ӘӨЖ 94(575+574) : 39 Қолжазба құқығында


«Отбасылық әдет-ғұрыптарындағы жергілікті ерекшеліктер және жалпықазақи мәдени ғұрыптық үлгілер»



бет22/37
Дата12.12.2021
өлшемі494,5 Kb.
#99805
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
avtoref kalshabayeva

«Отбасылық әдет-ғұрыптарындағы жергілікті ерекшеліктер және жалпықазақи мәдени ғұрыптық үлгілер» деп аталатын бесінші бөлімде Қазақтардың отбасылық әдет ғұрып, салт дәстүрлеріндегі жергілікті халықтармен ортақтастықтар мен ерекшеліктер сипатталады.

Орта Азия елдеріндегі бірыңғай шоғырлана қоныстанған аймақтарда қазақ отбасылары шағын болғанмен де, әке-шеше қолында үйленген бір баласы міндетті түрде бірге тұратын. Ел арасынан жинаған деректерге қарағанда ертеде Қырғызстандағы қазақтарда бел құда жағдайында қалың мал бермеген . Ал, Өзбекстандағы қазақтар бел құданы кейде «қарын құда» не «құрсақ құда» десе, Түркіменстандағы қазақтар «ақтай құда» яғни екі достың балалары туылмастан жасалған сөз байлауын айтады, осы атаумен қарақалпақтарда атайтындығын К. Төлеубаева да көрсетеді 44,54-б.. Бірақ қазіргі кезеңде қазақ арасында құдалықтың бұл түрі көп кездеспейді. Кейбір информаторлардың мәліметіне қарағанда ертеректе Қарақалпақстандағы қазақтар бесік құда болғандығын бекіту үшін бесіктегі екі баланы алып, бір-бірінің құлағын тістетеді екен. Ол болашақта екі баланың өмірін байланыстыру мақсатында жасалынатын ырым деп көрсетеді. Жаушылыққа әдетте көбіне екі үш адам барса, Қарақалпақстанда екі әйел, үш ер адам жіберіледі, Тахтакөпір ауданында жігіттің ата-анасы, Қоңырат ауданында Өзбекстандағы қазақтар сияқты нағашы жағынан міндетті түрде бір адам ертеді. Бүгінде «жаушы» деген ұғым көп жерде айтыла бермейді. Түркіменстандағы қазақтарда соңғы кезеңдерге дейін екі жастың бас қосып неке құруы яғни қалыңдық таңдауы ата ананың еркі болатын. Қызды сұрауға Түркіменстанда 3 - 4 адам келеді, оларды қыздан сұраймыз деп кейде 3 - 4 рет келтіріп әурелеп те жататын болған. Бірақ ел арасынан жиналған мәліметтерге қарағанда ХХ ғ. 80 ж. бастап қалыңдық таңдау жастардың өз еркіне берілген, бірақ жігіттің тәртібіне байланысты әңгіме болса, қанша жерден болса да қызын бермеуге тырысады. Ал егер бір-бірін ұнатып қалса қашып кетпейді, ата ананың рұқсатын алады. Тек қалың малы түгелдей төленген соң ғана қызды ұзата алады. Қарақалпақстандағы қазақтарда ертеректе неке түрі негізінен құдалық жолымен болса, ХХ ғ. 70-80 жж. бастап алып қашып үйлену кең тарауда. Орта Азия қазақтарында ертеден неке құруда 7 ден 12 атаға дейін қыз алыспау (экзогамиялық неке) кең таралса. ХХ ғ. 60 -70 жж. бастап, жергілікті халықтардың ықпалы болуы мүмкін, жақын бөлелер: апалы-сіңлілердің балаларын қосу, жиендерден алу, т.с.с. бүгінде жиі кездеседі. Қазіргі кезеңде Орта Азия қазақтарында қыз әкесі жаушыға қызын беруге ризашылығын беріп жатса, нанды төртке бөліп сындырады (нан үзу), оны «нан сындыру» деп атайды, бұл құдалықты бекіту болып саналады. Нан адам үшін өте қасиетті ас, сондықтан нанды аттап, уәде бұзуға болмайды деп есептейді. Соңғы кездерде екі жақ та жастардың қалауын біліп, тек келісім шарттар жасауға барғанда көбіне әйелдер барады. Мұны Өзбекстанда «моншақ тағар» не «сырға салар» деп атаса, Қырғызстандағы қазақтар «қарғы бау» не «үкі тағар» деп атайды Қазақстанның басқа өңірлерінде «үкі тағар», оңтүстігінде де «сырға салар» т.б. деп әрқилы атаған. Екі жақтың құда болып, бауырласуының бір белгісі құйрық бауыр жеу. Қазіргі кезеңде енген бір өзгеріс туралған құйрық бауырдың үстіне айран құйып әкеледі, оның мәнісі бауырдай жақын, майдай жұмсақ, көңіліміз ақ болсын дегені. Құйрық-бауыр туралған табақ екі жақтың сөзін сөйлеп отырған құдалар алдына қойылады . Құдаласуды бекітетін бұл ғұрыпты Қырғызстандағы қазақтар жергілікті халық сияқты «көнек салар» деп те атайды. Ертеде малдың артериальды қанын ішу арқылы да құдалық бекітілгенін (бауыздау құда деген осыдан шықса керек), қанмен бекіту исламға дейін пайда болғандығын А. Бикжанова өз зерттеуінде көрсетеді 45, 16-б.. Құда болып, құйрық бауыр жесіскен соң батаны кім бұзса, сол жақ 3 тоғызға дейін айып төлейтін. Ал жігіт жағы бұзатын болса, қыздың үйінен шығатын шығынның барлығын өтеуі тиіс болған. Сонымен бірге ауыл қарттарына деп өзбек тақиясын әкеп, оларға таратады. Қырғызстандағы қазақтар мен қырғыздардың үйленуге байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, отбасындағы қарым-қатынас, қыз ұзату, келін түсіру дәстүрлері, өте ұқсас, әрі олардың тек атауларында ғана болмаса, мән-мағынасы бір болып келеді. Қарақалпақстан мен Түркіменстандағы қазақтарда өзбектер сияқты қыз үйіне түнемей тек алып кетуге ғана келеді. Түркіменстандағы қазақтар қыз бен күйеуді екі бөліп, машинаға отырғызады. Оның себебі, қыз бен күйеудің ақ некесі қиылмай, бір-біріне қоспайтын ежелгі салтпен түсіндіріледі.

Ертеректе келін атасының босағасын аттамай тұрып, ауылға жаяулап, шымылдық артында келген кезінде, келінді далада қарсы алу мерекесімен бірге, беташар дәстүрінде өткізетін болған. Үй босағасын аттатпай тұрып, бет ашу Шыршық өңірі қазақтарында да кездеседі. Келінді бет ашқанға дейін жігіт үйінің дәмін татуға болмайды деп, көршінің үйіне түсіріп, сол үйдің ас-суын ішкізеді. Қарақалпақстан қазақтары келінді беташарға шығарарда үш орамалмен шығарады. Біріншісі қызыл орамал, қыз белгісі, екіншісі ақ орамал келін болдың дегені, үшіншісі басың ағарды дегені болу керек. Ал, Түркіменстандағы қазақтарда сәукеленің үстінен ақ орамал жабады. Беташарда келіннің аяғы астына қой терісін төсесе, соңғы кезде байлар кілем төсеуді әдетке айналдыруда. Қой терісін төсеу ырымы келін қойдай жуас, мінезі терідей жұмсақ болсын деген ниеттен туған. Қарақалпақстанның кейбір ауылдарында, мәселен, Шатырауық ауылында келін алдына ұршық, арқан қояды оның мәнісі ұршық пен арқан сияқты мінезі иіріліп тұрсын деген ырымнан туындаған. Беташарда қолтық сүйейтін жеңгелерге де мән берген. Шыбыққа байлаудың мәні шыбықша өсіп-өнсін деген мағынаны білдіреді .



Бірақ мұндай жағдайлар қай халықта болмасын жаппай үрдіске енген жоқ. Қазіргі кезеңде Әмудария жағалауындағы аралас некенің таралған жері Орталық Нүкіс - Қоңырат, Ходжелі, Шымбай, Караөзек, Тахтакөпір, Мойнақ аудандары. Мұнда қарақалпақ-қазақ арасында неке көп таралған. Қарақалпақстанның солтүстік батысында Қоңырат, Шуманай, Ходжелі аудандарында қарақалпақ-өзбек, қарақалпақ-қазақ, өзбек-қазақ некесі сондай ақ Беруни, Төрткүл, Элликкала аймағында да өзбек-қазақ, қарақалпақ-қазақ некелері кездесетіндігін А.Е. Бижанова өз зерттеуінде әңгімелейді 45, 8-14 бб.. Өзбек пен қазақ арасындағы неке шеткері аймақтарда болмаса, ішкері аумақтарда көп кездеспейді. Қазақтың басқа ұлтпен некелесуі, жергілікті ұлтпен қоян-қолтық отырған қандастарымызда көбірек кездеседі. Тұжырымдамамызды дәлелдеу үшін Қырғызстандағы қазақтардың соңғы кезеңдерде қырғыздармен қыз алысып, қыз беру бағытының жиілеп кеткендігін айтуға болады. Орта Азия елдеріндегі қазақтарда (Қырғызстанда көп емес) келіннің қайын іні-сіңлілерге ат қоюы, сәлем салуы жақсы сақталған. Қырғызстандағы ұлтаралық неке 1999 ж. санақ бойынша: қырғыздың қазаққа үйленгені - 5179, қазақтың қырғызға - 3212, қазақ орысқа - 438, орыс қазаққа-184 көрсеткішті береді, бұл бар-жоғы 42 мыңнан аса қазақтың 10 мыңы аралас некені құрайды деген сөз. 1950-1960 жж дейін қазақтың бөгде ұлт өкілдері тұрмақ, үйсін мен арғын арасында қыз алысып, қыз берісуі өте сирек кездесетін. Бұлардың әрқайсысы өз ұлысынан алуға тырысатын. Бұл жөнінде Манас селосының тұрғыны Әбдібаев Кәсеннің де үлкен шешесінің қырғыз болғандығына қарамастан 18-20 ға келген ержеткен балаларын еліне (Шет ауданы, Орталық Қазақстан) жіберіп, үйлендіртіп, балалы-шағалы болғанда қайта алдыртқандығын әңгімелейді. Қазіргі кезеңде қазақтардың қырғыздармен отасуы екінің бірі деп айтуға болады. Бұл жөнінде А.С. Кочкунов: «...зерттелген 34 аралас отбасының 28-і Оргочор совхозында тұрады. Оның 14 қазақ-қырғыз (алдыңғысы күйеужағы), 3 өзбек-қырғыз, екеуі қырғыз-қалмақ, екеуі қырғыз-қазақ болып келеді»,- деп көрсетеді 46, 22-б.. Сондай –ақ ел аралағанымызда әрбір қазақ отбасының келіні қырғыз не қызы қырғызға шыққан. Егерде қазақтардағы некелесу осы үрдіспен кете берсе, Қырғызстандағы қандастарымыздың болашақ ұрпағы аралас некеден тараған туысқандар болып шығады. Зерттеу барысында көз жеткізгеніміз қырғыздардың қазақ қыздарына үйленуі басым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет