Әож 908 (063) Қ68 Редакциялық кеңес: Техника ғылымдарының докторы, профессор


Фото 2. Телеграмма К. Козыбаева Иосифу Сталину



Pdf көрінісі
бет38/92
Дата11.11.2019
өлшемі10,09 Mb.
#51560
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Байланысты:
SBORNIK-80-leti-Nez-RK-16
19 Асанбаева

Фото 2. Телеграмма К. Козыбаева Иосифу Сталину 

 

 

Приложение Г 

 

Фото 1. Самолет Як-6 выпущенный на авиазаводе в городе Чкалов в 1943 г. 

 

 

 



Фото 2. Аксулу Козыбаева (сидит) с двоюродной сестрой  

Какаш Мамбеткызы. 1939 г. 

ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

176 


 

Приложение Д 

 

 

 



Фото 1. Открытие мемориального памятника в совхозе Краснопресненский. 1986 г. 

 

 

 



Фото 2. Семья Козыбаевых. 1954 г. 

 

    


 

ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

177 


 

ШОҚАН  УАЛИХАНОВТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МҦРАСЫ 

 

Қайыпбайева Б.Қ. - география пәнінің  мұғалімі «Әулекӛл ауданы әкімдігінің білім бӛлімінің №28 

Құсмұрын орта мектебі» ММ 

 

Қазақтың аса кӛрнекті ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлиханов мол тарихи мұра қалдыр-



ған.  Оның  халқымыздың  тарихы  мен  этнографиясы  туралы  зерттеулерінің,  сандай-  ақ  қазақ 

даласындағы әлеуметтік саяси қарым- қатынастар жайлы мақалалардың бүгінгі күнде де ғылыми 

маңызы  зор.  Алтышаһар  немесе  Қашқария  туралы  еңбегі  Шығыс  түрік  халқының  тарихына, 

географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып, ӛз заманы ғылымының биік деңгейіне жазылған 

әлемдік тұңғыш зерттеу жұмысы болатын. 

Негізгі сӛздер: Шоқан, ғұлама ғалым, саяхатшы, этнограф. 

 

Қазақ  даласын  зерттеудің  нәтижесі:  Құсмұрында  туған  ӛңіріндегі  Жайдақ  ауылының  топогра-



фиялақ сызбасының (1852 жылы. 3-шілде) жалпы кӛрінісінде мынадай белгілерді кӛрсеткен: сызбаның 

батысында Құсмұрын бекінісіне баратын жолды солтүстік-батысында Құсмұрын кӛлінің солтүстігіндегі 

5-

ші  Уәлихан  ауылы  мен  Аманқарағай  пикетінен  бағытпен  оңтүстік  –шығысқа  кӛрсеткен  бұл  жолдың 



оңтүстік-батысында  үлкен  Қопа  кӛлін,  одан  әрі  Талы  кӛлін  кӛрсеткен,  бұл  кӛл  қазір  Наурызым  қоры-

ғында тұр. Сызбаның солтүстік-шығысында 8-ші Уәлиханов ауылы орналасқан, бұл ауылдан батысқа 

қарай  шығатын  жолдың  бағытын  кӛрсеткен.  Бұл  сызбада  жол  бойындағы  кӛп  молаларды  кӛрсеткен. 

Шындығында  бұл  ертедегі  19  ғасырдағы  молалар  қазір  Құсмұрын  кӛлінің  шығысында  сақталған. 

[2,б.56] 

1852  жылы.  Ш.  Уәлиханов  Құсмұрын  округінің  белгіленген  жолдардың  картографиялық  сызба-

сында:  Қазақстан  мен  Ресейдің  сортүстік  шекарасы  батыстан  шығысқа  қарай  созылып  кӛрсетілген 

және  бұл  шекара  Тобыл  ӛзенінің  солтүстік  бойымен  Құсмұрын  кӛлінен  шығатын  Обаған  кесіп  ӛткен. 

Бұл сызбада Құсмұрын кӛліне құятын Теректі, Бүйректал ӛзендері мен Сарымойын, Ащысор кӛлдерін 

кӛрсеткен. Бұл сызбада пикет жолдарын Құсмұрын кӛлі, Обаған ӛзені жағалауларының шығыс бойы-

мен кӛрсеткен. Бұл сызбада ну орманды бейнелеген, қазіргі кезде ормандар азайып қалған. Бұл пикет 

жолдармен қазіргі кезде автомобиль, темір жол жолдары салынған. Сонымен бұл сызбалардың қазіргі 

кездегі  Қостанай  облыстық,  Әулиекӛл  аудандық  картографиялық,  топографиялық,  археологиялық 

жұмыстарда маңызы зор.[8,б.180] 

1852 жылы. Торғай даласы мен Құсмұрын округінің схемалық картасына сипаттама берсек:Бұл 

картаның  батысы  мен  солтүстігінде  Ресей  мен  Қазақстан  арасының  шекаралық  бекіністері 

кӛрсетілген.  Бұл  картада  негізінен  ӛзендер  бағыты  салалармен  қоса  белгіленіп,  ӛзен  алаптары 

арасында  елді  мекендер  орналасқан.  Бұл  картаның  солтүстігі  мен  шығысында  кӛлдер  ӛте  кӛп 

кӛрсетілген.  Бұл  гидрогафиялық  мәліметтердің  географиялық  орындары  қазіргі  физикалық  картасы 

сәйкес  келеді.  Бұл  картада  масштаб  пен  географиялық  тор  кӛрсетілмеген.  Құндылығы:  мемлекет 

аралық  шекара  анық  кӛрсетілген.  1852  жылы  құрастырылған  Кӛкшетау  мен  Құсмұрын  бекет  (пикет) 

жолдарының схемасында екі округтың үлкен орман алқаптары (бұл қазіргі Аманқарағай мен Кӛкшетау 

ормандары)  кӛрсетіліп,  Кӛкшетау  Құсмұрын  бекеттері,  Ресейге  қарай  керуен  жолдары  бейнеленген. 

Бұл  картаның  оңтүстік  шығыс  жағында  қазіргі  Теңіз  кӛлі  кӛрсетілген.  Шоқанның  картографиялық 

шығармалары  арасындағы  «Қазақ  даласының  XVIII-  ғасырдағы  картасы  (1850  жылы)»  ерекше 

бағаланады. Ол қауырсынмен сызылған. Картаның оң бұрышының астыңғы жағына «Уәлиханов, 1850 

жылы 27 қаңтар» деп жазылған. Бұл картада Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай, Каспий теңізінің 

шығыс  жағалауларынан  бастап  «Қытай  империясына»  дейінгі  және  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай 

батыс Сібірден бастап, Орта Азияның шекараларына дейінгі территорияны қамтиды.[12] «XIX-ғасыр-

дың  ортасындағы  қазақ  даласының  картасы»  ӛте  құнды  жасалған.  Картаның  сол  жақ  бұрышындағы 

жазуда  1856  жыл,  9  қаңтар  кӛрсетілген,  яғни  не  бәрі  20  жасында  сызған.  Бұл  картада  масштаб 

сақталған.  Шоқан  ӛз  саяхаттарын  екі  кезеңге  бӛлген:  бірінші  кезеңі  –  Жетісу,  Іле  ӛлкесі  арқылы 

Ыстықкӛлге  және  Жоңғарияға  бару  жолы.  Шығыс  Түркістанның  табиғаты  жӛнінде  ғылым  үшін  құнды 

деректер берілген. Шоқан Тянь-Шаньды екі бағытта кесіп ӛтті. Ол 1861-жылы «Орта Азия мен Шығыс 

Түркістан»  картасында  Жоңғар  Алатауының,  Солтүстік  және  Ішкі  Тянь-  Шаньның  ӛзен  торлары 

жӛнінде  де  аса  маңызды  мағлұматтар  берген.  Қазақстан  ӛзендері-Аягӛз,  Ақсу,  Лепсі,  Іле,  Шелек, 

Шарын жіне т.б жӛнінде кӛптеген қызғылықты деректер келтірді.[20,б.148] 

Ш.Уалихановтың  зерттеулерін  2  топқа  бӛлуге  болады:  біріншісіне  Ыстықкӛл  мен  Жоңғарияға 

саяхаты жатса,екіншісіне  Сырдария  ӛзенінің  ірі саласы жатады. Нарын ӛзенінің жоғарғы ағысындағы 

ғылыми жұмыстары Ш.Уалихановтың бұл саяхаты ең құнды географиялық ашылулардың бірі болды. 

Ш.Уалиханов  зерттеген  территориясының  географиялық  ерекшелігін  білуде,  ауданның  табиғат 

жағдайы  ерекшелігін  және  беткі  құрылысының  сипатын  айқындайды.  Оның  бақылаулары  мынадай: 

Семипалатинск ӛлкесінің «Сусыз сазды даласы», Арқаның қыраттары, Жоңғар Алатауының жоталары 


ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

178 


 

мен  ойпаттары,  Солтүстік  Тянь-Шань  мен  Шығыс  Түркістан  туралы.Ішкі  Тянь-Шанның  рельефін 

бақылау  Уалихановқа  маңызды  қызығу  туғызады.  Ол  бұл  жердің  геоморфологиялық  түрін  таулы 

қыратты,  үстіртті  немесе  ғалымның  айтуынша  «сыртовыи»  деп  анықтайды.  Оның  кӛрсетуінше 

рельефтерің  бұл  түрі  Қашғардың  меридианынан  шығысқа  қарай  маңызды  дәрежеде  қамтиды.  Тянь-

Шань орфографиясы жӛнінде ұқсас қарасты, Тянь-Шань арқылы Уалихановтың маршрутың қайтала-

ған,  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  табиғатын  зерттеген  ұлы  зерттеушісі  Н.А.Северцов  айтқан.[5,б.65] 

Ш.Уалиханов  Қашғарияға  бару  бағытында  Орталық  Тянь-Шань  қыраттарымен  және  оны  меридиан 

бойымен солтүстіктен оңтүстікке кесіп ӛткен. Бұнда ол Қаракӛл, Қарасай, Нарын ӛзенң, Шохыр-хорым, 

Жетім  Шоқы  тауларының  алғашқы  толық  географиялық  сипатын  берді.  Ол  ӛзен  жайылмасын 

сипаттауда  осы  ауданның  табиғи  ерекшеліктерін  ескерген  эконом-географ  ретінде  тұрып,  олардығ 

табиғи  ресустарына  баға  беріп,  бұл  жайылманы  игеру  мен  шаруашылыққа  пайдаланудың  мүмкіндігі 

үлкен екенің кӛрсетті. Ш.Уалиханов солтүстік  пен  ішкі Тянь-Шаньнның, Жоңғар Алатауының ӛзен то-

раптарының нақты маңызды мәліметтерін ӛз еңбектерінде мәлімдеген. Хоментовскийдің экспедиция-

сына  қатыса  отырып,  Шоқан  Уалиханов  ӛзінің  саяхатын  1856  жылдың  мамыр  айының  екінші  жарты-

сында бастайды. Экспедицияның мақсаты-қырғыз халқымен танысу, оның терроториясын география-

лық  жағынан  зерттеу,  Ыстықкӛл  бассенін  картаға  түсіру  еді.  Верный  қаласынан  мамыр  айынның  ба-

сында  шыққан  эеспедиция  Шелек,  Шарын,  Үшмерке  және  Шырғанақ  ӛзендерінің  алқаптарын  бойлай 

ӛтті. Одан Қарқара ӛзенінің бойымен жоғары ӛрлеп, Санташ сауы арқылы Түп ӛзенінің алқабына шық-

ты. Оны бойлай жүріп Ыстықкӛлге жетті. Ол ӛзінің бұл сапарында Алакӛлден Орталық Тянь-Шаньмен 

Ыстықкӛлге дейін баруы керек еді. Тиісті мерзімнің жартысында ол Іле Алатауына барып,соның асула-

рымен Күнгей  Алатауға,  одан  кейін ӛтіп,  Ыстықкӛлдің солтүстік пен шығыс жағалауларында болады, 

содан-соң  Жырғалау  ӛзенінің  алабымен  жоғары  кӛтерілдіп  Орталық  Тянь-Шань  шыңына  шығадыда 

Хан-Тәңірінің  биік  шыңын  кӛзбен  шалуға  мүмкіндік  алады.  Шоқан  Ыстықкӛл  аңғарына  келген  экс-

педициясында осы атақты тау кӛлінің бассейнін алғашқы топографиялық суреттерге түсірді[15,б.56].                                                                                                                      

1856  жылғы  тамызда  Шоқан  Құлжа  қаласына  аттанады.Сапардың  негізгі  мақсаты-Қытаймен 

ӛкімет  орындарымен  келіссӛз  жүргізу  еді.  Ӛйткені,  Шәуешекті  орыстың  сауда-саттық  орны  ӛртеніп 

кеткеннен  кейін  екі  арадағы  қарым-қатынас  үзіліп  қалған-ды.  Уалихановтың  алдында  даулы  шекара 

мәселелерін  шешумен  байланысты  күрделі  дипломатиялық  миссияны  атқару  міндеті  тұрды.  Ол 

осынау  маңызды  тапсырманы  ойдағыдай  орындап  шықты,  Құлжа  ӛлкесінде  үш  айға  жуық  болған 

Шоқан  сол  аймақтың  физикалық-географиялық  жағдайымен,  халықтың  әлеуметтік  ахуалымен  және 

тарихымен  танысты.  Құлжаға  ғылыми-саяси  сапары  үлкен  белестердің  бір  бӛлігі  болды.  Ғалым  бұл 

сапарынан  сүрінбей  ӛтіп,  барлық  істі,  тапсырманы  жақсы  аяқтап,  кӛп  жаңалықтар  ашып,  ӛзінің 

зерттеулеріне  тағы  бір  үлкен  үлес  қосты.  1857  жылы  Шоқан  тағы  да  Алатау  қырғыздарына  сапар 

шегеді.  Қырғыз  Алатауында  болған  кезінде  Уалиханов  қырғыз  халқының  ӛмірімен  және  тұрмысымен 

жақынырақ  танысып,  оның  тарихын  этнографиясын  және  поэзиясын  зерттеді[16,б.66].  Шоқан 

Уалихановтың  1856-1857  жылдарындағы  ғылыми  нәтижелері  –  оның  Ыстықкӛлге  сапар  күнделктері, 

«Іленің  арғыи  бетіндегі  ӛлкенің  географиялық  очеркі»,  «Қытай  империясының  батыс  профинциясы 

және  Құлжа  қаласы»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  және  басқа  еңбектерінде  баяндалған.  Сол  бір 

жылдары  21-22-ге  жаңа  толған  жас  Шоқан  ӛзін  Тянь-Шань  мен  Жетісудың  географиясын,  сол 

аймақтардың  халықтарының  тарихын  тамаша  білетін  байқанпаз,дарынды  ғалым  ретінде  танытты. 

Ӛзін ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бӛлеген Қашқар сапарына Шоқан 1858-1859 жылдары шықты. 

Бұл мейлінше қауіп-қатерге толы сапар еді. Ӛйткені, Қашқария елі ол кезде Еуропалықтар үшін жабық 

болатын.  Себебі  белгілі  географ  Адольф  Шлагингвейт  Уалихан  тӛреніңәмірі  бойынша    басы  кесіліп, 

қаза  тапты.  Оның  аянышты  ӛлімі  туралы  алғашқы  мағлұматтты  Шоқан  алып  қайтты  бұл  оның  ерлігі 

еді. Міне, сондай қиын жағдайда Қашқарияда жұмыс істеп,ол ӛлке туралы ғылыми деректер жинау ӛте 

қауіпті  болатын.  Осы  жа,дайда  қанық  П.Семенов-Тянь-Шанский  мен  Е.Ковалевский  экспедицияны 

ұйымдастған кезде оны сауда керуені деп лақап таратып мұқият әзірлік жасады. Шоқан қырғыз киімін 

киіп, керуен басы Мұсабайдың туысы ретінде Әлімбай деген атпен сапар шегуге тиіс болды [2,б.150]. 

1-

шілдедекеруен Алтынемел жотасынан асып, Іле ӛзеннің алқабына бет алды. Ол  уақытта Іле 



ӛзеннінен  ӛту  қиын  болатын.  Себебі  кӛпір  жоқ-ты.  Сӛйтіп  керуен  ӛзеннің  екінші  бетіне  қайықтармен 

шығарылды.  Керуеннің  одан  арғы  жолы  Текес,  Қарқара,  Кӛкжар  ӛзендерінін  алқаптарына  жетті. 

Ыстықкӛл  алқабынан  Қашқарияға  Үш  Тұрфан  арқылы  Үлкен  Ақсайды  және  Атбашы,  Арпаны    басып 

ӛтетін  жолдар  бартын.  Бұл  ӛңірді  жақсы  білетін  Шоқан  Орталық  Тянь-Шаньнің  сырты  арқылы  ӛтетін 

Ақсай  жолын  тандады.  Бұл  Шығыстағы  елдердің  ежелден  бері  бір-біріне  қатынайтын  керуен  (Жібек 

жолы) жолы еді. Зәуке алабында шатқалдағы асу ӛте ауыр болды. Зәуке белесінен жол Нарын ӛзенні 

арқылы  ӛтіп,  Теректі  Дауан  жотасына  қарай  жүрді.  Шекарадағы    тексеруден  қауіптенген  Шоқан  ӛз 

күнделігін Теректі Дауанның шатқалына кӛміп кетеді. 3 ай жол жүріп керуен 1858 жылы 27 қыркүйекте 

Қытай шекарасынан ӛтеді[18,б.73]. Ш.Уалиханов Қашқарияда 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін 

жарты  жылға  жуық  болған.  Осы  мерзім  ішінде  ол  қаламен  таынысып,  Алтышаһар  елін  зерттейді. 

Солтүстігінде  Тянь-шань,  оңтүстігінде  Кунь-Лунь  таулары  қоршап  тұрған  Қашқар,  Ақсу,  Үш  Тұрфан, 

Жанасар, Жәркент және Қотан қалалары сол кезде Алтышаһар деп аталған. Ол дәуірде бұл қалалар 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

179 


 

Қоқан хандығына бағынған. Сондықтан Орта Азия және Қазақстанмен саяси әрі сауда-саттық қатынас-

тары  үшін  ашық  ӛлке  саналған.  Сӛйтіп  Шоқан  Қашқария  елінің  саяси  әрі  экономикалық  құрылымы, 

тарихы және этнографиясы бойынша мол деректі материалдар жинақтаған. Қашқарияда Шоқан ұйғыр 

тілін жақсы үйреніп алады. Шоқанның архивінде оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары сақтал-

ған. Қайтар жолда керуен Теректіден оңға қарай Тұрғарт асуын басып ӛтіп биік таудағы Шатыр кӛлге 

бет алды. Осы арадан Атбашы және Үзген ӛзен аңғарлары арқылы Нарын ӛзенінің оңтүстігіндегі Құрт-

қа бекінісіне шықты. Одан әрі керуен Нарын бойымен ӛрлеп, солтүстік шығысмқа беттеді. Ыстықкӛлдің 

шығыс  жалауы,  Іле  алқабы  арқылы  12  сәуірде  Верный  қаласына  оралды.  Нәтижесінде  Қашқарияға 

саяхат кезінде жолда шеккен ауыр азап Ш.Уалихановтың денсаулығын әрсіретті. Ол Петербургке тек 

1859  жылдың  аяқ  шенінде  ғана  келді.  Орыс  ғалымдары  оны  ержүрек  саяхатшы,  Орта  Азия  мен 

Қазақстанды терең білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды [14,б.111]П.Семенов Тянь-Шаньский 

Уалихановты Петербургте ғылыми жұмысқа қалдыру жӛнінде үкіметке ӛтініш білдірді. Шоқан Азияның 

департаментінің штатына тіркелді.Орыс география қоғамының мүшесі қылып қабылдады. Бұнда 1861-

жылы  ол бір қатар карталарды қайта қарап, толықтырып және бас штабтың тапсыруы бойынша бүкіл 

Орта Азия мен Шығыс Түркістанның картасын құрастырумен шұғылданды. Сол картаны жасау  кезінд 

ғалым  толып  жатқан  тарихи  құжаттарды,бұрын  шыққан  карталарды,  Орта  Азия  мен  ығыс  Түркістан 

жӛніндегі  сан  алуан  кӛне    әрі  жаңа  деректерді  пайдаланды.  Архив  документтері  осыны  дәлелдейді. 

Соғыс министрінің Бас штабы департаменті Батыс Сібірдің генерал губернаторы  Г.Х.Гасфортқа 1860 

жылғы  21  апрелде  жолдаған  хатында  былай  деп  мәлімдеген-«Санкт-Петербургке  келген  штабс-

ротмистр  Уәлихановтың  жәрдемімен  Соғыс  министрінің  бұйрығы  бойынша  бұл  күнде  Кіші  Бұқардың 

және  Ыстықкӛл  кӛлі  алқабының  картасы  жасалуда»[18,б.96].  Бұл  фактілер  Орта  Азия  мен  Шығыс 

Түркістанның  картасын  құрастырған  кезде  Ш.Уәлихановқа  кӛптеген    ескі  деректер  мен  материал-

дарды  ақтарып  зерттеуге,  ӛз  ізденістерімен  қатар  ғылыми  әдебиетке  де  сүйенуге  тура  келгенін 

дәлелдейді. Архивте сол сияқты Ш.Уәлиханов құрастырып, әскери-топографиялық делоның архивінен 

1860 жылдың 1-сәуіріне дейінгі түскен кейбір карталардың тізімі келтірілген. Олар-«Құлжа қаласының 

жоспары».  «Балхаш  кӛлі  мен  Алатау  жотасының  аралығындағы  кеңістіктің  картасы».  «Іле  ӛзенінің 

тқменгі сағасының картасы» Іле қлкесінің батыс бӛлігіне әскери барлау». Осы тізімнің ӛзі-ақ оның зор 

іс тындырғанын білдіреді. Ғалым жасаған схемалық карталар негізінен оның жасаған саяхаттарының 

мааршруттарын  бейнелейді.  Қазіргі  ғалымдардың  айтуынша,  ол  карталарда  осы  заманғы  картогра-

фияға  тән  жетістіктер  жоқ  екен.    Соның  ӛзінде  ол  карталар  жүріп  ӛткен  жолдар  жайында  алғашқы 

мағлұматтарды беріп,үлкен кәдеге жарады. Олар географиялық негізгі объектілерді-тауларды, қырат-

тарды, ӛзендерді, елді мекендерді кӛрсетті.[17,б.88]. 

Петербургте    жас  ғалым  ӛз  еңбектерін  география  қоғамының  басылымдарында  жариялауға 

әзірледі. Шоқанның «Жоңғар очерктері», «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан- Лу провенциясында 

(Кіші Бұқарадағы) алты қалының 1858 – 1859 жылдардағы жай – күйі туралы» және т.б еңбектері 1861 

жылы «География қоғамының жазбаларында» жарық кӛрді. Денсаулығының нашарлауына байланыс-

ты Ш.Уәлиханов 1861 жылы кӛктемде Петербургтен кетуге мәжбүр болды.  1864 жылы Шоқанды гене-

рал  Черняев  ӛзі  жасақтаған  әскери  экспедицияға  шақырған.  Черняев  бұл  экспедицияда  Оңтүстік  Қа-

зақстанды Ресейге бағындыру мақсатын кӛстеген. Бірақ кӛп кешікпей Уәлиханов одан кетуге мәжбүр 

болды.  Шоқанның  ойынша  қосылу  бейбіт  жолмен  жүзеге  асырылуы  тиіс  еді.  Ал  Черняев  озбырлық 

жасап,  бейбіт  халықтың  жазықсыздан  қанын  тӛкті.  Мұндай  бассыздыққа  наразылық  білдірген  Шоқан 

экспедицияны тастап, Верный қаласына қайтып кетті[11,б.83]. Ш.Уәлиханов  артына мол ғылыми мұра 

қалдырды. Ол Орта Азия мен Қазақстанның тарихына, географиясына және этнографиясына арнал-

ған аса  маңызды қыруар  еңбектер жазып үлгерді,  сондай- ақ  оның қаламынан қоғамдық-саяси тақы-

рыптарға  арналған  кӛптеген  шығармалар  туды.  Ш.Уәлихановтың  ғылыми-еңбектері  арасында  оның 

Жетісу,  Ыстықкӛл,  Тянь  –  Шань  және  Шығыс  Түркістан  бойынша  тарихи-  географиялық  шолуға  ар-

налған  зерттеулері ӛте - мӛте кӛңіл аударарлық. Орта Азияны зерттеп оның ежелгі арманы болатын. 

Сондықтан да ғалым ӛзінің күллі ӛмірін осы игі іске бағыштады. «Орта Азияның үстін күні бүгінге дейін 

қандай да бір тылсым күңгірттік торлап тұрғандай кӛрінеді, - деп жазды Шоқан «Жоңғар очерктерінде». 

Шоқан  «Жоңғария  очерктері»  атты  ғылыми  еңбегін  П.Семенов-Тянь-Шаньский  кеткен  соң  тез  арада 

жазып бітірген,бірақ Петербургке жіберудің реті болмайды, себебі Қашғария экпедициясына дайындық 

басталып,  оның  уақыты  болмаған  еді.Сондықтан  ол  ӛз  еңбегін  1860  жылдың  басында  Петербургке 

ӛзімен  бірге  ала  барады.  Кӛп  ұзамай  бұл  еңбегінің  жарық  кӛргені  белгілі.  Шоқанның  1856  жылы 

П.П.Семенов-Тянь-Шаньскиймен  танысқанға  дейін  жазған  ғылыми  мұрасы  бұл  күнде  оның  1  және  2 

томдарын  құрайды.  Олар  негізінен  мыналар:  «Письмо  профессору  И.И.Березину»,  «Географический 

очерк Заилийского края», «Тенгри», «Исторические предания о батырах XVIII века», «Извлечение из 

Джами  аттаварих»,  «Предания  и  легенды  Большой  Орды»,  «Смерть  Кукотай  хана  и  его  поминки», 

«Записки о киргизах». Шоқанның ғылыми еңбектері шет елдерде жарық кӛріп аса жоғары бағаланды. 

Әсіресе  Батыс  Еуропа  ғалымдары,  қазақ  ғалымының  ойлы  әрі  терең  талдауларына  кӛңіл  бӛлді 

[19,б.66].  Оның  ғылыми  зерттеулері  неміс,  ағылшын,  француз  ориенталситерінің,  географтарының, 

тарихшыларының  назарын  аударды.  Шоқанның  географиялық  ғылыми  мұрасын  кӛптеген  ағылшын 



ӚЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТІ – ӚЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИЕТІН САҚТАУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ. 

КРАЕВЕДЧЕСКАЯ ЛИТЕРАТУРА - ИНФОРМАЦИОННЫЙ РЕСУРС СОХРАНЕНИЯ  

СОЦИАЛЬНО-КУЛЬТУРНОЙ ПАМЯТИ КРАЯ                                                                                                                                       

 

180 


 

ғалымдары  аса  жоғары  бағалады.  Орта  Азияны,  Қазақстанды  және  Шығыс  Түркістанды  зерттеуші 

ретіндегі  Ш.  Уәлихановтың  ғылыми  еңбегін  әлемдік  ғылым  бірауыздан  мойындады.  Оның  еңбектері 

орыс,  ағылшын,  неміс,  француз  тілдерінде  басылды.  Саясаткер,  этнограф,  географ,  білімді  қазақ 

ғалымының толымды туындыларыны орыс ғалымдары  П. П. Семенов-Тянь-Шанский, И. В. Мушкетов, 

Г. Н. Потанин және басқалар лайықты баға берді. «Орталық Тянь-Шань асуларының» схемалық карта-

сы сол аймақтың зерттеу тарихында  осы тектес карталардың үлгісі болды. Ш.Уәлиханов онда жота-

лардың орналасу қалпын біршама дәлме-дәл берді.Ондағы таулардың бағыты осы заманғы картада-

ғыларға  сәйкес  келеді.  Орталық  Тянь-Шяньннан  бастау  алатын  ӛзендердің,  олардың  салаларының 

атаулары  берілген[21,б.2].  Тәріскей  Алатаудың  солтүстік  беткейінен  ағып  жатқан  ӛзендердің  Зәуке, 

Қызылсу, Жырғалаң, Түргенақсу, Текес, Түп бастаулары дұрыс кӛрсетілген. Картадан Нарын ӛзенінің 

қайнар  кӛзі  Шәһарқорым  тауының  оңтүстік  беткейінен  басталатын  қзендердің  жатқаны  байқалады. 

Толып жатқан оң салалары бар  ең үлкен ӛзен Сарыжаз ӛзені болуға тиіс,ол картаның шығыс  қапта-

лында  бейнеленген.Ш.Уалиханов  зерттеулерінің  ішіндегі  ең  маңызды  әрі  қызғылықтысы  –  оның 

Шығыс Түркістанда жинаған материалдары. Ғалымның архивінде, күнделіктерінде толып жатқан топо-

графиялық және географиялық мәліметтер сақталған. Бұл орында «Орталық Азияның  картасы» ӛте-

мӛте кӛңіл аударарлық. Оны саяхатшы ӛз күнделігінің беттерінде салған. Картаны Шоқан ӛзі жүргізген 

зерттеулерге  сүйеніп,  сондай-ақ  басқа  деректер  (кӛпестерден,қытай  ескерткіштерінен,  жергілікті  тұр-

ғындардан  алынған  мағлұматтар)    негізінде  құрастырған[20,б.70].  Бұлайша  жорамалд  жасауымызға 

бір себеп – Жоңғардың солтүстік жағындағы аймақтарда  –  Қашқарияның оңтүстік пен шығыс бӛлігін-

дегі аудандарда Шоқан Уалиханов болған емес. Солай бола тұрса да, картада Батыс Қытайдың және 

оған  ұрымтал  жатқан  облыстардың:  Моңғолияның  оңтүстік-батыс,  Орта  Азияның  шығыс,тіпті  Үндіс-

танның солтүстік бӛліктерінің кӛп жерлері қамтылған. Мұнын ӛзі беймәлім Қашқария мен оған шектес 

аудандардың  тұңғыш  дәлме-дәл  картасы  болды.  Шоқан  саяхатшы-географ  ғана  емес,  тарихшы, 

ағартушы, публицист, этнограф, демократ, фольклоршы, портретист болған. Жалпы Шоқан Уалиханов 

Жетісуда алты рет, Тянь-Шаньда тӛрт рет болып, түрлі еңбектерін ӛскелен ұрпаққа мұраға қалдырды. 

Шоқан Уалихановтың географиялық мұрасы осындай бір ғажайып қазақ ұлының ғылымға жан-тәнімен 

берілген саяхатшы,әрі ғалым екендігін дәлелдейді[4,б.15]. Шоқан сапар кезінде, қиын-қыстау жағдай-

ларда асқан батылдық пен ержүректілік танытты. Ӛзінің жан-жақты дарындылығы, тапқырлығы, еңбек-

қорлығы  арқасында  ол  ӛз  дәуірінің  ӛте  білгір  де  парасатты  саяхатшы-географы,  тамаша  дипломаты 

дәрежесіне  кӛтерілді.  Зерттеген  жерлерін  дәлме-дәл  әрі  толық  баяндау,  Орта  Азия  халықтарының 

тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын бүге-шігесіне дейін суреттеу жӛнінен Шоқан Уалихановтың бірегей туын-

дыларының  шоқтығы  ӛзінің  кӛптеген  замандастарының  еңбектерінен  әлдеқайда  биік  тұр.  Әсіресе 

Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарынының  этнографиясын,  материалдық  және  рухани  мәдениетін 

танып-білуге  Шоқанның  сіңірген  еңбегі  орасан  зор.  Сондықтан  да  ол  ӛз  заманының  аса  кӛрнекті 

ғалымдары арасында тарих ұсынған лайықты орнында тұр[20,б.45]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет