты өткен болатынбыз,енді сол сабақты қайталап еске түсірейік.Өткен сабақты кеспе жұмысы арқылы қайталайық. 1.Әншімен алғашқы кездесу қай жерде өтті?(Шәкет үйінде) 2.Әмірқан Шәкет үйінде қандай аспаппен ән шырқады?(Гармонмен) 3.Жастар сауықты қандай мерекеге орай ұйымдастырды?(Наурыз мерекесіне) 4.Әңгіме кейіпкерлерін ата?(Әмірқан,Рахымбек,Мәржім,Жәлен,Әбіжан,Дәулетжан). 5.Әмірқанның ұстазы кім?(Жұмабек әнші) (Жарылғапберді Жумабаев) 6. «Үріп ауызға салғандай» деп жазушы кімді сипаттайды,ол туралы айт?(Ақтамақ) 7.Әмірқан мен Ақтамақ қандай ойында тіл табысып кетті?(Орамал тастау) 8.Қарақшылардан Әмірқан қалай құтылды?(Ол ұрылар туралы ән салып берді. Исақ-Ермектің,Иманжүсіптің,Балуан Шолақтың,Мәдидің әндерін салып берді) ІІІ.Жаңа сабақ. Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі. Міне, балалар «Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,өлмейтұғын артында сөз қалдырған» Жүсіпбек өнерінің көп қырының бірі әншілік,сахнагерлік.Жүсіпбек халқының әншілік өнерін аса қадірлеп,өзі де ән салған.Қазақтың ұлы әншісі жайлы «Әнші» деген классикалық әңгімесінен аңғарарымыз ән халықтың тарихын,өткен өмірін көрсетеді. Сонымен балалар прототип дегеніміз не? 3 слайд (Ә.Қашаубаевтің портреті мен қысқаша өмірбаяны) Прототип- әдеби шығармалардағы белгілі бір көркем бейненің негізі етіп алынған адам. Әңгіменің басты кейіпкері Әмірқанның бейнесіне прототип етіп атақты әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі алынған. 4 слайд Балалар тақтаға назар аударайық.(Ә.Қашаубаев туралы бейнефильм көрсетіледі) Енді балалар «әнші»әңгімесіне блум технологиясы бойынша жұмыс жасаймыз. «Әнші» әңгімесін Блум технологиясы бойынша талдау

Мақса Мақсаттар жүйесі

Мазмұны

Оқушы іс-әрекеті

І деңгей. Білу


5 слайд «Дудар-ай» әні орындалады

1)«Әнші» әңгімесі не жайлы?

2)Әңгіме жанрының ерекшелігі неде?

3)Әмірқанның прототипі кім?

4)Жезтаңдай әнші Әміре Қашаубаев туралы не білесіз?

 

 


1) Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады.

2)Әңгіме дегеніміз қара сөзбен жазылған шығарма. Бір ғана оқиғаны айтып баяндайтын көп қабаты жоқ, оқиғасы аз, кейіпкерлері де көп емес шағын шығарма.

3) Әмірқанның прототипі- Ә.Қашаубаев.  Прототип дегеніміз – түп тұлға, әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға негіз болғатын өмірде болған адам, тарихи тұлға.



4) Ә. Қашаубаев- қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этонографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан.



ІІ деңгей Түсіну

1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз

2) Әңгіме бөлімдеріне ат қойыңыз

3)Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз

4) Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз?

 


1)Жазушы  Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. 3)Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады.» Немесе «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.»             4) І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмасы. Өнер қуаты, құдіреті, өнерінің ішкі жан-дүниесі, психологиясы, оқиғаға құрылған поэмада көркем бейнеленген.


ІІІ деңгей Қолдану

6 слайд «Наурыз»

(Наурыз мейрамы туралы фотосурет-тер көрсетіледі)


7 слайд «Семей» (Семей қаласы жай-лы фотосуреттер көрсетіледі)

Жазушының тіл шеберлігі. Топтық жұмыстар. 1) Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген? 2) Шығармадағы тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын түсіңдіріңіз 3) Әңгімедегі теңеулерді табыңыз 4) Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген?

 

 



 1)          Наурыз тойы, орамал тастау ойыны, наурыз көже пісіріп, ет асу, қыз алып қашу дәстүрі, шілдехана. Төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт. 2)    Иісі кеудеңді жарады, жандырып жүреді, көңіл көкке серпу, төбем көкке жетті, қалпақтай түстім, есім ауып қалды, өңім екенін, түсім екенін білмей., жанымен салу, қабағынан қар жауған.т.б. 3) Әмірқанды суреттеуі «Шеулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер»; «Сұңқылдаған көмейі, Сыбызғының үніндей; Ескектеген толқыны  «Бозайғырдың» күйіндей; Аспандап соққан айқайы Алтайдың асқар тауындай;Желпілдеткен түндікті Күздігүні дауылдай; Төмендет сорғалап, Тас бұлақтың суындай». 4) Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман... Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала

ІV деңгей Талдау

1) Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әмірқан, Ақтамақ) жазбаша

2) Әмірқанды өнерге баулыған кім?

3) Әмірқан әнді қалай салады?

4) Әмірқан мен Ақтамақтың махаббаты жайлы әңгімелеңіз?



 

1)Әмірқан – дарынды, елінің еркесі, еркін, бюірде бұйығы, момын, өнерді жан-тәнімен сүйе алатын жан. Өнерін ешқашан ақша табу үшін пайдаланбайды. Ақжарқын, топтың ажарын кіргізеді, Ақтамақ – үріп ауызға салағндай, жұтынып тұрған сұлу, паң, жөпшеңді бозбалаға көзінің қырын да салмайды. Сүйгені үшін бәріне даяр, тәуекелшіл. 2) Әмірқанды өнерге баулыған- Жұмабек әнші. Оның прототипі бүкіл арқаға, қала берді жалпақ қазақ даласына мәшһүр дауыл үнді асқақ әнші әрі композитор- Жарылғапберді Жұмабаев 3)  Әмірқанның әнге берілгені сонша, басқа шаруаға олақ-ақ.   Сүмірейе, қылмита соқты; желдете құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.  Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқа жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қағы зарға ұқсап, өкінішті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды.




Жақсы,балалар тапсырманы орындап болсақ,бекіту сабағына көшейік.Бекіту сабағын тест тапсырмалары арқылы орындаймыз. Бекіту.  Тест сұрақтары арқылы бекіту. 1. Жүсіпбектің романын ата? А) “Әнші”   В) “Күнікейдің жазығы”  С) “Нұр күйі”   Д) “Ақбілек” 2. “Жетішатыр” қаласының екінші аты? А)Семей   В) Павлодар  С) Өскемен   Д) Қызылжар 3. “Бір шерік қымыз” деген қанша? А) бір бөтелке  В) бір шелек  С) бір кесе  Д) бір тегене 4. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды? А) жерге  В) орындыққа  С) керуетке  Д) сандыққа 5. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір …. А) көлеңке  В) сағым  С) елес  Д) тұман 6. Мінбеге шығып сөз сөйлеген кім? А) Әбіжан В) Жәлен   С) Рахымбек  Д) Жүсіпбек 7. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды? А) сыбызғының үніндей        В) айдынның сұлу қуындай С) тас бұлақтың суындай       Д) Арқаның қоңыр желіндей 8. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не? А) қызыл қоңыр домбыра   В) үлкен ақ сырнай С) саз сыбызғы                     Д) үкілі сары домбыра 9. Әйелін қалай таныстырады? А)жампоз  В) тұлпар   С) сұлу  Д) бастық 10. “Қорлан” әнін шығарушы кім? А) Жаяу Мұса  В) Балуан Шолақ  С) Естай   Д) Мәди Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

А

Д

В

В

В

Д

А

С

Қорытынды: Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар енді бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. «Адам боп келіп өмірге, адам боп өту – көп қиын» демекші, Әмірқан керемет таланттың иесі бола тұра адами қасиеттерін жоғалтпаған. Иә, балалар, өнер – мәңгілік! Осыдан бір ғасырға жуық бұрын Әміре репертуарында Ақан серінің әні «Балқадиша» болған. Әміренің репертуарында «Балқадиша», «Қанапия», «Жалғыз арша», «Шіркін-ай», «Келіншек», «Ақ қайың», «Екі жирен», «Үш дос», «Бес қарагер», «Дудар-ай» сияқты әндер болған.  «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деп өнерге ғана бас иіп өткен біртуар дарын иесінің бойындағы жақсы мінез-құлықты өз бойларыңа үлгі етіп ала біліңдер. Өнерді бағалай білейік! Осы сабағымызды әнші Әміре Қашаубаевтың «Балқадиша» әнімен аяқтайық. Үйге: «Әміре Қашаубаевқа хат» (шығармашылық тапсырма). Бағалау. Бағалайды, мұғалім сараптама жасайды.

Пайданылған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2/2014

2.7 сынып қазақ әдебиеті оқулығы

3.Қосымша материалдар

4. Қазақ әдебиеті 7 сынып әдістемелік нұсқау



«Айымжан орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі

Орындаған:Қоқышев С.С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет